Оқулық Алматы, 012 Əож 528(075. 8) Кбж 26. 12я73 т 53



жүктеу 11,51 Mb.
Pdf просмотр
бет54/141
Дата20.11.2018
өлшемі11,51 Mb.
#22575
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   141

175

ғылыми танымның  алуан түрлі  тəсілдерін  картографиялық 



зерттеу əдістері дейміз. Танып білудің құралына картадан 

үрдістермен құбылыстардың сапалық қасиеттері мен сандық си-

патын, геожүйедегі өзара байланыстары мен өзара тəуелділіктерін 

оның динамикасы мен уақыт пен кеңестіктегі эволюциясы, 

 

қазіргі кездегі даму үдерістерін  анықтап, болашақ геожүйелердің 



жағдайын болжау кіреді. 

Картографиялық əдіс құбылыстардың кеңістіктікте ор-

наласуын, олардың өзара байланысын, тəуелділігі мен даму 

 

 



заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады.  Оны пайдану бары-

сында караларды талдау жəне өңдеудің төмендегідей тəсілдерін 

атап өтуге болады: 

1. Өту арқылы картада  кескінделген құбылысты ойша талдау;

2. Құбылыстардың тік бағыттағы құрылымын көрнекі түрде 

көрсетуге мүмкіндік беретін   карта бойынша көлденең қима-

сызба,    қима, блок-диаграмма, əртүрлі кестетер мен диаграмма-

лар тағы басқаларды  құру;

3. Карта бойынша қажетті нысандардың географиялық коор-

динатын, ара қашықтықтығын, ұзындығын, биіктігін, ауданын, 

көлемін,тағы  басқа көрсеткіштерін анықтау жұмыстары; 

4. Карта бойынша дақылдардың өнімділігі, халықтың тығыз-

дығы сияқты  біртекті құбылыстар мен олардың орнала суын, уа-

қыт ішіндегі өзгеруін, белгісіз байланыстарын, соны мен қатар, тə-

уел   ділік коэффицентінің көмегімен əртүрлі құбылыстардың ара-

сын   дағы байланыстардың нышандары мен тығыздығын  анық  тау 

үшін қолданылатын  математикалық-статистикалық талдау лар; 

5. Нақтылы бір зерттеулерге қолдануға арналған ыңғайлы кар-

талар алу үшін карталарды түрлендіру; 

6. Картаграфиялық өнімдерді түрлендіру арқылы танымның  

жаңа құралын алу мақсатында нақтылы нысандардың, құбылыстар 

мен үрдістердің кеңістіктік үлгісін құру, талдау жүйесі ретінде 

түсінуге болатын картографиялық үлгілеу.  

Қазақстан Республикасы аумағындағы негізгі өзендердің 

картографиялық үлгісін құру, алдыға қойған мақсатқа жету үшін 

өте қажет болды. Өйткені бірнеше өзеннің бастауынан сағаға 

дейінгі барлық ұзындығындағы кешенді көрсеткіштеріне сүйеніп 

судың сапасын табиғатта тікелей анықтау мүмкін емес.




176

Синтездік карта нышанындағы үлгіні құру үшін барлық кеңістік 

уақыттық үлгілерге қойылатын талаптарға сəйкес құбылыстың ішкі 

құрылымын қиып алып тастауға тура келді. Соның нəтижесінде 

қосымша талдау карталарды құруға тура келді.         

Бізді  қоршаған  орта  құбылыстарын  картографиялық  əдіспен  

та  нып білудің төмендегі кездерін сызба-нұсқа түрінде көрсетуге 

бо ла  ды:

- бізді қоршаған шындықты бақылау арқылы картаға түсіруге 

қажетті ақпараттар алу;

- өңделген ақпараттардың негізінде картаны құру;

- жаңа қосымша ақпарат алу мақсатында картографиялық 

əдіс  

 

ке тəн тəсілдер жүйесін қолданып, карталар мен карталар 



жүйе  сін  оқып-үйрену;

- Картографиялық зерттеу əдістерін пайдалану нəтижесінде 

алынған жаңа ақпараттарға негізделіп қажет болғанда жаңа 

картографиялық өнімдер карталарды, көлденең қима-сызба, 

кестелерді  оқып-үйренуді қажет етеді. 

Картографиялық үлгілеу.  оқыпүйрену барысында танып 

білудің жаңа жолдарын табу мақсатында қарастыратын нақты бір 

нысандардың құбылыстар мен үрдістердің үлгісі ретінде талдау-

лар мен картографиялық өнімдерді қайта құрулардың нəтижесінде 

жасалатын жүйелерді картографиялық үлгілеу дейміз. Басқа сөз -

бен айтқанда, картографиялық үлгілеудің құрамына жаңа кар-

талар ды құрып, оны пайдалану кіреді.      

Нақтылы бір картаны талдау ерекшеліктері жөнінде білім 

бол 

ған жағдайда ғылыми жəне тəжірибелік іс-əрекетте жалпы 



гео    гра   фиялық  жəне  тақырыптық  карталарды  жан-жақты  пайда-

ла  н уға  болады. 

Үлгілеу  ғылымда біршама кең таралған түсінік.  Үлгі ретінде 

қандайда бір нысанды, үрдісті  немесе құбылысты ауыстыратын  

кез-келген бейнені (сызба-нұсқаны, кестеті, сұлбаны (планы), 

картаны алуға, ал үлгілеуді таным теориясының негізгі нышаны  

деп  түсінуге болады. 

Картография нақты ғылымдарға жатуына жəне ауқымды маме-

матикалық негіздемесінің болуына байланыс ты математи калық 

жəне  картографиялық үлгілеулердің кейбір ерекшеліктерінің 

сонымен қатар, ұқсастықтары мен айырмашылықтарының бола-

тынын атап өту қажет. 




177

Үлгілеудің математикалық тағы басқа түрлерінен айыр-

машылығы картографиялық үлгілеуде құбылыстар   біршама 

қарапайым əрі дерексіз түрде құрылады. Ол аумақтың  карто гра-

фия лық сипаттамасын бере алатындай көркем бейнелі, картаны 

ғылымда жəне  іс жүзінде тəжірибеде пайдаланудың алуан түрлі 

бағыттарын  көрсететіндей көрнекі болуымен ерекшеленеді. 

Мате матикалық жəне картографиялық үлгілеулердің бір-бірінен 

айыр 

машылықтарының болуына қарамастан, карталарда мате-



мати  калық статистиканың пайда болуына жəне оларды құру əдіс-

терін қолдануға математика негіз болды.



Географиялық карталарды талдау мен бағалау. Картаға тəн 

ерек шеліктерді анықтау оның қандай да бір міндеттерді  шешу үшін 

қолдануға жарамдылығын бағалауға мүмкіндік береді. Атал 

ған 


мəселені шешу  карталарға алдын-ала талдау жасауды қа жет етеді. 

Нақты бір мақсатқа (ғылыми-зерттеу, білім беру, тəжірибелік 

тағы да басқа) қолдануы дəрежесін  анықтауды көздейтін 

 

 



картаның жеке құрамдас бөліктері мен қасиеттерін  жан-жақты 

тексеру үрдісін картаны  талдау дейміз.

 Картаның сапасын талдаудың негізгі бағыттары мен бағалау 

қағидаларына заман талабына сай келуі, ғылыми негізделуі, 

мазмұнының толықтығы, нақтылығы мен қолжетімділігі 

(шындыққа сəйкес келу дəрежесі), математикалық негізінің құрам-

дас бөліктері, картографиялық кескіндеу əдістері, жабдықталуы, 

жинақтаудың дұрыстығы, рəсімдеудің көркем бейнелі жəне 

басқада құралдарын қолдануы (картаның жалпы көрнекілігі, 

шартты белгілердің бір-бірінен ажыратылуын жəне олардың 

арасындағы логикалық байланыстың болуы), түсірілетін жалпы 

географиялық салмағының, нүктелердің, сызықтар мен кескіндер  

орнының геометриялық дəлдігі жатады.         

Жалпы географиялық карталарды талдау төменде көрсетілген 

деректерді қамтиды:  

І. Картографиялық өнімнің шығыс деректері:

1. картографиялық өнімнің атауы;

2. картаның аты мен тақырыбын толтыратын мəліметтер;

3. өнімнің шығыс деректері (шығарған орны, қаласы, 

баспахананың аты); баспа туралы деректер;

4. картографиялық өнімді шығаруға тапсырыс берген ұйымдар 

мен мекемелер туралы берілетін деректер;

12–1171



жүктеу 11,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   141




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау