Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет76/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105

247
Б) авторитарлы;
В) бюрократиялық;
Г) өктемдік.
25.  Педагогикалық  ұжым  мүшелері  үшін  экономикалық 
ынталандыру қызметін атқаратын əдісі:
А) экономикалық əдіс;
Ə) қоғамдық əсер ету əдісі;
Б) нормативтік əдіс;
В) ұйымдастырушылық-əкімшілік əдістер;
Г) психо-педагогикалық əсер ету əдістері.
26. 
Педагогикалық 
менеджменттің 
ұжымды 
басқаруда 
демократиялық принципке негізделген, бəсекеге қабілетті жастардың 
өсіп-жетілуіне жол ашатын əдісі:
А) қоғамдық əсер ету əдісі;
Ə) экономикалық əдіс;
Б) ұйымдастырушылық-əкімшілік əдістер;
В) нормативтік əдіс;
Г) психо-педагогикалық əсер ету əдістері.


248
VII БӨЛІМ.
КƏСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДАҒЫ ТƏРБИЕ 
ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ПРАКТИКАСЫ
Жоспар:
7.1. Гумандық  тəрбиенің принциптері мен əдістері.
7.2. Жеке тұлғалық бағдарлы тəрбие. 
7.3.  Еңбек  жеке  тұлғаның  негізгі  сапаларын  қалыптастыру 
құралы.
7.4. 
Кəсіптік 
оқу 
орындарындағы 
тəрбие 
үдерісін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері
7.1. Гумандық  тəрбиенің қағидалары мен əдістері
Тəрбие – педагогтың,  жеке  тұлғаны  мейлінше  дамытуға,  оның 
заманауи мəдениет аясына кірігуіне, өз өмірінің субъектісі ретінде 
жəне  мотивтері  мен    құндылықтарының  қалыптасуына  ықпалын 
тигізетін мақсатты бағытталған іс-əрекеті. Педагогикалық құбылыс 
арнайы ұйымдастырылған жəне саналы жүргізілетін педагогикалық 
қызмет. Тəрбие түсінігі мағыналық жағынан ауқымы кең категория. 
Ғалым-педагогтар  тəрбиені  қоғамдық  құбылыс,  іс-əрекет,  үдеріс, 
құндылық,  ықпал  ету,  өзара  əрекеттесу  жəне  т.б.  мағыналарында 
қолдана келе, оның мазмұнындағы ақыл-ой, адамгершілік, еңбек жəне 
дене  тəрбиесі  сияқты  бағыттарын  анықтайды.  Тəрбие  ұғымы  жай-
лы қалыптасқан түрлі пікірлер, тəрбиенің жеке адамның қоғамдық 
тəжірибені  (білімді,  іскерліктер  мен  дағдыларды  шығармашылық 
іс-əрекет  тəсілдерін,  əлеуметтік  жəне  рухани  қатынастарды) 
игеруіне  бағытталған  белсенді  іс-əрекетін  қолдап,  қуаттаушы  əрі 
ұйымдастырушысы деп пайымдауымызға əкеліп отыр.
Аталған  тəжірибе  көптеген  ұрпақтың  еңбегімен  жəне 
шығармашылық  күшімен  қалыптасатындықтан,  білімдер  де, 
тұрмыстық іскерліктер мен дағдылар да, сондай-ақ, ғылыми-көркем 
туындылар  мен  рухани-əлеуметтік  қатынастар  да  адамдардың 
əртүрлі танымдық, көркем шығармашылық, əлеуметтік жəне рухани 
қызметінің нəтижелері негізінде қалыптасады.
Педагогика  үшін  жəне  бір  маңыздысы – жеке  адамның,  даму-
шы  тұлғаны  тəжірибені  игеру  іс-əрекетіне  араластырумен  ғана 
шектелмейді,  ең  бастысы,  оның  сол  сəттегі  істе  белсенділігіне, 


249
оның  бағыт-бағдарына,  яғни  еңбекке  деген  қатынасына  байла-
нысты.  Ұйымдастырылған  іс-əрекет  барысында  əрдайым,  білім 
алушылардың  белсенділігіне  жол  бере  отырып,  олардың  бойын-
да  сол  қызметке  деген  ұнамды  жəне  шынайы  ізгіліктілік  қатынас 
қалыптастыру қажет.
Біртұтас  педагогикалық  үдерісте  тəрбие  үдерісі  ерекше  орын 
алады.  Бұл  үдерістің  орны  мен  рөлі  тұлға  қалыптастыру  үдерісі 
құрылымында анық байқалады. Тұлға қалыптастыру басқарушылық, 
бақылаушылық сипат ала отырып, адамдардың тұтас ортадағы тəрбие 
үдерісі барысында, алдын-ала белгіленген жоспар мен міндеттерге 
сай, саналы ниетпен жасалған əрекеті арқылы іске асырылады. 
Тəрбие – бұл тұлғаны мақсатты бағыттылықпен қалыптастыру 
үдерісі.  Тəрбие  үдерісі  межеленген  мақсатқа  жетуге  бағытталған 
тəрбиеші  мен  тəрбиеленушілердің  ұйымдасқан,  басқарылатын, 
бақыланатын  өзара  бірлескен  əрекеті.  Бүгінгі  таңдағы  тəрбие 
үдерісі  белгіленген  мақсатқа  жетуге  бағытталған  тəрбиешілер  мен 
тəрбиеленушілердің тиімді
 бірлескен əрекеті (ынтымақтастығы).
Тəрбие  үдерісі
 
–  объективті,  субъективті  факторлардың 
əрекеттерінен тұратын 
көпфакторлы үдеріс.
 Субъективті факторлар 
тұлғаның ішкі қажеттіліктерін, тұлға қалыптастыратын, өмір сүретін 
объективті  жағдайларды  білдіре  отырып,  тəрбие  міндеттерінің  та-
бысты шешілуіне көмектеседі. Ұйымдастырылған тəрбие іс-əрекеті 
мен объективті жағдайлардың мазмұны, бағыты қаншалықты сəйкес 
келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады. 
Тəрбие  үдерісінің  күрделілігі  оның  өзгермелі,  динамикалық, 
қозғалмалы  сипатымен  анықталады.  Тəрбие  үдерісі  бүткіл  өмір 
бойына  созылатын
  ұзақтығымен
  ерекшелінеді.  Дегенмен,  нақты 
ұйымдастырылғандығына  қарамастан,  тəрбие  үдерісінде  нəтижеге 
жетудің айқын жолын аңғару мүмкін емес. Тəрбие үдерісінің тағы бір 
ерекшелігі – оның
 үздіксіздігі.
 Ол тəрбиеші мен тəрбиеленушілердің 
жүйелі, үздіксіз өзара əрекеттесу үдерісі.
Тəрбие  үдерісі
 

 
тəрбиелік  жұмыстардың  мақсаты,  мазмұны, 
формалары  мен  əдістерінің  бірлігінен  туындайтын 
кешенді 
үдеріс.  Аталған  үдерістің  кешенділік  сипаты  бірқатар  маңызды 
педагогикалық  талаптардың  ұстанымын,  тəрбиешілер  мен 
тəрбиеленушілер  арасындағы  өзара  əрекеттестіктің  мұқият  ойла-
стырылып, ұйымдастырылуын талап етеді.
Тəрбие  үдерісіне  нəтижелердің
  бірмəнді
  жəне
  анық  болмауы
 
тəн  құбылыс.  Бұл  тəрбиеленушілердің  арасындағы  бірқатар  жеке 


250
өзгешеліктері, олардың əлеуметтік тəжірибесі, тəрбиеге деген қарым-
қатынастары сияқты субъективті факторларымен себептелінеді.
Тəрбие  үдерісінің  тəрбиешіден  тəрбиеленушіге  (тікелей  бай-
ланыс)  жəне  тəрбиеленушіден  тəрбиешіге  қарай  (кері  байланыс) 
дамитындығы, оның
 екіжақты
 сипатын көрсетеді. Үдерісті басқару 
кері байланыс арқылы, яғни тəрбиеленушілерден түсетін ақпараттар 
негізінде құрылады.
Кəсіптік  білім  беру  оқу  орындарындағы  тəрбие  жұмысында 
кездесетін  олқылықтар  педагогикалық  үдеріске  қатысушылардың 
арасындағы  қарым-қатынастың  ізгілікті  сипатта  болуын  талап 
етеді.
Тəрбие  заңдылықтары  туралы  түсінік.  Тəрбие  практикасы 
үшін  тəрбие  үдерісінің  тиімділігі  мен,  тəрбие  сапасына  барынша 
ықпалын  тигізетін  компоненттері  арасындағы  өзара  заңды  қарым-
қатынастарды  тудыру  маңызды.  Тəрбиенің  тиімділігі  мынадай 
заңдылықтарға байланысты:
 
– қалыптасқан тəрбиелік қатынастарға;
 
– əрекеттердің  мақсаттарының    оның  ұйымдастырылуына 
сəйкестігіне;
 
– əлеуметтік практика мен оның тəрбиеленушілерге ықпал ету 
сипатының (бағыттылығы, мазмұны) сəйкестілігіне;
 
– объективті 
жəне 
субъективті 
факторлар 
əрекетінің 
жиынтығына;
 
– тəрбиелеудің жəне өзіндік тəрбиенің қарқындылығына;
 
– оған  қатысушылардың  өзара  педагогикалық  əрекеттесу 
белсенділігіне;
 
– тəрбиемен  ұштасушы  дамыту  жəне  оқыту  үдерістерінің 
тиімділігіне;
 
– тəрбиелік ықпалдың сапасына;
 
– əрбиеленушінің 
«ішкі 
жан 
дүниесіне» 
ықпал 
ету 
қарқындылығына;
 
– педагогикалық  ықпал  етудің  тəрбиеленушілердің  вербальды 
жəне сенсомоторлық деңгейлерінің дамуымен үйлесуіне;
 
– тəрбиеленушілердің  бір-бірімен  өзара  қарым-қатынасының 
қарқындылығы мен сапасына байланысты болады.
Келтірілген  заңдылықтар  тəрбиені  ұйымдастырудың  жалпы 
негіздерін құрайды.
Тəрбие үдерісі – бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның 
өзін-өзі тəрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, да-
мыту үдерісі.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау