«Үздік сынып жетекші-2012»
аудандық байқауды өткізудің ережесі
1.Жалпы ережелері
1. «Үздік сынып жетекші-2012» аудандық байқауы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және 2006-2011 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде өткізіледі.
1. Байқаудың мақсаты:
Байқау қазіргі қоғамдағы тәрбиенің рөлін арттыру, жалпы орта білім беру жүйесіндегі тәрбие үрдісін жетілдіру, тәрбие субьектілерінің құзырлығын дамыту мақсатында ұйымдастырылады.
2. Байқаудың міндеттері:
-ізгі, толерантты ахуал туғыза білетін кәсіби деңгейі жоғары, шығармашыл және талантты тұлғаны анықтау;
-сыныптың тәрбиелік тәжірибесін басқару субьектісі ретінде сынып жетекшілерінің шығармашылық зертханасын айқындау арқылы тәрбие жүйесінде озат педагогикалық тәжірибені насихаттау және тарату;
-тәрбие беделін, әлеуметтік және адамгершілік маңызын арттыру, қоғамдық құндылығын таныту;
-оның қазіргі кезеңдегі білім беру саласындағы мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының тәрбие саласындағы кәсіби шығармашылық мүдделерін жүзеге асыруға, өзін- өзі дамытуға,өзін-өзі іске асыруға, әр қырынан өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерін қанағаттандыру және кәсіби қарым-қатынас ауқымын кеңейту;
-тәрбие жүйесінде инновациялық және шығармашылық идеяларды ашу.
3.Байқауға қатысушылар:
Байқауға ауданның жалпы білім беретін мектептерінің сынып жетекшілері қатыса алады.
4. Байқауды өткізу тәртібі мен мерзімі:
4.1. Байқау екі кезеңде өтеді.
Бірінші кезең аудандық байқауға қатысушыны анықтау үшін мектепте өткізіледі.
Екінші кезең-аудандық байқау. Өтілетін орны-Б.Бейсекбаев атындағы орта мектеп.
4.2.Екінші кезеңнің өту мерзімі-3-4 сәуір 2012 жыл
5. Байқаудың мазмұны:
5.1. Байқау барысында мектептердегі шығармашылықпен жұмыс істейтін сынып жетекшілері анықталады.
5.2.Байқау кезеңдерінде қазылар үміткердің деңгейін төмендегі бағыттар бойынша бағалайды;
-сынып жетекшісі жұмысының жүйесі, тәрбиелеу және дамыту жұмыстарындағы технологиялар;
-жеке тұлғалық қасиеттері /шығармашылығы, ерік-жігері, интуиция, ұйымдастырушылық қабілеті, қарым-қатынас жасау қабілеті, өзіндік белсенділігі/.
5.3.Қатысушының педагогикалық қасиетінің тиімділігі мен нәтижелілігін төмендегі көрсеткіштер бойынша анықталады;
-педагогикалық, психологиялық және жалпы дидактикалық білімі/тест бойынша/
-тәрбие жұмысының әдістемесі және тәрбие теориясы бойынша білімі/тест арқылы/
-тәрбие жүйесінің моделін құру жөніндегі жұмысы/стенд, бейнеролик/
-сынып сабақтарының сапасы; сыныптан тыс іс-шаралар, олардың қазіргі талапқа сай болуы/сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар/
-пән бойынша сыныптан жұмысының деңгейі мен сапасы/сабақ/
- адамгершілік-әдептілік сапалары, педагогикалық такт;
-жалпы мәдениеті мен білгірлігі, педагогикалық дүниетанымы/ сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар/
-шешендік өнері, сөйлеу және жұртшылық алдында өзін-өзі ұстау мәдениеті/сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар/
6. Аудандық байқау төмендегі ретпен өтеді:
-педагогикалық, психологиялық және жалпы дидактикалық, тәрбие жұмысы әдістемесі мен тәрбие теориясы бойынша білімін тест арқылы анықтау-30 мин.
-мұғалімнің тәрбие жұмысы жүйесінің моделін ашатын бейнеролик/қатысушының іс-тәжірибесі арқылы/-10 мин( сырттай талданады).
-Байқауға қатысушылардың визит картасы ( өзінің тәрбие жұмысындағы шығармашылық ізденісі, жаңалығы, қол жеткізген нәтиже көрсеткіші) слайд -5 минут
-Мұғалімнің тәрбие жүйесін ашатын модель-5 минут
-Эссе-шығармашылық жұмысы: «Өзім және уақыт туралы ойлар», «Қазіргі сынып жетекшісі қандай?»-5 минут
-Мұғалімнің авторлық бағдарламасы(өз еркі (сырттай талданады)
-Жаңа үлгідегі инноватикалық жұмыстарының жинағы ( сырттай талданады)
7. Аудандық ұйымдастыру комитетіне құжаттарды ұсыну тәртібі:
7.1.Байқауға қатысу үшін аудандық ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар ұсынылады. (ұсынылатын уақыты: 23 наурыз 2012)
- байқаудың ұйымдастыру комитетіне сынып жетекшінің жеке өтініші ( аты-жөні толығымен, пед.өтілі , қай сыныпқа сынып жетекші)
-білім мекемесі басшысының қолы кәсіби және жеке тұлғалық қасиеттері туралы жазылған мінездеме.
-мектептің тәрбие жұмысы жүйесінің моделін ашатын бейнеролик /қатысушының іс-тәжірибесі арқылы/ -10 мин
-Мұғалімнің авторлық бағдарламасы (өз еркімен) (сырттай талданады)
-Жаңа үлгідегі инноватикалық жұмыстарының жинағы ( сырттай талданады)
( Сырттай талданатын құжаттарды аталған мерзімнен кешіктірмеуіңізді сұраймыз)
8. Байқау жеңімпаздарын марапаттау
Байқау сынақтары нәтижесінде қазылар алқасы бірінші, екінші,үшінші орын алған жеңімпаздарды анықтайды.
Ескерту:
Байқаудың шарттары бойынша орындалатын тапсырманың бәрі қағаз және дискте болуы керек.
Қатысушының төс белгісі ( бейджик) міндетті түрде болуы тиіс.
Өткізілетін шаралар төмендегі бағыттар бойынша бағаланады;
-тәрбие жүйесінің жеке-даралығы, өзіндік ерекшілігі
-білім беру мекемелерінде тәрбие жүйесін құру барысында білім берудің мүмкіншіліктерін тиімді пайдалану (кадрлар, оқу-материалдық базалар, әлеуметтік ортасы.б)
-модельдің ғылыми негізділігі
-модельді құру кезінде озық және жаңашыл тәжірибені тиімді қолдануы
Ескерту: Белгіленген мерзім өткен соң, сұраныс қабылданбайды.
Әдістемелік кабинет. Ұйымдастыру комитеті.
Достарыңызбен бөлісу: |