260
- тəрбиеленуші тұлғасына адамилық тұрғысынан қарау;
- оның құқықтары мен тəуелсіздігін сыйлау;
- тəрбиеленушіге саналы ойластырылған талаптар қою;
- қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның
ұстанымын (позиция) құрметтеу;
- адамның өзімен-өзі болу құқығын қолдау;
-тəрбиеленушінің санасына тəрбиенің нақты мақсатын жеткізу;
- қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы;
- тұлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене жəне басқа да жаза-
лаудан бас тарту;
- тұлғаның нанымдарына қандай да бір себептермен қайшы
келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу, құқығын мойын-
дау (гуманитарлық, діни сенімдер жəне т.б.).
ЮНЕСКО қабылдаған «Адам құқығы декларациясының»
бірінші бабында былай деп жазылған: «Барлық адамдар өз қадірі
мен құқығы бойынша ерікті жəне тең. Олардың өзіндік санасы мен
намысы бар жəне олар бір-бірімен қарым-қатынаста болуы керек.
Тəрбиеленушілерді құлдық бас июші емес, тəуелсіз адамдар сана-
тында танып, тəрбиеші күш билігін пайдаланбай, шəкірттер төбесіне
тұрмай, олардың болашағы үшін жас əлеуметпен бірлікте күресуі
қажет».
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбиелік ықпалдар бірлігі
принципі. Бұл принцип келешек ұрпақ тəрбиесіндегі мектеп, отба-
сы жəне қоғамдық орындар талпыныстарын
реттеу принципі
деп
те аталады. Бұл принцип тəрбиеге қатысы бар барлық адамдардың
педагогикалық əрекеттерді өзара хабарласа, бірлесе толықтырып
жəне дамытып отыруын талап етеді. Егер тəрбие ықпалдарын іске
асыру бірлігі келісілмей, керісінше, қайшы келсе, онда табысқа жету
қиынға соғады.
Ықпалдар келісімі болмаған жағдайда тəрбиеленуші үлкен
психикалық ауыртпашылыққа душар болады, өйткені ол кімге
сүйенерін білмей, кімнің соңынан ерерін түсінбей, ықпалдар ішінен
дұрысын анықтай алмай, дал болады. Баланы əртүрлі деңгейдегі
тəрбие ықпалдарының қайшылығынан құтқарып, тұлғада болған
педагогикалық əсерлерді арттырып отыру – осы тəрбиелік ықпалдар
бірлігі принципінің талабы.
Бұл принципті негізге ала отырып, тəрбиеші барлық ықпал етуші
талаптар жұмыстарын қамтып, басқаруға мүмкіндік алады.
Тəрбиеленуші тұлғасы отбасы, жолдас-жоралары, ересек-
261
тер, қоғамдық ұйымдар, білім алушылар ұжымдары əсерлерінен
қалыптасады. Осы ықпалдар ішінде сынып ұжымы мен тəрбиеші
беделі ерекше рөлге ие. Тəрбиеші мен тəрбиеленушілер тарапынан
қойылған талаптар бірлікте, бір-біріне қайшы келмеуі аса маңызды.
Тұлға қалыптастыруда отбасы өте ауқымды қызмет атқарады.
Ата-ананың өз баласының бойындағы жеке қасиеттерді білуі, отбасы
ықпалдарының көптүрлілігі мен қайталанбауы басқа педагогикалық
əсерлерден ерекше болады. Шынына келсек, адамның отбасындағы
тəрбиесі түбегейлі болады. Осыдан, отбасымен байланыс құру жəне
оны дамыту барлық тəрбие міндеттерін шешуде басты рөл атқарады.
Тəрбиешінің өзі жоғары инабаттылық тəрбие өнегесін көрсете
білуі шарт. Педагогтар мен ата-аналар білім алушылардың қандай
қажетті санасын қалыптастырғысы келсе, соларды алдымен өз бой-
ында қалыптастыруы тиіс.
Тəрбиеде тəрбиеші мен ата-ана арасындағы келіспеушіліктер де
аз емес. Кейде, ата-ана педагог талаптарын жоққа шығарып, білім
алушыларды шектен тыс еркелетеді. Мұндай келіспеушілікті жою
үшін екі тараптың да тəрбие талпыныстары өзара үйлесімге келгені
жөн.
Кейде тəрбиешінің ұжым, қоғамдық орындардың пікірлерімен
келіспей, басқа тəрбиешілердің əрекеттерін сынайтын кездері де
кездеседі. Осының бəрі тəрбиеленуші тұлғаның көзқарасы мен
нанымын қалыптастыруда өзінің кері əсерін тигізбей қоймайды.
Сондықтан, тəрбиешілердің бір-біріне саналы талаптар қойып,
ұжымның абыройын, беделін сақтауға талпынуы педагогикалық
үдеріс тиімділігінің кепілі.
Ықпалдар бірлігі принципінің практика жүзінде іске асыры-
луы сабақта жəне одан тыс кезде де тəрбиенің біртұтас жүйесіне
байланысты. Тəрбие үдерісінің жүйелілігі тұлғалық белгілерді
қалыптастырудағы бірізділікті сақтаумен қамтамасыз етіледі.
Тəрбие жұмыстарында алдыңғы қалыптасқан сапалар мен қылық
нормаларына сүйену қажет. Педагогикалық ықпал нормалары мен
құралдары біртіндеп күрделеніп отыруы тиіс. Тəрбиешілер ата-ана-
ны хабардар ете отырып, осы талаптың отбасында сақталып, орын-
далуын қадағалауы қажет.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбие ықпалдарының бірлігіне
жету тəсілі – бұл тəрбие үдерісіне қатысты ересектердің, əлеуметтік
мекемелер талпыныстарын реттеп отыру қызметі. Міне, сондықтан
262
да тəрбиешілер, сынып жетекшілері тəрбиеге қатысы бар барлық
адамдармен қарым-қатынас жасауға күш-жігерін аямауы қажет.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбиеге тұлғалық бағыт беру
принципі. Тəрбиелеу үдерісінде тəрбиеленушілердің жеке міндеттері
мен мүмкіншіліктерін есепке алу маңызды жұмыс болып табылады.
Тұлғалық сапаларға сүйену
тəрбиенің өте маңызды
сипаттамаларының бірі, яғни тұлғаның бағыттылығы мен оның
құндылықтарды таңдауын ескере білу. Тұлға бағыты оның өмірлік
жоспарларын, қалыптасқан өмір жолдарын, іс-əрекетін жəне
қылығын басқарушы мотивтерін білдіреді.
Кəсіптік оқу орындарындағы тəрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау
принципі тəрбиешіден мына міндеттерді орындауды талап етеді:
-өз тəрбиеленушілерінің жеке темперамент ерекшеліктерін,
мінез бітістерін, көзқарастарын, талғамдарын, əдеттерін қырағы та-
нып, жақсы білу;
-ойлау
бейімі,
тұлғаның
бағыттылық
мотивтері,
қызығушылықтары, өмірге, еңбек етуге көзқарасы, құндылықтар
пайымы, өмірлік жоспарлары т.б. сияқты аса маңызды сапалардың
қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын жəне болатынын
анықтай білу;
-тұлғаны дамытудың əсерлі түрін біртіндеп күрделендіре оты-
рып, тəрбиелік іс-əрекеттерге əрбір тəрбиеленушіні тарту;
-мақсатқа жетуге кедергі болатын себептерді дер кезінде анықтап,
олардан арылу, ал егер дер кезінде сезіп, жою мүмкіндігі болмаса,
онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты тəрбие тактикасын
ауыстыра білу;
-тұлғаның өз белсенділігіне көбірек сүйену;
-тəрбиені тұлғаның өзіндік тəрбиесімен байланыстырып, өзіндік
тəрбиенің мақсат, əдіс, формаларын таңдауға көмектесу;
-тəрбиеленушінің өзіндік іс-əрекетін, белсенділігін, дербестігін
дамытып, оған жетекшілік етіп, ұйымдастыруды табысқа жетуге
бағыттау.
Бұл талаптардың бірлікте іске асырылуы тəрбиешіні баланың жас
жəне жеке ерекшеліктеріне үстірт қарамай, үдерістердің тереңнен
дамуына, себеп-салдарлы қатынас заңдылықтарына сүйенуге
міндеттейді.
Тəрбиені тұлғалық тұрғыдан жүргізген кезде жас жəне жеке
ерекшеліктерді есепке алу жаңаша бағыт алды. Ізгіліктілік,
əлеуметтік сапаларды қалыптастырудың ең ыңғайлы мүмкіндіктері
Достарыңызбен бөлісу: |