26
Эмпирикалық деңгейде зерттеу объектісі туралы функционалдық
түсінікке қол жеткізіледі, нақты білім практикасының, ғылыми
білімдердің жəне құбылыстың мəнін ұғыну қажеттілігінің
арасындағы қарама- қайшылық анықталады.
Гипотетикалық деңгей зерттеу объектісі туралы нақты түсініктің
жəне құбылыстың мəнін ұғыну қажеттілігінің арасындағы қарама-
қайшылықтың шешімін іздестіруге бағытталады.
Теориялық деңгей объект туралы функционалдық жəне
гипотетикалық түсініктердің жəне ол туралы жүйелі пайымдау
қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтың шешімінің табы-
луына байланысты.
Болжаушылық деңгейде зерттеу объектісі туралы қол жет-
кен түсініктің жəне оның жаңа жағдайда даму болашағын болжау
қажеттілігінің арасындағы қарама-қайшылықтың шешімі табылуы
тиіс.
Болашақ кəсіптік оқыту оқытушысының зерттеу жұмысының фор-
масы – курстық жұмыстың логикасы ғылыми проблеманы шешу
барысында бірізділікте құрастырылған зерттеу процедураларының
(рəсімдерінің) кезеңдері бойынша орындалады. Оның мазмұны
логикалық өзара байланыста жəне соған сəйкес ғылыми-зерттеу іс-
əрекетін ұйымдастыру амалдары арқылы баяндалуы тиіс.
Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі (зерттеу) бөлімнен,
қорытындыдан, əдебиеттер тізімінен жəне қосымшадан тұрады.
Кіріспе – логикалық бірізділікте тақырыптың көкейкестілігі,
объектісі, пəні, мақсаты мен міндеттері негізделетін, оның
əдіснамалық негізі анықталатын, зерттеу процедурасы (рəсімі) мен
əдістері баяндалатын, курстық жұмыстың құрылымы сипатталатын
бастапқы бөлім.
Зерттеудің көкейкестілігіне компьютерлік терімдегі 1-2 бет
көлемінде ғылыми тұрғыдан негіздеме беріледі. Онда автор
зерттеліп отырған проблеманың бүгінгі кезеңдегі теориясы мен мек-
теп практикасындағы маңыздылығын сипаттап көрсетеді. Зерттеу
мəселесінің зерттелу дəрежесіне сүйеніп, бүгінгі күн талаптарына,
олардың əлеуметтік маңыздылығына қатысты өз пікір-көзқарастарын
мазмұндайды. Зерттеудің көкейкестілігіне негіздеме беруде фило-
софия, əлеуметтану, психология, педагогика, кəсіби педагогика
ғылымдары саласындағы əдебиеттер, Қазақстан Республикасының
ресми құжаттары, ғылыми конференциялардың материалдары зерт-
теу көздері болып табылады.
27
Зерттеудің объектісі – зерттеушінің іс-əрекеті бағытталатын
болмыс саласы. Зерттеу объектісі ретінде оқу үдерісін жəне тəрбие
іс-əрекеттерін анықтауға болады.
Зерттеудің пəні - зерттеушінің объектіні ғылыми тұрғыдан
тану амалдарын көрсететін субъекті мен объектінің арасын
жалғастырушы торабы. «Зерттеу пəні» ұғымы зерттеу объектісінің
аясында қарастырылады, яғни ол зерттеу шекарасын нақтылайтын
ұғым. Ол тек зерттеу объектісі мазмұнының элементтерін, байланы-
стары мен қарым-қатынастарын зерттеумен шектеледі.
Зерттеудің мақсаты – зерттеу нəтижесінің моделі ретінде зерт-
теу іс-əрекетінің қорытынды нəтижелерін ойша пайымдау. Курстық
жұмыстың мақсаттарын оқу-тəрбие жұмысының тиімділігін
арттыруға бағытталған іс-шаралар жүйесін дайындау деп анықтауға
болады.
Зерттеу міндеттеріне зерттеу пəні жəне практика талапта-
ры, мектептегі оқу-тəрбие жұмысының жағдайлары, зерттеушінің
мүмкіндіктеріне сай мақсаттардың нақтылануы жатады. Мəселен,
курстық жұмыстың міндеттері ретінде мыналарды ұсынуға бола-
ды: зерттеу проблемасының теориялық негіздерін зерделеу; озық
педагогикалық тəжірибе жинақтау, оқу-тəрбие жұмыстарының
тиімділігін анықтау.
Зерттеудің əдіснамалық негізі. Кəсіби педагогика бойынша
орындалатын ғылыми-зерттеулердің əдіснамалық негізі болып
диалектикалық-материалистік философия, білім беру саласындағы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ресми құжаттары санала-
ды.
Зерттеу əдістері – кəсіби мамандығы бойынша орындалатын
курстық жұмыстарда педагогикалық құбылыстар жөнінде дəйекті
білім алуға мүмкіндік беретін ғылыми жəне арнайы əдебиеттерді зерт-
теу, талдау, талдап қорыту, байқап-бақылау, əңгіме-сұхбат, интервью,
сауалнама, білім алушылардың шығармашылық жұмыстарын зерт-
теу, озық педагогикалық тəжірибені зерттеу, жинақтау, тəжірибелік-
эксперимент жəне т.б. зерттеу əдістерін қолдануға болады.
Курстық жұмыстың негізгі (зерттеу) бөлімі əдетте құрылымы ек-
үш параграфтан кем емес, екі бөлімнен тұрады.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде зерттелетін мəселенің
ерекшелігіне байланысты проблеманың теориясы, зерттелу дəрежесі
немесе проблеманың тарихын сипаттайтын материалдар, кəсіптік
білім мен тəрбие берудің ерекшеліктері жөніндегі теориялық
қағидалар қарастырылады.
28
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде ізденіс проблемасы бой-
ынша озық педагогикалық тəжірибе жинақтау материалдары,
автордың мектептегі зерттеушілік іс-əрекетін сипаттайтын оқытушы
жұмысының нəтижелерін зерттеу баяндалады. Осы бөлімде зерт-
теу əдістемесі көрініс алуы тиіс. Мектептегі зерттеу жұмысына си-
паттамалар бергенде зерттеу мақсатына сəйкес қалыптастырылуға
тиісті нақты сапа-қасиеттер, ұғым-түсініктер, дағды, іскерліктер
жəне олардың деңгейлерін анықтайтын өлшемдер мен көрсеткіштер
жүйесі жəне алынған мəліметтерді талдау, талдап қорыту нəтижелері
көрініс алуы керек.
Курстық жұмыстың бөлімдері мен параграфтары оның
мазмұнына толығымен сəйкес келіп, құрылымы зерттелетін
мəселелерді біріктіретін біртұтас, логикалықпен аяқталған жүйелі
сипатта болуы тиіс.
Қорытындылар мен ұсыныстар түрінде зерттеу бойынша жалпы-
лама қорытындылар беріледі.
Қорытындыда эксперимент барысында оқу-тəрбие үдерісінде
қол жеткізілген тиімді нəтижелер жөніндегі теориялық пайымдау-
лар мазмұндалады. Ал ұсыныстарда оқытушыға нақты жағдайлар
мен жағдаяттарда оқу-тəрбие жұмысын қандай жолдармен жүзеге
асыруға болатындығы баяндалады.
Əдебиеттер тізімі оған қойылатын техникалық талаптарға
сай түзілуі тиіс, онда зерттеу базасының əдіснамалық, ғылыми-
теориялық жағын сипаттайтын жəне білім алушылардың озық
педагогикалық тəжірибесі жөніндегі материалдары көрініс алуы ке-
рек.
Қосымшада зерттеудің түрлі кезеңдерінде қолданылған
фактологиялық материалдар, мəселен, жоспар, сабақтардың жоспар-
конспектілері, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, білім
алушылардың шығармашылық еңбектері, бақылап-байқау, сауална-
ма жəне т.б. бағдарламалар қарастырылады. Оларды мəтін, кесте,
сызба, сурет түрінде ұсынуға болады.
Реферат – жазбаша түрде орындалған немесе көпшілік ал-
дында оқылатын ғылыми жұмыс, сондай-ақ ғылыми проблеманы
зерттеу нəтижелері жөнінде ғылыми-ақпараттық сипаттағы еңбек.
Оның кіріспесінде философия мен психология, жалпы педагоги-
ка, кəсіптік білім беру педагогикасы тұрғысынан жəне əлеуметтік
тапсырыстарға, мектеп қажеттіліктеріне сəйкес тақырыптың
көкейкестілігі анықталады. Бірінші бөлімінде проблеманың зерт-
телу деңгейі, мəн-маңызы ашылып көрсетіледі. Зерттеліп отырған
Достарыңызбен бөлісу: |