84
оқулықтар мен оқу құралдарында көрініс табады. Оларды
негізгі білім көзі жəне білім алушылардың өздік жұмыстарын
ұйымдастырудың ең маңызды оқу құралдары ретінде қарастырамыз.
Оқулықтағы оқу материалдары ең қажетті жəне жеткілікті көлемде,
нақты мөлшерде, сонымен қатар қысқа да ықшамды, мейлінше
қорытындыланған түрде көрініс алуы тиіс. Оқулықтағы жəне
оқу құралдарындағы материалдарда нағыз ғылым жетістіктері
баяндалады, сонымен бірге, білім алушылардың жас шамасына
лайықтылығын, қызығушылықтары мен психикалық үдерістердің
(қабылдау, ойлау, ес, т.б.) ерекшеліктерін есепке алу, білім
алушылардың танымдық белсенділігі мен қажеттіліктерін, еркін
ынталандыру, оқыту үдерісіндегі жауапкершіліктерін арттыру
мəселелері қарастырылады.
Оқу құралдарына жататындар: оқулықтар, оқу құралдары, оқу
-
əдістемелік құралдар,
дидактикалық материалдар, картотекалар,
нұсқаулар, сөздіктер, анықтамалық сөздіктер, интернет-ресурстар
жəне т.б. Кəсіптік оқыту педагогының кəсіптік оқыту бойынша оқу
құралдарындағы оқу материалдары оқулықтағы оқу материалдарын
жаңа мағлұматтармен барынша байытып, толықтыратындай,
кеңейтілген түрде беріледі. Сөйтіп, оқу құралдары, білім алушыларға
оқу материалдарын баяндап беруге, талдауға, толықтыруға, саналы
тұрғыдан зерделеуге көмектеседі
1
.
Кəсіптік оқыту үдерісінде білім алушылардың кəсіби ойлау
қабілеттері, дүниетанымы, практикалық іскерлігі жəне дағдысы
қалыптасады. Білім алушы тек кəсіптік білімдерді меңгеріп қана
қоймайды, оның дүниені тануға, түрлі кəсіби құбылыстарды
пайымдауға, өз бетімен білімін толықтыруға, меңгерген білімдерін
практикада қолдануға деген талпынысы, қажеттіліктері дамиды.
Кəсіптік оқыту педагогы болса, ол тек жалаң біліммен шектелмейді,
оқыта отырып тəрбиелейді, білім алушылардың білім алуға деген
қажеттіліктерін, кəсіби қабілеттерін дамытады, жаттығулар мен
тапсырмалар беріп, білімділік деңгейлерін бақылайды. Бір сөзбен
айтқанда, кəсіби-педагогикалық үдеріске басшылық жасайды.
Кəсіптік оқыту үдерісі өзіне тəн компоненттерімен сипатталады.
Олар: кəсіптік оқыту (кəсіптік білім, кəсіби іскерлік, кəсіби
дағдылар), кəсіптік оқытудың мақсаты, кəсіптік білім мазмұны,
1
Профессиональная педагогика: Учебник для студентов, обучающихся по педагогическим спе-
циальностям и направлениям. - М: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999. - С.
88.).