Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет83/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105

269
елдікке жеткізер», «Еңбек ер атандырады», «Еңбектің көзін тапцан, 
байлъщтыц өзін табады», «Еңбек ширатады, өмір үйретеді».
Еңбек  тəрбиесінің  мақсаты  мынадай  педагогикалық  міндеттер 
арқылы жүзеге асырылады:
1.  Еңбекке  аялы  көзқарасьш  қалыптастыру,  оның  қажеттігіне 
сенімін  бекіту,  еңбекті  материалдық  жəне  рухани  қүндылық 
қайнарының  негізі  жəне  қоғамның  тіршілік  ету  əрекеті  ретінде 
қабылдауға тəрбиелеу.
2.  Еңбек  əрекеттері  арқылы  жастарды  еңбек  адамдарын 
құрметтеуге тəрбиелеу.
3. Жастарды еңбек нəтижелерін құнттап сақтауға тəрбиелеу.
4. Жастардың еңбекке деген сұранысын жəне еңбек ету дағдысын 
қалыптастыру.
5. Еңбектің барлық түрлеріне жастардың сыйластық көзқарасын 
қалыптастыру.
6. Жастарда ұжымдық еңбек дағдысын тəрбиелеу.
7. Жастарда еңбектегі өзіндік дербестікті жəне шығармашылық 
ынтаны тəрбиелеу.
8. Жастарда еңбектену іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;
9. Жастарды еңбек мəдениетіне тəрбиелеу.
Еңбекке үйрету мен оған байланысты оқуды ұйымдастыру фор-
маларын оқытушы таңдайды. Еңбек сүйікті іске айналуы үшін балаға 
еңбектің жемісі мен одан туындайтын қуанышты сезіндіре білу ке-
рек. Сол үшін оқу ісін жоғары сатыда, бірақ қол жететін деңгейде 
құру қажет: істеген еңбегінің жетістігін түсінген жасөспірім өз-өзіне 
сенімі артып, еңбегін мақтаныш ете бастайды.
Еңбек  тəрбиесінің  белсенді  бағыты  сынып  жетекшісінің  өзінің 
жұмыс  тəжірибесіне  байланысты  мектеп  тəжірибесіне  көптеген 
жаңаша  жұмыс  формаларын  ендіруінде.  Олар:  еңбек  кезегі,  еңбек 
мерекесі, жасалынған заттар көрмесі, тазалық сақтау, гуманитарлық 
көмек, мектепті көгалдандыру, қолөнершілер сайысы, жақсылық жа-
сау аптасы, көңілді ұсталар қаласы, еріктілер жұмысы, қамқоршылық 
көмек, ниеттілер көмегі, еңбек десанты, мектеп жөндеу бригадасы 
жəне басқалар.
Адамның  тұлға  болып  қалыптасуы  оның  қоғамдық  жəне 
еңбек  қатынастарына  жекелей  түсуі,  əрекетке  араласуына  тікелей 
тəуелді.  Еңбек  адам  бойындағы  жағымды  сапаларды  дамытады, 
яғни  еңбек  қарқынды  болған  сайын  тұлғаның  əлеуметтену  жəне 


270
даму  деңгейі  жоғарылай  түседі.  Сондықтан,  тəрбиеленушілерді 
қоғамдық өмірге, əртүрлі пайдалы істерге араластырып, оларға де-
ген  жағымды  қатынасын  қалыптастыру  қажет.  Еңбекке  араласа 
отырып, ізгіліктілік, құлық тəрбиесін алған тəрбиеленушілер руха-
ни жəне дене бітімі жағынан қатайып, еңбектің қоғамдық маңызды 
мотивтерін үғынады, өзіндік ар-ұят сапаларын бекітіп, жетілдіреді.
7.4. Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие үдерісін 
ұйымдастырудың ерекшеліктері
Кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбие  үдерісі  ұйымдастыру-       
дың қиындығы, оның өзгерісті, динамикалық, қозғалмалы болуына 
байланысты өзіндік ерекшеліктері бар.
Ə.  У.  Усманов  жəне  К.Өстеміров  сияқты  қазақстандық 
ғалымдардың  пікірініше  кəсіптік  білім  беру  орындарында  тəрбие 
жұмысының  төмендегідей  ерекшеліктері  бар:  тəрбиелеушілер 
санының  шектеулілігі;  курстан  курсқа  өткен  сайын    оқыту 
жұмысының  өндірістік  сипатының  күрделенуі;  тəрбиеленушілерді 
түзету  жəне  қайта  түзету  жұмыстарымен  тығыз  байланыста 
жүргізілуі; өндірістік оқыту мен өндірістік практика кезінде еңбек 
ұжымының  тəрбиесін,  оның  факторларын  есепке  алу  қажеттілігі. 
Усманов Ə., Өстеміров К. Жалпы жəне кəсіптік педагогика негіздері: 
Оқу құралы. –Алматы: «Полиграф Сервис и К», 20086 460 б.
Бұндай ерекшеліктер ең алдымен бұл үдерістің мақсат-бағдарлы 
болып  табыладығын  көрсетеді.  Сондықтан  оны  ұйымдастыруда 
тəрбие  мақсатының  тəрбиелеушіге  жақын  əрі  түсінікті  мақсатқа 
айналуы  тиіс.  Нақты  осы  мақсаттардың  бірлігі  мен  оған  жетудегі 
өзара байланыс арқылы қазіргі тəрбиелеу  үдерісі сипатталады. Осы 
тұрғыдан  алғанда,  ҚР  Білім  жəне  ғылым  Министрінің 2009 ж. 16 
қараша № 521 бұйрығымен бекітіліп, Республиканың  үздіксіз білім 
беру  ұйымдарына ұсынылған «Қазақстан Республикасы үздіксіз білім 
беру жүйесіндегі тəрбие тұжырымдамасында» атап көрсетілгендей 
жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның шығармашылықпен 
дамуының  түп  тамыры  тəрбиеден  бастау  алып  ол  Қазақстанның 
ертеңі    мен    еліміздің  ұлттық  қауіпсіздігі,  қоғамның  құндылық 
бағдарлары жайлы сөз қозғағанда тəрбие проблемалары ерекше на-
зар аударуды қажет ететіндігіне айырықша мəн берілгендігіне сəйкес 
кəсіптік оқу орындарындағы  тəрбие үдерісінің   проблемалары ерек-
ше назар аударуды қажет етеді. [«Қазақстан Республикасы үздіксіз 


271
білім беру жүйесіндегі тəрбие тұжырымдамасы.oouk.vko.gov.kz/KZ/
FILES/BASA_66dok].
Бүгінгі  таңдағы  кəсіптік  оқу  орындарындағы    еңбек  тəрбиесі 
жастардың  өзіне-өзі  қызмет  көрсету  шеберлігін  жəне  дағдыларын, 
еңбек қызметінің саналуан түрлеріне адалдықпен,  шығармашылық 
жəне  жауапкершілікпен  қарап,  ұжымда,  топта  жұмыс  істей  білу 
икемдігін  қалыптастыруды,  адамның  жеке  шеберлік,  белсенді 
жəне  болмысымен  беріліп  іс-əрекет  жасау,  қажетті  ресурстарды 
жұмылдырып,   істің мəнісін дұрыс бағалап, өз іс-əрекетінің қажетсіз 
қалмауына  мəн  беріп,  олардың  түпкілікті  тиімділігін    тиянақтап 
жаңа өндіріс жəне қоғам жасауға талпындыруды көздейді. Осыған 
байланысты техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйелі дамуының 
ұлттық  кадрларларды  даярлау  жүйесін  дамытуды  елдің  əлеуметтік 
–  экономикалық  ұмтылысқа  жетуіндегі  негізгі  стратегиялық 
мəселелерінің  бірі  ретінде  айқындау;  адам  ресурстарын  дамытуға, 
техникалық жəне кəсіптік білім беру жүйесінің абыройын арттыруға 
бизнес  құрылымдардың,  жұмыс  берушілердің  қабілеттілігін  жан 
жақты  ынталандыру;  техникалық  жəне  қызмет  көрсету  еңбегінің 
білікті  кадрларын  даярлаудың  жоғары  сапасы  мен  бəсекеге 
қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар құру сияқты 
негізгі басымдылықтарын іске асыру мақсатында «Қазақстан Респу-
бликасында техникалық  жəне кəсіптік білім беруді дамытудың 2008 
– 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
кəсіптік оқу орындарындағы  тəрбие үдерісі келесі ерекшеліктері 
ескерілуі тиіс:
Біріншіден,  кəсіптік  оқу  орындарындағы    тəрбие  үдерісі – 
көпфакторлылығымен  ерекшеленеді.  Өйткені  ондағы  көптеген 
объективті, субъективті факторлардың əрекеттері бұл  үдерістің өте 
күрделі  екенін  байқатады.  Субъективті  факторлар  тұлғаның  ішкі 
қажеттіліктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін объективті 
жағдайларды білдіре отырып, тəрбие міндеттерін табысты шешуіне 
көмектеседі.  Ұйымдастырылған  тəрбие  іс-əрекетімен  объективті 
жағдайлардың мазмұны мен бағыты қаншалықты сəйкес келсе, жеке 
тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болады.
Екіншіден,  кəсіптік  оқу  орындарындағы  тəрбие  үдерісі 
білім  алу  кезеңдерін  басынан  аяғына  дейін  жалғасатын  өзінің 
ұзақтығымен  ерекшелінеді.  Тəрбие    үдерісі  үшін  тəрбиелік  ықпал 
ету  басталғаннан  бастап,  соңғы  нəтижелер  арасының  алыстығы, 
ұзақтығын айқындайды.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау