Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы дәрілер технологиясы кафедрасы ТӘжірибелік сабақҚа арналған әдістемелік нұСҚАУ



жүктеу 1,2 Mb.
бет5/7
Дата25.12.2017
өлшемі1,2 Mb.
#6046
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7



1. Технолог моноциклды терпендердің (ментол, терпингидрат) және бициклды терпендердің (камфора, бромкамфора) физико-химиялық қасиеттерін әртүрлі дәрілік түрлер дайындаған кезде қалай ескереді? Бұл дәрілік заттардың сақтау жағдайлары және оларды дозалау қалай жүргізіледі? Ментолды, камфораны, терпингидратты әртүрлі дәрілік түрлерге (ұнтақтар, ерітінділер, суспензиялар) енгізуді салыстырыңыз.

Тесттік тапсырмалар

1. Суспензиялардың дисперстік фазасы:

А) сұйық дисперстік ортада ерімейтін қатты заттар

В) гидрофобтық заттар

С) бір-бірінде ерімейтін сұйықтықтар

D) гидрофильді заттар

Е) сұйық дисперстік ортада еритін қатты заттар

2. Суспензиялар қасиеттері:

А) осмостық қысымы жоқ, технологиясында сүзу сатысы жоқ,

тұрақсыз

В) технологиясында сүзу сатысы жоқ, тұрақсыз, терапевтік әсері

жоғары

С) технологиясында сүзу сатысы жоқ, дисперстік ортасы жоқ,

тұрақсыз

D) осмостық қысымы жоқ, дисперстік фазасы жоқ, тұрақсыз

Е) осмостық қысымы жоқ, технологиясында сүзу сатысы жоқ,

тұрақты


3. Суспензиялардағы бөлшектердің седиментация жылдамдығы …….. тендеуі бойынша анықталады:

А) Стокс

В) Больцман

С) Фик


D) Энштейн

Е) Ньютон

4. Бөлшектердің тұнбаға түсу жылдамдығы келесі факторларға байланысты:

А) орта тұтқырлығы, бөлшектердін геометриялык мөлшері, фазалар

тығыздықтарының айырмашылықтары

В) сұйықтықтың осмостық қысымы

С) тұндыруға арналған ыдыстың радиусы

D) заттардың физико-химиялық қасиеттері

Е) дисперстік фаза және орта табиғаты

5. Орта тұтқырлығын........арттыруға болады:

А) шырындар, глицерин, шырыштар, МЦ, NaКМЦ қосу арқылы

В) өсімдік майларын қосу арқылы

С) температураны көтеру арқылы

D) дәрілік заттарды енгізу арқылы

Е) салқын жерде сақтау арқылы

6. Гидрофобтық заттармен суспензия дайындаған кезде, тұрақтандыру үшін .... қосады:

А) тұрақтандырғыш

В) глицерин

С) қант шырынын

D) дәрілік зат

Е) ароматизаторлар

7. Шайқағаннан және сілкігеннен кейін бір минут ішінде бөлшектері

біркелкі таралып, суспензияның алғашқы қалпына келуін ............ деп

атайды:


А) ресуспендірленулік

В) жоғары температураға тұрақтылық

С) агрегативті тұрақтылық

D) тұрақтылық

Е) тұрақсыздық

8. Суспензияларды........кұтыда босатады:

А) түссіз

В) "Рекорд" маркалы

С) қоңыр түсті

D) АБ-І маркалы

Е) МТО маркалы

9. Суспензияларды..........тәсілі бойынша дайындайды:

А) дисперсиялық, конденсациялық

В) химиялық, еріткіштерді ауыстыру

С) химиялық

D) лайлау, ерігіштік шегінен асыру

Е) Дерягин

10. Суспензияларда пульпа дайындауға қажетті су мөлшері:

А) суспензия түзетін заттар мөлшерінің жарты мөлшеріндей

В) шамамен 1–2 мл

С) суспензия түзетін заттар мөлшерімен бірдей мөлшерде

D) жазылымдағы барлық заттар мөлшерімен бірдей мөлшерде

Е) шамамен 5-10 мл
Сабақ 8
1. Тақырыбы: Дәнмен және маймен эмульсиялар дайындау.
2. Мақсаты: Дәннен және майдан эмульсия дайындауды және нормативтті құжаттардың талабына сай сапасын бағалауды үйрену.
3. Оқыту мақсаты

Студент білуге тиіс:


  • дәннен эмульсия дайындауды (тәтті бадам, көкнар, асқабақ, жержаңғақ және грек

жаңғағы тұқымдарынан);

  • дәннен эмульсия дайындаудың технологиялық сатылары (тұқымды өңдеу, біріншілік эмульсия алу, біріншілік эмульсияны сұйылту, фильтрлеу, дәрілік затты енгізу, орамдау, босатуға безендіру);

  • қабықты және қабықсыз дәндерді өңдеудің ерекшеліктері;

  • эмульсияларды дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын;

- майлы эмульсияларды эмульгирлеудің теориялық негіздерін;

- эмульсияларды дайындау, сапасын бағалау және босатуға безендіру бойынша



нормативті құжаттар талаптарын.

Студент істей алуға тиіс:

  • дәрілік шикізаттың және судың мөлшерін есептеуді;

  • қасиеттері әртүрлі дәрілік заттарды дәннен жасалған эмульсия құрамына енгізуді;

  • дәннен жасалатын эмульсияның оптимальды технологиясын таңдауды негіздеуді;

  • дәннен жасалатын эмульсияны дайындаудың негізгі технологиялық сатыларын: тұқымды өңдеу, біріншілік эмульсия алу, біріншілік эмульсияны сұйылту, фильтрлеу, дәрілік затты енгізу, орамдау, босатуға безендіру;

  • дәрілік заттардың физико-химиялық қасиеттеріне байланысты эмульгаторларды таңдауды;

  • судың, майдың және эмульгатордың мөлшерін есептеуді;

  • қасиеттері әртүрлі дәрілік заттарды эмульсия құрамына енгізуді;

  • эмульсияның оптимальды технологиясын таңдауды негіздеуді;

  • эмульсияны дайындаудың негізгі технологиялық сатыларын: салмақ бойынша өлшеу, көлем бойынша өлшеу, еріту, араластыру, фильтрлеу;

  • дәрілік түрді тығындап, орамдап және босатуға безендіруді;

  • эмульсияның сапасын бағалауды.



4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тақырып бойынша латын терминология.

  2. Сұйық және қатты фазалардың бөлінуі. Стокс, Пуазейль теңдеулері, диффузия, Фик заңы. Шын ерітінділердің тұтқырлығы. Беттік тартылу. Заттардың реологиялық қасиеттері.

  3. Эмульсиялар дәрілік түр ретінде. Артықшылықтары мен кемшіліктері. Эмульсиялардың медициналық іс-тәжірибеде қолданылуы.

  4. Шикізат материалына және дайындау тәсіліне байланысты эмульсиялардың түрлері.

  5. Дәннен жасалған эмульсия дайындау үшін қолданылатын дәрілік шикізат.

  6. Тұқымдардың және жемістің қабығының түріне байланысты шикізатты өңдеу.

  7. Дәннен жасалған эмульсияның құрамына дәрілік заттарды енгізу.

  8. Эмульсиялардың түрлері және оларды қалай анықтайды?

  9. Эмульсияларды дайындауда қолданылатын эмульгаторлар. Олардың сипаттамасы.

  10. Әсер ету сипаттамасына және медициналық тәжірибеде белгілену тәсіліне байланысты эмульгаторлардың жіктелуі.

  11. Эмульгирлеу механизмі. Оның сипаттамасы.

  12. Дәнді эмульсия дайындауда қолданылатын дәрілік шикізаттар.

  13. Дәнді және жемісті қабықтардың сипаттамасына байланысты дәрілік шикізат дайындау.

  14. Майлы эмульсиялар дайындау тәсілдері. Олардың бағасы, майлы эмульсиялар дайындауда міндетті түрде сақталуы тиіс ережелер.

  15. Қасиеті әртүрлі дәрілік заттарды эмульсия құрамына енгізу.

  16. Дәннен жасалған эмульсиялардың сапасын бағалаудың негізгі көрсеткіштері. Эмульсияларда тұрған кезде жүретін өзгерістер.

  17. Эмульсияларды босатуға безендіру.


Студент тәжірибелік сабаққа келесі тапсырмаларды орындауы тиіс:

Тапсырма 1. Теориялық сұрақтарды оқу;

Тапсырма 2. Келесі масса бірліктері бойынша әрбір студент рецепт жазуы, бақылау паспортын құрастыруы, асқабақ дәнінен эмульсия дайындауы тиіс:

1. 40,0 8. 45,0

2. 45,0 9. 25,0

3. 30,0 10. 30,0

4. 35,0 11. 35,0

5. 25,0 12. 20,0

6. 50,0 13. 25,0

7. 30,0 14. 20,0

Тапсырма 3. Әрбір студент рецептер бойынша есептеулер жүргізу, бақылау паспортын құрастыру, ингредиенттердің физико-химиялық қасиеттерін зерттеу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттауы тиіс:

1.8.

2.9.

3. 8 10. 7

4. 11 11. 14

5. 15 12. 6

6. 3 13. 30

7. 14. 9

Ескерту: Рецептер нөмірін Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 172-175 беттерінен қараңыз.



Тапсырма 4. Дайын дәрілік түрлердің сапасын бағалау.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.
6. Әдебиет
Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.


Қосымша:

1. Ділбарханов Р.Д., Датхаев У.М., Амантаева М.Е. Жақпа майлар. –Алматы. – 2005. – 123 бет.




  1. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы

  2. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы»

  3. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»

  4. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»

  5. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.


Орыс тілінде:

  1. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.

  2. Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.

  3. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

  5. Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.



7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Дәрілік түр ретінде эмульсияларға МФ Х қандай анықтамаларды береді?

  2. Дайындау жолдарына және түзілген материалға байланысты эмульсияларды қандай топтарға бөлуге болады?

  3. Тұқымдардан эмульсиялар қалай дайындалады?

  4. Тұқымдардан дайындалған эмульсиялардың эмульгаторларының табиғаты қандай?

  5. Дәннен дайындалатын эмульсияларға әртүрлі дәрілік заттарды қалай қосады?

  6. Дәрілік түр ретінде эмульсияларға МФ Х қандай анықтаулар береді?

  7. Дайындау жолдарына және түзілген материалға байланысты эмульсияларды қандай топтарға бөлуге болады?

  8. Эмульсия типтері және оларды қалай анықтауға болады?

  9. Эмульсияларды майлардан дайындаудың негізгі ережелері қандай?

  10. Майлы эмульсияларды дайындау кезіндегі міндетті түрде сақталатын ережелер.

  11. Біріншілік эмульсияның дайындығын қалай анықтайды?

  12. Эмульсияларды дайындау кезінде қандай майды және қанша көлемде алу қажет, егер ол рецепте көрсетілмесе?

  13. Майлардан эмульсия жасау үшін қандай эмульгаторлар қолданылады?

  14. Сіздерге белгілі эмульгаторларға салыстырмалы сипаттама беріңіздер?

  15. Майлы эмульсияларға әртүрлі дәрілік заттарды қалай қосады?

  16. Эмульсияларға фенилсалицилатты, Бензонафтолды қосу қалай жүргізіледі?

  17. Эмульсияларды жіберуге безендіру.

  18. Эмульсиялардың сапасын бағалау.

Ситуациялық есеп

Студент асқабақ дәнінен 100,0 г эмульсия дайындаған кезде, салмағы 110,0 г эмульсия алды. Қатты қабығынан тазаланған 10,0 г асқабақ дәніне 100 мл тазартылған су қосып, мұқият және ұзақ араластырды. Сүзбей босататын құтыға құйды. Негізгі «Ішуге», қосымша «Қолданар алдында шайқаңыз» этикеткаларымен безендірді.

Дәнмен эмульсия дайындау қандай сатылардан тұрады? Тұрақтандыру эффектісі қалай қамтамасыз етіледі?

Есеп

1. Rp.: Emulsi ex oleis Helianthi 100,0

Phenylii salicylatis 2,0

Misce.Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

Студент № 7 келіде 5,0 г желатозаны 7,5 мл тазартылған сумен араластырды, 10,0 г зәйтүн майын қосты. Бөлшектеп 77,5 мл тазартылған суды қосып араластырды. Басқа келіде 2,0 г фенилсалицилатты 1,0 г дайын эмульсиямен ысқылады, қалған эмульсияны қосып, босататын құтыға құйды. Микстура ретінде безендірді.

Дайындалған эмульсия сапасы туралы не айтуға болады? Эмульсиядағы фенилсалицилат қандай дисперсті жүйе түзеді? Студент дайындау кезінде оның қандай қасиетін ескермеді?


Тест тапсырмалары

1. Дайындау әдісі және бастапқы шикізатқа байланысты эмульсиялар ........ жасалған эмульсиялар болып бөлінеді:

А) дәннен, майдан

В) жемістерден

С) гидрофобты заттардан

D) гидрофильді заттардан

Е) гигроскопиялық заттардан

2. Эмульсия дайындау кезінде міндетті түрде ...... енгізу қажет:

А) үшінші компонент-эмульгаторды

В) гидрофобты заттарды

С) ерімейтін қатты заттарды

D) гидрофильді заттарды

Е) пролонгаторларды

3. Эмульгаторлар түрлері:

А) ионогенді, бейионогенді

В) амфотерлі, бейионогенді, комплекстүзуші

С) ионогенді, бейионогенді, комплекстүзуші

D) амфотерлі, ионогенді, комплекстүзуші

Е) амфотерлі, катионактивті, анионактивті

4. Дәннен эмульсия дайындағанда қажетті біріншілік эмульсияға арналған су мөлшері (дән салмағынан):

А) 1/10

В) 1/2


С) 1/5

D) 1/2,5


Е) 1/20

5. Эмульсия дайындаған кезде рецепте май көрсетілмесе ...... алады

А) шабдалы немесе бадам

В) күнбағыс немесе мақта

С) күнбағыс немесе абрикос

D) күнбағыс немесе бадам

Е) мақта немесе шабдалы

6. Эмульгирлеу кезінде келісапты айландырады

А) спираль түрінде бір бағытта

В) жұмысты интервалмен

С) тәртіпсіз

D) кезектесіп әр бағытта

Е) соқпалы ысқылау әсерімен

7. Эмульсия құрамына суда еритін заттарды енгізеді

А) сұйылтуға арналған су бөлігінде ерітіп

В) эмульгатормен ысқылап

С) ұсақ ұнтаққа дейін суспензия түрінде

D) майда ерітіп

Е) ең соңында

8. Эмульсия құрамына майда, суда ерімейтін заттарды енгізеді

А) дайын эмульсияға суспензия түрінде

В) эмульгатормен ысқылап

С) сұйылтуға арналған су бөлігінде ерітіп

D) маймен ысқылап

Е) соңында

9. Эмульсияның корпусын дайындауға қажетті су мөлшері

А) май және эмульгатор қосындысының ½ бөлігіндей

В) май және эмульгатор қосындысының 1/10 бөлігіндей

С) май және эмульгатор қосындысының 1/5 бөлігіндей

D) май және эмульгатор қосындысына теңдей мөлшерде



Е) май және дәрілік заттардың қосындысына теңдей мөлшерде

Сабақ 9
1. Тақырыбы: Құрамында алкалоидтар, жүрек гликозидтері, эфир майлары, сапониндер, иілік заттары және антрогликозидтер бар шикізатпен сулы сығындылар дайындау.

2. Мақсаты: Дәрілік өсімдік шикізатын және экстрагент мөлшерін есептеуді, құрамында эфир майлары, иілік заттары, жүрек гликозидтері, алкалоидтар және т.б. бар қайнатпалар мен тұнбалар дайындау.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:

  • дәрілік өсімдік шикізатын экстрагирлеудің теориялық негіздерін (шикізат түрі, шикізаттың анатомо-морфологиялық ерекшеліктері, әсер етуші заттардың физико-химиялық қасиеттері, қосалқы заттардың әсері);

  • экстракциялау тиімділігіне әсер ететін факторларын (шикізаттың майдалануы, шикізат пен экстрагент қатынасы, экстрагент қасиеті, экстрагирлеу режимі, концентрациялар айырмашылығы);

  • дәріханада сулы сығындыларды дайындауға қолданылатын қондырғыны қолдануын;

  • әсер етуші заттардың сығындылау механизмін.

  • сулы сірінділерді дайындау, сапасын бағалау және босату бойынша нормативті құжаттар талабын.

Студент істей алуға тиіс:

  • шикізатты экстракциялауға дайындауды;

  • жазылымдағы дәрілік өсімдік шикізатының, судың және басқа ингредиенттердің мөлшерін есептеуді;

  • Жоғары биологиялық белсенді немесе құрамында көбірек алкалоидтары бар шикізат массасына корректілер ендіру;

  • дәрілік өсімдік шикізатының табиғатын ескеріп сулы сіріндінің оптимальды технологиясын дәйектеуді;

  • тұнбалар және қайнатпаларды дайындауды: өсімдік шикізатын майдалау, елеу, өлшеу, суды өлшеу, белгілі температурада тұндыру, сүзу, шикізатты сығу, көлемін белгіге дейін сумен жеткізуді;

  • сулы сығындылар дайындауда кіші механизация құралдарын қолдануды;

  • тұнбалар мен қайнатпалардың сапасын бағалауды;

  • дәрілік түрлерді орамдап, босатуға безендіруді.


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тақырып бойынша латын терминология.

  2. Өсімдік шикізатының химиялық құрамы және құрылыстық-механикалық қасиеттері.

  3. Экстракциялаудың теориялық негіздері, молекулалық және конвективтік диффузия.

  4. Фик заңының, тепе-теңдік және Эйнштейн теңдеуі физикалық мәні.

  5. Клетка биофизикасы, өсімдік клеткасының құрылысы.

  6. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.

  7. Сулы сірінділер дәрілік түр ретінде. Сипаттамасы. Жіктелуі. МФ басылымы және ҚР МФ сулы сығындыларды дайындау.

  8. Өсімдік шикізатын сумен экстракциялау механизмі.

  9. Сулы сірінділердің сапасына әсер етуші факторлар.

  10. Құрамында алкалоидтар, иілік заттар, антрглюкозиттер, жүрек гликозиттері, эфир майлары бар өсімдік шикізаттарынан сулы сірінділер дайындау ерекшеліктері.

  11. Сапасын бағалау, босатуға безендіру ережелері және сулы сығындыларды МФ талаптарына және нормативті құжаттар талаптарына сай жүргізу (ҚР ДСМ 17.01.2012 ж. N 91, 19.01.2012 ж. № 114, 30.12.201 ж. № 1692, 30.12.2011 ж. № 1693, 01.11.96 ж. N 481, 30.03.12 ж. N 396, 15.12.04 ж. N 142, 16.01.12 ж. N60).

Тапсырма 1. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығын, ССРО МФ ХІ басылымындағы «Тұнбалар мен қайнатпаларң мақаласын конспектілеу және білу.
Тапсырма 2. Рецептерді латын тілінде жазу, есептеулер жүргізу, дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау.

1. 1 170 8. 23 30

2. 2 150 9. 25 1о

3. 3 14о 10. 240 6

4. 4 16о 11. 200 9

5. 5 19о 12. 22о 10

6. 21 11о 13. 21о 13

7. 24 4о 14. 13о 8

Ескерту: 1. Рецептерді Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 186-191 беттерінен қараңыз.

2. Термопсис шөбінің және наперстянка жапырағының стандартты шикізаттарынан алынған сулы сығындыны және құрамында 1,6 % алкалоидтары бар, 75-80 ЛЕД жүрек гликозидтерін есептеу.


5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.
6. Әдебиет

Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.


Қосымша:

  1. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы

  2. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»

  3. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.

  4. Технология изготовления лекарственных форм. Серия «Медицина для вас». Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. – 448 с.

  5. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы»

  6. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»

  7. Приказ МЗ РК № 481 от 01.11.1996 г. «О мерах по улучшению порядка приобретения, хранения, использования и учета ядовитых, наркотических и сильнодействующих веществ».

  8. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 30 наурыздаєы № 396 Ќаулысы «Ќазаќстан Республикасында баќылау жасалуєа тиіс есірткіні, психотроптыќ заттар мен прекурсорларды медициналыќ маќсаттарда пайдалану ќаєидаларын бекіту туралы»

Орыс тілінде:

  1. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.

  2. Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.

  3. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

  5. Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.


7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Жіктелуі.

  2. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудың негізінде қандай процестер жатыр?

  3. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындауда әсер етуші заттардың толық сірінділеуіне әсер ететін факторлар.

  4. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындау кезінде өсімдік шикізатының майдалану дәрежесі қандай болуы керек?

  5. Рецепте көрсетілмесе тұнбалар мен қайнатпалардағы өсімдік шикізатының және сірінді көлемінің қатынасы қандай болуы тиіс?

  6. Экстрагентке қандай талаптар қойылады?

  7. Тұнбалар мен қайнатпаларды дайындау кезінде болатын шығындар қалай ескеріледі?

  8. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудағы айырмашылықтар.

  9. “Жылдам” белгісі бар тұнбалар мен қайнатпаларды дайындаудың ерекшеліктері.

  10. Құрамында алкалоидтары бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

  11. Құрамында иілік заттары, антрагликозидтері бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау ерекшеліктері.

  12. Құрамында эфир майлары бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

  13. Құрамында жүрек гликозидтері бар өсімдік шикізатынан сулы сірінді дайындау.

  14. Сулы сірінділерге дәрілік заттарды қалай енгізеді?

  15. Сулы сірінділерді өсімдік шикізатынан дайындағанда дәрілік заттардың концентрлі ерітінділерін не себепті пайдалануға болмайды?

  16. Сулы сірінділердің сапасын бағалау. Тұнбалар мен қайнатпалардың сақталу мерзімдері.


Ситуациялық есеп

Ал: Кодеиннен 0,12

Жалынгүл шөбінен 6,0: 200 мл

Натрий бромидінен

Калий бромидінен тең мөлшерде 4,0

Араластыр. Жібер. Босат. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.

Студент 3 мм дейін майдаланған (Белсенділігі 80 БӘБ) жалынгүл шөбінен 6 г өлшеп, инфундирлік стаканға 212 мл суды құйды, 30 минутқа қайнап тұрған су моншасына қойды, бөлме температурасында 45 минут салқындатты, сүзді және 0,12 кодеинді, 4,0 натрий бромидін, 4,0 калий бромидін ерітті. Араластырды және «Микстураң этикеткасымен безендірді. Сигнатура жазды.

Студент қимылын сын көзбен бағалаңыз.


Тестік тапсырмалар

1. 7,0 жалынгүл шөбінен 210 мл сулы сірінді дайындау үшін белсенділігі 70 БӘБ шикізаттан қанша алу керек /МФ XІ бойынша шикізат белсенділігі 66 БӘБ/:

А) 6,6

В) 6,0


С) 8,0

D) 7,0


Е) 25,0

2. Алколидтары 2,1 % /стандартты шикізатта алколоид мөлшері МФ ХІ бойынша 1,5% кем емес/ термопсис шөбінің 1:400-180 мл тұнбасын дайындауға қажетті шикізат мөлшері:

А) 0,32

В) 0,18


С) 2,22

D) 0,50


Е) 0,45

3. 0,4 наперстянка жапырақтарынан 150 мл сулы сірінді дайындау үшін белсенділігі 80 БӘБ шикізаттан қанша алу керек /МФ ХІ бойынша шикізат белсенділігі 50-66 БӘБ/:

А) 0,3

В) 0,5


С) 0,45

D) 0,33


Е) 0,4

4. 1:30-120 мл меруертгүл шөбінен сірінді дайындауға қажетті шикізат пен су мөлшері:

А) 4,0 және 130 мл

В) 0,3 және 130 мл

С) 1,2 және 123 мл

D) 6,0 және 130 мл

Е) 12,0 және 150 мл

5. 1:30-180 мл спорынья сулы сіріндісін дайындауға құрамындағы алколоидтары 0,07 % шикізат /МФ ХІ бойынша 0,05%/ мөлшері:

А) 4,3

В) 6,0


С) 13,3

D) 9,0


Е) 18,0

6. Су сіңіру коэффициенті дегеніміз 1,0 дәрілік шикізаттың бойында ........ кейін қалатын су мөлшері:

А) сыққаннан

В) сүзгеннен

С) еріткеннен

D) фильтрленгеннен

Е) суытқаннан

7. Жапырақтардың, гүлдердің, шөптердің майдалану дәрежесі ...... ірі емес болуы тиіс:

А) 5 мм

В) 3 ммс


С) 10 мм

D) 0,5 мм

Е) 1 мм

8. Итшомырт қабығынан 280 мл сірінді дайындауға қажет шикізат пен су мөлшері (су сіңіру коэффициенті 1,6):



А) 28,0 325 мл

В) 2,8 285 мл

С) 14,0 303 мл

D) 0,7 280 мл

Е) 1,6 281,6 мл

Сабақ 10
1. Тақырыбы: Тұнбалар мен қайнатпаларды құрамында шырышты заты бар өсімдік шикізаттарымен дайындау. Экстракт-концентраттарды қолдану.
2. Мақсаты: Дәрілік өсімдік шикізатын және экстрагент мөлшерін есептеуді, құрамында шырышты заттары және экстракт-концентраттары бар тұнбалар дайындау.
3. Оқыту мақсаты:

Студент білуге тиіс:


  • дәрілік өсімдік шикізатын экстракциялаудың теориялық негіздерін;

  • сулы сірінділерді дайындау, сапасын бағалау және дәріханадан босату бойынша нормативті құжаттар талаптарын;

  • жалбыз тікен тамырынан, зығыр дәнінен, салеп түйінінен шырыш дайындаудың ерекшеліктерін.

- экстракт-концентраттардың сипаттамасын және жіктелуін;

- өндіріс жағдайында дайындалатын экстракт-концентраттардың номенклатурасын.



Студент істей алуға тиіс:

  • шикізатты экстракциялауға дайындауды;

  • жазылымдағы дәрілік өсімдік шикізатының, судың және басқа ингредиенттердің мөлшерін есептеуді;

  • тұнбалар және қайнатпаларды дайындауды: өсімдік шикізатын майдалау, елеу, өлшеу, суды өлшеу, белгілі температурада тұндыру, сүзу, шикізатты сығу, көлемін белгіге дейін сумен жеткізуді;

  • сулы сығындылар дайындауда кіші механизация құралдарын қолдануды;

  • экстракт-концентраттардың, судың, басқа ингредиенттердің мөлшерін есептеуді;

  • экстракт-концентраттарды пайдаланып сулы сірінділерді дайындаудың оптимальды технологиясын таңдауды;

  • экстракт-концентраттарды пайдаланып сулы сірінділерді дайындауды: өлшеу, еріту, сүзу;

  • дәрілік түрді орамдау, босатуға безендіру;

  • тұнбалар мен қайнатпалардың сапасын бағалауды


4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тақырып бойынша латын терминология.

  2. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.

  3. Сулы сірінділер дәрілік түр ретінде. Сипаттамасы. Жіктелуі. МФ ХІ басылымы және ҚР МФ сулы сығындыларды дайындау.

  4. Өсімдік шикізатын сумен экстракциялау механизмі.

  5. Сулы сірінділердің сапасына әсер етуші факторлар.

  6. Жалбыз тікен тамырынан, зығыр дәнінен, салеп түйінінен шырыш дайындаудың ерекшеліктері.

  7. Сапасын бағалау, босатуға безендіру ережелері және сулы сығындыларды МФ талаптарына және нормативті құжаттар талаптарына сай жүргізу (ҚР ДСМ 17.01.2012 ж. N 91, 19.01.2012 ж. № 114, 30.12.201 ж. № 1692, 30.12.2011 ж. № 1693, 01.11.96 ж. N 481, 30.03.12 ж. N 396, 15.12.04 ж. N 142, 16.01.12 ж.).

  8. Тұнбаларды дайындауда қандай экстракт-концентраттар қолданылады? Технологиясының ерекшеліктері.

  9. Микстуралардың сапасын бағалау және безендіру.


5. Тақырып бойынша тапсырма:

Тапсырма 1. Келесі жазылым бойынша рецепт жазу, ингредиенттерге есептеулер жүргізу, МФ 1Х, Х басылымдарынан физико-химиялық қасиеттерін жазу және дәрілік түрдің технологиясын және теориялық дәйектемесін сипаттау:

1. 170 16 8. 11 7о

2. 230 17 9. 12 2о

3. 10 18 10. 13 7

4. 30 19 11. 14 9

5. 80 20 12. 4 о 18

6. 13 120 13. 80 16

7. 15 18о 14. 10 6о

Ескерту: 1. Есептеулерді дәрілік өсімдік шикізатымен және экстракт-концетраттармен жүргізу керек.. Рецептер Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 186-191 беттерінде.

Әрбір студент рецептерді латын тілінде жазуы, есептеулер жүргізуі, технологиясын және зығыр дәндері шырынын келесі мөлшерде теориялық дәйектемесін сипаттауы тиіс:



1. 40 мл 8. 55 мл

2. 20 мл 9. 60 мл

3. 35 мл 10. 65 мл

4. 30 мл 11. 70 мл

5. 50 мл 12. 75 мл

6. 45 мл 13. 80 мл

7. 25 мл 14. 85 мл

Тапсырма 2. ҚР ДСМ 15.12.04ж. № 142 бұйрықты және МФ Х1 басылымындағы «Настои и отвары» мақаласын көшіру.
Тарсырма 3: Тарсырмаға сәйкес дәрілік түрді дайындау, сапасын бағалау және босатуға безедіру.

Тапсырма 4. Дәрілік түрдің сапасын бағалау, күнделікте көрсету, дайындалған дәрілік түрлерді және күнделікті оқытушыға тапсыру.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.
6. Әдебиет
Қазақ тілінде:

негізгі:

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.

3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Шымкент. – 2008. – 436 бет.

4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. – Алматы. – 2011. – 436 бет.

5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.


Қосымша:

  1. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы

  2. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»

  3. ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.

  4. Технология изготовления лекарственных форм. Серия «Медицина для вас». Ростов н/Д: «Феникс» - 2002. – 448 с.

  5. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы»

  6. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»


Орыс тілінде:

  1. Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.

  2. Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.

  3. Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.

  4. Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.

  5. Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.



7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)

  1. Тұнбалар және қайнатпалар. Анықтамасы. Жіктелуі.

  2. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындаудың негізінде қандай процестер жатыр?

  3. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындауда әсер етуші заттардың толық сірінділеуіне әсер ететін факторлар.

  4. Тұнбалар және қайнатпаларды дайындау кезінде өсімдік шикізатының майдалану дәрежесі қандай болуы керек?

  5. Жалбызтікен тамырының, зығыр дәнінің, салеп түйнегінің шырыштарын дайындаудың ерекшеліктері.

  6. Шығын коэффициентінің анықтамасы?

  7. Сулы сығындының сапасын бағалау? Тұнбалар мен қайнатпалардың сақталу жағдайлары.

  8. Сулы сығындылардың анықтамасы.

  9. Экстракт-концентраттар деген не? Экстракттардан айырмашылығы.

  10. Тұнбалар дайындауда қандай экстракт-концентраттар қолданылады. Технологиясының ерекшеліктері.

  11. Сулы сығындылардың сапасын қандай көрсеткіштермен бағалайды?


Ситуациялық есеп

Ал: Жалбыз тікен тамырынан қайнатпа 8,0 – 200 мл

Димедролдан 0,3

Эфедирин гидрохлоридінен 0,15

Калий йодидінен 6,0

Араластыр. Жібер. Босат. 1 ас қасықтан күніне 3 рет 12 жасар балаға.

Студент перфорирленген инфундирлік стаканға 8,0 г майдаланған жалбыз тікен тамырын салып, 200 мл тазартылған су құйды және бөлме температурасында периодты араластыра отырып 30 миут тұндырды. Содан соң екі қабат дәке арқылы қосымша ыдысқа шикізатты сығып, сүзді. Дайындалған тұнбада 0,3 г димедролды, 0,15 г эфедрин гидрохлоридін ерітті және 30 мл (1:5) калий йодиді ерітіндісін қосты. Ішуге арналған этикеткамен безендірді.

Жазылымды латын тіліне аударыңыз. Студент орындаған есептеулерді тексеріңіз. Дайындау кезінде қандай қателіктер жіберілді? Эфедрин гидрохлоридімен жұмыс істеу және босатуға безендіру ерекшеліктерін көрсетіңіз. Бақылау паспортын жазыңыз.



жүктеу 1,2 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау