ОқУ Әдістемелік кешен



жүктеу 281 Kb.
бет32/34
Дата21.02.2022
өлшемі281 Kb.
#37570
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Конституция Республики Казахстан Алматы бико 1995 120с Гражданский кодекс

Негізділеріне нәтижелі көрсеткіштерге шешуші әсер ететін факторлар жатады. Екінші деңгейлі берілген жағдайларда щаруашылық қызмет нәтижелеріне шешуші әсер етпейтіндер жатады. Осында бір фактор шарттарға байланысты, негізгі де және екінші деңгейлі де болуы мүмкін екендігін белгілеп кету керек. Түрлі факторлардан анықтайтын талдау нәтижелері бойынша негізгілерін ерекшелей алу шешім шығарудың дұрыстығын қамтамасыз етеді.

Экономикалық құбылыстар мен процесстерді зерттеуде және кәсіпорынның қызмет ету нәтижелерін бағалау кезінде факторлар ішкі және сыртқы факторларға жіктеледі, яғни берілген кәсіпорын қызметіне тәуелді және тәуелсіз болады.

Әр кәсіпорын жұмысының нәтижесіне көптеген жағдайларда жетілген өндірістік байланыстар және қатынастар кезінде мәнді дәрежеде басқа кәсіпорынның қызмет етуі әсер етеді, мысалы, өз уақытылы шикізаттар, материалдар жеткізу, оның сапасы, құны, нарық конъюнктурасы, инфляциялық процесстер және т.б. Кәсіпорын жұмысының нәтижесіне мамандандыру саласындағы және өндірістік кооперацияларда үзілістердің көрініс табуы сирек емес. Бұл факторлар сыртқы болып табылады. Бұл берілген ұжымның күшін сипаттамайды, бірақ олардың ішкі себептерінің әсер ету дәрежесін нақтырақ және өндірістің ішкі резервтерін толық анықтауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын қызметін дұрыс бағалау үшін факторларды объективті және субъективтіге бөлу қажет. Объективті адамдардың еркіне және қалауына байланысты емес, мысалы, табиғи апат. Объективтіден субъективті себептер жеке адамдардың, кәсіпорынның, ұйымдар және мекемелердің қызметіне тәуелді болады.

Факторлар сонымен қатар, жалпы және спецификалық болып бөлінеді. Жалпыға экономиканың барлық саласында қызмет ететін факторлар жатады. Спецификалық экономиканың немесе кәсіпорынның жеке салалары жағдайындағылар жатады. Факторлардың мұндай бөлінуі жеке кәсіпорындардың өндіріс салалрының ерекшеліктерін толық есепке алынуына және олардың қызмет етуінің нақты бағалауына мүмкіндік береді.

Өндіріс нәтижесіне әсер ету мерзімі бойынша тұрақты және үзілісті болып бөлінуі мүмкін. Тұрақты факторлар зерттелетін құбылыстарға барлық уақыт бойы үзіліссіз әсер етеді. Үзілісті факторлардың әсер етуі кезеңді түрде көрініс табады, мысалы, жаңа техниканы, жаңа өнім түрлерін, өндірістің жаңа технологиясын игеру және т.б.

Кәсіпорын қызмет етуін бағалау үшін факторлардың интенсивті және экстенсивті болып бөлінуі үлкен мәнді әсер береді. Экстенсивтілерге нәтижелік көрсеткіштердің сапалы өсуімен емес, сандықпен байланысты факторлар жатады, мысалы, егіс көлемін кеңейту жолымен, мал басының, жұмысшылар санының өсуі арқылы өнім өңдіру көлемін өсіру. Интенсивті факторлар өндіріс процессінде еңбектенудің дәрежесін сипаттайды, мысалы, ауылшаруашылық мәдениетінің өнімділігі, жануарлардың өнімділігі, еңбектің өнімділік деңгейін көтеру.

Талдау кезінде шаруашылық қызмет нәтижесіне әр фактордың әсерін өлшеу мақсаты қойылады, онда оларды сандық және көлемдік, күрделі және жай, тура және жанама, өлшенетін және өлшенбейтін болып бөлінеді.

Құбылыстардың сандық айқындылығын көрстететін факторлар сандық болып есептеледі (жұмысшылар, құралдар, шикізат және т.б. саны). Сапалық факторлар зерттелетін объектінің ішкі сапасын, сипаты мен ерекшеліктерін анықтайды (еңбек өнімділігі, өнім сапасы және т.б.).

Факторлар талдауында көптеген зерттелетіндер бірнеше элементтерден құралады. Алайда құрама бөлімдерге бөлінбейтіндері де бар. Мұнымен байланысты факторлар күрделі (кешенді) және жай (элементті) болып бөлінеді. Күрделі фактор мысалы болып еңбек өнімділігі, ал жай фактордыкі – есептік кезеңдегі жұмыс күнінің саны.

Көрсетілгендей бір факторлар нәтижелі көрсеткіштеріне тура әсер етеді, басқалары – жанама. Осыған тәуелді басқарылымның бірінші, екінші және үшінші және ары қарайғы деңгейін ажыратады. Бірінші деңгей факторларына нәтижелі көрсеткішке тура әсер ететіндер жатады. Нәтижелі көрсеткішті бірінші деңгейлі факторлар көмегімен жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және т.б. 5.1. суретінде бірінші деңгейлі факторлары болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшымен орташа жылдық өнімді өңдіру болып табылады. Бір жұмысшымен істелген күндер саны және орташа күндік жұмыс – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші тәртіп факторларына жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.

Нәтижелі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсері сандық түрде анықталуы мүмкін. Сонымен бірге толық факторлар қатары бар, олардың әсері кәсіпорын қызметі нәтижесіне тура өлшенуге берілмейді, мысалы, жұмысшыларды тұрғын үймен, балалар мекемесімен, кадрлар дайындығы деңгейімен қамтамасыз етілуі және т.б.

Шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі түрден келу факторларды, олардың ішкі және сыртқы байланыстары , өзара қызметтілігі және өзара басқарушылығы есебімен өзара байланысты зерттелуін талап етеді, бұл оларды жүйелендіру арқылы жүзеге асрылады. Толығымен жүйелендіру – зерттелетін құбылыстар мен объектілерді анықталған тәртіпте, олардың өзара байланыстылығы және қалауындағыларды анықтаумен орналастыру.

Факторларды жүйелендірудің тәсілдерінің бірі болып, детерминирленген факторлық жүйелерді құру. Факторлық жүйелерді құру – алгебралық сома, жеке немесе бірнеше факторлардың туындысы түрінде, оның мөлшеріне әсер ететін және функционалды тәуелділікте орналасатын зерттелетін құбылыстарды көрсету болып табылады.

Мысалы, өнеркәсіп кәсіпорынының жалпы өнім көлемі бірінші реттік екі фактордың түрінде: бір жұмысшымен жыл ішінде өнім өндірісінің орташа жылдық және жұмысшылардың орташа саны, ол тікелей орташа жыл бойы бір жұмысшымен істелген күндер және жұмысшымен өнім өндірісінің орташа күндік санымен байланысты. Соңғысы жұмыс күні және орташа сағаттық өндіріс ұзақтығына бөлінуі мүмкін.

Детерминацияланған факторлық жүйенің дамуы кешенді факторлардың бөлшектенуі есебінен жүргізіледі. Элементті (мысалымызда – жұмысшылар саны, істлген күндер саны, жұмыс күнінің ұзақтығы) көбейткіштерге бөлінбейді, өйткені олра сипаты бойынша біртекті болып табылады. Жүйенің дамуымен сандық факторлар біртіндеп жалпыға бөлшектенуі қысқарады, олар өз кезегінде бөлшектенуді қысқартып өзінің аналитикалық құрамы бойынша біртіндеп элементтіге (жай) жақындайды.

Алайда факторлық жүйелердің дамуы қажет тереңдікке дейін кейбір әдіснамалық қиындықтармен байланысты және ең алдымен жалпы сипаттағы факторларды іздеу қиындығымен, олар бірнеше факторлардың жеке немесе алгебралық сомаларының туындысы түрінде көрініс табуы мүмкін. Сондықтан әдетте, детерминирленген жүйелер жалпы факторлардың көлемін алады. Сонымен қатар, шаруашылық қызметті талдаудағы нақты факторларының зерттелуі жалпыдан қарағанда үлкен мәні бар болады.

Осыдан факторлық талдау әдіснамасын жетілдіру нақты факторларды өзара байланысты зерттеуге бағытталған болуы керек, олар нәтижелі көрсеткіштерімен стохастикалық тәуелділікте болады.

Стохастикалық өзара байланыстылықты зерттеуде зерттелетін көрсеткіштер арасындағы байланыс құрылымының сапалы (логикалық) талдаудың үлкен мәні бар. Ол зерттелетін көрсеткіштер арасындағы себеп-салдарлық байланыстың болу-болмауын айқындауға, байланыс бағытын зерттеуге, байланыстылық нысанын зерттеуге мүмкіндік береді, бұл талдау нәтижелерін жалпылау барысында және зерттелуші құбылысқа олардың ықпал ету деңгейін анықтау үшін маңызды.

Шаруашылық қызметті талдауда зерттелетін көрсеткіштердің байланысы құрылымын талдау блок схеманың көмегімен жүзеге асады, бұл зерттелуші факторлар мен нәтижелі көрсеткіш арасындағы байланыстың бағыты мен көлемін ғана емес, сонымен қатар факторлардың өздерінің арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Блок- схеманы құрып, зерттелуші факторлар арасында нәтижелі көрсеткішке тікелей әсер ететін факторлар мен оған мүлдем әсер етпей бір бірімен байланысқан факторларды көруге болады.

Ең алдымен өнімнің өзіндік құнымен әрбір факторлар арасында аралық байланыс бағытын орнату керек. Сөзсіз олардың арасанда тар байланыс болып отыр. Осы үлгіде мәдениет өнімділігі өнімнің өзіндік құнына тікелеі әсер етіп тұрғанын көруге болады. Қалған факторлар мәдениет өнімділігімен еңбек өнімділігі арқылы өнімнің өзіндік құнына тікелей ғана емес жанама да әсер етіп жатыр. Мысалы топыраққа салынған тыңайтқыштар мәдениет өнімділігінің жоғарлауына көмектесуде. Бірақ мынаны ескеру керек, салынған тыңайтқыштардың санынның артуы егіс гектрына кеткен шығындар сомасының өсуіне алып келеді. Егер де шығындар сомасы өнімділікке қарағанда жоғары қарқынмен өссе, өнімның өзіндік құны да өседі. Сондықтан осы екі көрсеткіштің арасындағы байланыс тікелей және керісінше болып келеді. Тұқым сапасы да өнімнің өзіндік құнына тікелей әсер етеді. Таңдаулы, жоғары сапалы тұқымдар шығындар сомасының өсімін тудырады. Егер олар үлкен дәрежеде өссе, онда өнімнің өзіндік құны үлкейеді және керісінше. Өндірісті механикаландыру дәрежесі өнімнің өзіндік құнына тікелей және жанама әсер етеді. Механикаландыру деңгейі өсуі өндірістегі негізгі құралдарды ұстаумен байланысты шығындардың өсуіне алып келекді. Бұған қарамастан еңбек өнімділігі жоғарылап жатыр, өнімділік өсіп, өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне әкелуде.

Осылайша факторлардың жүйелілігі факторлардың өзара байланысын терең зерттеуіне рұқсат ете отырып, зерттейтін көрсеткіштерді үлгілеу кезеңінде өте маңызды болып келеді.

Факторлық талдаудың мақсаты болып, мөлшерін анықтайтын, нәтижелі көрсеткіш пен факторлардың арасандағы өзара байланысын үлгілеу болып табылады.


жүктеу 281 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау