Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет31/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105

98
25. Бастапқы кəсіптік білімді растайтын құжат:
А) сертификат;
Ə) диплом;
Б) куəлік;
В) толық құжат;
Г) хаттама.
26. Кəсіптік білім беру принциптері деп есептелінеді:
A) ізгілендіру, образдың мəнерлілігі, еліктеушілік;
Ə) кəсіптік тəрбие үдерісін ұйымдастырудағы талаптар жүйесі;
Б) кəсіптік тəрбие үдерісінде шешілуге тиісті міндеттер;
В) кəсіптік тəрбие ерекшеліктерінің жиынтығы;
Г) кəсіптік тəрбие берудің мазмұнын анықтайтын ережелер.
27.  Арнайы  ұйымдастырылған  оқыту  үдерісінде  немесе  өз 
бетімен  білім  алу  арқылы  білім,  іскерлік  дағдылар  жүйесі  ретінде 
қарастырылады:
A) кəсіптік білім беру;
Ə) кəсіптік білім;
Б) кəсіптік оқыту;
В) кəсіптік іскерлік;
Г) кəсіптік тəрбие.
28.  Кəсіптік  білім  мазмұнын  меңгертуге  оқытушы  мен  білім 
алушылардың  арнайы  ұйымдастырылып,  мақсатты  бағытталған 
өзара əрекеттестігі:
A) кəсіптік оқыту;
Ə) кəсіптік тəрбие;
Б) кəсіптік дағдылар;
В) кəсіптік іскерлік;
Г) кəсіптік білім.
29.  Кəсіптік  білім  жөніндегі  біртұтас  ұғымды  қалыптастыруға 
мүмкіндік беруші:
A) кəсіптік білім;
Ə) кəсіптік білім беру;
Б) кəсіптік оқыту;
В) кəсіптік тəрбие;
Г) кəсіптік дағдылар.


99
30.  Меңгертілген  білім  мен  өмір  тəжірибесі  негізінде  кəсіптік 
білім саласындағы теориялық жəне практикалық əрекеттерді саналы 
түрде, нақты, дəлме-дəл орындауға даяр болу:
A) кəсіптік іскерлік;
Ə) кəсіптік дағдылар;
Б) кəсіптік тəрбие;
В) кəсіптік оқыту.
31. Кəсіптік іс-əрекетке тікелей байланысты кəсіптік жұмыстарды 
орындау тəсілдерінің жиынтығы:
A) кəсіптік дағдылар;
Ə) кəсіптік іс-əрекет;
Б) кəсіптік білім;
В) кəсіптік оқыту;
Г) кəсіптік іскерліктер.
32. 
Əрбір  білім  беру  деңгейін 
о
рнатылған  үлгі,  норма,  өлшем 
бойынша  білімнің  мазмұнына  қойылатын  жалпы  талаптардың 
жиынтығын  айқындайтын  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 
міндетті құжаты:
А) білім берудің стандарты;
Ə)
 оқу құралдары;
Б)
 əдістемелік нұсқаулар;
В)
 оқу бағдарламалары;
Г)
 оқу жұмыс жоспары.
33. Білім мазмұнын қалыптастыруда Дж.Дьюи негізін салған те-
ория:
A) дидактикалық утилитаризм;
Ə) дидактикалық прагматизм;
Б) дидактикалық материализм;   
В)  дидактикалықтехнократизм;
Г) дидактикалық формализм.
34. Білім мазмұнын қалыптастыруда В.Оконь негізін салған те-
ория:
A) дидактикалық материализм;   
Ə) дидактикалық прагматизм;
Б) дидактикалық утилитаризм;
В)  дидактикалық технократизм;
Г) дидактикалық формализм.


100
35.  Білім  мазмұнын  қалыптастыруда  К.Д.Ушинский  негізін 
салған теория:
A) дидактикалық формализм;
Ə) дидактикалық прагматизм;
Б) дидактикалық утилитаризм;
В) дидактикалық технократизм;
Г) дидактикалық материализм.


101
III БӨЛІМ.
КƏСІПКЕ БАУЛУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ƏДІСТЕРІ
Жоспары:
3.1. Кəсіпке баулу формалары мен əдістері жайлы түсінік.
3.2. Кəсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланысты 
оқыту формалары мен əдістерін таңдау.
3.3.  Білім  алушылардың  білім,  дағды  жəне  іскерліктерін 
бақылаудың ерекшеліктері.
3.1. Кəсіпке баулу формалары мен əдістері жайлы түсінік
Кəсіпке  баулуды  ұйымдастыру  формалары  педагогика  тари-
хында  ең  даулы  проблема  болып  келгені  мəлім.  С.  И.  Ожеговтың 
түсіндірме  сөздігінде  «форма - белгілі  бір  мазмұнмен  шарттаса-
тын  түр,  ұйымдастыру,  құру,  тип,  құрылым,  түзіліс»  деп  пайым-
далса,  философиялық  энциклопедияда  бұл  термин  «мазмұнның 
іштей  ұйымдастырылуы»-деп  тұжырымдалған.  Ал  оқытуға  кел-
сек,  форма - ол  оқыту  үдерісінің  арнайы  түзілімі.  Бұл  түзілім  оқу 
үдерісінің  мазмұнына,  əдістеріне,  тəсілдері  мен  құралдарына, 
білім алушылардың іс-əрекет етуіне байланысты сипат алады. Яки, 
оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысындағы 
кəсіптік оқыту педагогы мен білім алушының өзара əрекеттесуінде 
көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу ма-
териалын  жəне  іс-əрекет  ету  амалдарын  меңгеруде  кəсіптік  оқыту 
педагогы мен білім алушының өзара əрекет етуінде жүзеге асыры-
латын оқыту үдерісі бөліктерінің түзілімі мен циклдарын айтамыз.
Оқытуды  ұйымдастыру  формалары  дидактика  саласында  түрлі 
өлшемдерге байланысты былайша жүйеленген:
-білім алушылардың саны;
-оқу орны;
-оқыту дəрістерінің ұзақтығы.
Білім  алушылардың  санына  байланысты  көпшілік,  ұжымдық, 
топтық, микротоптық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойын-
ша  мектептегі  (сабақта,  шеберханада,  тəжірибелік  учаскеде,  зерт-
ханаларда  жəне  т.б.),  мектептен  тыс  (экскурсиялар,  мекемелердегі 
сабақтар,  үйдегі  өздік  жұмыстар  жəне  т.б.);  ұзақтығына  байла-


102
нысты  классикалық  сабақ (45 минут),  қосарлы  сабақ (90 минут), 
қысқартылған қосарлы сабақ (70 минут) жəне бастауыш сыныптар-
да  қолданылатын  «қоңыраусыз»  еркін  созылатын  сабақтар  болып 
бөлінеді.
Практикалық  (өндірістік)  оқыту  оқытудың  түрлі  əдіс-тəсілдері 
қолданылатын  сан  қилы  формаларда    (өндірістік  экскурсия,  прак-
тикум,  консультация,  оқу  цехтарындағы  сабақтар,  өндірістік 
цехтардағы  сабақтар,  өндірістік  практикалар  жəне  т.б.)  жүзеге 
асырылады.  Оқыту  формасы  білім  алушылардың  оқу-өндірістік 
əрекетінің  сипатымен,  осы  əрекетті  шебердің  жетекшілік  етуімен 
жəне  сабақтардың  құрылымын  айқындайтын  оқыту  үдерісін  құру 
амалдары ретінде түсіндіріледі.
Білім алушылардың оқу шеберханалары мен оқу учаскелеріндегі 
өндірістік оқыту үдерісінің негізгі  формасы -сабақ.
Білім алушылардың сол немесе басқа жəне бір типтес оқу мате-
риалдарын зерделейтін немесе бір типтес оқу-өндірістік тапсырма-
ларды орындайтын оқытудың сабақ формасында ұйымдастырылуы, 
ең алдымен шебердің жетекшілік рөлімен сипатталады (1-Кесте).
Практикалық  (өндірістік)  оқыту  сабақтарына  мақсаттардың 
жəне мазмұнның, сонымен қатар ұйымдастырушылық құрылымның 
айқындылығы  тəн.  Практикалық  (өндірістік)  оқыту  сабақтары 
құрылымдық жағынан үш негізгі элементтен тұрады:
 
– кіріспе нұсқау;
 
– білім  алушылардың  жаттығулары  (өздік  жұмыстар)  жəне 
шебердің оларға беретін ағымдағы нұсқаулары;
 
– қорытынды нұсқау.
Кіріспе  нұсқау  –  білім  алушылардың  оқу-өндірістік  үдерісc, 
оның шарттары, құралдары, бақылау жəне өзіндік бақылау жөніндегі 
толық əрі жан-жақты түсініктерінің қалыптастырылуы.
Ағымдағы нұсқау - шебердің білім алушыларға беретін ағымдағы 
нұсқауларының басты міндеті олардың оқу-өндірістік жұмыстарын 
орындау іс-əрекеттеріне басшылық ету, білім, іскерлік, дағдыларын 
бақылау, талдау.
Қорытынды  нұсқаудың  мақсаты – сабақтың  нəтижесін 
қорытындылау. 
Білім алушылардың оқыту үдерісін өндіріс (цехтарда, учаскелер-
де, асханада жəне т.б.) жағдайында ұйымдастыру формасы:
 
– білім алушыларды білім алушылар бригадасының құрамында 
оқыту;
 
– білім  алушыларды  білікті  жұмысшылар  бригадасының 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау