Бақылау сұрақтары:
- бұйым жасау технологиясы;
- тігістің түрлері;
- бұйымды безендіру техникалары.
Əдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва
«Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных
мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен
практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Тақырып 9. Саз материалдарын өңдеу технологисы. Пластиллин.
Мақсаты: саз немесе пластилин мтаериалынан бұйым жасау тəсілдері
туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Техникалық еңбек бөліміндегі тақырьптардың ішінде қағаз жене
қатырма қағазбен жұмысқа үлкен көңіл бөлінеді.
Себебі, бүл материалдар өңдеуге ең қолайлы.
Құрастыру
жүмыстарыңда 1—2
класс оқушылары
конструктордың
жиынтықтарьнан бұрауышпен, кілтпен түрлі бүйымдар құрастыруға үйренеді.
Ал, 3-4 кластарда осындай бұйымдарды белгілеу, өлшеу, қию, желімдеу
арқылы қағаздан, картоннан жазық немесе көлемді ойыншықтар жасауға
үйренеді.
Жапсыру – бейне кескінін пластикалық материалдардан жасауда, оның
негізгі бөлігіне қосымша пластикалық материалдарды жапсыра отырып
ауқымды денені алу болып табылады. Жапсыру материалына – саз жəне
пластилин жатады. Саз – тау жынысынан алынған тұнба. Ол сумен араласа
отырып жұмсақ, нəзік, тұтқыр, əртүрлі форма алынатын жəне кебе отырып
бастапқы формасын сақтап қалуға мүмкіндігі бар. Жапсыру жұмысына
сазды дайындау төмендегідей болады: кепкен сазды ұсақтап ыдысқа салады.
Əрбір ұсақ түйіршегін ыдысқа салуда жеке-жеке бөліктеріне су құйып
тұрады. Біртұтас саз қамырын алғанша қолмен араластырады. Егер саз қолға
жабыспаса, онда саз дайын болғаны. Дайын сазды ылғал шүберекке орап
салқын жерге қойып қояды. Дайын саздан бұйымдар жасап, оларды ауа
температурасындай бөлмеге кептіріп кейін муфельді пешке (900 градус)
күйдіреді. Пластилин – балауыз, сала жəне саз құрамынан жасалған
материал. Ол жұмсақ жəне қозғалмалы, өзінің жұмсақтық қасиеті ұзақ
уақытқа дейін сақталады. Орындалған бұйым деформацияланбайды,
жарылмайды. Бірақ, температураның артуына байланысты пластилин
жұмсарып деформацияланады, кейде еріпте кетеді. Пластилин
материалымен оқу процессіне қолдану сазға қарағанда əлде қайда қолайсыз
болып келеді. Сондықтан оқу процессінде саз ең ұтымды жəне қолайлы
материал болып табылады.
Жапсыру
жұмыстарының
барлығы
адамның
саусақтарымен
орындалады. Үйлесімді саусақпен жəне алақан мүсіндеудің шығармашылық
туындыларын жасауға болады. Балдардың жұмыстарында көбінесе стектер
қолданады. Оның ұзындығы 10-12 см. Стектің ұш үшкірбіз жəне күрекше
формада болып келеді. Стек арқылы артық пластмассалы материалды алып
тастауға қоладанды. Сонымен бірге саусақ жетпейтін бөліктерін реттеуге де
қолданады. Жапсыру жұмысына тағы тақтайша қажет етеді. Оның өлшемі
20-30 болу керек..оның беті грунтталған жəне жылтыр болғаны орынды.
Күрделі жұмыстар орындалғанда шүберек жəне ыдыста су құйылып
дайындалуы қажет. əралуан формадағы бұйымдар жасағанда төмендегі
деформациялау процесстері қажет болады: илеу, жалпақтау, иіру,
шымшылау, созу, тегістеу, басу жəне т.б..
Домалақтап илеу - формасыз пластилин материалға жылтыр бетті шар
тəріздес форма беру. Илеу – цилиндар сияқты жəне жұмыртқа тəріздес форма
беру. Жапсыру – шарик формалы пластилинді сыға отырып жазық формалы
дене беру. Шымшылау процессінде беттің үстіне саусақтың ұшымен сыға
отырып ұсақ жазық бет беру. Аздап сыға отырып созу – созу болады. Бетін
тегістеу саусақпен немесе стекпен орындалады.
Помидор бейнесін жпасыру технологиясы. Шарик тəріздес пластилинді
аздап сыға отырып сыртқы беттерін ішке қарай қолмен тарту керек. Жоғарғы
жағынан баса отырып терең бет беріледі. Сол бетке қуыстарды стекпен
жүргізіп бөледі. Пайда болған беттерді саусақпен немесе стекпен тегістейді.
Кейін помидор формасының моделімен салыстыра, кеткен қателіктерін
түзете отырып жұмысты аяқтайды.
Ермексаздан мүсіндеу.
.
Рельефті (барельефті)мүсіндеу. Дөңгелек затты
мүсіндеу.
Бақылау сұрақтары:
- мүсіндеу жұмыстарына құралдар мен материалдар;
- бұйымды жасау технологиясы;
- саз бұйымын жасау тəсілдері.
Əдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва
«Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных
мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен
практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Тақырып 10: Тақырыбы: оқушыларды қолөнер бұйымын жасауға үйретудің
оқыту мазмұны жəне оның технологиясы.
Мақсаты: қолөнер бұйымдарын жасаудың тəсілдері туралы мəліметтер беру.
Лекция мазмұны.
СҚӨ - өзінің тегінде – халық өнері болып табылады. Халық қарапайым
материалдардан бұйымдар жасауда шынайы заттың формасына ұқсас
форма жəне мəнер беріп, оның мазұнында əсемділік келбетін əсемдігін
сақтай дамта келіп болашақ ұрпаққа таратып келеді. Бұл өнер
туындыларды халықтың өмір салтын, мəдениетін, даму дəрежесін
бейнелейді. СҚӨ танымдық мəні үлкен. Бұйымның сапалы орындалуы,
оның конструкциясы, формасы, материалы, пропорциясы, жəне бақа да
қасиетттері белгілі бір практикалық функция атқаруға бейімделген.
Сəндік өнердегі бейнелер: көріністі бейне, символдық бейне жəне ою-
өрнекті бейнеде болып бөлінеді. Көріністі бейне – бұйым бетінде белгілі
бір оқиғаның, өмірдің, тұрмыстың құбылысын кескіндейді. Символдық
бейнеде – белегілі бір идея немесе құбылыстардың шартты бейнесі болып
табылады. Символдық бейнелерге эмблема, герб, таңбалар ақшаның
бейнесі, медаль, орден сияқты заттардың бейнесі. Өю – элементтерден
құралып қайталанатын өрнектерді айтады. Оюда заттардың бейнесі нақты
кескінделуі мүмкін, кейде абстаракты бейнелерді де белгілі бір
фигуралармен орындайды – дөңгелек, тіктөрт бұрыш, ромб жəне т.б.
формаларда.
Ою бір немесе бірнеше декоративті жəне фигуралардан құралады.
Декоративті элементтер қоршаған ортаның материалды дүниесінің
элементтері болып табылса, сол элементердің адам өміріндегі мəнінде
сипатауға ықпалын кескіндейді. Əрбір аймақта өмір сүретін халықтың
өзіне тəн ою түрлері жергілікті жерде жиі кездесетін материалды өмірді
элементтерінен ою болып бұйымдарында кескіндейді. Мысалы, ресейдің
солтүстік өңірінде балықты, шыршаны, бұғыны, түстер, жеңіл, нəзік,
көгілдір, жасыл, алтын түсті өңдер қолданады. Орталық ресейлерде
қызыл, жасыл, сары, қара түстермен бұйымдарды бояйды. Қазақ оюында
қызыл мен көк түстер жиі қолданады. Сол сияқты жылы аймақтарда сары
жəне қызыл түс жиі қолданса, батыс бөліктерде көк, жасыл, қоңыр түстер
кездеседі. СҚӨ өнер салаларының бұйымдарындағы бейнелер халықтың
арман, идеяларыда мəнерленген. Оларды ерекше символдардан байқауға
болады. Египет оюында лотос гулі, ассиро-вавилондықта ананас жемісі,
гректерде акант жапырағы, римдерде емен жəне жүзім, иранда гвоздика,
раушан, ирис, нарцисс гулдерімен, сонымен бірге, жануарлар бейнелері де
кездеседі, мысалы, жолбарыс, арыстан, піл, құстар сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |