Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53


 Жалпы экономикалық карталарда



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет47/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   141

153

 Жалпы экономикалық карталарда өнеркəсіп, ауыл 

шаруашылығы, жəне көлік кешені кескінделеді, солардың 

ішінде өнеркəсіп пен ауыл шаруашылығы жетекші орын алады. 

Ауыл шаруашылығы əр ауданның маманданған бағыттарының 

ерекшеліктерін  синтетикалық өңдеу арқылы көрсетеді. Ол 

үшін картада аудандардың етті-сүтті, сүтті мал шаруашылығы, 

астық, қант қызылшасын, мақта, көкөніс-бақша дақылдарын 

өсіру сияқты ауыл шаруашылығының маманданған əртүрлі 

салаларының шекарасы  алдын-ала жүргізіледі. 

Ауыл шаруашылығының бағыттары картада сапалық түс 

əдісімен кескінделеді. Өнеркəсіптің жеке салалары дөңгелек 

белгілеу түрінде көрсетіледі. Ауыл шаруашылық дақылдарының 

ареалдары шекарасы пунктирмен көрсетіледі.  Əр сала белгілі 

бір түспен белгіленеді. Бір қалада өнеркəсіптің бірнеше сала-

сы дамыған болса бір белгілеу бірнеше бөлікке бөлініп  əртүрлі 

түспен беріледі. Белгі  өлшемі өндіретін өнімнің мөлшері мен 

бағасын немесе өнеркəсіпті  қалада тұратын халықтың санын 

көрсетеді. Ал белгілердің түсі сол қалада дамыған өнеркəсіп са-

лаларын көрсетеді. Картографияда экономикалық карталардағы 

өнеркəсіп салаларын көрсететін түстердің шкаласы қолданылады.

Егер өнеркəсіпті қалада бір емес бірнеше өндіріс  саласы 

қатар дамыған болса белгілер бірнеше бөліктерге бөлініп қажетті 

түспен бояйды. Барлық белгілер штрихтау арқылы  өнеркəсіптің 

маңызды жеке салаларын бөліп көрсетеді.  

Жалпы экономикалық карталарда экономикалық байланыстар-

ды қамтамасыз ететін маңызды пайдалы қазбалардың кен орын-

дары, темір жол мен автомобиль жолдары, мұнай-газ құбырлары, 

жоғары вольтты электр желілері  кескінделеді. Мұндай карталар 

Қазақстанның ұлттық атласында, мектеп оқушыларына арналған 

географиялық атласта көрсетілген [3.1-кесте].



3.1 кесте. 

Қазақстанның экономикалық картасындағы өнеркəсіп 

салаларының  түсі

р/с Өнеркəсіп салалары

Шартты белгілердің түсі

1

Қара металлургия 



Қызылқоңыр 

2

Түсті металлургия 



қызылсары


154

3

Машина жасау



қызыл

4

Химия өнеркəсібі



Қаракөк

5

Ағаш өңдеу өнеркəсібі



жасыл

6

Құрылыс материалдары, əйнек, 



фарфор-фаянс өнеркəсібі

сұр


7

Тоқыма өнеркəсібі

Көгілдір

8

Тері өңдеу, былғары-аяқкиім 



қоңыр

9 Тамақ 


өнеркəсібі

сары


Ауыл шаруашылық салаларының карталарында 

ауылшаруашылық дақылдарының егіс алқаптарының



    ауданы 

немесе қандайда бір дақылдың, үй жануарларының түрлерінің 

таралған ауданы кескінделеді. Бұл карталарда ареал, картограм-

ма, картодиаграмма жəне нүктелік əдістер қолданылады.        



                          

Білім беру немесе мəдениеттің карталарында оқу орында-

ры, олардың түрлері, олардағы оқушылардың саны, сауаттылық 

деңгейі туралы мағұлматтар беріледі. Жұлдызша əдісімен əрбір 

елдімекендегі мектептердің саны мен түрі белгіленеді. 



Тарихи картада  тарихи оқиғалар мен құбылыстар 

кескінделеді.  Онда ежелгі мəдениет пен мемлекеттер, тап 

күресінің тарихы, революциялық мен ұлт-азаттық қозғалыстар 

бейнеленеді. Мемлекеттің əлеуметтік-экономикалық дамуын 

көрсетуде үгіт-насихат карталарының маңызы зор.

Жалпы географиялық карталарының мазмұнының 

ерекшеліктері.

Картаның  атқаратын  қызметі  мазмұны 1:1 000 000 мас-

штабты карта  халықшаруашылығының қажетін өтейтін жал-

пы геогеографиялық карта болып табылады. Карта төмендегі 

 

мақсаттарда  қолданылады:



– ірі  географиялық  ауданның  жер бетімен  табиғат  жағдайын   

оқыпүйренуге;

– жалпы мемлекеттік  маңызы бар  жобаларды жоспарлау ша-

раларын  жүзеге  асыруға;

– үлкен қашықтыққа ұшқанда жалпы бағдарлау  мақсатында;

– ұсақ масштабты арнайы карталарды құрғанда географиялық  

негізі ретінде  қолдануға;

– ұсақ масштабты  карталарды  құрғанда  картографиялық   

материал ретінде  қолдануға.



155

Карта екі  басылымда шығарылады: негізгі  басылымда жер 

бедері горизонтальдармен беріліп, таулы аудандар баяулармен 

 

бояйды. Арнайы карталарда (гипсометриялық) жербедері  гори-



зонтальдармен кескінделіп, қабатты гипсометриялық  бояулармен  

боялады. Гипсометриялық басылымда ормандар  көрсетілмейді. 

Картаны құруға  негізгі  материал ретінде  1:500 000 жəне  одан 

да  ірі  масштабты  карталар  қолданылады (1:1 000 000 ірі емес).



Математикалық негіздері. Карта өзгертілген көп конус-

ты проекциялармен құрылады. Картаны жеке беттерге бөлу 

 

халықаралық 1:1 000 000 масштабты  картаға сай жүргізіледі.  



Картаның  əр беті  ендік  бойынша  4°, бойлық бойынша 6° бөлінеді. 

60°-70° ендіктер  үшін  беттері   қосарланып  шығарылатындықтан  

бойлығы  12°, ал  76°-88° ендіктер  үшін  бойлығы  24° жүргізіледі. 

Картаның əр беті батысы мен шығысында – түзетілген  меридиан-

дармен, Солтүстік пен Оңтүстігінде параллельдермен шектеген, 

олардың  радиустары  жер  элипсоидының  қалыпты  радиуысының  

ұзындығына тең ірі беттерінің проекциясымен  бұрамалануы 

 

бұрыштар  үшін 7° ұзындықтар үшін 0,14% аспайды.   Градуста-



рары  1° кейін  жүргізіледі.  Қосарланған беттер  үшін   меридиан-

дар  2° төртеуленген беттер үшін 4° кейін жүргізіледі.         



Картаның  мазмұны. 

 Картада мазмұнның төмендегі 

 

элементтері  көрсетіледі: суторлары, елдімекендер, қатынас 



жолдары, жер  бедері,  саяси-əкімшілік  шекаралары, өсімдік 

жамылғысы  жəне  жердің беткі жабын қабаты, өнеркəсіптік  жəне  

мəдениет  əлеуметтік  нысандар. 

Су торлары. Теңіздер мен  көлдердің жағалау сызықтармен,   

жағалауының  типтерімен  картаға  түсіру арқылы  жағалаулардың  

жалпы ерекшеліктері мен жағалаусыздықтарының тиімделігін 

 

көрсете алатындай дəлдікпен беріледі. Картада жағалаулардың  



əртүрлі типтерінің пайда болу жолдары мен жағалауға жақын 

 

маңдағы белдеулерде көрсетіледі. Жағалауға жақын маңдағы 



белдеулерді сипаттау үшін жағалауларға жақын маңдағы  қайраңдар 

мен, банклер, аралдар, маржан рифтері мен  тосқауылдар, су асты  

жартастары көрсетіледі.  

Жағалау сызықтарына тəн ерекшеліктерін сызу арқылы ашып 

көрсетеді.  Жағалаулардағы жағажайлар, жартастар, жарқабақ тар, 

құм жолдары, батпақтанған, өсімдік  қалың  өскен  бөліктермен 




жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау