Оқу-әдістемелік Кеңесінің шешімімен ұсынылған, №5 хаттама, 12 қаңтар 2012 ж



жүктеу 1,4 Mb.
Pdf просмотр
бет53/61
Дата29.12.2019
өлшемі1,4 Mb.
#25395
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61

 
163 
жұмысты  істеуі  (25-30  мин),  алынған  нәтижелерді  өңдеу               
(7-10 мин). қорытындылауы (3-5мин). 
Кесте 17. 
Фронтальды зертханалық жұмыстарды  
ұйымдастыру кезеңдері: 
Кезең 
Мұғалімнің іс-әрекеті 
Оқушының іс-әрекеті 
Әзірлік 
1)  Зертханалық  жұмыстың 
дидактикалық мақсатын және 
оның  сабақ  құрылымындағы 
орнын анықтау 
2)  Сабақ  жоспарын (конспек-
тісін) жасау 
3) 
Құралдарды  жинақтап 
олардың 
дұрыс 
істеуін 
тексеру, жұмысты істеп қарау 
4)  Тәжірибе  нәтижесінің  қате-
лігін есептеп, тәжірибе орын-
даудың тиімді жолын анықтау 
1)  Теориялық  материалды 
қайталау 
2)  Құралдармен  жұмыс 
істеу тәсілдерін еске түсіру 
3)  қажет  болса,  экспери-
мент  мақсатына  сәйкес 
берілген есептерді шығару 
4)  Жұмысты  орындаудың 
жоспарын құру 
Орындау 
1) Кіріспе әңгіме өткізу 
2) Оқушының іс-әрекетін ұйым-
дастырып,  олардың  жұмыс 
істеу барысын бақылау 
3)  Оқушының  жұмысының 
нәтижесін тексеру 
1) Жұмыс істеу 
2)  Жұмыстың  нәтижесін 
қорытындылап жазу 
3)  Жұмыстың  нәтижесін 
тексеріп  дұрыстығын  тек-
серу 
Қорытындылау  1)оқушылардың  жұмыстарын  
тексеру  
2) 
жұмыстың 
нәтижесін 
талдап 
қорытындылауды 
ұйымдастыру 
1)  жұмыстың  нәтижесін 
талдауға қатынасу 
2) өз жұмысын талдау 
10.4 .Физикалық практикумның мақсаты және оны 
ұйымдастырып өткізудің әдістемесі 
Физикалық  практикум  әртүрлі  жұмыстар  жүйесі  қойылып 
оқу  жылы  аяғында  2сағат  сабақ  ретінде  қойылады.  Физикалық 
практикум 
қолданылатын 
құралдарға 
байланысты 
және 
дидактикалық мақсатына қарай күрделі болып келеді. Физикалық 
практикум  1957  жылы  енгізілді.  Физикалық  практикум  әртүрлі 
тақырып  бойынша  алынған  білімдерін  тереңдету,  кеңейту  және 
қорытындылау  мақсатында  өткізіледі.  Сонымен  қатар  күрделі 
қондырғылармен  жұмыс  істеу  арқылы  оқушыларда  эксперимен-


 
164 
тальды  іскерліктерді  дамытуға,  жетілдіруге  болады.  Физикалық 
практикум  негізінен  9-11сынып  бағдарламасын  қамтиды. 
Шамамен әр сыныпта  физикалық практикумға 10 сағат беріледі. 
Физикалық  практикумды  ұйымдастырып  өткізу  физикалық 
зертханалық жұмыстар сияқты 3 кезеңнен тұрады 
Кесте 18. 
Кезең 
 
Мұғалімнің іс-әрекеті 
Оқушының іс-әрекеті 
Әзірлік 
1) құралдарды әзірлеу 
2)  жұмысты  істеп  қарап 
қателікті  анықтап  экс-
периментті 
орындау-
дың тиімді әдісін табу 
3)  жұмысты  орындауға 
нұсқау әзірлеу  
4)  жұмысты  орындау-
дың графигін әзірлеу 
1) графике сәйкес әзірлену;  
2) теориялық мәселені 
қайталау; 
3) жасайтын эксперименттің 
теориясымен танысу;  
4) құралдарды олармен жұмыс 
істеу ережелерімен танысу;  
5) экспериментті дәптерге 
түсіру 
Орындау 
1) 
жоспар  бойынша 
бірінші  сабақта  кіріспе 
әңгіме өткізу 
2)  оқушылардың  жұ-
мысқа әзірлігін тексеру 
3)  оқушылардың  жұ-
мыстарды 
орындауын 
тексеру 
1) жұмысты орындауға 
әзірлігіне есеп беру  
2) өз беттерімен жұмысты 
орындау 
3) өлшеу қателіктерін есептеп, 
қорытындылау 
Қорытын-
дылау 
1) Оқушылардың жұмы-
сын тексеріп бағалау 
1) Істеген жұмыстарының нәти-
жесін әзірлеп есеп беру 
 
 
 
10.5. Сыныптан тыс эксперименттің маңызы 
Айналамыздағы  бізді  қоршап  тұрған  денелер  мен  процестер 
әлемінде  тұнып  тұрған  физикалық  сыр-құпия  мен  таңғаларлық 
тамаша құбылыстар мол. Тіпті, аяқ бассаң, қозғала кетсең, тамақ 
пісірсең,  ойыншықпен  ойнасаң,  машинамен  жүрсең,  сырғанақ 
тепсең,  суда  жүзсең,  ән  салсаң,  домбыра  тартсаң  -  бәрі  физика 
екендігін  физик-мұғалім  ешқашан  естен  шығармауы  тиіс.  Мұны 
оқушыларға  ұқтырудың,  оған  нандырудың  ең  тиімді  жолы  - 
оларға  сыныптан  тыс  уақытта  физикалық  тәжірибелер  мен 


 
165 
бақылауларды  жасаттыру.  Әрине,  мұндай  сыныптан  тыс 
эксперимент мұғалімнің басшылығымен ғана жүргізіледі. 
Сыныптан тыс эксперименттің білімдік және тәрбиелік маңы-
зы  күшті:  оқушылардың  физика  мен  техникаға  қызығушылығын 
арттырады;  оларды  өз  бетінше  тәжірибелер,  бақылаулар,  өлшеу-
лер  жүргізуге  баулыйды;  физикалық  теория  мен  практиканың 
байланысын  терең  түсінеді;  айналамыздағы  физикалық  құбы-
лыстардың  мән-маңызын  ұғады;  физика  және  техника  туралы 
әдебиеттерді  оқуға  әуестенеді;  ол  жайындағы  кәсіби  маман-
дықтардың 
ерекшеліктерімен 
танысады. 
Мұның 
бәрі 
оқушылардың  физикалық  білімдері  мен  іскерліктерін  қарқынды 
дамытуға  күшті  ықпал  жасайды,  физиканы  тереңдетіп  және 
кеңейтіп оқуға ұмтылдырады, физика сабақтарының көрнекілігін 
күшейтіп молайтады. 
Оқушылардың  физика-техникалық  сыныптан  тыс  тәжіри-
белері  мен  бақылауларын  ұйымдастыруға  бірқатар  жеткілікті 
мүмкіндіктердің  бар  екендігін  аңғару  қиын  емес  (механикалық 
ойыншықтар,  балалардың  алып  жүретін  (портативтік)  жеңіл 
инструменттері, арнаулы конструкторлық приборлар комплектісі, 
үй-тұрмыстық  машиналар  мен  тетіктер,  үйдегі  өлшеуіш  при-
борлар,  мектеп  айналасындағы  өндіріс  орындары,  ұстагершілік 
үй аспаптары, т.т.). 
Сыныптан  тыс  эксперимент  үйде,  өндіріс  объектілерінде 
экскурсия  кезінде,  физикалық  -  кештерде,  физика-техникалық 
үйірмелерде,  оқушылар  сарайлары  мен  жас  техниктер  станса-
ларындағы  секция  жұмыстарында,  қолдан  приборлар  жасау 
кезінде  өткізіледі.  Оқушыларды  ұдайы  физика-техникалық 
өнертапқыштықпен,  рационализаторлықпен,  техникалық  шығар-
машылықпен  әр  түрлі  жолмен  (үйірмеде,  сабақта,  физикалық 
кеште,  қабырға  газеті  арқылы,  көрмеде,  экскурсияда)  таныс-
тырып тұру қажет. 
Сыныптан  тыс  уақытта  физикалық  тәжірибелерді,  бақылау-
ларды,  өлшеулерді  нәтижелі  өткізу  мұғалімнің  мынадай 
әдістемелік-ұйымдастыру  жұмыстарды  күні  бұрын  жасай  білу 
шеберлігіне  байланысты:  1)  оқу  материалына  сәйкес  қосымша 
әдебиеттерді таңдап алып, онымен оқушыларды таныстыру, олар 
орындайтын тәжірибелер мен бақылауларды жоспарлау;  
2) жұмыстарды орындауға тапсырмалар дайындау; 3) оларды 
орындайтын орынды және қажетті приборларды анықтау. 


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау