Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет46/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   141

150

Аталған карталарда масштаб ұсақ болуына қарамастан жер 

бедерінің ерекшеліктері жоғары дəлдікпен беріледі. Изогипстің 

көмегімен жер бедерінің негізгі пішіндері мен түрлері кескінделіп, 

олардың үйлесімділігі сақталады. Онда жер бетінің ерекшелігі 

кескінделгенімен, олардың шығу тегі көрсетілмейді. 

Ол міндетті 

геоморфологиялық карталар атқарады. 

Бұл карталар атауын жер бедері туралы ғылымнан алды. 

Геоморфологиялық карталарда жер  бедерінің  сыртқы  көрінісі,  

шығу  тегі,  жасы,  көбінесе,  жер  бедерін кескіндеудің перспективті 

жəне  сапалық түс  əдістерінің көмегімен беріледі. 

Климаттық карталарда белгілі бір  аумақтың климаттық 

ерекшеліктері көрсетіледі. Онда көбінесе температура, 

атмосфералық қысым, булану  тағы басқа көрсеткіштер климаттық 

изосызықтармен, сапалық түс əдісімен кескінделеді. Олардың 

қатарына метеорологиялық құбылыстарды көрсететін изотерма-

лар, изогиеттер, изобарлар, тағы басқалары жатады. Карталарда 

аумақ ты климаттық аудандастыру кең таралған. 

Синоптикалық  карталарда  жеке  диаграмма  əдісімен  

жəне  сандық жазулармен метеорологиялық бекеттер торында 

жүргізілген бақылаулардың нəтижелері кескінделеді.  Бұл карта-

ларда атмосфералық қысым,  əртүрлі ауа массаларын бір-бірінен 

бөліп тұрған атмосфералық шептер немесе шекаралар  сызықтық 

шартты белгілермен  бейнеленеді. Синоптикалық карталар кең 

көлемді аумақтағы атмосфераның төменгі қабатын бақылауға, 

ауа райын болжауға  мүмкіндік беретін негізгі материал болып 

табылады.        

Топырақ карталарында жер бетіндегі топырақтың таралу 

ерекшеліктері сапалық түс əдісімен кескінделеді. Топырақтың 

əртүрлі типтері мен тип тармақтары таралған аумақтар сол 

түспен жəне əріптік индекспен көрсетіледі. Кей жағдайда 

ауылшаруашылық құрылымдарына арнап  топырақ түзуші жыны-

стары берілген агроөнеркəсіптік маңызы бар топырақ типтерінің 

картасы шығарылады. Онда топырақтың құнарлылығын арттыру 

жолдары əртүрлі тəсілмен беріледі. 



Өсімдіктер (геоботаникалық) картасы. Жер бетіндегі 

өсімдіктер бірлестіктері кескінделетін жалпы геоботаникалық 

карталарды құру үшін көбінесе сапалық түс тəсілі қолданылады. 



151

Мұндай карталардың  мазмұны өсімдік жамылғысын табиғи 

жіктеуге негізделіп құрылады. Масштабы біршама ірі 

ормандардың, батпақтардың сонымен қатар жекелеген өсімдік 

түрлерінің 

флоралық карталары да болады. Флоралық кар-

таларда ареал əдісімен өсімдіктердің жеке түрлерінің таралған 

аумақтары кескінделеді.

Ландшафтық карталарда картаға түсірілетін аумақтағы 

əртүрлі рангадағы табиғат кешендері көрсетіледі. Аумақты 

қамтуына, масштабына қарай кескінделетін шағын аумақ 

қамтылған ландшафтық ауданның  картасында  жергілікті жердің 

ландшафтары, қоныстар мен жұрттар,  ал ландшафтық облыстың 

картасында географиялық зоналар тармағы мен зоналар, аудан-

дар, қоныстар кешені кескінделеді.         

Ландшафтық картаның негізгі мазмұны кəдімгі сапалық түс 

əдісімен кескінделеді. Сонымен қатар, төменгі деңгейдегі ран-

га жоғарғы деңгейдегі сияқты түспен бояп, шекарасын жасап, 

тип тармақтарын əріппен, сандық немесе əріптік индекспен 

белгілейді. 

Қазіргі кезеңде кешенді 

табиғат қорғау карталарының 

маңызы зор. Оның қатарына «Қазақстанның табиғат қорғау» кар-

тасын жатқызуға болады. Бұл карталарда табиғатты тиімді пайда-

лану барысында қайта қалпына келтіріп консервациялау, жекеле-

ген аумақтарды шаруашылық айналымнан алып, ерекше қорғауға 

алынған аумақтар құру сияқты басқа да табиғат қорғаудың негізгі 

бағыттары кескінделеді. Онда облыстық, республикалық маңызы 

бар қорықтар, ұлттық табиғат бақтары, табиғи (зоологиялық не-

месе ботаникалық) қорықшалар, мемлекеттік маңызы бар табиғат 

қорғау шаралары көрсетіледі. Сонымен қатар, топырақ пен 

өсімдіктер  жамылғысын, жануарлар дүниесін  су қоймаларын 

қорғау, эрозияға қарсы шаралар жүргізіліп жатқан аудандар, кен 

орындарында жерді қайта қалпына келтіру шаралары жүргізіліп 

жатқан аумақтар, су қорғау, мемлекеттік орман  белдеулері,  егіс 

алқаптарын қорғайтын ормандар, бағалы балықтарды бейімдейтін   

жəне    сирек   кездесетін   өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі 

таралған аймақтар кекескінделеді. 

Əлеуметтік-экономикалық тақырыптық карталардың 

негізгі түрлеріне шолу. Халықтар картасында белгілі бір 



152

аумақта мекендейтін 



  халықтар мен олардың қызметі туралы 

жалпы деректер көрсетіледі. Онда тұрғындардың саны, орнала-

су ерекшеліктері сонымен қатар, санының өзгеруі мен қозғалысы 

туралы мəліметтер беріледі. Əртүрлі елдердегі халықтың санын, 

қоныстану тығыздығын көрсету үшін бұл карталарды құруға 

əртүрлі əдістер қолданылады. Алғашқы жағдайда халықтың 

орналасуы нүктелік əдіспен берілсе, екінші жағдайда əртүрлі 

 

кескіндеу əдістері қолданылады.        



Халықтың тығыздығының картасы көбінесе жинақталған 

түрде картограмма əдісімен құрылады. Халықтың елдімекендерде 

орналасуы белгілеу əдісімен беріледі. Кейде бұл əдіс картограм-

мамен үйлеседі.

Бұдан басқа 

халықтың еңбекпен қамтамасыз етілу карта-

сы да бар. Бұл карталарда халықтың экономикалық қарқынды 

бөлігінің қоғамдық еңбекке тартылуы немесе халықтың кəсіби 

құрамы көрсетіледі. Халықтың орналасуы тұрғындардың санын 

сипаттайтын елдімекендерді кескіндеумен тығыз байланысты. 

Сондықтан мұндай мазмұндағы карталар да жоғарыда көрсетілген 

карталар тобына жатады. 



Саяси жəне əкімшілік-аумақтық карталар ең кең таралған 

карталардың қатарына жатады. Онда мемлекеттің аумағы, 

əкімшілік-аумақтық бөлінісі, шекарасы көрсетіледі. 

Экономикалық карталарда шаруашылықтың жағдайы 

мен салалық құрамы кескінделеді. Бұл карталар тобының 

тақырыбының ауқымы өте кең. Олардың қатарына 

шаруашылықтың жеке салаларының, экономикалық аудандасты-

ру мен жалпы экономикалық  карталар жатады. 

Соңғысында шаруашылық  біртұтас сала ретінде көрсетіледі. 

Оның өзі топ тармақтарына бөлінеді. Оларға өнеркəсіп, құрылыс, 

ағаш өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы көлік жəне коммуникация 

сияқты шаруашылықтың негізгі салаларының карталары жата-

ды. Шаруашылықтың аталған топ тармақтары одан да шағын 

топшаларға жіктеліп кетуі мүмкін. 

Атап айтсақ, өнеркəсіп карталары барлық салаларын қамтитын 

жалпы өнеркəсіптік жəне металлургия, отын-энергетика, маши-

нажасау, жеңіл жəне тамақ өнеркəсібі, тағы басқаларын қамтитын  

басты өнеркəсіп салаларының картасы болып бөлінеді. 



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау