236
– педагогикалық жəне əкімшілік басқару қабілетінінің
жоқтығы. Білім беруді ұйымдастыру менеджерінің
басқару, оқыту
мен тəрбиелеу ісінен мүлдем бейхабар, кездейсоқ тағайындалған
қызметкер.
Қорыта келгенде, педагогикалық менеджмент басқару заңдарына
негізделеді, сондай-ақ, психология жəне педагогика ғылымдарыда
білім беру ісінің менеджері қызметін тиімді ұйымдастыру оның
жеке мінездерімен жəне педагогикалық шеберлігімен, басқару
қабілеттілігімен де сипатталады.
Ғылыми негізде басқару, психологиялық жəне жеке адамгершілік
қасиеттер, білім беру менеджеріне оларды оқу-тəрбие жұмысында
қолдануға, көшіруге толық мүмкіндік береді. Бұл педагогикалық
менеджменттің əрі ғылым, əрі өнер екендігін дəлелдейді.
Көптеген ғалымдар
«педагогикалық менеджментке» бастапқы
ұғым ретінде назар аударып, педагогикалық менеджментті бүгінгі
нарық жағдайындағы білім беруді басқару ретінде қарастыра оты-
ра, оның мынадай негізгі қызметтерін атап көрсетеді: білім беру
жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерді стратегиялық жоспарлау мен
болжамдау; білім берудегі қажеттіліктерді анықтап, соның негізінде
жаңа білім беру қызметтерін ұйымдастыру жəне оны жүзеге асыру;
білім беру мекемелерінің инновациялық қызметін мотивациялау.
Негізгі ұғымдар сөздігі
Менеджмент - кəсіпорын ұйымының тиімді жəне ұтымды
қызмет ету мақсатындағы интеллектуалдық, материалдық жəне
қаржы қорларын жұмылдыру бойынша ғылым, өнер жəне əрекет.
Педагогикалық менеджмент – оқу-тəрбие жəне оқу-танымдық
үдерісті басқарудың тиімділігін жоғарылатуға бағытталған принцип-
тер кешені, əдістері, ұйымдастыру фрмалары жəне технологиялық
тəсілдері.
Менеджер - басқару, меңгеру, басшылық жасау.
Оқу-танымдық үдерістің менеджері – білім алушылардың оқу-
тəрбие əрекеттерін басқару жүйесінің субъектісі ретіндегі оқытушы.
Оқу-тəрбие үдерісінің менеджері –
педагогикалық кадрлардың
оқу-тəрбие іс-əрекеттерін басқарудың субъектісі ретіндегі оқу
орнының жетекшісі (орынбасарлары).
Оқыту үдерісінің мониторингі – алынған ақпараттарды жинау
жəне өңдемелейтін компьютерлік технологияның көмегімен білім
беру үдерісінің барысын, нəтижелерін жəне тиімділігін үзіліссіз
бақылау.