Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет60/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141

193

өнімділігі (a)  мен жауын-шашынның мөлшерінің (с) жұп 

 

коэффициенттері r



bc

=0,65; топырақтың қышқылдығы (b) мен 

жауын-шашынның мөлшерінің (с) жұп  коэффициенттері r

ac

=0,24 


болса, онда R

abc

=0,98 болады. Жоғарыда берілген көрсеткіштерге 

сəйкес топырақтың қышқылдығы мен түсетін жауын-шашын ара-

сында тығыз байланыс болмаған жағдайда  олардың дақылдардың 

өнімділігіне бірлесіп тигізетін əсері əрқайсысының жеке əсеріне 

қарағанда жоғары болады деген қорытынды шығаруға болады. 

Карта бойынша құбылыстардың арасындағы өзара тəуелділікті  

оқыпүйрену бір жағынан:

– құбылыстарды салыстыру нəтижелерінің қорытындыларына 

сəйкес (мысалы, науқастар жататын төсек пен тұрғындар санда-

ры арасындағы байланыс)  іс-шаралар өткізу;

– табиғаттағы құбылыстар арасында байланыстардың болма-

уы туралы қорытындыларды шығаруға мүмкіндік береді.

Екінші жағынан тəуелділікті картографиялық зерттеулер, сол 

тəуелділіктерді ескере отырып жаңа карталар құруға мүмкіндік 

береді. Мысалы, бірнеше жылғы деректер бойынша екі құбылыс 

жұбының карталарын құрып сол бойынша олардың арасындағы 

байланыс жиіліктерінің өзгеруін немесе қандайда бір үшінші 

факторлардың  (тобының) əсерін білуге болады. 

4.3. Карта бойынша құбылыстардың динамикасын 

зерттеу

Кез-келген жалпы географиялық немесе тақырыптық кар-

та белгілі бір уақытқа немесе тарихи кезеңге сəйкес əртүрлі 

құбылыстардың жағдайларын тіркейтін маңызды құжат бо-

лып табылады. Əртүрлі телімдерінде бірдей көрініс таппай-

тын  жергілікті жер элементтерінің даму динамикасы  картаның 

ескіруіне əкеліп соқтырады. Ол өз кезегінде құбылыстардың жаңа 

жағдайына ғана емес, картография ғылымы дамуының заманауи  

деңгейіне сəйкес келетін жаңа карталарды құруды қажет етеді.  

Карталарды құбылыстардың динамикасын оқып-үйрену мақ-

са   тында пайдалану əртүрлі уақытта құрылған екі немесе бірнеше 

карталарды көру арқылы салыстыруға, жоғарыда сипатталған 

əр 

түрлі картометриялық тəсілдерді пайдалануға негізделеді. 



13–1171


194

Құбылыстардың динамикасын оқып-үйрену олардың өзгеру 

жылдамдығы мен себептерін,  болашақтағы  даму бағыттарын 

анықтауға; белгілі бір уақыт шегінде қандайда бір құбылыстардың 

жағдайы мен оның одан ары дамуын болжауға  мүмкіндік береді. 

Əртүрлі уақытта құрылған топографиялық карталарды бір-

бірлерімен беттестіру арқылы елдімекендер жиілігі мен халықтың 

қоныстану тығыздығының, жол торларының, жер бедерінің, 

өсімдіктер жамылғысының тағы басқалардың  өзгеру сипатының 

қарқынын анықтауға болады.    

 Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын оқып-үйрену жəне 

экологиялық карта құру барысында мұндай зерттеулердің маңыз 

зор. Мысалы, жерді ауыл шаруашылығына пайдалану картасын 

оқып-үйрену жердің өзгеру жағдайын, себептерін, бағытын, 

қарқынын, қолайлы жəне кері əсер ететін факторларды анықтауға 

мүмкіндік береді. Жоғарыда аталған кері əсерлердің салдары-

на ауыл шаруашылығы жерлеріне бұталардың, арамшөптердің 

өсуін, топырақтың сортаңдануын жатқызуға болады.

Орман шаруашылығының картасы орман алқаптары ауданы-

ның динамикасын ғана емес, оның түр құрамын, жиілену дəре-

жесін, аурулармен зақымдануын, отырғызылған ағаштардың эко-

логиялық жағдайыларында анықтауға көмектеседі. 

Көру арқылы ойша  салыстыру жергілікті жердің динамикасы 

туралы жалпы түсініктер ғана бере алады. Сондықтан жергілікті 

жердің біршама көрнекі бейнесін екі картаның кескінін бір-

бірімен беттестіру арқылы алуға болады. Негізі ретінде ескі 

картаның құрылымын пайдалана отырып, проекциялық прибо-

рлардың көмегімен оған біршама кейінгі уақытта құрылған 

кар 

талардың нысандарын түсіруге болады. Түсіру барысында 



картаның мазмұны сақталған нысандар, жол торлары, жол қиы-

лыстары, біршама тұрақты жəне елдімекендер сияқты бірша ма 

дина микалық элементтер үйлестіріледі. 

Басылып шыққан уақыттары бір-бірімен 30 жылға айырма 

жасайтын екі картадағы батпақтың кескіндері бейнеленген. Екі 

картадағы батпақ телімдері мен оған жапсарлас жатқан ландшат-

тарды бір-бірімен беттестіру көршілес жатқан орман алқаптарын 

кесу батпақ аумағының артуына əкеп соқтырды деген қорытынды 

шығаруға мүмкіндік береді. 



195

Картометриялық тəсілдердің көмегімен динамиканы оқып-

үйрену  барысында беттестірілетін карталардың құрылу əдістерін, 

жинақталу сипаттары мен қағидаларын, оқып-үйренетін құбы-

лыс  

тың жіктелу нақтылығын ескеру қажет. Шығарылатын 



қорыты н 

дылардың тазалығына картаның масштабы мен оның 

атқара тын қызметі көп əсер ететіндіктен пайдаланылатын барлық 

карто графиялық материалдарды мұқият оқып-үйрену қажет.    



Математикалық-картографиялық үлгілеу. Картада кескін-

дел  ген қандай да бір құбылысты  Z=Ғ(х,  у) функциясы ретінде 

қарастыруға болады. х жəне у координаттары бар картадағы əрбір 

нүктеге картаға түсірілетін құбылыстың бір ғана мəні Z сəйкес 

келеді. Картада кескінделген кейбір құбылыстардың бір-бірінің 

арасында функцияналдық немесе статистикалық тəуелділік болса, 

кейбірі уақыт пен кеңестіктің функциясы ретін де қарастырылады. 

Мұндай  күрделі  жəне алуан  түрлі   байланыстарды  зерттеу   

ба  ры  сында маңызы шамалы дəлдіктер мен күрделі əрі онша белгілі 

емес функцияларды біршама белгілі қарапайым функциялар мен 

ал  мастыру мақсатында формальді математикалық ақпарат қол да-

ны  лады. 



Математикалық-картографиялық   үлгілеудің   мəні    карта-

дан   алынған деректер бойынша үрдістер мен құбылыстардың 

математикалық үлгілерін  құру жолымен алынған алуан түрлі 

кеңістік пен уақыттың ақпараттарын терең əрі жан-жақты зерт-

теу болып табылады. Математикалық үлгіні одан ары кар-

тографиялыққа айналдыру зерттеудің аралық жəне соңғы 

нəтижелерін көрнекі əрі кезең-кезеңімен көруге, оның дəлдігі 

мен дұрыс географиялық түрленуін анықтауға мүмкіндік береді. 

Қорыта айтқанда карта-математикалық үлгі-карта тізбе гі қа лып-

та сады. Карта құрылған математикалық үлгінің қоры тын ды лай-

тын тізбектің үшінші тармағы  болып табылады.   

Мұхиттар мен теңіздердің морфометриясы теңіздер мен 

мұхиттардың таяз бөлігі мен қайраңдарың пішіні мен өлшемі, си-

паты анықталады. Олар, əсіресе мұнай мен табиғи газды өндіретін 

су айдындарында қарқынды жүргізіледі. Оксонографиялық 

карталар бойынша мұхит суының мысалдарының физикалық-

химиялық, биологиялық ерекшеліктері фито-зоопланктондардың 

биомассаларын, мұхит суының ластануы деңгейі мен оның 

табиғат байлықтарын қорғау шаралары анықталады.



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау