Мұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосы туралы түсінік
Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы. Мұғалім портфолиосы – мұғалімдік жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.
Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:
- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;
- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;
- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;
- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.
- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.
- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.
- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы.
Портфолоионы жасақтау қиындықтары
- Төмен мотивация, жұмысқа қызықпау.
- Тәжірибенің аздығы, біліктіліктің төмендігі.
- Өз жұмысын жалпылап, жүйелей алмауы.
- Рефлексиялық мәдениеттің төмен болуы.
Мұғалім портфолиосының негізгі функциялары
1.Жинақтаушы: мұғалім жұмыстарының жиынтығы.
2.Үлгілеуші: мұғалімдің жеке кәсіби өсу траекториясын қалыптастыру құралы.
3.Рефлексия-шығармашылық: түрлі педагогикалық технологиялар мен олардың тиімді әдістерін өзіндік талдау мен жобалау.
Мұғалім портфолиосының түрлері
1.Мақсаты бойынша: жекеменшік (өзі үшін), есеп (басшылық үшін), жоба (ұжым мен ұйым дамуы үшін).
2.Мазмұны бойынша: жетістіктер (белгілі бір бағыттардағы), рефлексия (мақсатқа жетуді талдау мен бағалау), проблемалық бағдар (жүйе құраушылары мен қажетті шешімдер), тақырыптық (негізгі қызмет салалары бойынша маңызды жұмыстар).
Мұғалім портфолиосының маңызды бөлімдері
“Автопортрет” бөлімі:
Менің әдістемелік жұмыс жүйем. Менің кәсіби өсу бағдарламам.
“Ақпараттық ресурстар” бөлімі:
Қажетті нормативтік-құқықтық құжаттар. Анықтамалар мен түсіндірме сөздіктер. Жалпы және педагогикалық заңдылықтар мен ережелер.
“Жұмыс материалдары” бөлімі:
Менің әдістемелік жобаларым мен дайындамаларым. Қызықты және құнды ақпараттар мен мәліметтер (интернеттен).
“Менің жетістіктерім” бөлімі:
Мен ашқан жаңалықтар мен заңдылықтар. Менің табыстарым мен ынталану жолдарым.
Мұғалім портфолиосының мазмұны
- Жылдық жұмыс жоспары мен жылдық жұмыс есебі.
- Бақылау-тексеру және тест жұмыстарының қорытындылары.
- Топтық және ұжымдық жұмыс қорытындылары.
- Сабақ жоспарлары мен енген сабақтарға талдау жұмыстары.
- Өзіндік зерттеу-сынақ жұмыстарының аралық қорытынды, түпкі нәтижелері.
- Өзекті мәселелер мен танымдық тапсырмалардың шешімдері.
- Жазбаша шығармашылық жұмыстар (рефераттар мен эсселер).
- Аудио және бейнематериалдар, фотосуреттер.
- Жалпылау материалдары (сызба-кестелер, графиктер мен диаграммалар).
- Сауалнамалар мен сұқбаттасулар және оларды өңдеу қорытындылары.
- Берілген қосымша тапсырмалардың қорытындылары.
- Бақылау күнделіктері мен өзіндік ой-толғаныстар.
- Ұжымдық және жеке ғылыми-әдістемелік жобалар.
- Авторлық бағдарламалар мен балама оқу құралдары.
- Жасалған баяндамалар мен жарық көрген мақалаларының көшірмелері.
- Әдістемелік нұсқау-жинақтарының қысқаша аннотация, рецензиялары.
- Портфель авторының жетістіктерін айғақтайтын құжаттар (мақтау қағаздары мен сертификаттар, анықтамалар мен дипломдар).
Мұғалім портфолиосын дайындау технологиясы
1.Мұғалімдерді ынталандыру: аттестациядан өтуге немесе қызметтік өсуге қажетті материалдар екендігі, қосымша сыйақы төлеу немесе мадақтау үшін негіз;
2.Портфель типін анықтау: жинақтаудың мақсатты бағыттылығын күшейту үшін мақсаты, мазмұны бойынша портфель типін анықтау, жекелеген жағдайлар мен арнайы мақсаттарда аралас типін алуға болатындығы.
3.Өткізу мерзімі мен сипатын анықтау: жыл соңында не мерзімді көрсету;
4.Бөлімдер санын белгілеу: жұмыс жоспарына сай міндетті және таңдауы бойынша алынатын бөлімдер саны жетеуден көп болмауы керектігі.
5.Бағалау критерийлерін дайындау: міндетті бөлімдердің көпшілігі талқылауға жатпайтындығы мен қалғандарының бірлесе жасалатындығы.
Мұғалім портфолиосын бағалау өлшемдері
1.Сандық бағалау
1.Міндетті рубрикалардың болуы – 2 ұпай.
2.Қосымша жеке рубрикалардың қамтылуы – 5 ұпай.
3.Әріптестері мен ғалымдардың пікірлері – 5 ұпай.
2.Сапалық бағалау
1. Зерттеу әдістерінің пайдаланылуы – 10 ұпай.
2. Өзіндік жұмыстары мен дербестігі – 10 ұпай.
3. Өзіндік пайдалылығы мен құндылығы – 10 ұпай.
4. Рефлексиялық материалдардың болуы – 10 ұпай.
5. Материалдардың безендірілуі – 8 ұпай.
6. Портфолионы көрсету – 10 ұпай.
Барлығы – 70 ұпай.
Достарыңызбен бөлісу: |