43
ның» болашақ нобайын жасаған экономист жəне пролетарлық ақын А.
К. Гастев (1882-1941) болды. Ол өзінің Орталық еңбек институтының
диреторы қызметін атқарған жылдары, үзеңгілестерімен бірге экс-
перимент негізінде «Еңбек директивасы» теориясын жасады жəне
Орталық еңбек институтының нұсқамалық курстары мен цехтарын-
да фабрикалық-зауыт мектептерінде ұзақ мерзімде даярлау форма-
ларына қарсы, өндіріске кеңінен ендірілген, жұмысшыларды қысқа
мерзімде даярлау тұжырымдамасын өңдемеледі.
Кəсіби педагогиканың қалыптасуында сол кездегі Орталық еңбек
институты, өндіріс кадрларын даярлау ҒЗИ, ММУ-2 ғылыми педа-
гогика ҒЗИ кəсіби педагогикалық бөлімі, сонымен қатар, көптеген
жоғары оқу орындарының кабинеттері, зертханалары аса маңызды
рөл атқарды. Осы кезеңде кəсіптік білім проблемалары кеңінен
көрініс тапқан «Жұмысшы мектебінің өмірі», «Жұмысшы білімі»,
«Өнеркəсіп кадрлары үшін» жəне т.б. журналдар шығарылды.
Сол кезеңдегі педагогтарда кəсіби педагогиканың тек жалпы
педагогиканың ғана емес, техника мен технология принциптеріне
сүйенетіндігі туралы пікір қалыптаса бастады
1920-шы жылдардың аяғында Ресейде кəсіптік білімнің келесі
жүйесі орнықты:
- кəсіби мектептер, фабрикалық-зауыт мектептері,
I саты
мектептерінің (бастауыш мектеп) базасында құрылған оқу-өндірістік
шеберханалар;
- жеті жылдық мектептер базасында құрылған индустриалдық,
ауылшаруашылық, педагогикалық жəне басқа да техникумдар;
- тоғыз, он жылдық мектептер базасында құрылған жоғары оқу
орындары.
1930-жылдың орта шенінен бастап қалыптасу үстіндегі инду-
стрия жұмысшы күшін күрт талап етуіне байланысты, кəсіби пе-
дагогика саласындағы теориялық зерттеулер тежеле бастады жəне
жұмысшыларды тікелей өндірісте қысқа мерзімде даярлау формасы-
на ойысты.
Кəсіптік білімнің дамуының жаңа кезеңі 1950-ші жылдары қолға
алынды. «Мектептің өмірмен байланысын нығайту жəне КСРО
халыққа білім беру жүйесін əрі қарай дамыту туралы» Заңның
қабылдануына байланысты, кəсіби техникумдар қайтадан білім
берудің жалпы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде саналды. Жалпы
білім беретін мектептерде көпшілік кəсіптер бойынша бастапқы
кəсіптік білім беру жүзеге асырыла бастады. Мұндай шаралар