Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


Картографиялық əдісті болжау мақсатында пайдалану



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет61/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141

196

Картографиялық əдісті болжау мақсатында пайдалану. 

Болжау мақсатында, əсіресе жергілікті жердің динамикасы зерт-

теу көбінесе картаға негізделеді. Белгілі бір уақыт шегінде қалай 

дамитынын бақылап отырған жағдайда ғана оның болашақта 

қалай дамитынын болжауға болады. 

Оқиғаның уақыт ішінде дамуын болжау белгілі бір аумақтың 

əртүрлі уақытта құрылған карталарын пайдалану арқылы 

жүргізіледі. Мысалы, мұндай болжаулар негізінде синоптикалық 

карталар құрылады.   

Кеңістіктегі құбылыстарды болжау оны зерттеуге тікелей 

қатысы бар тақырыптық карталарды оқып-үйренуді қажет етеді. 

Атап айтсақ, белгілі бір тереңдіктегі  тау жыныстарының жатыс 

бағытын талдауға мүмкіндік беретін геофизикалық карталарды 

қолдана отырып  пайдалы қазбалар болжанады.  

Қолжетімсіз аумақтардың карталарын  құру үшін ғарыштық 

түсірулерді пайдалану экстраполяция əдісіне немесе таныс 

заңдылықтарды географиялық жағдайы мен экономикалық да-

муы бірдей нысанға көшіруге  негізделеді.    

Болжау карталарына адамдардың шаруашылық əрекеті 

нəтижесінде табиғи ортаның өзгеру карталарын жатқызуға бо-

лады. Оларды құру үшін нысанның немесе өңірдің ағымдағы 

уақыттағы жағдайы ғана емес,  өткен кезеңдердегі  түрге өзгеру 

сипаты туралы деректер жиналады. Кез келген əлеуметтік-

экономикалық жоспарлау барысында (мысалы, мұнай-газ кен 

орындарын игеру) құбылыстың өзінің ғана емес, қоршаған 

орта жағдайының өзгеруін картаға түсіру  қатар жүруі мүмкін. 

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын мониторинглеу 

кезінде карта бойынша болжаудың маңызы артады. 

Карталарға жəне ғарыштық түсірулерге негізделіп құрылатын  

болжау карталарының дəлдігі жүргізілетін зерттеулердің 

іргелілігіне, оқып-үйренетін картографиялық ақпараттың 

көлеміне, қисындылығы мен заңдылықтарды экстраполяциялау 

аппаратын дұрыс пайдалануына тəуелді болады. 



197

Пайдаланылатын əдебиеттер тізімі:

1. Салищев К. А. Картоведение.–3-е изд.–М.: Изд-во МГУ, 1990.–400 с. 

2. Картография с основами топографии./ Г. Ю. Грюнберг, Н. А. Лапкина. 



3. Н. И. Малахов и др.; под ред. Г. Ю. Грюнберга – М.: Просвещение, 

1991. –364 с. 



4. Берлянт А. М. Картографический метод исследования. – М.. Высшая

 

школа, 1998. –245 с.  



5. Южанинов В. С. Картография с основами топографии – М.: Высшая 

школа. 2001г.–300 с.



6. Тикунов В. С. Моделирование в картографии: Учеб. – М.: Изд-во 

МГУ, 1997.



Білімді бекітуге арналған сұрақтар мен тапсырмалар

1. Картографиялық зерттеу əдісінің географиялық шындықты оқып-

үйренудегі маңызын анықтаңыз.

2.Картографиялық үлгілеудің мəнін, табиғи жəне əлеуметтік-

экономикалық құбылыстардың динамикасы мен дамуын анықтаудағы ала-

тын орынын ашып көрсетіңіз.

3. Картаның сапасын талдаудың қандай бағыттары мен бағалау 

қағидалары  негізгі болып табылады? 

4. Картаны оқу барысында зерттейтін нысандар мен құбылыстардың 

сипатын анықтаудың қандай тəсілдері бар?   

5. Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталардың көмегімен 

қандай картометриялық жəне морфометриялық есептер шығаруға болады?

6. Құбылыстардың өзара байланыстары мен динамикасын карта бой-

ынша талдау қандай əдістермен жүзеге асырылады?



Студенттердің білімдерін тексеруге арналған тест 

тапсырмалары

1. Географиялық карталарға талдау жасау  арқылы  құбылыстарды бол-

жауды көздейтін  ғылыми танымның  алуан түрлі  тəсілдерін ........ дейміз.

А) картографиялық зерттеу əдістері; 

B) картографиялық үлгілеу;                             

C) картаны талдау; 

D) математикалық үлгілеу;  

E) математикалық-картографиялық үлгілеу. 

2. Картографиялық əдісті ..... үшін қолданылады.  . 

 

А) құбылыстардың кеңістіктік орналасуын; 

B) құбылыстардың өзара байланысын; 



198

C) құбылыстардың бір-біріне өзара тəуелділігін;                                      

D) құбылыстардың даму   заңдылықтарын зерттеу; 

E) барлығы дұрыс.

3. Карта бойынша қажетті нысандардың ...... анықтау жұмыстарын 

жүргізуге болады. 

А) географиялық координатын; 

B) ара қашықтықтығын; 

C) ұзындығы мен биіктігін; 

D) ауданы мен көлемін; 

E)  барлығы дұрыс.

4. Танып білудің жаңа жолдарын табу мақсатында қарастыратын 

нақты бір нысандар мен құбылыстардың үлгісі ретінде талдаулар мен 

картографиялық өнімдерді қайта құрулардың нəтижесінде жасалатын 

жүйелерді...... дейміз.   

А) картографиялық зерттеу əдістері; 

B) картографиялық үлгілеу;                        

C) карталарды талдау; 

D) математикалық үлгілеу;  

E) математикалық-картографиялық үлгілеу. 

5. Ұсақ масштабты карталарды пайдаланып тəжірибелік есептер 

шығаруды көздейтін əдістерді ...... дейміз.   

А) картографиялық зерттеу əдістері; 

B) картографиялық үлгілеу;                        

C) картаметриялы жəне морфометриялық əдістер;   

D) математикалық үлгілеу;  

E) математикалық-картографиялық үлгілеу.                       

6. Атластар мазмұнына қарай...... болып жіктеледі.    

А) жалпы географиялық; 

B) салалық тақырыптық; 

C) кешенді;                            

D) көп мақсатты;  

E) барлығы дұрыс.

6. Нақты бір қолдану дəрежесін  анықтауды көздейтін   картаның жеке 

құрамдас бөліктері мен қасиеттерін  жан-жақты тексеру үрдісін ......дейміз.

А) картаны  талдау; 

B) картографиялық үлгілеу; 

C) картаны талдау;                           

D) математикалық үлгілеу;  

E) математикалық-картографиялық үлгілеу. 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау