87
сапа-қасиеттері, кəсіптік өнерге, кəсіби іс-əрекеттерге деген өзіндік
көзқарастары, пікір-пайымдаулары, мінез-құлықтары қалыптасады.
Кəсіптік оқыту дамыту функциясының басшылығымен жүзеге
асырылады. Кəсіптік оқытудың дұрыс ұйымдастырылуы білім
алушылардың сенсорлық, қозғалыстық, мотивациялық-қажеттік,
интеллектуалдық дамуына көмектеседі. Қажеттілік жəне тұлғаның
танымдық үдерістерінің белсендірілуі арқылы əсіресе кəсіби есту,
кəсіби ес, кəсіби ойлау, қиялдау, сонымен бірге кəсіби қабілеттері
дамиды.
Кəсіби дағды - кез-келген əрекетті орындай білу арқылы бекітілген
білікті дағды деп атайды. Ал, кəсіби дағды, белгілі бір кəсіпті
меңгеру барысында практикалық жаттығу арқылы қалыптасатын,
еңбек қызметінің автоматты түрдегі сапалы сандық көрсеткіші болып
табылады.
Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар: қимыл
дағдысы; ойлау дағдысы, сезім дағдысы.
Қимыл дағдыларында еңбек қимылдарын дəл, нақ жəне аз күш
жұмсай отырып, тиімді үйлестіру əрекетін қалыптастырады. Ойлау
дағдылары жұмыс барысында стандартты қалыптасқан, арнайы ойлау
үдерісін қажет ететін дағдылар.
Сезімдік дағдылар іс-əрекетті атқару кезінде сезім мүшелері
арқылы қалыптасқан технологиялық үдерістер мен материалдарды
сұрыптау барысында пайда болады. Сондай-ақ, бұл əрекет əсіресе,
өндіріс үдерістерін ұйымдастыру мен тауар сапасын бақылау кезінде
байқалады.
Кəсіптік білімнің нəтижелі болуы оның ішкі
қозғаушы күштеріне
байланысты. Қозғаушы күш деп қойылатын талаптар мен оларды
орындаудағы білім алушылардың мүмкіншілігі арасындағы қарама-
қайшылықтарды атайды. Қарама-қайшылықтардың бағыттылықпен
шешілуі мазмұндық білімнің табиғатына сай дұрыс қызмет етуіне
қол жеткізеді. Бұл ретте кəсіптік оқыту педагогының алатын
нəтижесі оқу мен тəрбие барысында білім алушыларды кəсіби іс-
əрекет тəсілдерін белсенді түрде игеру талпынысын қамтамасыз
етуімен сипатталады.
Негізгі ұғымдар сөздігі:
Стандарт (ағыл.
- standard - норма, үлгі, мөлшер)
- мөлшер,
үлгі, өлшем дегенді білдіретін ұғым.
Білім стандарты
– қоғамдық идеал көрініс табатын жəне нақты
жеке тұлғаның жəне сол идеалға қол жеткізу бойынша білім беру