Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет34/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105

110
көрнекіліктері,  білім  алушылардың  өз  бетімен  орындайтын 
жұмыстары, білім жетістіктерін бақылау жəне тексеру формасы, əр 
тақырыптың өтілетін мерзімі көрініс табады. 
Кəсіптік оқыту білім мазмұны мен мақсатын дұрыс анықтаумен 
ғана  шектелмейді.  Оқыту  мақсаттарына  қандай  амал,  жолдар-
мен  жету  керектігі  кəсіптік  білім  дидактикасындағы  ең  маңызды 
мəселе болып табылады. Себебі, білімнің тиімділігі əрдайым оқыту 
əдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты болады.
«Əдіс»  термині  гректің «metodos», яғни  ақиқатқа,  күтілетін 
нəтижеге  қол  жеткізудің  жолы,  амалы  деген  ұғымды  білдіреді. 
Педагогикалық  əдебиеттерден  əдіс  ұғымына  берілген  көптеген 
анықтамаларды кездестіруге болады. Жалпы алғанда оқыту əдістері 
білімнің  мақсаттары  мен  міндеттерін  шешуге  бағытталған  жолдар 
мен амалдар жиынтығы болып табылады.
Оқыту  əдістері  келесі  үш  белгімен  сипатталады.  Олар:  оқыту 
мақсаты,  меңгерту  амалы  жəне  оқыту  субъектілерінің  өзара 
əрекеттесу сипаты. Демек, оқыту əдістері төмендегілерді қамтиды:
- оқыту жұмысының жəне білім алушылардың оқу жұмыстарының 
өзара байланысты амалдары;
- оқытудың түрлі мақсаттарына жетудегі олардың жұмыстарының 
ерекшеліктері.
Кəсіптік оқыту педагогы мен білім алушылардың іс-əрекетінде 
қолданылатын  оқыту  əдістері:  ақпараттандыру  (кəсіптік  оқыту  пе-
дагогы оқу материалын баяндайды, түсіндіреді); білім алушыларға 
практикалық  дағды,  іскерліктерді  үйрету;  білім  алушылардың 
танымдық  іс-əрекетін  дамыту;  білім  алушылардың  танымдық  іс-
əрекетіне жетекшілік ету функцияларын орындауы. 
Оқыту үдерісінің мəні жəне оқыту мақсаттарының көп аспектілігі 
«оқыту  əдістері»  ұғымын  түсіндіруде  сан  түрлі  трактовкалардың 
қалыптасуына ықпалын тигізеді:
 
– «...білім  мазмұнын  меңгертуді  қамтамасыз  ететін  кəсіптік 
оқыту  педагогы  мен  білім  алушының  өзара  байланыстағы  бірізді 
əрекет ету жүйесі» (Педагогикалық энциклопедаиялық сөздік);
 
– «...  білім  мазмұнын  меңгертуде  тұрақты  түрде  жүргізілетін, 
яки  мақсатқа  қол  жеткізетін  білім  алушының  танымдық  жəне 
практикалық  іс-əрекетін  ұйымдастырудағы  бірізді  əрекеті» 
(И.Я.Лернер);
 
– «... білім алушының танымдық əрекетіне жетекшілік ету ама-
лы» (Т. А. Ильина);
 
– «...зерттелетін  материалды  меңгертуге  бағытталған,  түрлі 


111
дидактикалық тапсырмаларды шешу бойынша білім алушының оқу-
танымдық  іс-əрекетін  ұйымдастыру  жəне  оқыту  жұмысының  ама-
лы» (И. Ф. Харламов);
 
– «... білім мазмұнының белгілі бір бөлігін жеткізуге бағытталған 
жəне нормативтік жоспарда көрініс тапқан, оқу жұмысының нақты 
формаларында жүзеге асырылуы мақсатындағы оқыту мен іс-əрекет 
үлгісі» (В. В. Краевский);
 
– «...  оқу  үдерісінің  жетекші  міндеттеріне,  мақсаттарына  сай 
пəннің мазмұнын меңгертуді ұйымдастыру амалдары» (Э. Б. Абул-
лин);
 
– «Оқыту  əдістері  деп  оқу-тəрбие  мақсаттарына  жетуге 
бағытталған  мұғалім  мен  оқушылардың  өзара  байланысты  іс-
əрекеттерінің тəсілдері» (К. Өстеміров, Н. Шəметов, И. Васильев).
Жоғарыда келтірілген тұжырымдарды салыстырмалы түрде тал-
дау  арқылы  оларда  кəсіптік  оқыту  педагогы  мен  білім  алушының 
іс-əрекеті  (оқыту  үдерісінің  мəні,  оның  екі  жақты  сипаты),  оқыту 
үдерісінің  нəтижесі  (дамытушылық,  білімділік,  тəрбиелік)  көрініс 
табатындығына көз жеткіземіз. Осы ретте, кəсіптік оқыту əдістерін 
оқу  үдерісінің  жетекші  міндеттері  мен  мақсаттарына  сай  кəсіптік 
оқыту  педагогының  білім  мазмұнын  меңгертуді  ұйымдастыру 
амалдары  деген  анықтаманы  негізге  алуға  болады.  Себебі,  онда 
кəсіптік  білім  мазмұны  сияқты  оқу  үдерісінің  негізгі  құрылымдық 
компонеттері көрініс тапқан.
Кəсіптік  оқыту  педагогы  мен  білім  алушының  біріккен  іс-
əрекетін  бейнелейтін  оқыту  үдерісінің  екі  жақты  сипаты  оқыту 
əдістерінің  де  дəл  осындай  екі  жақтылығын  анықтайды.  Осыған 
байланысты,  кəсіптік  оқыту  педагогы  тарапынан  ақпараттық, 
басқарушылық,  білім  алушылардың  танымдық  қабілетін  дамыту, 
т.б.  жəне  білім  алушылар  тарапынан  білімді  алу,  меңгеру,  тыңдау, 
бақылау,  практикалық,  зертханалық  жұмыстарды  орындау  сияқты 
əдістерді атап кетуге болады.
Оқыту  əдістері  проблемаларын  зерттеу - бүгінгі  дидактиканың 
ең маңызды саласы. Мектептегі оқу үдерісін бақылау үстінде ғалым-
педагогтар кəсіптік оқыту педагогы мен білім алушылар арасындағы 
іс-əрекеттердің сан түрлілігін байқады. Осыған байланысты, сонша-
ма көлемді жəне сан түрлі əдістерді бір ретке келтіру қажеттілігі ту-
ындады.
Бүгінгі  дидактикада  оқыту  əдістерін  жүйелеуде  төмендегідей 
көзқарастар қалыптасқан:


112
1. Оқыту əдістерін білім көздері бойынша жүйелеу (Б.П.Есипов, 
И. Г. Огородников, Н. И. Болдырев, С. Г. Шаповаленко, Ф. Ф. Коро-
лев, Ш. И. Ганелин жəне т.б.);
2. Дидактикалық міндеттер мен ойлаудың логикалы формалары 
бойынша жүйелеу (Н. В. Савин, Н. А. Сорокин, В. А. Сухомлинский 
жəне т.б.);
3. Білім алушылардың танымдық іс-əрекетінің сипаты бойынша 
жүйелеу (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, М. А. Данилов, М. И. Мах-
мутов жəне т.б.);
Оқыту  əдістерін  жүйелеудің  кең  тараған  түрі - оларды  білім 
көздері бойынша топтастыру. Олар:
-сөздік əдістер (білім көзі - ауызша жəне жазбаша сөздер);
-көрнекілік  əдістер  (білім  көздері - айналадағы  заттар, 
құбылыстар, көрнекілік құралдар);
-практикалық əдістер (білім алушылардың білім алуы, іскерлікке 
төселуі, практикалық əрекеттер орындауы).
Кəсіптік  білім  педагогикасында  да  оқыту  əдістерін  жүйелеуге 
талпыныстар  жасалған.  К.  Өстеміров,  Н.  Шəметов  оқушылардың 
танымдық  іс-əрекетінің  деңгейіне  байланысты  кəсіптік  оқыту 
əдістерін  мынадай  екі  топқа  бөліп  қарастырады:  еске  түсіру 
(репродуктивтік)  арқылы  жəне  іздену  (шығармашылық)  арқылы. 
Мамандардың  пайымдауынша: «Еске  түсіру  əдісі  арқылы  оқушы 
білімді  дайын  күйінде  алады  немесе  практикалық  жұмыстарды 
үлгіге  қарап  отырып,  оқытушының  не  өндірістік  оқыту  шеберінің 
басшылығымен игереді. Іздену əдістері оқушыларды бірізділікпен, 
мақсатқа  бағыттай    отырып,  оқу  үрдісі  кезінде  түрлі  деңгейдегі 
танымдық есептерді шығару арқылы жаңа білім мен дағды негіздерін 
белсенділікпен меңгеру болып табылады». 69 б.
Мəселен, білім көздеріне қарай топтастырудың дəстүрлі жүйесі 
(сөздік, көрнекілік, практикалық)  қалыптасқан (2;3;4;5-Кесте).
Сөздік  əдістер.  Бұл  əдістің  көмегімен  ақпараттарды  (білімді) 
жеткізетін  құралдар  сөз  жəне  баспа  сөздері  (кітап)  болып  табыла-
ды. Оларға əдістер жүйесінде жетекші орын алатын түрлері кіреді: 
əңгіме,  əңгімелесу,  түсіндіру,  эвристикалық  əңгімелесу,  дискуссия, 
лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекілік  əдістер  қоршаған  ортадағы  құбылыстарды, 
үдерістерді, объектілерді əр түрлі суреттер, репродукциялар, кесте-
лер, үлгілердің көмегімен табиғи түрінде немесе символдық түрде 
бейнеленген сезімдік тұрғыдан таныстыруға арналған.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау