жоғары молекулалы қосылыстар қасиеттерін, қорғалған коллоидты ерітінділер дайындаудың теориялық ережелерін;
коллоидты және жоғары молекулалы қосылыстар ерітінділерін дайындауды, сапасын бағалауды, сақтау және босату бойынша нормативті құжаттар талаптарын.
Студент істей алуға тиіс:
дәрілік зат пен еріткіш мөлшерін есептеуді;
жеке жазылымдар бойынша жоғары молекулалы қосылыстар және коллоидты ерітінділер дайындаудың оптимальды технологиясын таңдауды;
жоғары молекулалы қосылыстар және коллоидты ерітінділердің технологиялық сатылар бойынша (өлшеу, еріту, қыздыру, сүзу) дайындауды;
жоғары молекулалы қосылыстардың қасиеттерін ескеріп фильтрлеуші материалдарды таңдауды;
дәрілік түрді босатуға орамдау, безендіру және сапасын бағалауды;
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Тақырып бойынша латын терминологиясы.
Коллоидты ерітінділер. ЖМҚ, олардың қасиеттері, ісінуі, еруі.
ЖМҚ ерітінділерінің тұтқырлығы, олардың тұрақтылығы, бұзылыс шақыратын факторлар.
ЖМҚ ерітінділері және коллоидты ерітінділер технологиясының ерекшелігі.
Жоғары молекулалы заттар ерітінділерінің технологиясы: жазылымдағы компоненттердің сыйымдылығын анықтау, улы және күшті әсер ететін заттардың дозаларын тексеру, бақылау паспортын құрастыру, технологиясының сатылары бойынша дайындаудың рациональды тәсілін және таратуды таңдау (еріту, фильтрлеу, орамдау, безендіру және босату), әр сатыда және дайын дәрілік түрдің сапасын бағалау.
Тақырып бойынша тапсырма:
Тапсырма 1. Лекциямен, оқу материалымен, нормативті құжаттармен тақырып бойынша танысу. Өз бетінше жоғары молекулалы және коллоидты ерітінділер дайындау, сұрағын шешу.
Тапсырма 2. Күнделікке Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 149-151 беттерінде берілген индивидуальды рецептер бойынша дәрілік түрді дайындау технологиясын жазу.
1. 1 40 11 8. 5 7 9о
2. 2 5о 12 9. 1 5о 8о
3. 3 60 13 10. 3 6о 9о
4. 4 7о 14 11. 2 40 100
5. 10 7 15 12. 3 70 11
6. 2о 9 16 13. 4 9 12
7. 3о 10 17 14. 5 10 13
Тапсырма 3. Тапсырмаға сай дәрілік түрді дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру.
Тапсырма 4. Дәрілік түрдің сапасын бағалау, күнделікте көрсету, дайындалған дәрілік түрлерді және күнделікті оқытушыға тапсыру.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.
6. Әдебиет
Қазақ тілінде:
негізгі:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.
3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.
4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.
5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.
қосымша:
1. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. –Алматы. – 2005. – 123 бет.
Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы
ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 16 ќаѕтардаєы № 60 Ќаулысы «Дјрілік препараттарды жјне медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды дайындау ќаєидаларын бекіту туралы»
Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»
Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.
Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.
Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.
Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.
Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.
7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Дәрілер технологиясында қолданылатын жоғары молекулалы қосылыстардың сипаттамасы және жіктелуі қандай?
Шексіз ісінетін және шекті ісінетін жоғары молекулалы қосылыс ерітінділері технологиясының ерекшеліктері қандай?
Пепсин, крахмал және желатиннен ерітіндісін дайындаудың ерекшеліктері неге негізделген?
ЖМҚ ерітінділеріне электролит пен спиртті енгізу жолдары қандай?
Жоғары молекулалы ерітінділерін сақтау жағдайлары қандай?
Қорғалған коллоидты ерітінділердің ЖМҚ ерітінділерімен салыстырғанда қандай ұқастығы және айырмашылығы бар?
Колларгол және протаргол, ихтиол ерітінділерін дайындау технологиясының ерекшеліктері қандай?
Жоғары молекулалы қосылыстар ерітінділерін тығындау және босатуға безендіру сапасын бағалау.
Ситуациялық есеп
Крахмал қандай дәрілік түрлерде жазылуы мүмкін? Крахмал дәрілік түрде қандай функция атқаруы мүмкін? Әртүрлі дәрілік түрлерге крахмалды енгізудің ерекшеліктері қандай?
Студент протаргол ерітіндісін дайындаған кезде аса көпіршікті ерімеген заттары бар сұйықтық алды.
Студент ерітінді дайындау кезінде қандай қателіктер жіберді. Байқалған құбылыстың себебін түсіндіріңіз? Протаргол ерітіндісін дайындау ережесін дәйектеңіз.
10 минуттан соң. Көзге арналған 3 % колларгол ерітіндісі дайындағаннан кейін өтпелі сәуледе лайлана бастады және қоңыр түске боялды. Байқалған құбылыстың себебін түсіндіріңіз?
Тест тапсырмалары
1. Коллоидты ерітінділерге тән қасиеттер:
А) агрегативтік және термодинамикалык тұрақсыз, қайтымсыз, осмостық қысымы төмен, диффундирлік қасиеті әлсіз, сыртқы факторларға сезімтал, сақтау мерзімі шектеулі
В) агрегативтік және термодинамикалық тұрақты, қайтымды
С) диффундирлік қасиеті жағары, сақтау мерзімі ұзақ
D) кайтымсыз, осмостық қысымы жоғары
Е) диффундирлік қасиеті жағары
2. Қорғалған коллоидтар — гидрофильдік қасиеті бар........... тұратын күрделі препарат:
А) гидрофобты коллоидты заттардан және ЖМҚ
В) ерімейтін заттардан
С) ЖМҚ
D) гидрофобты заттардан
Е) гидрофильді заттардан
3. Күмістің коллоидтық препараттарын алу кезінде коллоидтық қорғау ..........үшін қолданылады:
А) колларгол, протаргол
В) күміс нитраты, күміс хлориді
С) қара май, ксероформ
D) ихтиол, колларгол
Е) ихтиол
4. Протаргол ерітіндісінің ескіру процесінің алдын алу үшін ех tempore дайындап, қоңыр түсті құтыда босатады, себебі:
А) жарық әсерінен препарат металдық күміске айналып, ерітінді
қарайып кетеді
В) сілбі түзіледі
С) жарық әсерінен көпіршіктер пайда болады
D) препарат газ тәрізді күйге айналады
Е) тұрақты емес
5. Протаргол ерітіндісінің технологиясы:
А) су бетіне жұқалап себелеу, 10-15 минут қозғамай қойып қою
В) босататын кұтыда еріту
С) келіде ысқылап еріту
D) су бетіне жұқалап себелеу, араластыру
Е) мойны тар ыдыста қатты шайқау
6. Колларгол ерітіндісінің технологиясы:
А) келіде ысқылай отырып еріту
В) 40-60 минут ісіндіру, ерігенше шайқау
С) колбада тәулік бойына шайқау
D) су бетіне жұқалап себелеу, 10-15 минут қозғамай қойып қою
Е) технологиясының ерекшелігі жоқ
7. Коллоидты ерітінділердің қүрылымдық бірлігі:
А) мицелла
В) гидрофобты заттар бөліктері
С) су тамшылары
D) май тамшылары
Е) БАЗ бөліктері
8. Шекті ісінетін ЖМҚ:
А) желатин
В) ихтиол
С) протаргол
D) колларгол
Е) пепсин
9. 100,0 крахмал ертіндісіне дұрыс толтырылған бақылау паспорты:
А) крахмал 2,0 салқын су 8,0 ыстық су 90,0
В) крахмал 1,0 салқын су 9,0 ыстық су 90,0
С) крахмал 10,0 салқын су 20,0 ыстық су 70,0
D) крахмал 20,0 салқын су 40,0 ыстық су 40,0
Е) крахмал 20,0 салқын су 20 ыстық су 60,0
10. Шексіз ісінетін ЖМҚ:
А) пепсин
В) ихтиол
С) крахмал
D) колларгол
Е) желатин
11. Пепсин ертіндісін...........арқылы сүзеді:
А) шыны фильтр
В) фильтр қағазы
С) дәке
D) мақта-дәке тампоны
Е) пергамент қағазы
12. Пепсин ертіндісін хлорсутек қышкылында дайындағанда келесі араластыру тәртібін сақтау қажет:
А) су-хлорсутек қышқылы-пепсин
В) хлорсутек қышқылы-су-пепсин
С) су-пепсин- хлорсутек қышқылы
D) хлорсутек қышқылы-пепсин-су
Е) пепсин- хлорсутек қышқылы-су
13. Дисперстік жүйе ретінде ЖМҚ ерітінділері ......... болып табылады:
А) нағыз ерітінділер
В) эмульсиялар
С) суспензиялар
D) күрделі жүйелер
Е) тұнбалар
14. ЖМҚ ерітінділерін дайындағанда ісіну процессі...........байланысты:
А) макромолекулалар құрылымына, кеңістіктік конфигурациясына, температураға
В) тазартылған суды алу тәсіліне
С) тұрақтандырғыш табиғатына
D) десорбцияға қабілеттілігіне
Е) еріткіштің химиялық табиғатына
15. "Қолданар алдында қыздырыңыз" қосымша этикеткасымен .........
ерітіндісі безендіріледі:
А) желатин
В) пепсин
С) крахмал
D) экстрактар
Е) шырыштар
16. Электростатикалық тартылыс күшінен туындайтын пепсин
макромолекулаларының адсорбциясы ......... арқылы фильтрлегенде
болады:
А) филыр қағазы
В) мақта тампоны
С) шыны фильтр
D) друк-фильтр
Е) нутч-фильтр
Сабақ 7
1. Тақырыбы: Гидрофильді және гидрофобты заттармен суспензиялар дайындау.
2. Мақсаты: Суспензияларды дисперстік және конденсациялық әдіспен дайындауды, нормативтті құжаттардың талабына сай олардың сапасын бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты:
Достарыңызбен бөлісу: |