224
жинаудың социологиялық əдістері - анкеталау, сұрау салу, интер-
вью алу, əңгімелесу, эксперименттік бағалау да қолданылады. Олар
тексерушіге қажетті ақпаратты тез алуға мүмкіндік береді.
Хронометриялық
əдіс білім беру мекемесінің жұмыс тəртібін,
сабақ жəне сыныптан тыс оқу уақытын тиімді ұйымдастыру, білім
алушылар мен білім алушылардың жұмыс бастылығын, оның
сабағын, үй тапсырмасының көлемін, оқу жылдамдығын анықтауда
қолданылады.
Білім беруді мекемеішілік тексерудің түрі мен əдістерін таңдау
оның мақсатына, міндеттеріне, тексеру нысанына, уақыт жағдайына
тікелей байланысты. Ал тексерудің түрлері мен əдістерін тиімді етіп
қолдану, жоспарлауға жəне тексеруге əкімшілік, оқытушылар, білім
беруді басқару органдарының өкілдерін кеңінен тарта отырып, іске
асырғанда ғана нəтижелі болмақ.
6.2. Педагогикалық жүйені басқарудың жалпы принциптері
жəне əдістері
Кез-келген əрекет, соның ішінде басқару əрекеті де
ұйымдастырушылық пен басшылық жасаудың барлық функция-
ларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар принциптерді
сақтауға негізделеді. Ол принциптерде мақсат қою жəне жоспар-
лау, ұйымдастыру, бақылау жəне т.б. топтастырылады. Ал басқару
принциптері басқару заңдылығының бейнеленуін жəне нақты іске
асуын танытады. Білім берудің мекемеішілік менеджментінің негізгі
заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сəйкестік, ізгілік, басқарудағы
демократиялық жəне білім беру мекемесіндегі түрлі басқару
қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы
заңдылықтардан білім беру мекемесі жетекшісінің, менеджерінің
оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі принциптері
туындайды. Сонымен, негізгі принциптерге мыналар жатады:
педагогикалық жүйені демократияландыру жəне ізгілендіру;
орталықтандыру жəне орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі;
жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені
басқару ақпараттарының объективтілігі жəне толықтылығы.
Педагогикалық
жүйені
басқаруды
демократияланды-
ру жəне ізгілендіру. Білім беруді мекемеішілік басқару ең ал-
дымен басшылардың, оқытушылар, білім алушылар мен ата-
225
аналардың бастамашылдығы мен өздігінен жұмыс жасай алуын
дамытуға бағытталады. Бұл жағдай тек, шешім қабылдау мен
талқылауды бүкпесіз, ашық жүргізгенде ғана мүмкін. Білім беру
мекемесі басшыларын сайлау, педагогикалық кадрларды байқау
жəне келісімшарт негізінде қабылдаудың жүйесі - білім беру
мекемесіндегі демократияның бастауы. Сол сияқты, білім беру
мекемесін басқарудағы жариялылық, ақпараттың ашықтығы
жəне түсініктілігіне негізделелді. Білім беру мекемесінің алдында
тұрған міндетті, оның қиындығын жете сезінген əрбір оқытушы
оған бей-жай қарамайды. Білім беру мекемесі əкімшілігінің, білім
беру мекемесі кеңесінің тұрақты түрде есеп беріп отыруы, оны
талқылауға жəне шешім қабылдауға оқытушылар мен білім алушы-
ларды қатыстыруы білім беру мекемесі өмірінде демократияның
орнығуына негіз қалайды.
Басқарудың жүйелілігі мен тұтастығы. Педагогикалық
үдерісті басқару жүйесінің табиғатын түсіну, басқаруға қолайлы
алғышарт жасайды. Білім беру мекемесіндегі басқарудың жүйелілік
ыңғайының бірінші белгісі - білім беру мекемесін жүйе ретінде та-
нып, оның негізгі белгілерінен құралатын осы жүйенің тұтастығын
көре білу. Екінші белгі, білім беру мекемесінің құрылымы болып
табылады. Жүйенің құрылымы қалай болса, білім беру мекемесінің
байланыстары мен қатынастарының дамуы да соған тікелей бай-
ланысты болмақ. Жүйенің үшінші компоненті, оның өзіндік
ерекшеліктері мен сипаттарынан туындайды. Дегенмен, олардың
өзара əрекеттесуі арқылы жүйенің жаңа сапасы қалыптасады.
Компоненттердің тұрақты түрде өзара жақындауға ұмтылуы жүйенің
тұтастығын айқындайды. Білім беру мекемесін басқаруда жүйенің
төртінші ерекшелігі - оның қоршаған ортамен тығыз жəне өзгеше
байланыстылығын естен шығармаған жөн. Білім беру мекемесі
мен қоршаған ортаның əрекеттесуі екі формада көрінеді. Бірінші
жағдайда, білім беру мекемесі өз əрекетін сыртқы ортаға бейімдесе,
екінші жағдайда, білім беру мекемесі өз мақсаттарына жету үшін ор-
таны өзіне бағындырады.
Білім беру мекемесін басқарудағы жүйелілік пен тұстастық білім
беру мекемесінің басшысы мен ұжымының басқару қызметтерінің
өзара байланысы мен өзара əрекеттесуін де қарастырады. Бұл
принципті іске асыруда біржақтылыққа жол беруге болмайды. Осы
принцип арқылы басқару қызметінің бірізділігін, қисындылығын,
өзара пайдалылығын, оның барлық қызметінің де бірдей
маңыздылығын аңғарамыз.
226
Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың парасат-
ты үйлесуі. Білім беру мекемесі жəне педагогика тарихы шама-
дан тыс орталықтандырудың əкімшілік басқаруды күшейтуге
əкеліп соғатындындығына талай рет көз жеткізді. Басқаруды
орталықтандыру төменгі буындағы жетекшілердің, оқытушылар мен
білім алушылардың бастамашылдығын шектеп, оларды, өздерінің
қатысуынсыз қабылданған шешімдерді жай ғана орындаушыларға
айналдырады. Біржақты орталықтандыру жағдайында басқару
қызметінің қосарлануынан, уақыт шығынынан, басшы мен
орындаушылардың жұмысбастылығынан, сөзсіз орындаушылардың
жұмысбастылығы орын алады.
Соған сəйкес, орталықсыздандыруға шамадан тыс мəн
беру педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді.
Орталықтандыруды орталықсыздандырудың пайдасына жығып беру,
тұтастай басқару мен əкімшіліктің рөлін төмендетіп, басқарудың
талдамалық жəне қадағалаушылық қызметін жояды. Білім беру
мекемесі тəжірибесі көрсетіп отырғанындай, демократиялық ой-
ындар жəне орталықсыздандыруға əсуестенушілік ұжымның
қызметі мен өміріне елеулі нұқсан келтіріп, педагогикалық ұжымда
түсініспеушілік пен жанжалға негіз болып, əкімшілік пен қоғамдық
басқару орындарының бір-біріне қарсы тұруына жол берді.
Сондықтан да, білім беруді мекемеішілік басқаруды қамтамасыз
етуде орталықтандыру мен орталықсыздандыруды үйлестіру
əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларына бүкіл білім беру
мекемесі ұйымының мүддесін ескеріп, кəсіптік деңгейде шешім
қабылдауға мүмкіндік беріп, педагогикалық жүйенің барлық
құрылымдық бөлімдерінің қызметін жоғары деңгейге көтеруге
жағдай туғызады.
Жеке билік пен басқарудың біртұтастығы. Бұл принципті іске
асыру педагогикалық жүйені басқаруда субъективтілікке, билеп-
төстеушілікке жол бермеуге бағытталады. Басқару қызметінде
əріптестердің тəжірибесі мен біліміне сүйеніп, оларды талдау жасау
мен шешім қабылдауға қатыстыру, əртүрлі көзқарастарды салысты-
ра отырып, оңтайлы шешім қабылдаудың маңызы зор. Оның үстіне
алқалық шешім ұжымның əрбір мүшесінің тапсырылған міндетке
жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды.
Басқарудағы жеке билік тəртіпті қамтамасыз етіп, педагогикалық
үдеріске қатысушылардың өкілеттілігін айыптауды жəне оны қатаң
сақтауды қамтамасыз етеді. Егер, алқалы билік қабылданған шешімді
іске асыру кезеңінде белгілі бір шешім қабылдаса, бұл өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |