Оқулық Алматы, 012 Əож 37. Кжб 74. 00 Д 87



жүктеу 1,71 Mb.
Pdf просмотр
бет7/105
Дата20.11.2018
өлшемі1,71 Mb.
#22203
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105

20
гогика  ғылымдарының  жүйесі,  педагогикалық  пəндердің  жалпы 
жəне ерекшелік міндеттері, педагогиканың анықтамалық-терминдік 
жүйесі жатады. Осы айтылған аспектілерді жасау «білетін» туралы 
білім береді. Осылайша, педагогикалық құбылыстарды тану үдерісін 
зерттеудің  өзінде  оның  принциптері,  заңдылықтары,  əдістері, 
болашағы туралы, яғни «таным» туралы білімдер жинақталады.
Н. Д. Хмель педагогикалық əдіснаманың мəнін оның əдіс туралы 
ғылым екендігіне жəне философиялық қағидаларды тікелей ғылыми 
зерттеулерде қолдануына байланысты, сонымен бірге, арнайы зерт-
теу əдістерін жасауға арналған ғылыми пəн ретінде түсіндіреді
1
.
Ф. Ф. Королевтың пайымдауынша, педагогикалық əдіснаманың 
пəні  педагогикалық  құбылыстарды  зерттеу  үдерісі  жəне  оның 
нəтижесі – педагогикалық білімдер жүйесі болып табылады
2
.
Яғни, 
педагогиканың 
əдіснамасы 
дегенге 
кез-келген 
педагогикалық  проблеманы  зерттеуде  негіз  бола  алатын  бастапқы 
жалпы ұстанымдық қағидаларды жатқызамыз. Қайсыбір ғылым са-
ласы болмасын, түрлі құбылыстарды зерттеуде жалпы жəне өзіндік 
сипатына қарай ерекше ережелерге сүйенеді.
Кəсіби педагогиканың əдіснамалық білімдер жүйесіндегі орнын 
анықтау  үшін  əдіснаманың  бірнеше  деңгейлері  бар  екендігін  еске-
руге тиіспіз (П. И. Пидкасистый). Бұл деңгейлерді былайша жүйе-
леуге болады:
Бірінші  деңгей – философиялық  білімдер.  Əдіснаманың 
философиялық деңгейінің мазмұнын танымның жалпы принциптері 
жəне  ғылымның  тұтастай  алғандағы  категориялық  аппараты 
құрайды. Бұл деңгейде əдіснамалық функцияларды философиялық 
білімнің бүткіл жүйесі атқарады.
Екінші  деңгей – жалпығылыми  əдіснама  (жүйелік  тұрғы, 
іс-əрекеттік  тұрғы,  түрлі  типтегі  зерттеулердің  сипаттамасы: 
зерттеудің болжамы, объектісі, пəні, мақсаты, міндеттері жəне т.б.). 
Жалпығылыми əдіснама барлығы дерлік немесе ғылыми пəндердің 
көпшілігінде қолданылатын теориялық қағидалар болып табылады.
Үшінші  деңгей – нақты  ғылыми  əдіснама  белгілі  бір  арнайы 
ғылыми  пəнде  қолданылатын  əдістердің,  зерттеу  принциптерінің 
жиынтығы мен тəртібі.
1
Хмель Н. Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя.-Алматы:Ғылым, 
1998.-320 с. С.16.
2
Королев Ф. Ф. Сиситемный подход и возможности его в применения впедагогических иссле-
дованиях //Советская педагогика, 1970, №9. С.27-34..


21
Төртінші деңгей – технологиялық əдіснама зерттеудің əдістері 
мен  техникасының,  яғни  алынған  эмпирикалық  материалдардың 
жəне  оны  алғашқы  өңдемелеудің  дəйектілігін  қамтамасыз  ететін 
рəсімдер жиынтығы.
Кəсіби педагогиканың əдіснамалық деңгейлері өзара байланыста 
болады. Бұл ретте философиялық деңгей жалпыға бірдей əдіснама 
жəне қандай да бір əдіснамалық білімнің мазмұндық негізін құрайды.
Жоғарыда  айтылғандардың  барлығының  педагогика  ғылымы-
ның  дербес  саласы  ретіндегі,  кəсіби  педагогикаға  тікелей  қатысы 
бар.  Болашақ  кəсіптік  білім  оқытушыны  əдіснамалық  білімдермен 
қаруландыру оның əдіснамалық мəдениетін қалыптастыруды талап 
етеді. Яғни, оқытушы өз пəнін жетік білумен бірге, өзінің ғылыми 
іс-əрекетін талдау, белгілі бір тұжырымдамаларды жəне танымның 
формасы  мен  əдістерін  шығармашылықпен  қолдана  білу,  оны 
ғылыми тұрғыдан негіздеу, сыни тұрғыдан таразылау іскерліктерін 
меңгеруі тиіс.
1.2. Кəсіби педагогикадағы зерттеу əдістері
Кəсіби  педагогика  əдіснамасының  технологиялық  деңгейі 
зерттеудің əдістемесі мен техникасын құрайды.
Кəсіби  педагогикалық  зерттеу  дегенді  кəсіптік  білім  берудің 
заңдылықтары, оның құрылымы, мазмұны, принциптері мен техно-
логиялары  жөнінде  жаңа  білімдерді  алуға  бағытталған  ғылыми  іс-
əрекеттің үдерісі жəне нəтижесі ретінде түсінеміз.
Педагогикалық  зерттеулер  өзінің  бағыттылығы  мен  соңғы  нə-
тижесіне қарай іргелі, қолданбалы жəне өңдемелер  сияқты түрлер-
ге бөлінеді.
Іргелі  зерттеулердің  педагогиканың  теориялық  жəне  практика-
лық  қорытындыларға  жеткізетін  немесе    болжамдық  негізде  пе-
дагогикалық  жүйелердің  дамуының  үлгісін  ұсынатын  жинақтау 
тұжырымдамалары.
Қолданбалы  зерттеулер  педагогикалық  үдерістің  жекелеген 
жақтарын тереңдете зерделеуге бағытталған жұмыстар.
  Өңдемелік  зерттеулер  бұған  дейін  белгілі  болған  қағидаларды 
есепке  алу  негізінде  нақты  практикалық  ұсыныстарды  негіздеуге 
бағытталады.
Кез-келген  педагогикалық  зерттеулер  екі  бөлімнен  тұратын 
арнайы  бағдарлама  негізінде  жүзеге  асырылады:  əдіснамалық 
жəне  процедуралық  (рəсімдеу).  Əдіснамалық  деңгейінде  тақырып 


22
таңдау,  оның  көкейкестілігіне  негіздеме  беру,  ғылыми  пробле-
маны  қалыптастыру,  зерттеу  объектісі  мен  пəнін  анықтау,  негізгі 
категорияларды  (категориялық  аппарат)  қалыптастыру,  зерттеу 
объектісін  алдын-ала  шамалап  жүйелі  талдау,  жұмыс  болжамын 
ұсыну,  зерттеу  əдістерін  жəне  базасын  негіздеу.  Екінші  бөлімінде 
зерттеудің    стратегиялық  жоспарын  анықтау  жəне  қалыптастыру 
эксперименттерінің  жоспарын  жəне  əдістемесін  өңдемелеу  көрініс 
алады.
Қазақстанның кəсіптік оқыту оқытушысын даярлайтын жоғары 
оқу  орындарындағы  білім  алу  үдерісінде  студенттер  реферат, 
ғылыми  баяндама,  курстық  жұмыс,  диплом  жұмысы  сияқты 
түрлі  формалардағы  ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  орындайды. 
Солардың  ішінде  5В012000 – «Кəсіптік  оқыту»  мамандығының 
бітірушілері Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті 
білім  беру  стандарты  талаптары  бойынша  орындайтын  диплом 
жұмысы болашақ кəсіптік оқыту оқытушысының ең күрделі кəсіби-
педагогикалық зерттеу жұмысының қорытындысы болып табылады.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі екі бөлімнен, 
қорытындыдан,  əдебиеттер  тізімінен  тұрады.  Диплом  жұмысының 
мазмұнын кеңірек ашу мақсатында қосымшалар беріледі.
Кіріспе  бөлімінде  зерттеудің  көкейкестілігі,  мақсаты,  объектісі, 
пəні,  міндеттері,  болжамы,  əдіснамалық  негіздері,  əдістері  мен 
негізгі кезеңдері беріледі, ғылыми жаңалығы мен практикалық мəні 
баяндалады.
Бірінші теориялық бөлімінде тақырыптың мəні, зерттелу бары-
сы мазмұндалады. Осы ретте, бітіруші ғалым-педагогтардың пікір-
көзқарастарына сəйкес, мектептегі педагогикалық тəжірибе жағдайы 
бойынша өз тұжырымы мен пайымдауларын ұсынып отырғаны жөн.
Екінші  бөлімінде  зерттеу  мақсаты  мен  міндеттерін  жүзеге 
асырудың  жолдары,  жұмыс  формалары,  мазмұны,  əдіс-тəсілдері 
қарастырылады,  практикалық  ұсыныстар  беріледі.  Олардың 
тиімділігін  анықтау  мақсатында  ұйымдастырылған  тəжірибелік-
эксперимент жұмысы жүргізіледі жəне алынған нəтижелерге талдау 
жасалынады.
Қорытындыда  зерттеу  жұмысында  қарастырылған  нəтижелері 
бойынша ұсыныстар беріледі.
Болашақ  ғылыми  ізденістің  тақырыбын  таңдау  кезінде  соған 
сəйкес  ғылыми  əдебиеттерді  талдау,  проблема  бойынша  озық 
педагогикалық  тəжірибе  жинақтау  сияқты  дайындық  жұмыстары 


жүктеу 1,71 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   105




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау