178
және
мемлекеттік
ұйымдармен,
ата-аналармен
қарым-
қатынасының болуы.
Физика пәні бойынша сабақтан тыс оқу-тәрбиелік тапсыр-
маларды талдау барысында мектеп оқушыларының сабақтағы
және сабақтан тыс жұмыстарының негізгі мақсатын прнцип
ретінде басшылыққа алу қажет.
Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін оқыту бары-
сында мектеп оқушылары физика ғылымының негізі бағыттарын
қоғамдық және ғылыми-техникалық дамудың негізгі талаптарына
сәйкес терең және жете білуі қажет, оқушылардың өз білімін
ұштастырсам деген ынта-жігерінің болуы және оны өз бетінше
толықтырып, сараманда қолдана білуі керек. Жаңа буынды
оқытып, тәрбиелеудің негізгі міндеті жоғары рухани байлығын
арттыру, оқушыларды белсенді еңбек және қоғамдық қызметке
дайындау, саналы түрде мамандық таңдауға көмектесу. Бұл
міндеттердің тек физика сабағында шешімін табуы мүмкін емес.
Оның көбі сабақ аясына сыймайтын әртүрлі жұмыс формалары
мен әдістерін талап етеді. Физика сабағында сабақ жоспарымен
келетін тақырыптарды үйренуде қатаң бекітілген сабақ уақыты
мұғалім мен оқушының ынтасын шектейді. Сондықтан сабақта
тақырыптың барлығын қамтып үлгермейтіндіктен сабақтан тыс
уақытта оқып-үйрену қажет.
12.2. Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың
классификациясы
Өскелең жастарды тәрбиелеу жүйесінде сабақтан тыс
жұмыстардың әртүрлі формаларының маңызы ерекше.
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыс-
тардың бәрі екі топқа бөлінеді.
I. Физика
оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сынып-
тан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізі-
летін қосымша жұмыстар жатады: 1) бағдарламада көрсетілген
экскурсияларды өткізу; 2) физикадан нашар үлгіретін оқушылар-
мен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке
түсіндіру, емтиханға немесе зертханаялық практикумға дайын-
дау); 3)физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және
қызықты есептер шығару, физкабинетте зертханалық жұмыстар
179
қою, демонстрациялық эксперимнтті даярлау, қолдан физикалық
приборлар мен көрнекі модель – құралдар жасау, олимпиада
өткізу, жаңа приборлармен танысу; 4) оқушылардың үй тапсыр-
маларын орындауға көмектесу (консультация, сын жұмыстарын
орындауға жәрдемдесу, реферат-баяндамалар жаздырту, табиғат
құрбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және әртүрлі
өлшеулер жүргізу).
Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты
және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдылары-
ның жүйелі түрде сапалы қалыптасуына, сынып оқушыларының
жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі.
II. Физика
оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жата-
тын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы
бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі мен тілегі бойынша
ұйымдастырылуы керек. Мұның жұмысы мынадай жұмыстардың
түрлерінен тұрады: 1) оқушылардың арнаулы физикалық және
политехникалық білімдерін тереңдету; 2) қолданбалы физика
салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс
техникасы т.т.) оқу; 3) физика-техникалық приборларды, қон-
дырғылардың модельдерін жасау; 4) конструкциялық және өнер-
тапқыштық жұмыстармен айналысу. Бұларды ұйымдастарудың
да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат
жаздырту, физикалық кеш өткізу, тақырыптық көрмелер
ұйымдастыру, қабырға газеттері мен бюллетеньдер шығару,
физикадан конкурстар және конференциялар өткізу, үйірме
жұмыстарын жүргізу т.б.
Оқушылардың қатысуларымен сыныптан тыс жасалатын
жұыстар олардың жеке, топ болып және жаппай бәрі араласып
істелетін жұмыстар болып 3-ке бөлінеді. Олар мезгіл-мезгіл
(көрме, конкурс, конференция, физкабинетті жабдықтау, рефе-
рат.т.б.) және периодты түрде (үйірме, газет шығау) жүргізіледі.
Сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы:
Сұлба 21.
Кітаптар
мен журналдар оқу
180
Сұлба 22.
Сұлба 23.
Жеке
Физикалық тәжірибелердің үйде
орындалуы.
«
Квант» журналындағы конкурстарға
қатысу
Тапсырмаларды
орындау
Рефераттар
дайындау
Үлгілер (модель) мен құралдар даярлау.
Тәжірибелік жұмыстарды
зерттеушілік
үлгіде орындау
Оқушылардың ғылыми қоғам
секциясы
Топтық
Экскурсия
Физика – техникалық
үйірмелер
Физикалық үйірмелер
Факультатив
сабақтар
Физикалық
апталық
Физикалық
олимпиадалар
Оқушылардың ғылыми қоғам секциясы
Топтық
Экскурсия
Физика – техникалық үйірмелер
Физикалық үйірмелер
Факультатив сабақтар