8
Кəсіптік білім – жеке тұлғаның кəсіптер əлемінде бағдар
ала білуін жəне бейімделуін, еңбек етуде əлеуметтенуінің,
нақты
мамандықты
жəне
білік
деңгейін
меңгеруін,
адамның
түрлі
іс-əрекеттері
саласындағы
құзыреттілігін,
шеберлігін
жəне
дамуын
қамтамасыз
ететін
əлеуметтік
жəне педагогикалық тұрғыдан ұйымдастырылған үдеріс.
Кəсіптік қалыптасу – жеке тұлғаның кəсіптік білімдерін,
іскерліктерін, дағдыларын, жеке тұлғалық сапаларын кəсіби іс-
əрекетте жүзеге асыруда қол жеткен деңгейі.
Кəсіптік даму – жеке тұлғаның кəсіби іс-əрекет субъектісі
ретінде дамуы. Оның кезеңдері: кəсіби өзін-өзі анықтауы, кəсіптік
білімділік жəне іскерлік, кəсіби құзыреттілік, кəсіби шеберлік,
кəсіби шығармашылық.
Қайсыбір ғылым саласы сияқты негізгілерімен қатар, кəсіби
педагогикаға қатысты кəсіби мəдениет, кəсіби жарамдылық, кəсіби
өзін-өзі анықтау, кəсіби бағдар, кəсіби кеңестер беру, кəсіптік білім
мекемелері сияқты категориялары қарастырылады.
Кəсіби педагогиканың мəртебесін толыққанды анықтау оның
əрбір саласының өзіне тəн объектісі мен пəнін нақты қалыптасты-
руды талап етеді (1-кесте).
Ғылым объектісі – бұл ғылыми білімнің берілген саласына
бағытталған, сол шынайылық ауқымы, құбылыстар мен үдерістер-
дің жиынтығы. Ғылым нысаны əдетте, шынайылықтың айтарлық-
тай кең аясын білдіреді жəне өзінің күрделілігі мен көпқырлылығы
салдарынан, өзінің негіздемесінде барынша əртүрлі ғылымдардың
«қатысуын» қалайды жəне талап етеді. Тəуекелге сай келетін күрделі
объектінің дамуын жан-жақты зерттеу, негіздеу, оның үстіне
1
-
кесте.
Кəсіби педагогиканың объектісі жəне пəні
Кəсіби педагогика-
ның салалары
Кəсіби педагогиканың
объектісі
Кəсіби педагогиканың
пəні
кəсіптік бастауыш
білім педагогикасы
кəсіптік бастауыш
білім беру жүйесі
Кəсіптік бастауыш білімді
маманды оқыту, тəрбиелеу,
дамыту үдерісі
кəсіптік орта білім
педагогикасы
кəсіптік орта білім
жүйесі
кəсіптік орта білімді
маманды оқыту, тəрбиелеу,
дамыту үдерісі
9
кəсіптік жоғары
білім педагогикасы
кəсіптік жоғары білім
беру жүйесі
кəсіптік жоғары білімді
маманды оқыту, тəрбиелеу,
дамыту үдерісі
кəсіптік жоғары
білімнен кейінгі
білім педагогикасы
кəсіптік жоғары
білімнен кейінгі білім
беру беру жүйесі
кəсіптік жоғары білімнен
кейінгі кəсіптік білімді
маманды оқыту, тəрбиелеу,
дамыту үдерісі
Өндірістік
педагогика
Өндірістік оқыту
жүйесі
Жұмыскерлерді өндірісте
даярлау үдерісі
болжам жасау үшін, бір ғылым жеткіліксіз болуы мүмкін. Сондық-
тан да, қазіргі философия мен ғылым əдіснамасында жəне ғылыми
зерттеулерде, кез-келген табиғаттың күрделі əрі көпаспектілі нысан-
дарын зерттеуге, сөз жаратылыстану немесе қоғамдық, əлеуметтік
ғылымдар жайында айтылып жатқандығына қарамастан, пəнаралық,
ықпалдастық, жүйелілік тұрғысынан келу мəселесі алдыңғы орынға
шығуда. Бірақ, ғылымдардың ықпалдастық өзара əрекеттестігіне
деген қажеттілік əрбір жеке ғылымның жұмыс істеуі мен дербес
мəртебесінің (статус) ерекшеліктерін басу болып табылмайды.
Керісінше, нақ осындай өзара əрекеттестік үдерісінде сол не өзге
ғылымның қасиеті барынша толық көрсетіледі, оның пəнаралық
ғылыми іздену жүйесіндегі рөлі мен орны барынша анық көрінуі
қарастырылады. Бұл, əрбір ғылымның өзіне тəн ерекше зерттеу
«пəні», өзінің аспектілік белгісі, өзінің сол не өзге күрделі объектіні
қарастыру ракурсы болуы керек дегенді білдіреді. Басқаша айтқан-
да, «ғылым пəні» – бұл, объектінің, ғылыми білімнің нақ осы сала-
сында зерттеуге бағытталған нақты зерттеулерге сай қыры (немесе
қырлары).
Бұл, қазіргі ғылымтану тарапынан зерттеліп жатқан жалпы фи-
лософиялық-əдіснамалақ жағдай, кез келген ғылымға, соның ішін-
де кəсіптік педагогикаға да тарала алады.
Кəсіби педагогиканың зерттеу объектісі адамның тек қана еңбек
етуге кəсіби даярлығының салыстырмалы түрдегі тар аясы ғана емес,
кəсіптік білімнің бүткіл жүйесі саналады
1
. С. Я. Батышев кəсіби
педагогиканың пəнін кəсіби-техникалық педагогика тұрғысынан
1
Общая и про-фессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов, обучабщихся по
специальности «Профессиональное обучение»: В 2-х книгах / Под ред. В. Д. Симоненко, М.
В. Ретивых.-Брянск: Изд-во Брянского государственного университета, 2003. – Кн.1.С .102.
10
қарастыра келе, кəсіби педагогика кəсіби-техникалық білім
мазмұнын қоғамның сұраныстарынан қалай туындайтындығы мен
əлеуметтік жəне ғылыми-техникалық прогреске байланысты қалай
өзгеріске түсуімен анықталатындығын зерттейді. Оның пікірінше,
кəсіби педагогика кəсіби талаптармен жəне тұтастай алғанда, жеке
тұлғаның дамуымен себептелінетін ғылыми-техникалық білімдерді
игеруін, жеке тұлғаның кəсіби-техникалық іскерліктерінің қалыптасу
ерекшеліктерін (ерекше заңдылықтар), кəсіптік-техникалық мектеп
жағдайындағы тəрбие-нің мақсаттары мен айырықша ерекшеліктерін,
тəрбиенің жалпы жəне ерекше əдістері арасындағы байланыстары
мен тəуелділікте-рін зерттейді. Осы тұрғыдан алғанда, қос аспектілі
жəне қосбірлікті сипаттағы кəсіби педагогика пəні жеке тұлғаның
талап етілетін кəсіби сапаларын қалыптастырушы педагогикалық
үдеріс жəне осындай қалыптастырудың мақсаттық, мазмұндық жəне
өзіне тиесілі кəсіби (технологиялық) компоненттерін анықтайтын
педагогикалық жүйе болып табылады
1
. Осыған байланысты, кəсіби
педагогиканың пəнін, кəсіптік білім берудің сол не өзге деңгейі мен
бейінінің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның
кəсіби-мəнді қасиеттерін қалыптастыру үдерісі ретінде қарастыруға
болады.
Қайсыбір ғылым саласы сияқты кəсіби педагогика ғылыми-
теориялық, практикалық функцияларын атқарады. Кəсіби
педагогиканың мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық
идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы,
оқытудың өмірмен байланыстылығы жəне т.б.), ғылыми теорияларға
(дамыта оқыту теориясы, білім мазмұнын сұрыптау теориясы, тəрбие
жүйесі теориясы жəне т.б.) сүйенеді.
Кəсіби педагогиканың негізгі функциялары:
- теориялық функциясы: кəсіптік білім берудің озық тəжірибесін
зерттеу (сипаттау деңгейі), кəсіптік білім берудің бүгінгі жағдайын
анықтау (диагностикалық деңгейі), тəжірибелік эксперимент
жұмысын жүргізу (болжау деңгейі);
- технологиялық функциясы: кəсіптік білім беру бойынша
əдістемелік материалдар, жоспарлар, бағдарламалар, оқу құралда-
рын дайындау (жобалау деңгейі), кəсіптік білім беру саласындағы
ғылыми-мəдени жетістіктерді педагогикалық практикаға ендіру
1
Профессиональная педагогика: Учебник для студентов, обучающихся по педагогическим
специальностям и направлениям. - М: Ассоциация «Профессиональное образование», 1999.
– С. 88).
Достарыңызбен бөлісу: |