Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет15/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78

46
барлық қатысушылары үшін тəсілдерді, керек-жарақты қамтамасыз 
ету, осы қажеттіліктерді қанағаттандыру» [104, 23 б.].
Жоспарлы-болжамдық функциясы
 - болжау мен идеалды 
жəне нақты мақсаттардың оңтайлы таңдауына, оларға қол жеткізу 
бағдарламаларын əзірлеуге бағытталған қызмет ретінде жоспарлау 
да кіреді.
  Жоспарлы-болжамдық функциясының жетілуі мектептің 
өзекті («айқайлап тұрған») мəселелерін шешуге бағытталған кешендік-
мақсаттық жоспарлауды енгізуімен байланысты.
Ұйымдастырушылық-атқарушы функция
 – білім беру мекемесінің 
жұмыс сапасына тікелей əсер ететін ерекше кезең.
Жоспарланғанды жүзеге асыру үшін көзделгенді атқаратын адам-
дарды белгілеу, яғни басқару субъектілерін атау, əр субъект нені атқару 
керектігін тұжырымдау қажет, басқалай айтқанда, оның функционал-
дық міндеттерін анықтау керек. 
Автор осы функцияның жүзеге асыруының тиміділігін арттыруы-
ның негізгі бағыттарына келесілерді жатқызады:
– қызметті ұйымдастыруға жеке-бағдарлық көзқарастарды жүзеге 
асыру; 
– мектеп басшыларымен жəне педагогикалық ұжым мүшелерімен 
басқару аппаратының ішінде функционалдық міндеттерді ғылыми 
жəне тəжірибелік негіздемелік бөлу;
– еңбекті тиімді ұйымдастыру;
– мектепішілік басқарудың қатыстық автономдық жүйелерін 
қалыптастыру.
Бақылау-диагностикалық функция немесе мектепішілік бақылау 
– «диагностикалық негізде мектептің оқу-тəрбие жұмысының 
бүкіл жүйесінің қызмет етуі мен дамуының жалпы мемлекеттік 
талаптарға (нормативтерге) сəйкестігін анықтау бойынша қоғамдық 
ұйымдардың өкілдерімен бірге басшылардың қызмет түрі» [104, 25 
б.].
Мектепішілік басқарудың бақылау-диагностикалық функциясы 
дербес жағдайларында, мектепке көптеген құқықтар мен өкілеттілік-
терді бергенде, демек оның жауапкершілігін арттырғанда мұғалім мен 
оқушының қызметін ынталандыру мақсаттарында бұрынғыдан да 
айрықша орын алуға тиіс.
Бірінші тараптан, мектеп дамытушы жəне дамушы жүйе ретінде, 
үнемі мектепішілік бақылауды (өзіндік бақылауды) жүргізеді, 
бірақ, екінші тараптан, оқушылардың білімдерінің, ептіліктерінің, 
дағдыларының жəне тəрбиелілік деңгейінің бірыңғай мемлекеттік 
базистік деңгейін қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік-қоғамдық 
сараптамаға да жатқызылады.


47
Реттеу-түзету функциясы
,  яғни педагогикалық жүйені басқару 
үрдісінде бағдарланған деңгейде қолдау үшін жедел тəсілдер, құралдар 
мен əсер етулердің көмегімен түзетулерді енгізу жөніндегі қызмет. 
Реттеудің нақты нысаналары мен түрлері əр алуан жəне ең бас-
тысы, басқарылатын нысанның ерекшелігімен анықталады.
Сонымен, басқарудың барлық функцияларын басқарылатын 
нысанға ықпал етумен байланысты басқарушы еңбек түрлері ретінде 
елестетуге болады.
П. И. Третьяков осы функциялардың əрқайсысы кез келген ұйым 
үшін маңызды екендігін көрсетеді, сонымен бірге, жоспарлау (болжау 
мен бағдарламалау) басқару функциясы ретінде басқа функциялар үшін 
негізді қамтамасыз етеді жəне негізгі деп саналады, ал қалған функция-
лар ұйымның тактикалық жəне стратегиялық жоспарларын орындауға 
бағдарланған. Функциялардың өзара байланысы 1-суретте көрсетілген.
А. М. Моисеев
 [63] білім беру мекемесі мектепті басқарудың барлық 
функцияларын үш үлкен топқа бөлуді ұсынады:
1. Мектептің тұрақты қызмет етуін қолдау функциялары;
2. Мектеп дамуының жəне инновациялық үдерістермен басқарудың 
функциялары;
3. Мектепішілік басқаруды жəне өз бетімен дамуды басқару функ-
циялары.
 
 
 
 
  
 
 
 
  
 
 
 
 
 
1-сурет. Мектепті басқару функцияларының өзара байланысы
(П. И. Третьяков бойынша).
Автор, өз кезегінде, мектептің тұрақты қызмет етуін қолдау мен 
басқарудың негізгі функцияларына
 келесілерді жатқызады:
– мектеп қоғамдастығында маңызды құндылықтардың, қағидат-
тардың, мектептің қызмет етуі бағдарланатын ұмтылыстардың келісі-
мін ұйымдастыру;
Ақпараттық-
талдау
Уəждеу-
мақсаттық
Жоспарлы-
болжамдық
Реттеу-
түзету
Бақылау-
диагностикалық
Ұйымдастырушылық-
атқарушы


48
– мектепке оқушылардың жаңа контингенттерін қабылдауын ұйым-
дастыру;
– мұғалімдердің жəне мектептің басқа қызметкерлерін жұмысқа 
қабылдауын ұйымдастыру;
– педагогикалық кадрларды белгілеу, оқу жүктемесін бөлу;
– мектеп Жарғысын, ішкі тəртіп ережелерін, оқушылар ережесін 
жəне білім беру мекемесінің басқа жергілікті актілерінің əзірленуін 
жəне жүзеге асуын ұйымдастыру;
– мектептің қызмет етуін тактикалық жəне жедел жоспарлау 
əрекетінің басымды бағыттарын анықтау;
– сыныптан тыс жəне мектептен тыс жұмысты тактикалық жəне 
жедел жоспарлау жəне тағы басқалары.
Онымен мектеп дамуының жəне инновациялық үдерістермен 
басқару функцияларының
 үлгі құрамы келесі тізіммен ұсынылған:
–  жағдайдың стратегиялық талдауы жəне əлеуметтік тапсырыс 
өзгеруінің беталыстарын, қоғамның мектепке деген талаптарын бол-
жау;
– мектептің əлеуметтік маңайындағы, білім беру саясатындағы, 
аймақтық білім беру жүйесіндегі өзгерістердің мониторингі;
– мектеп жетістіктерінің, білім беру үдерісінің, мектептің бар озық 
тəжірибесін, бəсекелес артықшылықтарының жүйелі талдауы мен 
бағалауы;
– мектеп қоғамдастығы мəнінің өзін-өзі анықтауын, құндылықтар 
жүйесінде бағдарлауын жəне басқаларын ұйымдастыру.
Мектепішілік басқарудың қызмет етуімен жəне өз бетімен дамуы-
мен басқару функцияларының
  тобына автор білім беру мекемесімен 
басқарудың жүйесіне қатысты əрекеттерді енгізеді:
– мектепті басқаруға деген көкейкесті жəне болашақ талаптарды 
анықтау;
– басқаруға деген талаптарды өзгерту тарапынан мектептегі жəне 
оның қоршаған ортасындағы жағдайдың мониторингі;
– басқаруға əсер етуі мүмкін ықтимал қауіптіліктердің жəне кері 
факторлардың мониторингі;
– басқарушы міндеттерді шешу үшін оң мүмкіндіктердің 
мониторингі;
– мектепті басқарудың қолданыстағы жүйесінің жетістіктері мен 
артықшылықтарын талдау; 
– мектепішілік басқарудың жалпы жəне жекелеп, оның барлық ішкі 
жүйелерінің жаңа жүйесін жобалауды ұйымдастыру;
– мектепті басқару субъектілерінің өзара əрекетін ұйымдастыру 
жəне үйлестіру; 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау