23
жүргізіліп, оның көкейкестілігін анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Сөйтіп, философия, кəсіби психология, жалпы педагогика, кəсіби
педагогика, технология саласындағы бүгінгі таңда қалыптасқан
пікір-көзқарастарға, оның зерттелу жағдайына көз жүгірту, зерттеу
жұмысының авторына таңдалған тақырып проблемасына қатысты
қоғам сұранысы мен оның бүгінгі практикада ойдағыдай шешімі та-
былмай отырғандығы арасындағы қарама-қайшылықты тап басып,
нақты пайымдай білуіне негіз болады.
Сондықтан, ғылыми проблеманы қалыптастыру ең негізгіні
ұсақ-түйектен ажырата алу, зерттеу пəні жөнінде белгіліні жəне
бұған дейінгі белгісіздікті анықтау белгісізді арқылы жүзеге асы-
рылады. Келесі ретте зерттеу тақырыбын үйлестіру жəне оның
көкейкестілігін дəлелдеу міндеті туындайды.
Зерттеудің көкейкестілігіне негіздеме беру дегеніміз –
анықталған проблеманы не үшін осы кезеңде зерттеу қажеттігін
түсіндіру. Бұдан əрі зерттеу логикасы қолға алған ғылыми ізденістің
мақсатын қалыптастыруды, зерттеу міндеттерін анықтауды талап
етеді. Зерттеу міндеттері əдетте санамалау түрінде (анықтау..., си-
паттау..., айқындау... жəне т.б.) мұқият ойластырылып анықталады.
Жаңа зерттеулер мен жаңарған практика, жаңа қоғамдық
қажеттіліктер негізінде жаңа ғылыми білім, педагогикалық
көзқарастар, жаңа əдіс-тəсілдер пайда болып отырады. Жаңа мен
ескінің түйісуі өз кезегінде бұған дейін қалыптасқан пікір-көзқарас-
тар арасында қарама-қайшылықтар тудырады. С. И. Архангельс-
кийдің пайымдауынша, «Қарама-қайшылықтар – ғылыми ізденісте,
оқу үдерісінде ғылыми танымның бір деңгейінен, мейлінше жоғары,
келесі деңгейіне өтудің ең маңызды қажетті шарты»
1
Кез-келген
ғылыми зерттеу жұмысы жаңа педагогикалық құбылыстарды
тану үдерісіндегі белгілі бір қиындықтарды жеңуге жəне белгісіз
болған фактілерді немесе белгілі фактілерді түсіндірудің ескірген
амалдарының толық еместігін түсіндіруге бағытталады. Бұл
қиындықтар танымның жаңа міндеттерін шешуде дəстүрлі ғылыми
білімнің дəрменсіздігі байқалғанда проблема ретінде пайда болады.
Ең алдымен мына ұғымдарды айқындап алғанымыз жөн.
Зерттеу объектісі – зерттелетін проблемалық ситуация туды-
рып отырған үдеріс немесе құбылыс. Яғни, зерттеушінің ізденіс
жұмысында нені қарастыратынын белгілейді.
1
Архангельский С. И. Учебный үдеріс в высшей школе, его закономерные основы и методы.-
М.: Высшая школа, 1980. - С.27.
24
Зерттеу пəні – зерттеу объектісінің шекарасында жүзеге асы-
рылатын педагогикалық ықпал етудің аспектілеріне, педагогикалық
шарттарға, педагогикалық үдерістің компоненттеріне немесе
тəрбиешілер мен тəрбиеленушінің түрлі қарым-қатынастарына бай-
ланысты анықталады.
Зерттеу жұмысын орындау тəжірибесі көрсеткендей, олардың
көпшілігінде зерттеу пəні мен проблемасын ажыратып, нақтылауда
көптеген кемшіліктерге жол беріледі. Өйткені зерттеу пəні мен зерт-
теу проблемасының өзара табиғи байланыста болып келуі жəне
оларды ажыратып, айтарлықтай қиындықтар тудырады. Зерттеу
проблемасының оның пəнінен айырмашылығы зерттеу объектісінің
қоғам сұранысына сəйкес тиімділікпен қызмет етуіне қойылатын
талаптар мен зерттеу пəнінің нақты болмыстық жағдайының
арасындағы
қарама-қайшылықты
көрсететін
проблемалық
жағдаятты сипаттауында.
Зерттеу мақсаты зерттеу пəнін есепке алу негізінде анықталады.
Кəсіби педагогика саласындағы диплом жұмыстарын орындау ба-
рысында зерттеу пəніне теориялық жағынан негіздеме беру, оны
жүзеге асыру жолдарын, мазмұнын, əдіс-тəсілдерін анықтау жəне
практикалық ұсыныстар беру сияқты мақсаттар қойылуы мүмкін.
Зерттеу мақсаттары зерттеу міндеттерін айқындайды. Он-
дай міндеттер проблеманы теориялық тұрғыдан талдау мен оның
практика жүзінде жүзеге асырылу жағдайына баға беру негізінде
нақтылануы тиіс.
Зерттеу барысында педагогикалық болжам қалыптастырудың
мəні зор. Болжам – ақиқатқа жетудің бастапқы элементі ретінде
құбылыстар мен ғылыми заңдардың арасындағы байланыстар-
ды ашудың жəне зерттеу іс-əрекеттерін оңтайлы жүзеге асырудың
жолы. Болжам құбылыстардың жорамал түріндегі ішкі байланы-
старын, оның механизмдерін жəне белгілі бір құбылыстардың
қалай өтетіндігін шамалауға мүмкіндік береді. Оған негіздеме бе-
руде зерттеуші деректерге жəне оларды талдауға, салыстыруға
сүйенуі тиіс. Ең алдымен білім алушының психологиялық жəне
физиологиялық ерекшеліктері есепке алынады. Ондай білімдермен
қарулану тиімді нəтижелерге жетуде қандай əдіс-тəсілдерді қолдануға
болатындығын алдын-ала болжай алуға көмектеседі. Бұл ретте педа-
гогика, кəсіби педагогика жəне жалпы ғылыми дүниетаным, педаго-
гика теориясы, педагогикалық құбылыстардың бұған дейін ашылған
25
деректері мен заңды байланыстары жөніндегі білім қорының болуы
болжам қалыптастыруда үлкен мəнге ие болады.
Зерттеушілер болжам қалыптастыруда көбінесе педагогикалық
ықпал ету мен оның соңғы қорытынды нəтижелерінің функционалдық
байланыстарын жорамалдаумен ғана шектеледі. Ізденіс барысын-
да дəлелдеуді қажет ететін болжам бірнеше мəрте қарастырылып,
жаңаша қалыптастырылуы мүмкін. Сондай-ақ, оқу-зерттеу жұмысы
жағдайында бірнеше нұсқадан тұратын болжамдар қалыптастыруға
болады. Зерттеу жұмысының түрлі кезеңдерінде оларды тексеріп, ең
тиімді болып табылатынын негізге алуға болады.
Зерттеу нəтижелері ғылыми жəне практикалық маңыздылықпен
ерекшеленуі тиіс.
Қандай да болмасын зерттеу кез-келген іс-əрекетті сипаттайтын
«мақсат – құрал – нəтиже» кестесінің арақатынасы тұрғысынан
ғылыми жəне практикалық əрекеттердің айырмашылығы мен
бірлігі арқылы анықталады. Педагогикалық зерттеу іс-əрекетінде
проблеманың шешімін іздестіруге, белгісіз заңдылықтарды ашуға
жөн сілтейтін зерттеу стратегиясын, оның жолдарын анықтау үлкен
маңызға ие. Бұл үдеріс диалектикалық өзара байланыстағы негізгі
екі жолмен жүзеге асады. Олар – жекеден жалпыға өрлеу жəне
абстрактіліктен нақтыға өрлеу. М. Н. Скаткин зерттеу логикасы
келесі кезеңдердің бірізділігіне бағынуы тиіс деп есептеді
1
:
1. Зерттеудің мақсатын анықтау.
2. Зерттеу объектісін нақтылау.
3. Болмыстағы объекті жөніндегі белгіліні зерделеу.
4. Проблеманы қою.
5. Зерттеу пəнін анықтау.
6. Болжам жорамалдау.
7. Зерттеу жоспарын құру.
8. Зерттеу барысында түзетулер енгізіліп отыратын белгіленген
жоспарды жүзеге асыру.
9. Болжамды тексеру.
10. Объектіні тұтастай алғанда пайымдау үшін алынған
нəтижелердің маңыздылығын анықтау.
11. Алынған нəтижелерді қолдану аясын анықтау.
Зерттеушілік ізденістің логикасы мен динамикасы оның бірне-
ше кезеңдер арқылы жүзеге асырылуын қарастырады: эмпирикалық,
гипотетикалық, теориялық, болжаушылық.
1
Скаткин М. Н. Совершенствование үдеріса обучения. –М.: Педагогика,1986.-49 с.
Достарыңызбен бөлісу: |