Үлгілеу- ғылымның өте маңызды әдсітерінің бірі, үлгілеудің арқасында зеттеу объкетісінің моделін жасауға болады. Оның маңызы, зерттейтін көрсеткіш пен факторлардың байланысы нақты математикалық деңгей түрінде беріледі.
Факторлық талдауда детерминанты және стохастикалық үлгілерді бөліп қарастырылады. Детерминантталған факторлық үлгінің көмегімен нәтижелі көрсеткіштер мен дәлелдердің функционалды байлнысы зерттеледі.
Детерминантталған факторлық жүйені үлгілеудік келесі талаптарды орындау қажет.
Үлгіге қосылатын факторлар және үлгілердің өздері ойдан шығарылған абстрактылы мөлшерде емес, нақты болуға тиісті.
Жүйеге енетін факторлар формулаға қажетті элементтері ғана емес, сонымен қатар көрсеткіштермен себепті байланыста болуы қажет.
Басқаша айтқанда, факторлық жүйеде танымдық құндылық болуы керек. Математикалық абстракция көмегімен жасалған модельдерге қарағанда, көрсеткіштемен себепті байлынысты көрсететін факторлық модельдің маңыздырық болып келеді.
Бірінші жүйеде факторлар нәтижелі көрсеткішпен себепті байланыста, ал екінші жұйеде – математикалық арақатынаста болғандықтан, екінші модельдің танымдық маңызы төмен.
Факторлық модельдің барлық көрсеткіштерінде өлшеу бірлігі немесе ақпаратпен қамтамасыз болуы тиісті.
Факторлық модель жекелеген факторлардың ықпалын өлшеу мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Ал бұл нәтижелік және факторлық көрсеткіштердің өзгерістерінің көлемдік сәйкестігін ескеруі қажет, ал жекелеген факторлардың ықпалдарының сомасы нәтижелі көрсеткіштердің жалпы өсіңкілігіне тең болуы қажет.
Қорытынды
Кәсіпорынның шаруашылылық қызметінің барлық құбылыстары мен процесстері арақатынаста, өзара тәуекелділікте және шарттылықта болады. Олардың біреуі тікелей өзара байланысты, басқалары – жанама. Әр құбылысты себеп және нәтиже ретінде қарастыруға болады. Әр нәтижелі көрсеткіш көп санды және әр түрлі факторларға тәуелді болады. Факторлық талдау ретінде факторлардың нәтижелі көрсеткіштер көлеміне әсерін өлшеу мен кешенді және жүйелі зерттеудің әдіснамасы түсініледі. Детерминантталған факторлық талдау ретінде факторлардың әсерін зерттеу әдіснамасы түсініледі, нәтижелі көрсеткішпен байланысы функционалды болады, яғни көрсеткіш факторлардың қосындысының жеке немесе алгебралық туындысы ретінде көрінуі мүмкін. Стохастикалық талдау фактоларды зерттеу әдіснамасы ретінде нәтижелі көрсеткіштер олардың байланысы функционалдыдан қарағанда толық емес ықтималды (корреляциялы) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |