275
Тəрбие жұмысы
– білім алушылардың барынша өзін да-
мыту жəне өзін жүзеге асыру мақсатындағы ересектер мен білім
алушылардың бірлескен өмірлік іс-əрекетін ұйымдастырудағы
мақсатты бағытталған іс-əрекет.
Тəрбиелік жүйе
– кешен, бұл мақсатты орындаушы субъектілер;
қатысушылар арасындағы пайда болатын жəне оларды біріктіретін
қатынастар; тəрбие жүйесінің компоненттерінің бірлігін жəне бұл
жүйенің дамуын қамтамасыз ететін ортаны жəне басқаруды тəрбие
субъектілерінің меңгеруі.
Мемлекеттік
тəрбиелеу жүйесі
– мемлекеттің тəрбиелік
саясатын жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік ұйымдардың
жиынтығының əрекеті. Оның өзі үш деңгейден тұрады: мемлекеттік,
аймақтық жəне жергілікті (қала, аудан).
Тəрбие үдерісінің қарама-қайшылықтары
– ішкі жəне
сыртқы қарама-қайшылықтар баланың дамуына негіз болатын ең
басты қозғаушы күші.
Тəрбие жүйесіндегі мемлекеттік саясат
- тəрбиелеу
міндеттерін жəне оларды шешудің стратегиясын анықтау, білім
беру саласында заңдарды жасау жəне қорларды бөлу, тəрбиелік
бастамашылықтарды қолдау, сөйтіп осы жиынтық арқылы адамның
оң қызығушылығына жəне қоғамның талабына сай жастарды
тəрбиелеу.
Жеке тұлға (личность)
– 1) дербес əрекет жасайтын субъект
ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше əдісі,
адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы
өзінің ұстанымын, орнын еркін жəне жауапкершілікпен анықтайтын,
қоғамның өкілі ретіндегі адам. Жеке тұлғаның ең басты белгісі –
оның əлеуметтік мəнінің болуы жəне оның əлеуметтік функциялар-
ды (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты)
атқаруы. Жеке тұлға психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне
ие (темперамент, мінез-құлық, қабілеттілік, ақыл-ой дамуының
деңгейі).
Тұқым қуалаушылық
– ұрпақтардың биологиялық
сабақтастығын, олардың морфологиялық, физиологиялық жəне
т.б. ерекшеліктерінің сақталуын қамтамасыз етуші жеке тұлғаның
қалыптасу факторы.
Əлеуметтік орта
– ортаның түрі, адамның өмір сүруін жəне
іс-əрекетін жүзеге асыратын, оны қоршаған қоғамдық жəне руха-
ни жағдай. Əлеуметтік орта көрінісінің классификациясының схе-
масы: қауымдастықтың түріне қарай – қоғамдық формация, класс,
276
топ; топтың түріне қарай – отбасылық, оқу, қоғамдық, еңбектік,
спорттық, əскери т.б.; қалыптастыру əсеріне қарай: себептендіретін,
жаттықтыратын, оқытатын, тəрбиелейтін, қайта тəрбиелейтін;
сананың формасына əсер ету тəсіліне қарай құқықтық, ізгіліктілік,
эстетикалық, ғылыми; жасына қарай – қатарластары, /үлкендері,
кішілері, аралас; ортаға қатынасына қарай – оң /еліктеуді
шақырады/, немқұрайлық теріс /қарсылыққа шақырады/; əлеуметтік
бағытталғандығына қарай – əлеуметтік, əлеуметтікке жат; қарым-
қатынас дəрежесіне қарай – тікелей, жанамалап.
Табиғи орта
– бұл түрлі табиғат жағдайларының адам
тұрмысына, қызметіне ықпал жасауы. Табиғат жағдайларына бай-
ланысты адамдардың мінез-құлықтарында ерекшеліктер байқалады,
бірақ ізгіліктілік қасиеттеріне, эстетикалық талғамдарына т.б. зиян-
ды əсерін тигізбейді.
Тəрбиелеушілік
(педагогикалық жағдаят – ситуация) – бұл
белгілі бір уақыт аралығындағы педагогикалық жүйенің нақты күйі.
Тəрбие жұмысының əдістемесі
– əртүрлі білімдік-тəрбиелік
мекемелердің, білім алушылар бірлестіктері мен ұйымдардың
тəрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктерін зерттейтін,
білім немесе тəрбиелейтін мекемелерде тəрбиелеу жұмысының
жүйесін құруға жəне оның тиімділігін арттыруға, тəрбиелеу
үдерісінде қандай да бір əдістемелерді немесе технологиялар-
ды қолдануға бағытталған ұсыныстарды жасайтын тəрбиелеу
теориясының бөлімі.
Тəрбие шаралары
– тəрбиелік іс-əрекет формасы түрінде бо-
лып, ол мақсат, міндет мазмұн, əдіс, құралдары мен тəсілдерін
үйлестіретін ұйымдастырудың жеке тəсілдерінің мақсатты біріккен
күйінде көрінеді, сөйтіп тəрбиелік міндеттерді шешуге септігін
тигізеді.
Тəрбие психологиясы –
педагогикалық үдерісті мақсатты
түрде ұйымдастыру тұрғысында жеке адамды қалыптастырудағы
психологиялық заңдылықтарды зерттейді.
Тəрбиелік оқыту
– оқытудың мақсаты балаға тек қана білім беріп
қоймай, сонымен бірге оның бағыттылығын жəне əлеуметтік қасиеттер
жүйесін қалыптастырып, қоғамның белсенді мүшесін даярлау.
Топтық іс-əрекет
– социологиялық жəне əлеуметтік
психологиялық феномен, қарым-қатынастың өнімі. Топтық əс-əрекет
мақсатына қарай мынадай топтарға бөлінеді: ұжымдық, бірлескен,
біруақыттағы, т.б.
277
Тəрбие əдістері – тəрбие міндеттерінің шешімін табу жəне
тəрбиелік өзара əрекеттестікті жүзеге асырудың өте-мөте
жалпыланған амалдарының жиынтығы.
Жеке тұлғаның санасын қалыптастыру əдісі – жеке
тұлғаның сезім мүшелері арқылы оның ақыл-ойына, санасы-
на ықпал ету негізінде өмірлік ұстанымын, көзқарасын, сенімін
қалыптастыру (əңгіме, əңгімелесу, түсіндіру, иландыру, диспут,
пікірталас, үлгі-өнеге).
Əңгіме – тəрбиеші мен тəрбиеленушілердің пікір алысуға екі
жақты кірісуін қажет ететін жүйелі жəне бірізді əдіс түрі. Əңгіменің
мақсаты – білім алушыларда ізгіліктілік түсініктерін тереңдету жəне
бекіту, білімді жалпылау жəне нақтылап орнықтыру, ізгіліктілік
көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.
Əңгімелесу - тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы
тəрбиеленушілерде əртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар,
көзқарастар қалыптастыру əдісі.
Түсіндіру - білім алушыда адамдардың қатынасын жəне мінез-
құлқын дұрыс бағалауды қалыптастыруға көмектесуі керек.
Иландыру (увещевание) – өтінішті түсіндірумен жəне сендірумен
қатар қолдану арқылы жүзеге асырылады. Иландырудың тиімділігі
педагогтың беделіне көп байланысты. Иландыру өз мақсатына жету
үшін жақсы жақтарға сүйеніп, мақтауды қолданып, абыройына
сұраныс жасаған дұрыс.
Диспут – талас, тəрбиеленушілердің дұрыс пікір жəне
ұстанымдарын, өзінің көзқарасы мен сенімдерін жəне т.б. қорғай алу
іскерлігінің қалыптастыру үшін белсендіру жолы.
Пікірталас – бұл білім алушылардың пайымдауын (пікір айту-
ын), баға беруін, сенімін қалыптастыру əдісі. Пікірталаста тақырып
бойынша білім алушы өзінің көзқарасын, ойын дəлелдейді.
Үлгі-өнеге – жеке тұлғаның идеалын көрсететін нақты сенімді
үлгілер арқылы адамның санасын қалыптастыру əдісі.
Іс-əрекетті ұйымдастыру жəне мінез-құлық тəжірибесін
қалыптастыру əдісі – тəрбиеленушілердің тəжірибесіндегі
жағымды мінез-құлық амалдарын жəне ізгілікті мотивацияларын
анықтау, бекіту жəне қалыптастыру əдісі (талап қою, жаттықтыру,
үйрету, тəрбиелік жағдай туғызу, тапсырма беру).
Талап қою – тəрбиеленушіден қоғамда орныққан мызғымас
мінез-құлық норамаларын талап ету.
Қоғамдық пікір – ұжымның пікір-пайымдаулары мен еркін
білдіретін белсенді əрі тəрбиелік ықпалды əдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |