1 мысал. 36 картадан тұратын колодадан 3 карта алынған. Осы үш картаның кем дегенде біреуі тұз болу ықтималдығын табу керек.
Шешуі. А-оқиғасы-3 картаның, кем дегенде біреуі тұз.
оқиғасы-3 картаның ішінде тұз жоқ. А және өзара қарама-қарсы оқиғалар, сондықтан , осыдан
2 мысал. Кітап сөресіне 15 кітап қалай болса солай қойылған, бұл кітаптардың бесеуі мұқабалы. Кітапханашы таңдамай 3 кітап алады. Осы кітаптардың ең болмағанда біреуі мұқабалы болу ықтималдығын анықтау керек.
Шешуі. А-«үш кітаптың ең болмағанда біреуі мұқабалы» және «үш кітаптың үшеуі де мұқабасыз» оқиғалары өзара қарама-қарсы, сондықтан , осыдан
А оқиғасының болу ықтималдығы
Ізделінді ықтималдық
Жауабы: 0,74
Жаттығуға арналған есептер
Жәшікте 3 ақ, 2 қара және 5 қызыл шар бар. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын табу керек: қалай болса солай алынған шар: а) қызыл; б) қара емес.
Жауабы:а)0,5; б) 0,8.
Бірдей алты карточкеде А,А,Ы,Т,Л,М әріптері жазылған. Оларды жақсылап араластырып, содан кейін бір-бірден алып, бір қатарға қойғанда АЛМАТЫ сөзінің ықтималдығы қандай?
Жауабы:
Таңдамай алынған телефон нөмірі 5 цифрадан тұрады. Мына екі жағдайдың қасйсының ықтималдығы үлкен: а) барлық цифрлар әртүрлі; б) барлық цифрлар тақ?
Жауабы: а) 0,3024; б)0,3125;
Натурал сандар қатарының алғашқы 4000 санының 551-і жай сан. Жай сандардың болу жиілігін табу керек.
Жауабы: 0,113775
1000 жаңа туған баланың 517-і ұл болды. ¦л баланың туу жиілігі қандай?
Жауабы: 0,517
12 жұмысшы 4 демалыс үйіне жолдама алды. Олардың үшеуі-бірінші демалыс үйіне, үшеуі-екінші демалыс үйіне, екеуі-үшінші, ал төртеуі-төртінші демалыс үйіне жолдама алды. Белгілі бір үш жұмысшының бір демалыс .үйіне бару ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,0273
Топта 25 студент бар, оның жетеуі үздік оқиды. Тізім бойынша қалай болса солай 4 студент таңдап алынған. Осы алынған 4 студенттің ең болмағанда біреуі үздік оқушы болу ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,758
36 картадан тұратын колодадан қалай болса солай 3 карта алынған. Алынған карталардың екеуі тұз болу ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,0269
Бір партияда 40 бөлшек бар, оның 34-і ақаусыз. Жәшіктен 3 бөлшек алынған. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын есептеңіздер: а) алынған 3 бөлшек ақаусыз; б) кем дегенде бір бөлшек ақаусыз; в) екі бөлшек ақаусыз.
Жауабы: а) 0,605; б) 0,998; в) 0,341.
Достарыңызбен бөлісу: |