Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет32/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105

103
(торабының) құрамында оқыту;
 
– білім алушыларды білікті жұмысшыларға бекіту.
Практикалық  (өндірістік)  сабақтарда  меңгерілетін  оқу 
материалдарының  мақсаты  мен  мазмұнына  қарай  сабақтардың 
келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
 
– білім алушыларға зерделенетін еңбек тəсілдері мен операция-
ларын орындау үшін өндірістік-техникалық білімдер беру жəне олар-
ды қажетті іскерліктермен, дағдылырмен қаруландыру мақсатындағы 
еңбек тəсілдері мен операцияларын меңгерту сабақтары;
1-кесте. 
Практикалық (өндірістік) оқытуды ұйымдастыру 
формаларының жүйесі


104
–  білім  алушыларды  біртіндеп  күрделенетін  оқу-өндірістік 
жұмыстарымен,  еңбекті  ұйымдастыру  жəне  технологиялық 
үдерістерді  жоспарлаумен  таныстыру,  түрлі  үйлесімділіктегі  бұған 
дейінгі зерделенген операцияларды орындауда дағды, іскерліктерін 
жетілдіру  мақсатын  көздейтін  жұмыстар  кешендерін  орындау 
сабақтары.
Бүгінгі  таңда  кəсіптік  оқыту  практикасында  замана-
уи  мамандардың  тұтас  жеке  тұлғасын  қалыптастыру  үдерісін 
белсендірудің  талап  етілуі,  білім  алушылардың  өзіндік  дамуын-
да  педагогикалық  ықпал  ету  жəне  оны  ықпалдасуға  қол  жеткізу 
мен  оқыту  үдерісінің  үзік-үзік,  фрагментарлы,  жүйесіз  білім 
мен  іскерліктердің  қалыптасуын  туындататын  көппəнділігі  жəне 
азпəнділігі арасында қарама-қайшылық анық көрініс беруде.
Күн сайын жаңару үстіндегі білім мазмұны жəне дəстүрлі оқыту 
формалары  арасындағы  осы  аталған  қарама-қайшылықтардың 
шешімі,  адамның  оқу  үдерісінің  ұйымдастырушылық  құрылымын 
қайта құруы, оны қабылдауы, ақпараттарды қайта өңдемелеуі жəне 
меңгеруі  заңдылықтарын  есепке  алуы  арқылы  табылуы  мүмкін. 
Мұндай  міндеттерді  жүзеге  асырудың  бірегей  жолы  концентрлік 
оқыту болып  саналады.  Концентрлік оқыту - педагогтар мен білім 
алушылардың сабақтарды біріктіру, оқу күні, оқу аптасы барысын-
да  параллель  оқылатын  пəндер  санын  қысқарту  жəне  өте-мөте  ірі 
оқытудың ұйымдастырушылық бірліктерін біріктіретін оқу үдерісін 
ұйымдастырудың айырықша технологиясы.
Концентрлік  оқытудың  мақсаты  оқу  үдерісінің  оңтайлы 
ұйымдастырушылық 
құрылымын 
жасау 
жолымен 
білім 
алушылардың  оқыту  жəне  тəрбиелеу  сапасын  (білімдер  мен 
іскерліктердің жүйелілігіне, олардың ұтқырлығына қол жеткізу жəне 
т.б.) жоғарылату. Аталған технологияның мəндік белгілері мыналар:
- оқу күніндегі, оқу аптасындағы, семестрлердегі көппəнділікті 
болдырмау;
 
– пəнді  немесе  пəннің  бөлімдерін  оқытудың  бір  мезеттегі 
ұзақтығы;
 
– таным үдерісінің үзіліссіздігі жəне оның тұтастығы (алғашқы 
қабылдаудан бастап, іскерліктер қалыптастыруға дейін);
 
– оқу  үдерісінің  мазмұнын  жəне  ұйымдастыру  формаларын 
ірілендіру, бақылаулар мен емтихандарды бөліп-бөліп орналастыру;
 
– оқу үдерісін əрбір пəн бойынша интенсификациялау;
 
– оқу үдерісіне қатысушылардың ынтымақтастығы.


105
Концентрлік  оқытуды  дидактикалық  бірліктерді  ірілендіруге 
(оқу пəні, оқу күні, оқу аптасы) жəне топтауға байланысты жүзеге 
асырудың үш моделі қалыптасқан.
Бірінші  модель  (жоғары  дəрежедегі  көппəнділік)  белгілі  бір 
уақыт барысында бір негізгі пəнді зерделеуді шамалайды.
Концентрлік  оқытудың  екінші  моделі  (төмен  дəрежеде 
топталған  азпəнділік)  бір  ғана  ұйымдастырушылық  бірлікті  (оқу 
күні,  зерделенетін  пəндер  саны  екі,  үшке  дейін  қысқартылады) 
ірілендіруді шамалайды.
Концентрлік  оқытудың  үшінші  моделі  (орта  топталған  модуль) 
модульді құрайтын екі немесе үш пəнді бір мезетте жəне паралелль 
оқытуды шамалайды.
Сонымен,  концентрлік  оқыту  біріншіден,  оқытуды  осылай-
ша  ұйымдастыру  білім  алушылардың  зерделенетін  материалдар-
ды  қабылдауын,  олардың  аяқталған  блоктарын  терең  жəне  берік 
меңгеруін қамтамасыз етеді. Екіншіден білім алушылардың оқу мо-
тивацияларына жағымды ықпалын тигізеді; үшіншіден, оқу үдерісіне 
қатысушылар əуел бастан-ақ ұзақ мерзімді байланысқа түсуге жəне 
бір-бірімен  өзара əрекеттесуге психологиялық тұрғыдан жағымды 
күйге түсе алатындығымен сипатталатын жағымды психологиялық 
климаттың орнығуына ықпалын тигізеді.
3.2. Кəсіптік оқытудың мақсаты мен мазмұнына байланыс-
ты оқыту формаларын таңдау
Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талаптарына сəйкес 
сабақты  өткізудің  түрлі  жолдары  қарастырылып,  оны  жетілдіруде 
қыруар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақты ұйымдастыруда білім 
алушылардың танымдық іс-əрекетін белсендіру, ақыл-ойын дамыту, 
шығармашылықты  өзіндік  ізденіске  оқытып  үйрету  жəне  т.б.  про-
блемалар бойынша ғылыми ізденістер толассыз жүргізілді.
Əрбір  тарихи  кезеңдердегі  қоғам  дамуының  ерекшеліктері 
оқытуды ұйымдастыру ісінде де өз таңбасын қалдырып отырды. Сол 
сияқты, кəсіптік оқыту сабақтарында белгілі бір оқу міндеттерін ше-
шуге байланысты əрқилы ұсыныстар мен тəжірибелер қалыптасты. 
Технология  сабақтарын  ұйымдастыру  проблемалары  жөнінде 
мынадай тұжырымды пайымдаулар жасалды. Технология сабағының, 
кəсіптік мектеп пəні ретінде өзге сабақтармен ортақ ұқсастығы бар 
болуымен қатар, оған мынадай ерекшеліктер де тəн:


106
1.Өзге пəндер сияқты кəсіптік оқыту сабақтарының құрылымы 
да психологиялық-педагогикалық заңдылықтарға сүйенеді.
2.Өзге пəндерді оқыту сияқты кəсіптік оқыту сабақтары да жал-
пы дидактикалық принциптерді ұстанады.
3.Кəсіптік  оқыту  педагогының  оқытуы  өзге  пəндермен  жəне 
ұйымдастыру формаларымен байланыста болады.
4.Ұйымдастыру формаларының түрлі формаларына қарамастан, 
кəсіптік оқыту сабағы бір тұтастықта болуы тиіс.
5.Өзге пəндермен ортақтастығы - онда негізгі оқыту əдістері де 
қолданылатындығында.
Осы  орайда,  білім  алушылар  өндірістік  оқытуды  ұйымдастыру 
формасы мен оқу-өндірістік оқу еңбегін ұйымдастыру формаларының 
арасында айырмашылық бар екендігін білуі керек.
Білім  алушылардың  оқу-өндірістік  іс-əрекетін  ұйымдастыру 
формаларына жататындар:
 
– фронталды-топтық;
 
– бригадалық (тораптық);
 
– жеке дара (2-Кесте).
Алайда, өндірістік оқытуды ұйымдастырудың сабақтық формасы 
мен  білім  алушылардың  оқу-өндірістік  еңбегін  фронталды-топтық 
ұйымдастыруды бір-бірінен ажырата білу керек (Кесте).
2-кесте. 
Оқу-өндірістік еңбекті ұйымдастыру формалары
Форма
Мəні
Артықшылығы
Кемшіліктері
1
2
3
4
Фронталды-
топтық
Топтағы барлық 
білім алушылар 
бірдей немесе бір 
типтес тап
сырмаларды 
орындайды. 
Сабақтың 
мақсаты бүкіл 
топқа бірдей. 
Операциялар 
негізінен 
фронталды 
зерделенеді. 
Оқытуда 
фронталдылықты 
жүзеге асыруға 
септігін тигізеді. 
Шебердің уақыты 
мен күш-қуатын 
үнемдейді. 
Ұжымшылдықтың 
дамуына ықпал 
етеді.
Оқытуға жеке 
тұрғыдан келуге 
көмектеспейді, 
«орташа» 
білім алушыға 
бағдарланған.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау