229
Нормативтік əдістер əрбір білім мекемесінің іс-əрекетін тұтастай
алғандағы жəне оның жеке жақтарын реттеуді көздейтін бекітілген
құжаттарды қарастырады. Білім мекемелерінде жарғылар, оқу жо-
спарлары, бағдарламалар жəне оқулықтар, түрлі деңгейдегі кəсіптік
білім беру мекемесі жоспарлары басшылыққа алынады. Осындай
құжаттар кəсіптік білім беру мекемесін басқару жүйесін анықтайды.
Ұйымдастырушылық-əкімшілік əдістер басқарылатын объектінің
мақсатты бағытталған іс-əрекетін, оның жұмысының үзіліссіздігін
жəне ырғақтылығын қамтамасыз етуші ықпал ету əдістері. Олар
басқару жүйесіне өкіметтің қарым-қатынасы мен бағыныштылығын
көздейді жəне бұйрықтарды, шешімдерді, нұсқауларды, жарлықтарды
дайындау мен жүзеге асыруға бағытталған ұйымдастырушылық,
реттеушілік ықпал етуді шамалайды.
Ұйымдастырушылық-əкімшілік əдістер басқару жүйесінің кез-
келген торабында басқарылатын жүйенің іс-əрекетін: кімге-қашан-
қайда-қалай жəне қай жерде- кім-қашан-қалай принципіне сəйкес,
нақты реттеп отырады. Аталған əдістердің төмендегідей үш тобын
қарастыруға болады:
– ұйымдастырушы-тұрақтандырушы: нұсқау беру, реттеу,
мөлшерлеу; бақылау;
– жарлық беруші: бұйрықтар, шешімдер; резолюциялар,
ұйымдастырушылықты моделдеу (графикалық моделдеу, желілік
жүйе);
– ынталандырушы: тəртіптік əсер ету жəне моральдық марапат-
тау.
Психо-педагогикалық əсер ету əдістері. Ол негізінен-
менеджердің психологиялық жəне педагогикалық заддылықтарды
игеру, оны өмірде саналы түрде жүзеге асыру қабілеттілігіне
байланысты. Ол кеңес, өтініш, тілек, талап, өкім беру, мадақтау,
алғыс
білдіру арқылы орындалуы мүмкін. Осы əдістердің түрі арқылы
ұжымның əлеуметтік дамуын жоспарлауға, ішкі психологиялық
қолайлы ахуал туғызуда, қарамағындағылардың шығармашылық
белсенділігін туғызып, жұмысқа деген қызығушылығын арттыруға
мүмкіңдік жасайды. Ұжым мүшелеріне моралдық жəне материалдық
көмек көрсету арқылы, олардың жеке психологиялық қабілеттерінің
ашылуына мүмкіндік жасалады. Басшыға деген сенімі артады. Бұл
əдіс ұжымды басқарудың демократиялық стилін қалыптастырады.
Менеджердің
əкімшілік
жұмыс
əдісіне
негізінен
ұйымдастыру-жарлықтық іс-əрекеттерінің мазмұны жатады.