Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет6/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105

17
Барлық  ғылыми  зерттеулерде  диалектикалық  материализм 
дүниетанымдық негіз бен ғылыми əдіснамалық міндетін атқарады. 
Бұл  зерттеу  ғылыми  таным  жəне  болмысты  өзгерту  əдістері,  тео-
рия  мен  практиканың  өзара  əрекеттестігі  жəне  болмысты  өзгерту 
мен  тануда  диалектикалық  əдісті  қолдану,  ұрпақтар  сабақтастығы 
жөніндегі  философиялық  ілімдердің  негізінде  бұқара  халықтың 
материалдық  жəне  рухани  мəдениетті  сақтауы,  ата-баба  мұрасына 
көзқарасы,  бала  тəрбиесіндегі  этномəдениеттің  маңызы  туралы 
ілімі,  жалпы  адамзаттық  құндылықтар  негізінде  демократиялық 
тəрбие  берудің  тұжырымдамасын  анықтайтын  құжаттар  арқылы 
жүзеге  асырылды.  Осыған  орай,  теорияның  практикада  тексерілуі 
теорияның  жасалуы  барысында  практикада  дəлелденіп  отыратын 
үдеріс екендігін байқатады.
Диалектикалық  материализм  əдістері  мен  дүниетаным - 
əлеуметтік саланың, сонымен қатар, педагогиканың ғылыми зерттеу 
негізі. Зерттеудің негізгі бағыты көзқарастар негізінде айқындалады. 
Əдіс болса – жинақталған деректерді сұрыптау жəне талдау құралы. 
В.  А.  Ядовтың  пайымдауынша,  əдіснама  дегеніміз - «ғылыми 
ізденістің  логикасы  жəне  ғылыми  таным  тəсілдерінің  стратегия-
сы».  Əдіснама  кез-келген  жұмыс  істейтін  жүйені,  соның  ішінде 
педагогиканың  да  зерттеу  бағытын  таңдау  жолын,  əртүрлі  күрделі 
құбылыстарды танудың тереңдігі мен дəлелділігін қамтамасыз етеді
1
 
Танымның мақсатқа жетуі үдерістің мəнін, оның барлық сипаты 
мен қарама-қайшылықтарын бірдей көрсете алуына байланысты.
Өйткені, Ф. Ф. Королев айтқандай, «бізден тыс өмір сүретін зат-
тар  бар.  Біздің  қабылдағандарымыз  бен  елестететіндеріміз – олар-
дың бейнесі
2
.
Бұл бейнені тексеру, шындықты жалғаннан айыру тек практика 
арқылы мүмкін болады». Осыған орай, практика танымның белсенді 
жағы ретінде қарастырылады.
Оқу  үдерісін  оңтайластырудың  заңдылықтарын  тану  нақты 
бақылау,  оның  түрлі  жақтарын  талдау,  саралау,  белгілеріне  қарай 
жіктеу,  теориялық  тұрғыдан  жинақтау,  педагогика  ғылымы 
жетістіктерімен  байланыстыру,  практикада  тиянақталғанды  абс-
тракциялау  мен  пайдалану  ретінде  түсіндіріледі.  Бұл  оқу  үдерісін 
тану  жолдарының  өзгешелігін  көрсетеді.  Зерттелетін  объектіні 
1
Ядов В. А. Социологическое исследование.-М.: Наука, и 1972.- С.42. 
2
Королев Ф. Ф. Системный подход и возможности его в применения в педагогических иссле-
дованиях //Советская педагогика, 1970, №9. С.27-34.


18
тікелей  қарастыру  мүмкін  емес («жанды»  бақылау  үдерісінде). 
Қарапайым  бақылаудың  көмегімен  оқу  үдерісінде  зерттелетін 
объектінің  тек  сыртқы  белгілері  мен  қасиеттерін  ғана  ажырата 
аламыз.  Оқу  үдерісінің  ішкі  механизмдері  əрекет  түрлерінің  өзара 
қатынасын  ғана  емес,  əрбір  əрекеттің  құрамына  кіретін  объектінің 
жалпы  жəне  айрықша  белгілері  мен  негізгі  өлшемдеріне,  байла-
ныс  амалдарына,  мазмұнына,  мақсатына  тəуелді  функционалдық 
компоненттердің 
(танымдық, 
жобалаушылық, 
құрушылық, 
ұйымдастырушылық, 
коммуникативтік) 
өзара 
байланыста-
рын  да  қамтиды.  Ал  бұл  өз  кезегінде,  жекелеген  педагогикалық 
құбылыстарды  бірізділікте  тану,  оның  сыртқы  белгілерін  зерттеу-
мен  шектелмейтінін  білдіреді:  дəлелдейтін  құралдар,  əдеттегідей, 
педагогикалық  əрекет  компоненттерінің  күрделі  құрамына  бойлау 
үдерісінен,  олардың  ізделіп  отырған  нəтижені  анықтаудағы  өзара 
əрекеттестігінен басталады.
Педагогикалық  зерттеулерді  ұйымдастырудың  əдіснамалық  та-
лаптары,  педагогикалық  құбылыстардың  ішкі  заңдылықтары  мен 
қозғаушы күштері көптеген ғалымдардың еңбектерінде дəлелденген 
(А. М. Арсеньев, Ю. К. Бабанский, С. А. Баранов, В. И. Гинецинский, Н. 
К. Гончаров, М. А. Данилов, В. И. Журавлев, В. И. Загвязинский, Ф. Ф. 
Королев, Н. В. Кузьмина, И. Т. Огородников, М. Н. Скаткин жəне т.б.). 
Зерттеу жұмысы мынадай əдіснамалық қағидалар мен талаптар-
ды ескеру негізінде құрылды:
а) теория мен практиканың байланысы, өткендегі мəдени мұраға 
шығармашылық көзқарас туралы философиялық ілім;
ə) 
зерттеліп 
отырған 
педагогикалық 
құбылыстардың 
тұтастығын жəне олардың оқу үдерісінің тиімділігіне ықпал ететін 
басқа  элементтерімен  байланысын  талдаудағы  диалектикалық-
материалистік, жүйелілік-құрылымдық қатынас;
б)  кəсіби  педагогика  саласындағы  жетістіктерді  жəне  озық 
тəжірибелерді  ендіру  негізінде  педагогикалық  шеберліктің  амал-
жолдарын меңгерген білім алушылардың іс-əрекетіне салыстырма-
лы талдау;
в)  зерттеу  проблемасын  тиімді  шешу  мақсатында  іс-əрекеттің 
болжамдық жүйесін үлгіге түсіру.
Педагогикалық  құбылыстарға  диалектикалық-материалистік 
тұрғыдан талдау жасау жүйенің барлық құрамы арасындағы байла-


19
нысты (генетикалық, себеп-салдарлық, функционалдық тұрақтылық 
жəне  мерзімдік,  мəнділік,  қажеттілік,  кездейсоқтық)  мейлінше 
көлемді ашып көрсетуге мүмкіндік береді.
Педагогтардың  əрекетін  олардың  педагогикалық  тапсырмалар-
ды  шешу  іскерліктерінің  көрсеткіштері  бойынша  салыстырмалы-
салғастырмалы  талдау  педагогикалық  жүйенің  тиімділікпен 
қызмет  етуінің  үлгісін  құруға,  білім  алушылардың  қажетті  кəсіби 
шеберліктерінің деңгейін анықтауға көмектеседі.
Зерттеуші  қандайда  бір  салада  болмасын,  ғылыми  таным  жəне 
таным  субъектісі  болып  табылатын,  педагогикалық  үдерістер  мен 
құбылыстар  жөнінде  объективті,  нақты,  жүйеленген  ақпарат  алу 
үшін, оның тұжырымдық мақсаттарын, мазмұнын, зерттеу əдістерін 
білуі тиіс.
Ғылыми  жұмыстарды  іргелі,  қолданбалы,  талдамалық  деп 
қарастыру  қабылданған.  В.  М.  Полонскийдің  тұжырымы  бойын-
ша,  іргелі  зерттеулерде  ғылыми  тұжырымдамалар,  қолданбалы 
зерттеулерде  оқу-тəрбие  ісін  жетілдіруге  байланысты  əдістемелік 
ұсыныстар  берілсе,  талдамалық  еңбектерде  оқытушы  мен  білім 
алушының іс-əрекетіне қажетті нақты ұйғарымдар жасалады
1
. Педа-
гогика саласындағы іргелі зерттеулер жалпы болжамдарды ұсынуды, 
заңдылықтарды  орнықтыруды  жəне  тəрбие  тео-риясын  байытуды 
көздейді.  Ал  олардың  негізінде  орындалған  қолданбалы  зертте-
улер  теорияны  практикада  қолданудың  оңтайлы  мүмкіндіктерін 
іздестіре  отырып,  бүгінгі  күнде  ең  маңызды  болып  есептелінетін 
ғылым мен өндірістің сəйкестенуін қамтамасыз етеді. Қолданбалы 
зерттеулер  əдістемелік  құралдар  мен  тəсілдерді  дайындау,  олар-
ды  сипаттау,  педагогикалық  тəжірибеде  тексеру,  сынақтан  өткізу, 
жетілдіру  арқылы  жүзеге  асырылады.  Бүгінгі  күнге  дейін  іргелі, 
қолданбалы жəне талдамалық ұсыныстардың түбегейлі арақатынасы 
нақтылы ажыратылмағанымен, бір іргелі еңбектің негізінде бірнеше 
қолданбалы  зерттеулер  орындалатыны  мəлім  болып  отыр.  Өз 
кезегінде  қолданбалы  зерттеулер  нəтижесінде  бірнеше  əдістемелік 
ұсыныстар жасалуы мүмкін.
Əдіснамалық білімдер жүйесіне: педагогика пəні, педагогиканың 
категориялары,  педагогиканың  ғылыми  білімдер  жүйесіндегі  рөлі, 
педагогиканың  басқа  ғылымдармен  өзара  байланыстылығы,  педа-
1
Полонский В. М. Оценка эффективности педагогических исследований и разработок // Со-
ветская педагогика, 1976. №1. – С.75-84.


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау