Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет16/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78

49
– басқарушы қызмет пен ағымдық жоспарлау жəне т.б.
Білім беру жүйесін басқару функцияларының жіктелуі А. М. Нови-
ковпен əзірленген [67]. Білім беру жүйесінің барлық функцияларын ол 
өзара байланысты екі түрге бөледі:
1. Халыққа білім беру қызметтерін көрсететін сыртқы, негізгі түрі;
2. Оның үздіксіздігін жəне дамуын қамтамасыз ететін ішкі, қосалқы 
түрі.
Ол басқарудың негізгі функцияларын білім беру жүйесін 
жаңғыртудың негізгі қағидаттарына байланысты бөледі. Осы 
қағидаттар:
– (білім) сапасын, 
– (білімнің) қолжетімділігін, 
– (білім беру жүйесінің) тиімділігін арттыруды көздейді.
Басқару жүйесіне қатысты жалпы біріктіру, жүйе құрушы рөлін 
атқаратын барлық деңгейдегі білім берумен басқару органдарының 
негізгі, басты функцияларына
 сəйкес келесілер аталған:
1. сапамен басқару;
2. қолжетімділікпен басқару;
3. тиімділікпен басқару.
А. М. Новиков білім берудің сапасымен, қолжетімділігімен жəне 
тиімділігімен басқару басқарудың барлық басқа функционалдық ішкі 
жүйелерінен (басқарудың дəстүрлі түсінігінен айрықшаланғанда) 
тек басқарушылар ғана емес, білім үдерісінің барлық қатысушылары 
– мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар да қатысатындығымен едəуір 
ерекшеленетінін көрсетеді. Оның əрқайсысы өз орнында жəне өз 
қаражаттарымен білім беру сапасының, қолжетімділігінің жəне 
тиімділігінің талап етілетін жəне күтілетін деңгейіне кепілдік беруге тиіс.
Онымен басқарудың қосымша (қамтамасыз ететін) функциялары 
уəждеу, кадрлық, ғылыми-əдістемелік, қаржы, материалдық-техникалық, 
ұйымдастырушылық, нормативтік-құқықтық, ақпараттық қамтамасыз 
ету сияқты білім беру жүйелерінің ресурстық қамтамасыз ету логика-
сында құрылымдалған. Біздің көзқарасымыз бойынша, басқару мен 
қамтамасыз етуді теңдестіру дұрыс емес жəне де ол басқарушы қызмет 
пен басқару функцияларының ерекшелігін анықтауға ықпал етпейді. 
Мысалы, осы жұмыста автор басқару мəселелері жөніндегі əдебиетте 
базалық ретінде қарастырылатын функцияларға қатысты «басқару 
механизмдері» жəне «басқару кезеңдері» терминдерін қолданады. 
Бұл басқарудың кейбір құраушыларының көпмағыналы түсіндірілуіне 
əкеп соғады, яғни ресурстық қамтамасыз ету: 1) қосымша (қамтамасыз 
ететін) функция, 2) басқару механизмі (əрі қарай қараңыз), 3) басқару 
кезеңі деп түсіндіріледі.
4–7420


50
Ол білім берудің басқару модельдерін жаңғырту кезінде (көптеген 
«іс-шараларды») жоспарлау жəне бəрін бақылау сияқты басқарудың екі 
механизмін дəстүрлі пайдаланудан механизмдердің толық жиынтығына 
(цикліне) ауысуы маңызды екендігін көрсетеді. Бұл механизмдердің 
қатарына мыналарды жатқызады:
– басқарылатын білім беру жүйесінің бастапқы күйін «есеп жүргізу 
нүктесін» анықтау үшін қажетті ағымдағы жағдайын талдау, оған 
қатысты жүйенің дамуына басқарушы əсер етулер немесе əсер етпеу-
лер бағаланады;
– білім беру жүйесі тəртібінің динамикасы қалай болаты-
ны, ол «идеалды жағдайдан» қаншалықты алшақтанатыны неме-
се жақындатылатыны жөнінде айтуға мүмкіндік беретін білім беру 
жүйесінің дамуын болжау;
– мақсат қою, яғни дамудың жалпы мақсаттарын, сондай-ақ білім 
беру жүйесінің оның даму мақсаттарына қазіргі жəне/немесе келешек 
жағдайына сəйкестігін көрсететін тиімділік межелерін қалыптастыру;
– кезеңдегі немесе болжанатын жағдайларда қойылған мақсаттарға 
жетуге немесе барынша жақындауға мүмкіндік беретін əрекеттердің, 
іс-шаралардың жəне басқа даму міндеттерінің жиынтығын анықтау 
жүргізілетін жоспарлау;
– жоспарлау нəтижесінде уəждеу, қаржы, кадрлық, ақпараттық жəне 
басқа ресурстарды енгізетін іс-шаралар жиынтығымен анықталған ре-
сурстармен қамтамасыз ету;
– білім беру жүйесінің дамуына бақылау жүргізу, ол жоспарға сəйкес 
қолданылатын басқарушы əсер етулермен туындалған өзгертулерге, 
сондай-ақ жоспардан ауытқуларды анықтауға үнемі мониторинг өткізу 
арқылы жүзеге асырылады. Даму міндеттерін шешу барысы туралы 
жаңа ақпарат (бақылау функцияларын жүргізу нəтижесінде алынған) 
түскен сайын түзетуші əсер етулерін енгізу қажет болу мүмкін, бұл же-
дел басқарудың мəнін құрайды;
– жүргізілген өзгертулерді талдау - білім беру жүйесімен əрі қарай 
басқарудың стратегиясы мен тактикасын əзірлегенде қолданылуға тиіс 
даму тəжірибесін жалпылау.
Менеджмент функцияларын жіктеуге деген əртүрлі көзқарастарды 
зерделеу функциялардың 2 тобын бөлуге мүмкіндік береді: негізгі жəне 
қосалқы. Негізгі функцияларға келесілер жатады:
1. жоспарлау
2. ұйымдастыру
3. уəждеу
4. бақылау. Бақылау нəтижесінде алынған деректердің негізінде 
технологиялық үдерістердің 
түзетілуі жүргізіледі.


51
Қосалқы функцияларды тобына келесілер енеді:
5. шешімдерді қабылдау функциясы,
6. ақпарат жəне байланыс функциясы.
Функциялардың қатаң жəне бір мағыналы бөлінуі тек абстрактілік 
деңгейде мəселені теориялық тұрғыдан қарастырғанда ғана мүмкін 
екені даусыз. Басқарудың тұтас үдерісінде менеджмент тəжірибесінде 
осы функциялар тығыз алмасуда. Сонымен, мысалы, қызметкерлердің 
еңбегін ұйымдастыру функция ретінде қызметкерлердің еңбек 
қызметін атқаруға уəждеуін бір уақытта жүргізуін жəне осы бақылау 
нəтижелерінің негізінде шешімді қабылдауын көздейді.
Г. Я. Гольдштейн [26] МемлСТ 24525.0-80 «Өндірістік бірлестікпен 
жəне өнеркəсіптік кəсіпорынмен басқару» сəйкес басқарудың кезеңдері 
(сатылары) бойынша жалпы функциялармен қатар, қызмет аясын-
да айқындалатын нақты функциялар да анықталатынын көрсетеді. 
МемлСТ олардың типтік құрамын ұсынады:
– өндірісті ұйымдастыру;
– технологиялық үдерістермен басқару;
– метрологиялық қамтамасыз ету;
– технологиялық бақылау жəне сынақтар;
– өнімді өткізу;
– кадрлармен жұмысты ұйымдастыру;
– еңбек жəне еңбекақыны ұйымдастыру;
– материалдық-техникалық жабдықтау;
– қаржы қызметі жəне басқалары.
Білім беру мекемесімен басқаруда жоғарыда көрсетілген 6 функ-
ция осы басқару жүргізілетін қызмет саласына байланысты айқындалу 
мүмкін: оқу жəне тəрбие үдерістері, əдістемелік жұмыс жəне 
педагогтардың біліктілігін арттыру, тəжірибелік-эксперименталдық 
/ ғылыми-зерттеу жұмысы, білім беру мекемесінің материалдық-
техникалық базасын құру жəне бекіту, т.б. Менеджменттің негізгі жəне 
қосалқы функцияларының мəнін қарастырамыз.
1.4.1. Жоспарлау
Жоспарлау мағынасы бойынша өнімді əрекет ету мүмкіндіктерінің 
мақсатты ізденісінде, сондай-ақ берілген жағдайларда осы əрекеттердің 
салдарын анықтауда болады. Бірақ осы мүмкіндіктердің ізденісі 
алдыңғы кезеңдегі жұмыстың терең, жан-жақты жəне ойластырылма-
ған талдауына, қол жеткізгенді жəне жеткізе алмағанды анықтауына 
негізделгенде ғана тиімді болады.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау