Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет33/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105

107
бригадалық 
(тораптық)
Əрбір бригада 
(торап өзге 
бригадаларға 
қарағанда) 
оқу-өндірістік 
тапсырмаларын 
орындайды. Оқу 
операцияларын 
жəне жұмыстар 
кешенін 
орындауда 
фронталды 
емес меңгерту 
қолданылады.
Білім алушылардың 
оқу-өндірістік 
жұмыстарына 
саралы жетекшілік 
етуге көмектеседі. 
Білім алушылардың 
өзара көмектерін 
жəне өзара 
бақылауын 
ұйымдастыруға 
жағымды ықпал 
етеді. 
Шебердің білім 
алушылардың 
жұмыстары бойынша 
нұсқау беру жəне 
бақылау ісін, сабақты 
жоспарлауды жəне 
оны материалдық-
техникалық 
дайындауды 
күрделендіреді. 
жеке дара
Білім алушылар 
мазмұны 
жағынан түрлі 
тапсырмаларды 
орындайды. 
Негізінен кешенді 
сипаттағы 
жұмыстарды 
орындауда 
қолданылады.
Білім алушылардың 
жеке дара 
өзгешеліктерін 
есепке алуға, 
олардың іс-
əрекеттеріне саралы 
түрде жетекшілік 
етуге мүмкіндік 
береді.
Сабақты 
жоспарлауды жəне 
оны материалдық-
техникалық 
дайындауды 
күрделендіреді. 
Білім алушылардың 
ұжымшылдығының 
дамуына септігін 
тигізбейді.  
Білім алушылардың фронталды-топтық еңбегі негізінен оқыту 
үдерісінің сабақ формасында қолданылады.
Сонымен  қатар,  сабақта  білім  алушылардың  оқу-өндірістік 
еңбегінің бригадалық жəне жеке дара формалары жиі қолданылады.
Қорыта  айтқанда,  білім  алушылардың  оқыту  үдерісін 
ұйымдастыру  формаларын  еңбек  формалармен  тығыз  бірлікте 
қарастыру қажет.
Сонымен,  кəсіптік  сабақтары  мектептегі  өзге  пəндермен  ортақ 
белгілерін  сақтай  отырып,  өзіндік  ерекшеліктерін  сақтауы  тиіс. 
Ондай  ерекшеліктер,  біріншіден,  оқу  материалы.  Екіншіден,  білім 
алушының танымдық, сондай-ақ жалпы жəне арнайы қабілеттерінің 
дамуы.  Үшіншіден,  оқыту  əдістері.  Төртіншіден,  қолданылатын 
техникалық  құралдар.  Бесіншіден,  кəсіптік  оқыту  педагогының 
тұлғалық, кəсіптік мүмкіндіктері арқылы көрініс табады.
Кəсіптік  оқыту  педагогының  өзіне  тəн  ерекшеліктері  жəне 
оқыту  заңдылықтары  мен  принциптерінен  туындайтын  білімділік, 
тəрбиелік, ұйымдастыру талаптарын былайша қарастыра аламыз:


108
 
– кəсіптік  оқыту  сабағының  білім  міндеттерінің  нақты  айқын 
болуы;
 
– кəсіптік  оқыту  сабағының  мазмұны  оқу  бағдарламасына, 
сабақтың  мақсатына,  білім  алушылардың  даярлық  деңгейлеріне 
сəйкес анықталуы;
 
– кəсіптік оқыту əдістерін қолайлы етіп таңдау;
 
– педагогикалық байланыстардың болуы;
 
– кəсіптік білім педагогикасының ғылыми жетістіктерін пайда-
лану;
 
– жеке тұлғаның барлық саласын дамыту;
 
– жалпы педагогикалық іскерліктерінің қалыптасуы;
 
– кəсіптік білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту;
 
– кəсіби тəрбие міндеттерінің нақты қалыптасуы;
 
– кəсіби дүниетанымын дамыту;
 
– білім  алушылардың  танымдық  қызығушылықтарын,  оқу 
мотивтерін қалыптастыру;
 
– кəсіптік оқытудың психологиялық ерекшеліктерін ескеру;
 
– педагогикалық əдеп сақтау, білім алушылардың адамгершілік 
сапа-қасиеттерін тəрбиелеу;
 
– кəсіптік сабақтарын нақты жоспарлау;
 
– кəсіптік сабақтарының белгіленген құрылымын сақтау;
 
– кəсіптік оқытудың түрлі құралдарын қолдану;
 
– кəсіптік оқыту принциперін ұстану.
Кəсіптік  білім  педагогикасында  кəсіптік  сабақтарын  өзінің 
дидактикалық  мақсаты,  мазмұны  жəне  оқыту  əдістемесіне 
қарай  түрліше  жүйелеу  ұсынылған.  Дидактикада  қалыптасқан 
сабақ  типтерін  жүйелеуді  негізге  ала  отырып,  оларды  былайша 
топтастыруға болады:
1.  Білім  алушыларға  жаңа  білімдерді  меңгерту  сабағы 
(Б.П.Есипов, Н. И. Болдарев, Г. И. Щукина, В. А. Онищук жəне т.б.).
2. Аралас сабақ (М. И. Махмутов, Б. Г. Есипов, Н. И. Болдырев, 
В. А. Онищук, Г. И. Щукина жəне т.б.).
3. Білімдерді қорытындылау жəне жүйелеу сабағы (М. И. Мах-
мутов, Б. Г. Есипов, Н. И. Болдырев, В. А. Онищук, Г. И. Щукина 
жəне т.б.).
Соңғы  жылдары  педагогикалық  технология  идеясының  жанда-
нуы, білім саласына ғылыми-техникалық жетістіктердің ендірілуіне 
байланысты  сабақ  беруді  жетілдірудің,  оны  ұйымдастырудың  тың 
жолдары іздестірілуде. 


109
Қорыта  айтқанда,  кəсіптік  оқыту  сабағы - кəсіптік  білім 
үдерісін  ұйымдастырудың  негізгі  формасы.  Оның  мақсаттары  мен 
міндеттері,  мазмұны,  əдіс-тəсілдері  кəсіптік  оқыту  сабағының 
типтері  мен  құрылымын  анықтауға  арқау  болады.  Басқа  да  оқу 
пəндері сияқты кəсіптік оқыту сабақтары кəсіптік оқыту педагогы-
нан  жоғары  кəсіби-педагогикалық  даярлығын,  білім  алушылардың 
педагогикалық-психологиялық  ерекшеліктерін  білуді,  кəсіптік 
сабақтарын ұйымдастырудың бұған дейін белгілі болған амал-жол-
дарын  біліп  қана  қоймай,  оның  жаңа  үлгілерін  іздестіруді,  сөйтіп 
кəсіптік сабақтарын оқыту тəжірибесін үнемі байытып отыруын та-
лап етеді.
Кəсіптік оқыту педагогының сабақтарды өткізуге даярлығы ба-
сты екі кезеңнен, яки оқу пəнін жүргізудегі жалпы жəне əрбір жеке 
сабақты өткізуге даярлығынан құралады.
Жалпы  даярлық  барысында  кəсіптік  оқыту  педагогы  білім 
алушылардың  пəнге  деген  қызығушылығын,  қарым-қатынасын, 
бейімділіктерін жəне кəсіби даму деңгейлерін зерттейді. Келесі ретте 
кəсіптік оқыту педагогының оқу бағдарламасын, оқу материалының 
мазмұнын, пəннің білімділік, тəлім-тəрбиелік маңызын зерделейді. 
Соның негізінде бағдарламадағы оқу материалдарымен жұмыстарды 
жарты  жылдықтарға  топтастырып,  күнтізбелік-тақырыптық  жо-
спар  құрады.  Ондай  жоспарды  құруда  міндетті  түрде  оқу  үдерісін 
ұйымдастыру  формалары  (экскурсия,  семинарлар,  практикалық 
сабақтар  жəне  т.б.)  жəне  білім,  іскерлік,  дағды  қалыптастыру  не-
месе  бақылау,  түзету,  жалпылау  сияқты  сабақ  түрлері  алдын-ала 
ескеріледі.  Сондай-ақ,  оқу-техникалық  базасының  (оқу  кабинеті, 
көрнекіліктер,  көру-есту  құралдары,  кəсіби  аспаптар  жəне  т.б.) 
жағдайы да есепке алынады.
Кəсіптік  оқыту  педагогының  əрбір  жеке  сабаққа  даярлығы  да 
едəуір  ізденісті,  шығармашылықты  талап  етеді.  Бұл  жұмыстың 
алғашқы  кезеңінде  оқу  материалының  мазмұны  ойластырылады. 
Əрине,  кəсіптік  оқыту  педагогы  тек  бағдарламада  қарастырылған 
оқу  материалымен  шектелмей,  оқулықтарда,  көмекші  құралдарда 
берілген  дидактикалық  материалдарды  мейлінше  терең  меңгеруі 
тиіс. Жəне білім алушылардың кəсіби тəлім-тəрбиесін жетілдірудің 
тиімді жолдарын таба білуі керек.
Кəсіптік  оқыту  сабақтарын  жүргізу  үшін  типтік  бағдарлама 
негізінде  құрлған  күнтізбелік-тақырыптық  жоспарда  бірізділікпен 
жоспарланған  тақырыптардың  білімділік,  тəрбиелік  мақсаттары, 
қысқаша  мазмұны,  сабақтың  түрі,  əдістері,  қолданылатын 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау