444
Биполярлық координат – бір-бірімен түзу
сызықпен байланысқан
екі қозғалмайтын полярлық білік арқылы М нүктесінің координатын
анықтау. Биполярлық координатты анықтау үшін бір түзудің бойында
бірдей қашықтықта орналасқан қозғалмайтын РО Р
1
О
1
полярлық білігін
тұрғызады да, О жəне О
1
нүктелерін бір-бірімен қосады.
Биіктік белгісі – географиялық карталардағы санмен көрсетілген
нүктелердің метр есебімен алынған теңіз деңгейінен биіктігі. Картада
биіктік белгісі нүктемен жəне оның жанына сан жазу арқылы көрсетіледі.
Брандистің эклиметрі – диоптрлы көру түтігінен, білікті бойлай ай-
налатын көру түтігіне бекітілген айналу шеңберінен тұратын біршама
кең таралған жергілікті жерде беткейдің көлбеулігін анықтау қызыетін
атқаратын прототипті прибор.
Бір жағы байланыстырылған теодолиттік жүріс – бір шеті
геодеодезиялық негіздеудің қосынына байланыстырып, екінші шеті еркін
қалатын жүріс.
Бұрыштардың бұрмалануы – жер элипсоидының белгілі бір
нүктелерінің көлденең бұрыштарының географиялық картаның бетіндегі
сол нүктенің көлденең бұрыштарымен сəйкес келмеуі арқылы анықталады.
Бұрыштың бұрмалануын бір ендіктің бойындағы екі түрлі бойлықта
орналасқан меридиандар мен параллельдердің қиылысындағы бұрыштарды
салыстыру арқылы анықтайды.
Верньер – теодолиттің алидадалық шеңберінің диаметрінің екі шетін-
дегі лимбаның градустарының минуттарын өлшейтін шкала. Верньер
лимбаға қарағанда көлденең жəне тік бұрыштардың азимуттарын жоғары
дəлдікпен есептеуге мүмкіндік береді. 60° теодолиттерде верьнер 5’ теңдей
12 бөлікке бөлінген доға тəрізді шкаладан тұрады.
Ватерпастау – биіктігі 1 метр болатын, түзулігін анықтауға мүмкіндік
беретін ауырлық салмақ ілінген тіктеуішті (мектеп нивелирін), сантимет-
рге бөлінген екі метрлік 2 түзу тақтай жəне ұзындық өлшегіш таспа не-
месе рулетка қолданылатын жергілікті жерде жүргізілетін геометриялық
нивелирлеудің қарапайым түрі. Жергілікті жерде жүргізілетін түсіру
жұмыстарының бұл түрі жыралар мен жылғаларды төбенің тік беткейлерін
нивелирлеуге өте қолайлы.
Гаусс пен Крюгердің түзу бұрышты көлденең цилиндрлі проекция-
сы – картографиялық торларды цилиндрдің білігі глобустың білігін түзу
бұрыш жасап қиып өтетін цилиндрде құру арқылы алатын прекция.
Онда
элипсоидтың беті сфералық екі бұрыштарға (зоналарға) бөлініп, содан
соң əр қайсысы жазықтықта жеке кескінделеді. Бұрмалануды ең төменгі
деңгейге дейін азайту үшін аймақтың бойлықтары 6º шектеледі. Мериди-
андар мен параллельдер жазықтықта қисық сызық түрінде кескінделеді.
Бі лік тік меридианның картаның масштабындағы ұзындығы нақты ұзын ды-
ғына сəйкес келеді.
Геометриялық тұрғыдан жинақтау – картада қажетті географиялық
нысандардың пішін мен ауданын, созылған бағытын анықтау.
445
Географиялық координат – Жер бетіндегі кез-келген нүктенің эк-
ватор мен бастапқы меридианға қатысты орнын анықтау. Географиялық
координаттар жүйесінде координат сызығы ретінде бірін-бірі қиып өтіп
градус торларын түзетін меридиандар мен параллельдер қабылданған.
Гелографиялық координаттар жүйесі жер бетіндегі нүктелердің орыны
екі географиялық координат ендік пен бойлықты анықтауға негізделген
бұрыштық шама болып табылады.
Геодезиялық координаттар – Жер сферойд ретінде қабылданған
жағдайда нүктелердің орнын анықтайтын координаттар жүйесі.
Географиялық ендік – Жер бетіндегі кез-келген нүкте мен экватор
жазықтығы арасында түзілген бұрыш. Егер нүкте солтүстік жарты шар-
да орналасса оның ендігі солтүстік, егер оңтүстік жарты шарда орналасса
оңтүстік болады.
Географиялық бойлық – бастапқы меридиан мен жер бетіндегі кез-
келген нүктенің үстінен өтетін меридианның арасында түзілген бұрыш.
Бастапқы меридиан ретінде Лондон қаласының маңындағы Гривнич
астрономиялық обсерваторясының үстінен өтетін меридиан қабылданған.
Барлық нүктелердің бойлықтарының мəні 0-180° аралығында бола-
ды. Бастапқы меридианның шығысында 0-180° аралығындағы барлық
нүктенің бойлығы шығыс бойлық, бастапқы меридианның батысында
0-180° аралығындағы барлық нүктенің бойлығы батыс бойлық деп атала-
ды.
Географиялық (нағыз) азимут – географиялық меридиан мен
қажетті нүктенің арасындағы бұрыш.Ол А əрпімен белгіленіп, сағат
тілімен бағыттас 0°-360° аралығында өлшенеді. Тура жəне кері азимут
бір-бірінен 180° айырма жасайды. Егер тура нағыз азимуттың мəні 180°
аспаса кері азимутты табу үшін 180° қосамыз. Егер тура азимуттің мəні
180° артық болса аламыз. Топографиялық картадан тура жəне кері нағыз
азимутты транспортирдің көмегімен анықтайды. Ірі масштабты карталар-
да географиялық меридиан ретінде батыс жəне шығыс бұрыштамалары
(ішкі) алынады.
Географиялық карта – Жер бетінің толық немесе оның кез-келген
бөлігінің белгілі бір масштабпен кішірейтіліп алынған кеңістіктік бейнелі
– шартты белгілі үлгісі.
Геоақпараттық жүйелер – жалпы географиялық, тақырыптық карта-
ларды құру жəне мониторинг жүргізу мақсатында, сонымен қатар, басқару
міндеттерін шешуді көздейтін арнайы карталар жасауға пайдаланатын
компьютерлік бағдарлама.
Геобейне – белгілі бір масштабта құрылған жəне кестетік əдіспен
шолу формасында ұсынылған жер нысандарының немесе үрдістерінің
жинақталған кез-келген кеңістіктік-уақыттық үлгісі.
Геоиконика – негізгі міндеті геобейнелердің жалпы теориясын, талдау,
түрлендіру жəне ғылыми-тəжірибелік мақсатта пайдалану əдістерін жасау
болып табылатын ғылыми пəн.