Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет82/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105

266
берг, Қ.Б. Бержанов, А.І. Сембаев, Т.Т. Тəжібаев, А.П. Сейтешев, Г.А. 
Уманов,  М.Ə.Құдайқұлов,  Г.Т.Хайруллин,  Б.Ə.  Əбдікəрімов,  Ш.А. 
Абдраман,  Қ.Қ.  Шалғымбаева,  Б.К.Момынбаев,  Г.Ж.Меңлібекова 
жəне т.б. болды.
Еңбек  тəрбиесі - жасөспірімдерді  еңбекқорлыққа,  еңбекті 
құрметтеуге,  еңбек  мəдениетін  үйренуге  бейімдеп,  олардың  еңбек 
ету шеберлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған тəрбиенің 
бір саласы. Еңбек тəрбиесі барлық халықтар мен ұлттардың дəстүрлі 
халықтың педагогикасының негізгі құрамдас бөлігі ретінде дамыған. 
Мысалы,  Абай  атамыздың  «Еңбек  етсең  ерінбей,  тояды  қарның 
тіленбей» деген қанатты сөзі бүгінгі заманда да өзекті болып отыр. 
Адам үшін барлық игілік тек қана еңбекпен келеді.
Бүгінгі  таңда  Қазақстан  Республикасы  тəуелсіз  мемлекетке  ай-
налып,  өзінің  қоғамдағы  саяси,  əлеуметтік-экономикалық,  мəдени 
білім  парадигмасы  жүйесін  əлемдік  өркениет  үлгісінде  дамыту-
да.  Өйткені  кез  келген  жаңа  тəуелсіз  мемлекеттің  рухани  даму 
процестерінің  өзіндік  ерекшеліктері  болады.  Бұл  ерекшеліктер 
оның  аумағында  мекен  ететін  халықтардың  тұрмыс-тіршілігімен, 
дəстүрлі  мəдениетімен,  салт-дəстүрімен  жəне  өткенімен  тарихи 
сабақтастығымен айқындалады. Даму процесінде қол жеткізген та-
рихи тəжірибесі із-түзсіз жоғалып кетпейді, ұлттық санада, халықтық 
идеяда, мəдени-əлеуметтік жəне құлдылықтар жұйесінде белгілі рет-
пен жинақаталып отырады. Бұл жөнінде ел дамуының стратегиялық 
келешегіне  бағдар  жасалған  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев 
«Қазақстанның  əлеуметтік  жаңғыртылуы:  Жалпыға  Ортақ  Еңбек 
Қоғамына  қарай 20 қадам»  бағдарламалық  мақаласында:  Əлемнің 
əміршісі – еңбек. Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар 
қиындықты  жеңбек»,-  деп  халықты    ел  игілігі  жолындағы  еңбекке 
шақыруы бүгінде еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырады.  
«Қазақстанның əлеу¬мет¬тік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек 
Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласын жария-
лады. Ал 10 шілдеде
Міне,  бұл  тəрбиесінің  озық,  өнегелі  дəстүрлерін  жастардың 
тəрбиесінде, соның ішінде еңбек тəрбиесінде пайдалану аса маңызды 
міндеттердің біріне айналып отыр.
Бүгінгі нарықтық қатынасқа көшкен Қазақстанның ұлттық жəне 
əлеуметтік-экономикалық  ерекшеліктерін  ескеру  жəне  халықтың 
еңбек  салт-дəстүрлеріне  сүйену  арқылы  қоғам  алдында  өзінің 
дербестігі  мен  жауапкершілігін  сезінетін,  қоғамдық  сана-сезімі 


267
оянған, парасаты мен ар-ожданы биік, іскер, қабілетті, шығармашыл, 
кəсіпкер, нарық жағдайында бəсекелестікпен еңбек ете білетін, əрбір 
жұмыстың пайдалы кезін тауып, өзінің таңдаған мамандығына деген 
білімділігін,  біліктілігін  көрсете  білетін  азамат  тəрбиелеу - қазіргі 
қоғамнын талабы.
Елбасы ұсынған жаңа қоғамда əр¬кім өз қабілетіне, мамандығына, 
білім, күш-қай¬рат дəрежесіне қарай еңбек қа¬тынас¬та¬рына бел-
сене араласқанда, қоғам ой¬да¬ғыдай дамып, алға басады. Қоғамда 
əлеуметтік  əділеттілік  орнығады.  Əркім  өз  еңбегінің  саны  мен  са-
пасына  қарай  жал-ақы¬мен  қамтамасыз  етіледі.  Бұл  еңбекке  де-
ген  көпшіліктің  ынтасын,  ықы¬ласын  арттырады.  Адал  еңбектің 
мəр¬тебесі  қалып¬таса¬ды.  Адал  еңбек  иесі  қоғамдағы  сыйлы 
тұлғаға  айналады.  Адамдардың  əлеуметтік  бағасы  оның  тегімен, 
байлығымен  емес,  қоғамға  келтірген  нақты  еңбек  нəтижесі¬мен 
өлшенеді.  Ол  үшін  қоғамда  еңбекке  деген  жағымды  көзқарас 
қалыптасуға тиіс.
Адамның өмір сүруі үшін керекті тұ¬тыну қажеттіліктерінің бəрі 
– еңбектің нəтижесі, еңбексіз еш құндылық жасалмайды.
Бүгінгі  күннің  талабына  сай  жастардың  еңбек  тəрбиесінің 
мақсаты мен міндеттерін айқындаумен қатар, оның мазмұнын, əдіс-
тəсілдерін  жəне  ұйымдастырылуының  іргетасын  қалайтын  негізгі 
қағидаларын қарастырады:
1. Еңбек тəрбиесінің басты қағидасы — мақсаттылық. Өскелең 
ұрпақты  жоғары  құнадылық  деп  бағалап,  оның  ерекше  қабілетін 
жəне  дарындылығын  көре  білу,  сол  ерекшеліктеріне  сəйкес  өз 
еркімен таңдаған еңбектің түрін меңгеруге, қоғамдық ортада тиісті 
жағдай  жасап,  бағыт-бағдар  беру,  шығармашылыққа,  іскерлікке 
бейімдеу.
2. Еңбек тəрбиесінің үздіксіздігі, беріктігі, жүйелілігі.
3. Еңбек түрлерінің қоғамдық өмірмен байланысы. Еңбек тəрбиесі 
табысты  болу  үшін  өркениетке  ұмтылған  еліміздің  əлеуметтік-
экономикалық,  мəдени-рухани,  тарихи,  саяси  жағдайларын  ескере 
отырып,  жеткіншек  ұрпактың  бойында  қалыптастыру  мақсатында 
тəрбие  процесінін  барлық  сатыларында  тəрбие  мекемелерінде 
ұйымдастырылу іс-əрекеттінің үздіксіздігін ескеру.
С.Ш.Əбенбаев  еңбек  тəрбиесінің  еңбек  тəрбиесінің  келесі 
қызметтерін қарастырады:
 
– еңбек-  практикалық  өндірістік  əрекет  ретінде  адамның  дене 
құрылысының дамуына жағымды əсер етеді.


268
 
– еңбек – адамның  ақыл-ой  қабілетін,  оның  зеректігін, 
шығармашылық тапқырлығын дамытады.
 
– еңбектің – тұлғаның адамгершілік тəрбиесіндегі маңызы ерек-
ше.
 
– еңбектің  маңызды  қызметі  оқушыларда  жолдастық  қарым-
қатынасты, ұжымшылдықты жəне өзара талап етушілік қасиеттерін 
қалыптастыру болып табылады.
 
– еңбек  тəбрие  жакторы  ретінде  тұлғаның  өмірлік  бағытын 
анықтауға жəне мамандығын дұрыс таңдауға əсер етеді.
Еңбекке тəрбиелеудің басты үш міндеттері бар:
1. Еңбек сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау;
2.  Жастарды  халық  шаруашылығының  салаларындағы 
еңбектің  іс-əрекеттің  барысында  олардың  дағдысы  мен  іскерлігін 
қалыптастыру;
3. Болашақ қоғам азаматын мамандықты таңдауға дайындау.
Осыған  орай    кəсіби  білім  беру  саласында  білім  алушыларды 
ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практи-
ка  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға 
жəне кəсіби шыңдауға бағьпталған білім беру жəне жеке басының 
дамуы  үщін  жағдай  жасау  арқылы  шығармашылық,  рухани,  дене 
мүмкіндіктерін, интеллектін дамыту міндеті көзделген. Демек, жа-
старды  дəстүрлі  еңбектің  қай  саласында  болмасын  тек  мəлімет 
жиынтығын меңгерумен шектелмей, терең білімді, ізденімпаз, еңбек 
іс-əрекеттерінде  шығармашылық  бағыт  ұстанатын,  сол  тұрғыда  өз 
ұлттық болмысын таныта алатын маман етіп тəрбиелеу қажеттілігі 
айқындалған.
Еңбек – өмірдің негізі, ал еңбек ету - адамның басты міндеті де-
ген үлкендердің өсиеттері де, адал еңбек еткен кісі өз халқы алдында 
құрметке ие болатыны жайлы дəстүрлер жастарды еңбекке идеялық, 
адамгершілік  тұрғысынан  даярлаудың  басты  құралдары  болып  та-
былады.
Халықтың  пайымдауынша,  еңбек  тұлғаның  адамгершілік 
тұрғыда  жетілуін  бағалаудың  басты  өлшемі  болып  табылады, 
адамның  абыройын  арттырып,  оның  ерік-жігерін  шынықтырады, 
оған  қуат  беріп,  адамдар  алдындағы  беделге  жеткізеді.  Халық 
өнегелі еңбек етіп, өз еңбегімен отбасына жəне қоғамға материалдық 
жағдай жасаған адамдарды қатгы кұрметтеген. Бұл идеяларды мы-
надай  мақалдар  дəлелдей  түседі: «Еңбек  еткеннің  мұқтажы  табы-
лар, еріншек барлығынан қағылар», «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау