Жаттығуға берілген есептер.
Әрбіреуінің құрамында 10 спортшы бар екі команда жарысқа қатысушыларға номір беру үшін жеребе салды. Ағайынды екі жігіт екі команданың құрамында. Ағайынды екеуі де жарысқа «5» нөмірімен қатысу ықтималдығын табу керек. Жауабы: 0,01.
Көпірдің бұзылуы үшін бір авиабомбаның түсуі жеткілікті. Көпірге 4 бомба тасталған, олардың көпірге дәл түсу ықтималдығын табыңыздар. Жауабы: 0,9496.
Кәсіпорынның жасайтын бұйымдарының 95 проценті стандартты, ал оның 86 проценті бірінші сортты. Қалай болса солай алынған осы кәсіпорыннан жасалынып шыққан бұйымның бірінші сортты болу ықтималдығы қандай? Жауабы: 0,817
Жәшікте 10 деталь бар, оның алтауы боялған. Құрастырушы таңдамай 4 деталь алады. Алынған детальдардың барлығы да болған болу ықтималдығын табу керек. Жауабы:1/14
Жәшікте 5 ақ және 4 қара шар бар. Жәшіктен бірінен соң бірін, үш шар алады. Алынған үш шардың ақ болу ықтималдығы қандай?
Жауабы: 0,12
Нысанаға 3 рет оқ атқанда кем дегенде бір рет тигізу ықтималдығы 0,875-ке тең. Бір рет оқ атқанда нысанаға тигізу ықтималдығы қандай? Жауабы: р=0,5
Телевизиялық студияда 3 телевизиялық камера орнатылған. Әр камера үшін оның тап осы кезде жұмыс істеп тұру ықтималдығы р=0,6. Тап осы кезде кем дегенде бір камераның жұмыс істеп тұру ықтималдығы (А оқиғасы) неге тең? Жауабы: 0,936.
Бір рет оқ атқанда атқыштың ондыққа тигізу ықтималдығы 0,6-ға тең. Атқыш неше реет оқ атқанда 0,8-ден кем емес ықтималдықпен ондыққа ең болмағанда бір реет тигізеді? Жауабы: n2.
Дорбада 1-ден 10-ға дейінгі нөмірленген 10 кубик бар. Қалай болса солай бір бірден 3 кубик алынған. 1,2,3-нөмірлі кубиктердің бірінен соң бірін алу ықтималдығы қандай, егер: а) алынған кубиктер қайтадан дорбаға салынбаса; б) алынған әрбір кубик бірден қайта салынып отырса? Жауабы: а) 1/720; б) 0,001.
Жұмысшы 3 станоктың істейтін жұмысын бақылайды. Бір сағаттың ішінде жұмысшының станоктардың жұмысына араласпау ықтималдықтары сәйкес 0,9; 0,8 және 0,85-ке тең болсын. Мына жағдайлардағы ықтималдықтарды табыңыздар: а) бір сағат ішінде бірде бір станок жұмысшының араласуын керек етпейді; б) бір сағат ішінде барлық станок та жұмысшының аралсуын керек етеді.
Жауабы: а) 0,6120; б) 0,003.
Атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы р=0,9. Атқыш 3 рет оқ атты. 3 оқтың да нысанаға тию ықтималдығын табу керек.
Жауабы: 0,729
үш зеңбіректен бір дүркін оқ атқан. Бірінші зеңбіректің нысанаға тигізу ықтималдығы 0,8-ге тең, ал екінші және үшінші зеңбіректер үшін бұл ықтималдық сәйкес 0,7 және 0,9. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын есептеңіздер, нысанаға: а) тек бір снаряд қана тиеді; б) тек екі снаряд қана тиеді; в) үш снаряд та тиеді; г) ең кемінде бір снаряд тиеді.
Жауабы: а) 0,092; б) 0,398; в) 0,504; г) 0,994
Ақашалай-заттай лотеореяда 1000 билетке 24 ақашалай және 10 заттай ұтыс шығады. Бір кісі екі билет сантып алған. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын есептеңіздер: а) ұтыс кемінде бір билетке шығады; б) бірінші билетке ақшалай, ал екінші билетке заттай ұтыс шығады. Жауабы: а) 0,064; б) 0,00024.
Екі атқыш нысанаға бір реттен оқ атты. Әр атқыштың нысанаға тигізу ықтималдығы 0,8-ге тең. Мына оқиғалардың ықтималдықтарын есептеңіздер: а) екі атқыш та нысанаға тигізеді; б) екі атқыш та мүлт кетеді; в) тек бір атқыш нысанаға тигізеді; г) кем дегенде бір атқыш нысанаға тигізеді.
Ойын сүйегін n рет лақтырғанда кем дегенде бір рет бірлік ұпай түсу ықтималдығы неге тең? Жауабы:
Достарыңызбен бөлісу: |