181
Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарын өткізудің
негізгі ерекшелігі – оқушылардың өз қызығушылығы бойынша
ерікті түрде таңдауы.
Оқушылардың қызығушылығы бойынша жұмыстың әртүрлі
формасын ұйымдастыру олардың жеке қабілеттілігін қалыптас-
тырып, дамыта алады, белгілі бір саладағы қызметкерлердің аса
маңызды еңбек қызметі жөнінде түсінікке ие болады.
Физика пәні бойынша сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдас-
тырудың негізгі принциптердің бірі физика бойынша сабақтар-
мен тығыз байланыс болып саналады. Бұл байланыстың екі жағы
бар. Олардың біріншісі - физика пәні бойынша барлық сабақтан
тыс жұмыстарда оқушылардың сабақта алған қабілеті мен білімі
тірек болып табылады. Екіншісі - сабақтан тыс жұмыстардың
барлық формасында ғылымға қызығушылығы бар және практика
жүзінде іске асыра алатын оқушылардың физикаға деген
қызығушылығын одан әрі арттыра түсіп, білімін тереңдетуге
және кеңейтуге қажеттілік тудыру.
Физика бойынша үйірмелер, олимпиадалар және кештер.
Сыныптан тыс жұмыстың негізгі бір формаларының бірі – пәндік
үйірмелер болып табылады: физикалық, физикалық-техникалық,
техникалық үйірмелер. Үйірме олимпиада мен кештерге қара-
ғанда құрамында тұрақты оқушылармен үнемі жұмыс жасайды
және мұғалімге оқу-тәрбиелік міндеттердің кең шеңберін бүкіл
оқу жылы бойында нақтылы жүйеде шешуге мүмкіндік береді.
Жалпылама
КВН
Ғылыми – тәжірибелік
конференциялар
Қабырға газеттерін шығару
Ғылыми – техникалық
шығармалар
көрмесі
Ғалымдармен кездесу
Өнертапқыштармен және еңбек
ардагерлерімен кездесу
Физикалық кештер
182
Сыныптан тыс жұмыстың үш басты бағыты: білім беру,
конструктивті-техникалық және оқу-зерттемелік
бағыттар дәл сол
үйірме жұмыстарында көрініс алады. Үйірме сабағының мазмұны
әдетте сабақта алынған білімдер мен шеберліктерді тереңдету
және кеңейтуге бағытталған. Мұндай типтегі үйірме жұмысының
жоспары оқу жұмысының жоспарымен соншалықты тығыз
байланыста болуы мүмкін, немесе едәуір автономды (дербес)
болуы мүмкін.
Үйірме – сыныптан тыс жұмыстың негізгі формасы.
Сыныптан тыс жұмыстар физика-техникалық үйірмелер тү-
рінде ең көп, әрі жүйелі өткізіледі. Үйірмелер физикалық (төменгі
сыныптарда - «Жас физиктер», «Проекциялық және дыбыстық
техника», «Жас конструктор», «Қызықты физика», «Қолдан физи-
калық приборлар жасау», ал жоғары сыныптарда – «Есеп шыға-
ру», «Физикалық теорияларды оқу», «Техниканың физикалық
негіздері», «Физика-зерттеушілер», «Физик-экспериментаторлар»)
және физика-техникалық (электромонтаж, электр, радио, фото,
кино, электроника, авто-, авио-, кеме-, моделистер үйірмелері)
болып бөлінеді. Үйірмедегі оқушылардың саны 10-15 баладан
аспағаны дұрыс. Үйірме жұмысы барлық пәннен мектеп бойынша
жоспарлануы қажет. Үйірменің күнтізбелік жоспары, оған қажетті
әдебиеттер тізімі физика кабинетінде ілініп тұруы тиіс.
Физика-техникалық үйірмелер мынадай әдістемелік талап-
тарға сай ұйымдастырылады: 1) үйірмені ұйымдастыру туралы
ұсыныс-тілекті оқушылардың өздерінің бергені дұрыс. Ол үшін
мұғалім қандай үйірмелер ұйымдастырылатындығын, оларды
кімдер және қандай мерзімде өткізетінін, қызықты әдебиеттердің
тізімін көрсетіп физкабинетке хабарландыру жазып қою керек,
оны әр сыныпта талдап, насихаттау қажет; 2) үйірмеге оқушылар
өз қалауымен қатысқаны абзал; 3) төменгі және жоғары сынып
оқушылары үшін бөлек-бөлек үйірме топтары болғаны жөн.
4) үйірмедегі балалардың жұмыстарына барынша ерік-ықтияр
беру нәтижелі болады; 5) үйірме жұмыстарының тәрбиелік
мәніне де (еңбек дағдысы, техникалық мәдениеті, эстетикалық
маңызы) жеткілікті мән берген жөн. 6) олардың істеген жұмыс-
тарын мектептегі барлық оқушыларға таныстырып (көрме,
конкурс, газет) тұру пайдалы; 7) үйірме сабақтарында оқу
бағдарламасының міндетін орындауға болмайды.