263
бастауыш мектеп жасында болады. Неғұрлым жасы кіші болса,
соғұрлым тəрбие ықпалдарын нақты қабылдап, бала өз тəрбиешісіне
көбірек сенеді, оның беделіне сөзсіз бағынады. Сондықтан, кіші
мектеп жасында жəне ерте жеткіншек жаста жағымды əдеттерді
тəрбиелеуге, білім алушыларды еңбекке, тəртіпке, қоғамдық іс-
əрекеттерге үйрету жеңіл болады. Ересек жеткіншектер болса, пай-
далы еңбектің тура, ашық міндеттерін қалайды, оларды орындауда
белсенділік танытуға құмар келеді. Дегенмен де, бұл белсенділік,
талпыныстар педагогтар тарапынан өте жақсы ұйымдастырылуы
қажет.
Тəрбиенің болашақ нəтижелерін жобалағанда тəрбиеленушілердің
мүмкіншілігі мен пəрменділігінің кейбір сапаларды қалыптастыруда
азаятынын, жасына байланысты жүйке жүйесінің нəзіктігін, сыртқы
əсерлерге психологиялық қарсылықтың көбейетінін, сензитивті
кезең қажеттерінің өзгеруін естен шығармаған жөн.
Тəрбиеші сүйенетін білім алушылардың жеке ерекшеліктерінің
қатарында олардың қабылдау, ойлау, есте сақтау, сөйлеу, мінез,
темперамент, ерік бітістерін атауға болады. Бұл жəне басқа да
ерекшеліктерді айыра тану тəрбиелеуде қиынға соқса да, тəрбиеші
табысқа жетуге ниет қылса, уақытын, күш-жігерін, қосымша
құралдарды пайдаланып, тұлғалық сапаларды толық жəне нақты
танып-білуге ынта-ықыласты болуы шарт.
Тəрбиеші қазіргі заманғы білім алушылардың білім деңгейінің
жоғарылығын ескере отырып, өзі де жан-жақты дамып отыруы ке-
рек, яғни өз мамандығы төңірегіндегіні ғана біліп қоймай, соны-
мен қоса саясат, өнер, мəдениет саласындағы білімдерді жинақтап,
өз тəрбиеленушілеріне өзін ізгіліктіліктің жоғары үлгісі ретінде,
адамдық қадір-қасиеттің, құндылықтың таратушысы ретінде таны-
луы тиіс.
Білім алушылардың қарқынды қалыптасуы тəрбиеленушіден
озық əрекет етуді, даму желісіндегі тəрбие мазмұны мен оның
ұйымдастырылуы, əдістері жəне формалары арасында қайшылық
туындамай тұрғанда, жағымсыз əдеттер баланың жан дүниесіне
орнығып қалмай тұрып, алдын-ала қаурыт қимылдауды талап
етеді. Əйтсе де, талаптарды күшейте отырып, тəрбие ықпалдары
бағытталған тəрбиеленушілердің шама-шарқын ескерген абзал.
Қиын талаптар баланың өз күшіне сенімін азайтып, көңілдерін
қалдырады, тіпті ең қауіптісі, сол талаптарды үстірт орындауға
итермелейді. Əдетте, мұндай жағдайда жартылай істелінген іске
қанағат тұту əдеті қалыптасып қалуы мүмкін.
264
Тəрбиешілер əсіресе, тұлғаның негізгі сапаларына, яғни,
олардың құндылықтарды таңдау бағытына, іс-əрекет жасаудың
жəне құлық қалыптастырудың өмірлік жоспарларына мəн беріп,
тəрбие үдерісін түзейді, əрі бұл үдерісті тұлғалық жəне қоғамдық
қажеттерді қанағаттандыруға бағдарлайды.
7.2. Жеке тұлғалық бағдарлы тəрбие
Бүгінгі күні адамдар үшін қоғам жүйесіндегі əдеттен тыс
өзгерістер (жұмыссыздық, мекемелердің банкротқа түсуі, қайткен
күндеде өз нанын тауып жеуге жанталасуы жəне т.б.) отбасы-
нан бастап, түрлі деңгейдегі білім мекемелеріне дейін барлық
əлеуметтік институттардың іс-əрекетінің мазмұнына өз əсерін
тигізуде. Осылайша, бұрынғы дүниетанымдық жəне ізгіліктілік
құндылықтардан іргесі ажыраған тəрбие кеңістігінде сан алуан
көзқарастар қалыптасуда. Ондай өзгерістердің мəні жеке тұлғаның,
өз құқықтары мен кəсібін, рухани іс-əрекеттердің түрлері мен форма-
ларын өз қалауымен таңдау басымдығын мойындау қажеттілігімен
анықталады.
Дегенмен, əртүрлі əлеуметтік қабаттардағы жəне қоғамдағы
тұтастай
алғанда,
экономиканың,
білім
мекемелеріндегі
материалдық-техникалық базаның, рухани мəдениеттің жалпы
деңгейі, əсіресе оның ізгіліктілік əлеуетінің жағдайы жеке тұлғалық
бағдарлы еңбек тəрбиесіндегі демократиялық озық үдерістерге те-
жеу болуда. Ал оның əрі қарай дамуы түрлі деңгейдегі жалпы жəне
кəсіптік білім беру жүйесін дамыту, жеке тұлғаның дарынын, талан-
тын, қабілеттерінің көзін ашу үшін қажетті əлеуметтік-экономикалық
жағдайларының қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты.
Білім беру мен тəрбиелеу жүйесінің жаңартылуы-қоғамдағы
өзгерістерге əлеуметтік жəне рухани бейім, өзінің белсенді əрекеттік
тұғырына қол жеткізуге қабілетті жеке тұлғаның толыққанды да-
муы үшін қажетті жағдай туғызу кезеңдері бойынша əдіснамасын,
стратегиясы мен технологиясын, біздің қоғамымыздың əлеуметтік-
экономикалық жəне рухани дамуының кешенді бағдарламаларын
жасау мен жүзеге асыруды қосып алғандағы, мемлекеттік жəне
мемлекеттік емес құрылымдардың, ғылыми-зерттеу орталықтарының
республикалық жəне аймақтық деңгейдегі ауқымды əрекеттерді ша-
малайды.
Қазіргі кезде болашақ маманның кəсіби педагогиканы зерттейтін
265
аудиториялық жəне аудиториядан тыс практикалық сабақтарында
өмір əрекеттерінің түрлерінде өзін-өзі ұйымдастыру үдерістерінде
көрініс беретін тұлғалық мүдделерін, бейімділіктерін, қабілеттерін
жəне əлеуметтену механизмдерінің мəні мен механизмін тану
жəне пайымдау аса маңызды саналады. Жеке тұлғаны іс-əрекеттің
субъектісі ретінде қарастыру педагогтарға, өндірістік оқыту
шеберлеріне жеке тұлғаның өзін-өзі реттеу, өз-өзіне рефлексия жа-
сау үдерістерін басқаруға, оларды жалпы жəне кəсіптік даярлауда
белгіленген өлшемдері бойынша субъективтік əрекеттік сипатта-
рында көрінетін типологиялық белгілері мен сапаларын анықтауға
қол жеткізетін өмір сүру ерекшеліктерін жəне оны ұйымдастыру
амалдарының ашып көрсетілуіне мүмкіндік береді.
Елдегі экономикалық жəне экологиялық жағдайлардың өзгеруі,
маңызды заңдардың қабылдануы білім алушылардың еңбек
тəрбиесінің бағытына да өзгерістер енгізеді.
7.3 Еңбек жеке тұлғаның негізгі сапаларын қалыптастыру
құралы
Еңбек тəрбиесі
үдерісі барысында алған білім, ептілік жəне
дағдылардың немесе педагогикалық істің соңғы жемісі негізгі
мақсат емес, ол тұлғаның басты қажеттілігі –
еңбек ету қабілетін
дамыту құралы.
Еңбек тəрбиесі адамзат қоғамының түрлі кезендеріндегі даналық
ой-пікірлерді уағыздаушы шежірешілер еңбектерінен көрініс алды.
Орхон-Енисей ескерткіштерінің авторы Иоллығ-тегіннің «Күлтегін»,
«Білге қаған», «Тоныкөк» дастандары, осы дастандардың тəлім-
тəрбиелік идеясымен астарлас рухани мұраның бірі - Қорқыт
ата тағылымдары еңбек тəрбиесінін алғашқы философиялық,
педагогика-психологиялық идеяларын өзек етсе, бул мəселе олардан
кейінгі ойшылдар мен ағартушылардың: əл-Фараби, Ж.Баласағұни,
М.Қашқари, Ш.Уəлиханов, А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин жəне т.б.
тəлім-тəрбиелік мұраларында да жан-жақты қарастырылды.
Ал, еңбек тəрбиесінің ғылыми-педагогикалық теориясы мен
əр түрлі тарихи аспектілерін зерттеген ТМД ғалымдары: П.Р. Ату-
тов, С.Я. Батышев, А.М. Арсеньев, Ю.К. Васильев, А.А. Шибанов,
И.О.Обидов, Ғ.Х.Ахмедзиянов, Т.Ш.Тоқтарова, Т.С. Сатыбекова, Р.
Амиршоев, Г.А. Хаимдулина, т.б., қазақстандық ғалымдар: Р.Г. Лем-
Достарыңызбен бөлісу: |