19
3. Негізгі терминдерді жазып, олардың анықтамаларын
табыңыздар.
4. Ақпарат сипатына қарай мəтінді оқығанда белгілер жасаңыздар
(бұрыннан таныс, бұрын таныс емес болатын, келіспейтін, келісетін, өз
пікіріңізді айтқыңыз келетін жəне басқа).
5. Т. М. Баймолдаев ҚР білім беруінің заманауи жүйесінде
менеджментті дамыту қажеттілігіне негіздеген алғышарттарға бірқатар
əлеуметтік-экономикалық жəне саяси жағдайларды жатқызды:
– мемлекеттік құрылым түрі түбегейлі өзгерді. Қазақстан дербес,
өзінің басқару түрімен тəуелсіз мемлекет болды;
– меншік қатынастары өзгерді, осының салдарынан нарықтық
экономика əр адамды өзінің қызмет шекаралары туралы ойлауға
мəжбүрлейді, субъекттік қасиеттердің көріністерін ынталандырылды;
– ЖОО-да басқарушы мамандықтарының ашылуының арқасында
басқарушы кадрларының теориялық даярлық деңгейі едəуір өзгерді;
– шетел фирмаларымен тығыз байланыстар ынталандырылды [76,
б.12-13].
– Сіздің ойыңызша, заманауи педагогикалық менеджменттің
ерекшеліктері алғышарттың қайсысына негізделген?
Мемлекеттік қоғамның негізгі идеясы неде?
Білім беру мекемелерінің қызметін реттейтін негізгі нормативтік-
құқықтық құжаттарды атап шығыңыз.
1.2. Менеджмент жəне педагогикалық менеджмент,
негізгі түсініктері
«Менеджмент» терминінің анықтамасын көптеген авторлар
А. Мескон, М. Альберт, Ф. Хедоури өз тұжырымдамаларында былай-
ша береді: менеджмент – бұл басқа адамдардың еңбегін, ой өрісін,
тəртіп уəждерін қолдана отырып, алға қойылған мақсаттарға жете білу
ептілігі [7].
«Менеджмент» түсінігінің мазмұны əр алуан, терең жəне келесі
аспектілерде қарастырылуы мүмкін [25]:
– басқару туралы ғылым, ұйым мақсаттарының ең тиімді
жетістіктеріне ықпал ететін жаңа көзқарастардың, əдістердің,
технологиялардың ғылыми ізденісі аясында іске асады;
– белгілі нəтижелерді, кəсіпкерлік қызмет барысында пайда алуға
бағытталған фирмамен тəжірибелік басқару ретінде;
– үрдіс ретінде, яғни бөлек əрекет немесе операция емес, бірақ ұзақ,
кезеңдік қызмет;
20
– өзіне белгілі жиынтықты, фирма бөлімшелерінің, сондай-
ақ басқару субъектілерінің құрылымын енгізетін басқару ұйымы
ретінде. (Жалпы айтқанда, менеджмент бойынша əдебиетте басқару
субъектілері деп тек басқарушы қызметтерін атқаратын адамдар ғана
емес, басқарушы құрылымдар да танылады);
– басқару аппаратының əртүрлі деңгейлері ретінде. Басқару
проблемалары бойынша əдебиетте ғана емес, басқарудың жоғары
деңгейін, жоғары басшылықты белгілейтін «топ-менеджмент» де-
ген термин кеңінен таралды. (Мекемелердің штаттық кестелерінде
қазір кеңсе-менеджерлері, яғни хатшылар; жайлылық бойынша
менеджерлер, яғни тазалаушылардың лауазымдарын кездестіруге
болатынын атап кету керек. Осылай шетел терминдерін дұрыс ор-
нымен пайдаланылмауы олардың бастапқы мазмұнының жоғалуына
əкеп соғады);
– нарықтың басқару тұжырымдамасы ретінде жəне басқалары.
Менеджмент түсінігі ұзақ уақыт бойы тек негізгі мақсаты пай-
да табу болып табылатын ұйымдарға қатысты пайдаланып келгені
белгілі. Мысалы, И. Н. Герчикованың оқулығында «менеджмент
дегеніміз – нарық жағдайында қызмет атқаратын фирманың кез кел-
ген шаруашылық қызмет барысында менеджменттің экономикалық
механизмінің ұстанымдарын, функцияларын жəне əдістерін пай-
далана отырып, материалдық жəне еңбек қорларын тиімді пай-
далану жолымен белгілі бір алға қойған мақсаттарға жетуге
бағытталған, кəсіби жүзеге асырылатын қызметтің дербес түрі» деп
тұжырымдалады [25, б.16].
Автордың пікірі бойынша, менеджмент дегеніміз – нарық, нарық-
тық экономика жағдайындағы басқару, оған келесілер қажет:
– фирманың нарық сұранысы мен қажеттіліктеріне, нақты
тұтынушылардың талаптарына бағдарлануы жəне сұранысқа ие бола-
тын жəне фирмаға жоспарланып отырған пайда түсіретін өнім түрлерін
өндіруді ұйымдастыру;
– өндіріс тиімділігін арттыруға үнемі талпыну: шығындарын азай-
тып, оңтайлы нəтиже алу;
– фирманың немесе оның бөлімшелері қызметінің соңғы
нəтижелеріне жауапкершілік артатын тұлғаларға еркін шешімдер
қабылдауды қамтамасыз ететін шаруашылық дербестік;
– нарық жағдайына қарай мақсаттар мен бағдарламаларды үнемі
түзетіп отыру;
– айырбастау үдерісінде фирма қызметінің немесе оның
шаруашылық дербес бөлімшелерінің қызметінің нарықтағы соңғы
нəтижесін табу;
21
– негізделген жəне оңтайлы шешімдерді қабылдау барысында көп
нұсқалық есептеулер жасау үшін компьютерлік техникасы бар зама-
науи ақпараттық базаны пайдалану қажеттілігі.
Осының нəтижесінде автор «менеджмент» атқаратын қызмет си-
патына қарамастан, өз қызметін пайда түсіру (кəсіпкерлік табыс)
мақсатында жүзеге асыратын фирмалар мен кəсіпорындарға ғана
қатысты деп қорытынды жасайды [25, б.21]. «Менеджмент» жəне
«басқару» терминдерін салыстыра отырып, И. Н. Герчикова басқару
ұғымының аясы өз мазмұнына қарай неғұрлым кеңірек, себебі
адам қызметінің əртүрлі салаларына, қызметтің əртүрлі аяларына,
басқарудың əртүрлі органдарына байланысты пайдаланылады, ал «ме-
неджмент» түсінігі тек нарық жағдайындағы əлеуметтік-экономикалық
үдерістерді басқаруға қатысты деп көрсетеді.
Ұзақ уақыт бойы педагогикалық теория мен тəжірибеде, басқару
жас ұрпақты оқыту жəне тəрбиелеу үрдісінің оңтайлы əлеуметтік-
экономикалық жəне ұйымдастыру-педагогикалық қызмет атқаруын
қамтамасыз ету үшін, оның барлық буындарына түрлі деңгейдегі
басқару субъектілерінің жүйелі, жоспарлы, саналы жəне мақсатты
түрде əсер етуі деп түсіндірілген болатын (М. И. Кондаков, П. В. Худо-
минский жəне т.б.). Ю. В. Васильев педагогикалық басқарудың мəнін
түсіндіргенде ол қоғамның талаптары мен мақсаттарын есепке ала оты-
рып жүзеге асырылады жəне педагогикалық ғылым анықтайтын өз
нысандары, үрдістер мен заңдылықтар сипатымен басқарудың басқа
түрлерінен бөлек деп көрсеткен.
Басқарудың тұрақтылығы мен объект-объектік сипаты ХХ ғасырдың
50-60 жылдарында өзгерістерге ұшырай бастады. Басқарудың мəні тек
оңтайлы жұмыс атқару, тұрақтандыруды ұстап отыру ғана емес, соны-
мен қатар ұйым қызметі мен оның қызметкерлерінің қызметін сандық
жəне сапалық жағынан жетілдіру деп ұғындырылды. Педагогикада
гуманистік парадигмалардың, субъектілік көзқарастың күшеюі тек оқыту
мен тəрбиелеудің теориясы мен тəжірибесіне ғана емес, сонымен қатар
білім беру мекемесін басқаруға өзгерістер енгізді. Оқыту мен тəрбиелеу
үдерістерінің анықтамаларында да, басқару үдерісін анықтағанда да
негізгі түсінік ретінде «өзара əрекет» пайдаланыла бастады, ол білім беру
үдерісінің барлық қатысушыларының белсенді субъективтік ұстанымын
білдірді. Басқару – жүйенің оңтайлы жұмыс істеуі жəне оны қоғамның
əлеуметтік тапсырысына сəйкес келетін сапалық тұрғыдан жаңа
қалпына ауыстыруды қамтамасыз етуге бағытталған субъектілердің
мақсатты түрде белсенді өзара əрекет етуі (К. Я. Вазинаның,
Ю. А. Конаржевскийдің, М. М. Поташниктің, П. И. Третьяковтың,
Н. Д. Хмельдің, Т. И. Шамованың жəне т.б. жұмыстарынан).
Достарыңызбен бөлісу: |