Оқулық Алматы, 012 ббк 74. 04 П 15



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет52/78
Дата01.01.2020
өлшемі0,78 Mb.
#25655
түріОқулық
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78

158
жəне мақсатты топ – жұмыс командасына айналдыратын менеджер бо-
лады. Бұл үшін оның өкілеттілігінде менеджмент құралдары жəне ең 
бастысы: мақсаттарды анықтау жəне оларға жетуді жоспарлау, қызметті 
ұйымдастыру, жұмылдыру мен уəждеу, бақылау, нəтижелерді бағалау 
жəне түзету əрекеттері кіреді. Коммуникация (студенттермен ақпарат 
алмасу) жəне шешімдерді қабылдау, сондай-ақ, бүкіл басқарушы қызметтің 
стилі, адамдарға – оқушыларға əсер ету тəсілдері сияқты байланыстыру 
үдерістерін де осында жатқызуға болады. Оқытушы – өз ісінің маманы жəне 
білім беру үдерісінің тиімді менеджері. Авторлар кəсіптіліктің маңызды 
құраушысы ретінде дəл осы соңғы қасиет ЖОО-ның оқытушыларына да, 
жалпы педагогтарға да жеткіліксіз екендігін атауда.
Педагогтің кəсіптілік қызметінің мəні мен тəсілдерінің сипат-
тамасы оның басқарушы құрамдауышының талдауын көздейді. 
Психологиялық-педагогикалық əдебиетте педагогикалық қызметтің 
сапасын сипаттау үшін ұғымдардың бірқатар спектрі пайдаланылады: 
«кəсіби құзыреттілік», «педагогикалық шеберлік», «кəсіптілік». Олар 
көптеген авторлармен əр алуан мағыналар мен модификацияларда 
түсіндіріледі. Біз осы ұғымдарды педагогтің менеджерлік əрекеттерінің 
мəнмəтінінде қарастыратын боламыз. 
Əртүрлі авторлар тұлғаның кəсіби-маңызды қасиеттерінің 
əртүрлі нұсқалары мен үлгілерін əзірлеген. Жұмысшы кəсіптілігінің 
анықтауына тек кейбір көзқарастарды келтіреміз. Н.В. Кузьмина кəсіби 
істі қызмет субъектісінің, мамандық өкілінің сапалық сипаттамасы 
ретінде анықтайды. Кəсіби іс кəсіби міндеттерді шешудің заманауи 
құралдарын, оны жүзеге асырудың өнімді тəсілдерін игеру шамасымен 
анықталады. Педагогикалық қызметті талдай отырып, Н. В. Кузьмина 
оның бес функционалдық элементін бөледі: 
– гностикалық;
– жобалау;
– конструктивтік;
– ұйымдастырушылық;
– коммуникативтік.
Осы элементтер педагогтің білім беру үдерісінің менеджері ретін-
дегі функцияларын көрсетеді. Нəтижесінде педагог біліктілігін тек 
өз оқу пəнінің білу саласында ғана емес, сонымен қатар, басқарушы 
қызмет саласында да арттыру қажеттілігі туындайды. Əдебиетте 
педагогикалық қызмет өнімділігінің бес деңгейі ерекшеленген (Ж 
Қосымшасы): 
– репродуктивтік, көбінесе педагогтың өзінің білгенін басқаға ай-
тып беру ептілігімен байланысты;
– адаптивтік, мұнда педагог өз хабарламасын аудиторияның 
ерекшеліктеріне бейімдеу ептілігін көрсетеді; 


159
– білім алушылардың білімдерін жергілікті-үлгілеуші – педаго-
гикалық мақсатты анықтауға мүмкіндік беретін білімдерге, ептіліктер 
мен дағдыларға үйрету стратегияларын игеру, алға қойылған 
міндеттерді шешу алгоритмін əзірлеу; 
– білім алушылардың білімдерін жүйелі-үлгілеуші – пəн бойынша 
жалпы білімдер, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қалыптастыру стра-
тегияларын игеру;
– білім алушылардың қызметі мен тəртібін жүйелі-үлгілеуші – 
педагогтің оқытатын пəнді білім алушының тұлғасын, оның өзін-өзі 
тəрбиелеу, өзін-өзі оқыту жəне өзін-өзі дамыту құралына айналдыра 
білу.
Қызметтің репродуктивтік деңгейіндегі оқытушылар толығымен 
оқытатын пəніне, оны айтып жеткізуіне берілген. Олар материалды 
ұмытып қалмауға, оны барынша анық, алғашқы дереккөзіне неғұрлым 
жақын жеткізуге тырысады. Олардың білім алушыларға, топқа деген 
басқарушы əрекеттері əлі аз, көбінесе стихиялық, түрткі, ретсіз си-
патта болады. Педагог ұйымдастыра алатын білім алушының қызметі 
көбінесе, репродуктивтік болады (көшіріп жазу, жаттап алу, қайталап 
айту жəне т.б.).
Қызметтің адаптивтік деңгейіндегі педагогикалық жүйенің 
құрылымдық элементтерінің жəне педагог өзінің басқарушы қызметі-
нің аймағына енгізуге тырысатын олардың арасындағы байланыстар-
дың саны артады. Оқытушы оқу ақпаратын аудиторияға қандай тəсіл-
мен бейімдеуге болатынын іздестіреді. Бірақ сонда да, білім алушыларға 
жеткізуге қажетті ақпарат оның назарының басты орталығы болып 
қалады. Білім алушыларға деген қатынас бойынша басқарушы əсерлер 
көбінесе, сабақтарда оқу пəнін қолдаумен, білім алушылармен ең аз 
қажетті оқу əрекеттерін орындаумен байланысты.
Қызметтің жергілікті-үлгілеу деңгейінде ақпаратты жеткілікті 
игеру педагогқа оны ұсынудың əртүрлі тəсілдерін, сондай-ақ, оқу-
тəрбие үдерісін басқарудың тəсілдері мен құралдарын іздестіруді 
бастауға мүмкіндік береді. Ол топ кейбір оқушылар туралы 
психологиялық білімдер жинауға қабілетті болады. Осының салда-
рынан оның менеджер, яғни адамдар үшін жəне адамдар көмегімен 
əрекет етуші басшы ретінде қызметінің тиімділігі артады. Осы 
психологиялық білімдерінің негізінде ол оқу топтардың жəне кейбір 
білім алушылардың ерекшеліктеріне бағдарлана отырып, даралау 
мен дифференциация қағидаттарына сəйкес оқу қызметінің жоспар-
лауын, ұйымдастыруын жəне бақылауын жүргізе алады. Педагог оқу 
уəждеудің дамуына əсер ететін ынталандырушы функциясын жүзеге 
асыра алады.


160
Білімдерді жүйелеу-үлгілеу деңгейінде оқытушының белсенді на-
зар аймағына нақты сабақтың немесе оқу пəнінің кейбір мақсаттарымен 
қатар, бүкіл педагогикалық жүйенің мақсаттары да енеді. Қызметтің 
тек осы деңгейінде педагог жұмысының жеке жүйесі осы мақсаттық 
бағдарларға, жоспарланған нəтижелерге жетуге қаншалықты шамада 
бағынады деген сауал туындайды.
Оқытушылардың қызметі мен тəртібін жүйелі үлгілейтін деңгей 
оқытушының барлық басқарушы əрекеттері білім алушының тұлға-
сында тоғыстырылғанда, оқытушы оқу пəнін білім алушының 
шығармашылық тұлғасын кəсіби жəне тұлғалық өзін-өзі танытуға 
қабілетті дамыту үдерісімен басқару құралына айналдырғанда 
шығармашылық жоғары шеберлігіне сəйкес келеді. Осы ретте, оның 
жеке басқарушы əрекеттері оқу мен тəрбие үдерістерімен бірге 
басқаруында білім алушылармен əрекеттесуді ұйымдастыруға жол 
бере отырып, артқы жаққа ығыса бастайды. Білім алушы басқару 
субъектісінің ұстанымын белсендірек ұстайды.
Осы деңгейлер педагогтің жалпы шеберлігінің дамуын жақсы 
анықтап жəне көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар, басқарушы 
функцияларды игеруінің жетілуін айқындайды. Бірінші деңгейде, 
педагогтың оқу-тəрбие үдерісімен, білім алушылардың танымдық 
қызметімен, оның дамуымен басқару іс жүзінде білінбейді деп айтуға 
болады. Педагогикалық өнімділіктің өсуінде, біздің пікіріміз бойын-
ша, оның қажеттіліктерімен жəне басқарушы əрекеттерді жүргізу 
мүмкіндіктерімен тікелей арақатынасы бар.
Педагогты қызмет мақсаттарына бағдарлау, педагог кəсіптілігінің 
соңғы екі деңгейінде пайда болатын оның рефлексиясы мақсаттар бо-
йынша жəне рефлексивтік басқару деген менеджменттің заманауи тех-
нологияларымен үйлеседі. Мақсаттар бойынша басқару (management 
by objectives – MBO) ұйым немесе жеке қызмет ішінде мақсаттардың 
иерархиясы құрастырылып түсіну қажеттілігінде негізделеді. 
Қызметкер (оқытушы жəне білім алушы) олардың алдына қойылған 
мақсаттарды жақсы түсінген сайын олар құрылымдалған, саралап 
жіктелінген, сондай-ақ, оның ішкі қажеттіліктеріне барабар болады, 
осы мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігі де өседі.
Білім беру үдерісінің рефлексивтік басқару технологиясы өзіне 
оқытудың инновациялық технологиялары бойынша проблеманы алға 
қоюын, оны шешу бойынша гипотезаларды айтуын, келешектегі жұмыс 
жоспарын құруды, оқу əрекеттерді анықтауын, орындауы мен түзетуін, 
өзара бағалауды, өзін-өзі бағалауды, сонымен бірге, педагогпен қатар 
білім алу шыныңда, танымдық қызметіне жəне басқару кезеңдеріне 
рефлексиясын мен кейінгі түзетуін енгізеді.


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   78




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау