балқиды, аморфты дене, соғуға келмейді, өңдеуге қолайсыз. Шойыннан
алынатын бұйым құйма əдісімен алынады. Келесі металл – болат. Оның
құрамында көміртек 0,45 тен 1,7 пайызға дейін құрайды. Ол серпімді
материал, шыңдалына отырып өзінің қасиеттерін өзгерте алады. Ол
металлдан өндіріске қажетті конструкциялы материалдар жəне бұйымдар
жасайды. Темір жақсы өңдеуге келетін материал болып табылады. Ол ауада
тотығады. Оның жұмсаруын қыздыру арқылы алады. Темірден қаңылтыр
бетті материалдар алынады. Қаңылтыр темір қайшымен кесуге, оны июге,
бүгуге болады. Пісіре отырып біріктіруге болады.
Түсту металлды таза немесе қоспа түрінде қолданады. Мырыш сұр металл,
жұмсақ, жеңіл пісіріледі, балқу температурасы 419 градус. Алюминий – ақ
түсті, өте жеңіл, жұмсақ, қол аспаптарымен жеңіл өңделеді. Балқу
температурасы 658 градус. Мыс жұмсақ, қызғылт-сары, қол аспаптарымен
жеңіл өңделеді, пісірілуі ауыр. Балқу температурасы 1083 градус. Латунь –
мыс пен мырыштың қоспасынан тұрады. Жеңіл өңделеді жəне пісіріледі.
Қалайы – жұмсақ, сұр түсті, 232 градуста балқиды, ол пісіруге ең қажетті
материал. Қорғасын жұмсақ металл, бірақ ауыр болып келеді. Балқу
температурасы 327 градус.
МЕКТЕП ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРҒА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ТЕХНИКАЛАР – ЧЕКАНКА, МЕТАЛЛОПЛАСТИКА, ЗЕРГЕРЛІК БҰЙЫМ
ЖАСАУДЫҢ КЕЙБІР техникалары, мысалы, сым темірден ширата бейне
кескіндерін жасау техникасы.
Қазіргі химия өндірісі металл мен ағаш материалдарын алмастыра
алатын конструкциялы материал – пластмассм материалын өңдеу мен одан
бұйымдар жасау кеңінен таралуда. Пластмасса – ол молекулярлық тəсілде
жинақтала жасанды түрде алынатын материал. Оның негізгі шикізаты мұнай
өнімі болып табылады. Қазіргі кезде осы тəсілмен алынған материалдар түрі
көбеюде. Мысалы, оргстекло, ПВХ, поролон, полиэтилен, капрон жəне т.б..
пластмассаның қасиетін өзгерту үшін, оның құрамына ағаштың ұнтағын,
мақта материалын, шыны, қағаз сияқты материалдарды қосады.
Пластикалық қасиеттерін арттыруға пластификаторлар, яғни май тəріздес
материал қосады. Түсін өзгертуге жəне атмосферадан түсін жоғалтпауға əр
түрлі бояулар қолданады. Бастауыш сынып оқушыларына қолайлы
пластикалық материалдар оргстекло, поролон, пенпласт, линолеум, эбонит,
капрон, тестолит,ПВХ сияқты материалдар.
Бақылау сұрақтары.
- қатты материалдар түрі жəне олардың қасиеттері;
- қатты материалдардың əсемділік қасиеттері;
- қатты материалдарды өңдеу;
- қатты материалдардан əсем бұйым жасау техникалары.
Əдебиет:
1. Цейтлин Е.Н.Справочник по тру-довому обучению. - Москва
«Просвещение», 1983г.
2. Кузнецов Н.П. Методика трудового обучения с практикумом в учебных
мастерских» Москва 1981г.
3. Давлетова К.Ш.Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулудың əдістемесі мен
практикумы» РИО ЗКГУ, 2005ж.
Лекция 3. Тақырыбы: Жұмсақ материалдарды өңдеу технологиясы.
Мақсаты: жұмсақ материалдарды жасау жəне олардың технологиялық
процесстері туралы білімін қалыптастыру.
Лекция мазмұны.
Адам баласының күнделікті өмірінде қолданатын киімдер жəне өндіріс
орындарында қоданатын жазық немесе аумақты бұйымдардың кейбір түрлері
тармақты материалдар жəне жіптер мен маталардан жасалынып келеді.
Тармақты материалдар екі түрмен алынады: табиғи жəне химиялық. Табиғи
материалдарға мақта, зығыр, конопля, джут, кандырь жатса, жануарлардан
жұн мен құрттан жібек алынады, минральды затт - асбест болып табылады.
Химиялық түріне синтетикалық жəне жасанды.
Зығыр - өсімдік сабағынан алынады. Оны кесіп алып жайып бірнеше күн
суда ұстайды. Кейін өндіріс орнына апарып, оны езіп, тармақтарынан
қоспаларды арылтады. Таза тармақтарынан киім бұймдарына жіберілсе,
оның дөрекі қалдықтарынан, яғни, тармақтарынан техникалық маталар жəне
бұйымдар жасайды.
Жібек жібін алу үшін құрттың құраған ақ түсті қабығын кептіргеннен кейін,
ішіндегі құрт көбелектеп, кейін қабықты ыстық ауамен қыздырады.
Домалақ қабығы жібігеннен кейін оны тарқатып пряжа жасайды. Одан
сапалы бұйымдар мен маталар алады. Асбест – минерал заты. Оны өңдегенде
тармақталынып берік жіпке айналады. Оны техника саласында жылу
сақтайтын материал ретінде қолданады. Жасанды тармақты жіптерді
ағаштың құрамынан алса, синтетикалық тармақты жіптерді тас комірінен,
мұнайдан алады. Оларға капрон, лавсан, нитрон жəне т.б. маталар жатады.
Жоғарыдағы шикізатты ерітіп оларды бекіткіш-фильерден еріген затты
өткізіп, тармақтарға бөле жіп тəріздес түтікшелер алады. Оны басқа өндіріске
жібере пряжа алады. Химиялық тармақты материалдар жылтырлығымен,
бедерлігімен, эластикалығымен, қаттылығымен, су өткізбейтін, химиялық
реактивтерге қалыпты, шыдамды материал. Мақта материалынан жіп
бұмасын(пряжа) жасау үшін оны тазалап, жұмсартып, үлпілдетіп, тарап, түзу
тармақта болу үшін, оларды лента тəрізді созып иіреді. Ал басқа
материалдардан жіп бұмасын жасау басқаша өтеді. Ол үшін жүнді, зығырды
жұмсартып(разрыхление) тарап, созып, түзетіп, ширатып алады. Яғни, соңғы
процессте бірнеше жіңішке алынған тармақтарды біріктіре шиырып жіп
алады, оны бұмалайды.
Жіптің жіктелінуі. Жіптер қатты, ақ жəне түсті, матовый жəне жылтыр
болып келеді. Егер бірнеше тармақты бір жіпке көбірек біріктірсе сол
ғұрлым берік болады. Сонымен бірге беріктік шикізат материалына да
байланысты. Жіптің сауда номірімен ажыратады, №10 ең қалың бұмалы жіп
болса, №80 ең жіңішке болып табылады. Жібек жіптері əр түрлі номерлі, ақ
жəне басқа да түсту болып келеді. Берік жібек жіптерінен киімдер тугіге
арналады.
Жоғары сортты мақта жіптерінен əр түрлі түсті тугу жіптерін жасайды. Олар
бұмаланып сатылады. Олардың ұзындығы 10-20 м дейін созылады. Олардың
номері №37 қалың, ал №100 жіңішке.
Аталған жіптердің түрлерінен өрі техникаларымен тесьмалар, бейнелі
жолақтар жасайды.
Маталар. Матаны жасау тоқыма өндірісінде болады. Оның негізгі
принципі мынандай: тоқыма станогында жіптер ұзын бойында бір-біріне
жақын параллельді орналасады. Осы жіптердің құрамын толықтыру үшін
утка аспабымен, яғни, жіп оралған, сол параллель жіптерге утка
перпендикуляр өтіп, қайта кейін келе торлы бет алады. Осы принциппен
жоғары қарай жалғаса береді. Матаны жасауда əр түрлі материалдан
жасалған жіп бумаларын қолдануға болады. Осындай технологияда түкті
жəне түксіз кілемдер де тоқылып келеді. өндіріс жағдайында жəне кішігірім
шеберханаларда.
Бақылау сұрақтары:
- жұмсақ материалдардың түрлері;
Достарыңызбен бөлісу: |