138
Изосызықтарды қолданғанда картада кескіндеу үшін қандай
көрсеткіші негіз ретінде алынғанын, қандай өлшембірлікпен
өлшенетінін білудің маңызы зор.
Белгілеу тəсілі. Картаның масштабы ескерілмейтін
құбылыстардың географиялық орнын анықтауға қолданылатын
масштабтан тыс шартты белгілерді белгілеу дейміз. Белгілердің
мөлшері картада кескінделетін құбылыстардың көлемін
айқындайды. Географиялық карталарда геометриялық, көркем
бейнелі жəне əріптік белгілелер қолданылады.
Үшбұрыш, төртбұрыш дөңгелек түрінде қолданылатын
белгілер қарапайым жəне құрылымдық болып бөлінеді. Құры-
лым дық геометриялық шартты белгілер экономикалық карталар-
да ірі өндіріс орталықтарындағы жеке өнеркəсіп салалары ның
үлес салмақтарын көрсетеді. Əріптер мен өнеркəсіп салалары,
химиялық символдармен пайдалы қазбалардың жеке түрлері
кескінделеді [3.9-сурет].
Құбылыстың абсолют шамасы белгінің сызықтық
өлшемімен, оның ауданымен, көлемімен анықталады. Бұл
айырмашылықтарды картадан сызғышпен немесе өлшегішпен
өлшеу арқылы табуға болады. Бұл нұсқада бөліп көрсетілген
аумақтағы көрсеткіштердің шамасы шартты белгінің өлшеміне
сəйкес келеді. Солардың ішіндегі ең қарапайымы тік төртбұрыш.
3.9-сурет. Географиялық карталарда қолданылатын геометриялық
белгілердің түрлері
139
Картаға түсірілетін көрсеткіштердің шеткі мəндерінің
өлшемдері күшті айырма жасаған жағдайда құбылыстардың
арасындағы сызықтық тəуелділік пен шартты белгінің ең
үлкен жəне ең кіші өлшемдерінің айырмашылығы жоғары
болатындықтан, оны пайдалану тиімсіз болады. Бұл жағдайдан
өлшемі биіктігімен емес, ауданымен өлшенетін шартты белгілерді
қолдану арқылы шығуға болады.
Мұндай кескіндер биіктігі жағынан емес, шаршының ау-
даны жағынан айырма жасайды. Картада кескінделінетін
құбылыстардың шеткі өлшемдері өте жоғары болған жағдайда
текше сияқты көлемді белгілер қолданылады. Мұнда белгінің
сызықтық өлшемдері көлемнің шамасының өлшеміне сəйкес
текшенің түбірімен алынатындықтан шартты белгінің өлшемі
тіптен кішірейеді.
Картадағы əртүрлі қосындарда кескінделген құбылыстар
өлшемдері түрлерінің өлшемдері арқылы ажыратылады. Бұл
өлшемдер төмендейтін немесе көтерілетін ретпен көрсетілетін
белгілі бір түрдің шкаласымен беріледі. Шкалалар үздіксіз неме-
се сатылы болуы мүмкін.
Үздіксіз шкалада көршілес əр бір жұп белгілер бір-бірінен
онша үлкен емес шамада айырма жасайтындықтан, белгілі
бір өлшемдегі шартты белгі құбылыстың біртекті шамасына
сəйкес келеді. Басқаша айтқанда, үздіксіз шкалада құбылыстар
санындағы өзгерістер шартты белгі өлшемдерін арттырады неме-
се кемітеді. Үздіксіз шкаланы қолданғанда картада кескіндейтін
аумақтағы барлық қосындарда болатын əртүрлі құбылыстар са-
нын көрсететін өлшемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар
көптеген белгілер пайда болады.
Картаның түсініктемесінде белгінің шамасы мен құбылыс-
тардың өлшеміне сəйкес үздіксіз шкала сөзбен жəне кесте
түрінде жазылады. Мысалы, халықтың жұмыспен қамтамасыз
етілу картасында Белгілеу аумағының 1мм
2
ауданы 200 мың
адамға сəйкес келеді. Үздіксіз шкалалар абсолютті жəне
шартты болып екіге бөлінеді [3.10-сурет].
140
3.10 сурет. Картадағы əртүрлі қосындарда кескінделген құбылыстар
өлшемдерін анықтауға мүмкіндікберетін белглер шкалаларының түрлері
Үздіксіз шкалада көршілес əр бір жұп белгілер бір-бірінен
онша үлкен емес шамада айырма жасайтындықтан белгілі
бір өлшемдегі шартты белгі құбылыстың біртекті шамасына
сəйкес келеді. Басқаша айтқанда, үздіксіз шкалада құбылыстар
санындағы өзгерістер шартты белгі өлшемдерін арттырады неме-
се кемітеді. Үздіксіз шкаланы қолданғанда картада кескіндейтін
аумақтағы барлық қосындарда болатын əртүрлі құбылыстар са-
нын көрсететін өлшемі жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар
көптеген белгілер пайда болады.
Сатылы шкалада құбылыстардың шамасын білдіретін сандар
қатарының барлық мəні бірнеше топқа (сатылы қатарға) бөлінеді
де, əрбір топ белгілі бір өлшемді белгімен белгіленеді. Көбінесе
бұл топтардың саны оннан аспайтын шағын болады. Картаның
түсініктемесінде белгілер бірінен кейін бірі орналастырылады.
Белгіде сəйкес келетін саты шегінің саны жазылады.
Белгілер өлшемінің үздіксіз жəне сатылы шкалаларында
тағы бір белгісі бойынша айырмашылық болуы мүмкін. Ол белгі
шкаланың барлық телімдерінде кескінделетін құбылыстың ша-
масы мен белгілеу өлшемінің арасындағы бірдей пропорционал
тəуелділікті сақтау қызметін атқарады. Пропорция сақталатын
бұл шкала абсолют деп аталады. Жоғарыда көрсетілген
арақатынас бұзылған жағдайда шартты шкалаға бөледі.
141
Кескінделетін құбылыстар санын картаның əртүрлі қосынындағы
айырмашылықтары үлкен болған жағдайда шартты шкалалар
қолданылады.
3.11-сурет. Германиядағы автомобиль зауыттарында істейтін адамдар са-
нын көрсететін абсолют сатылы шкалалы белгілер
Көрсетілетін құбылыстың сапалық айырмашылықтарын ашу
үшін белгілерді бояйды. Мысалы, бұл əдіспен елді-мекендерде
орналасқан өнеркəсіп салаларын бейнелеу қажет болса, белгі
өлшемі əр елдімекендегі өнеркəсіп өндірісінің көлеміне, түсі
өнеркəсіптің басым саласына сəйкес келеді.
Кескінделенетін құбылыстың сапалық айырмашылығын си-
паттау екі дəрежелі болуы мүмкін. Белгілі бір бояу түрімен ма-
шина жасау, тамақ өнеркəсібі сияқты өндірістің ірі салаларын,
штрихтармен көліктік немесе ауылшаруашылық машина жасау
сияқты өндірістің біршама жеке сала тармақтары көрсетіледі.
Белгіні бірнеше бөлікке бөлу арқылы белгілі бір елдімекенде
орналасқан өнеркəсіп салаларының құрылымын көрсетеді. Атап
айтсақ, экономикалық карталарда көп салалы өнеркəсіп торапта-
рын сипаттау үшін белгілі бір қосында орналастырылған белгі
жеке бөліктерге бөлініп, сəйкес келетін сала таңдап алынған бояу
түрімен боялады.
Басқа жағдайда белгінінің түсі сипатталатын құбылыс
сəйкес келетін жылды немесе уақыт кезеңдерін көрсету үшін
Достарыңызбен бөлісу: |