3. Оқыту мақсаты: Студент білуге тиіс:
көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамаларын;
көз дәрілік түрлеріне қойылатын талаптарды және оларды қамтамасыз ету тәсілдерін;
көзге арналған дәрілік түрлердің технологиясының ерекшеліктерін;
көз жағар май негіздеріне қойылатын талаптар;
көз жағар май технологиясының ерекшеліктері;
көзге арналған дәрілік түрлерді дайындау, сапасын бағалау, босатуға безендіру бойынша нормативті құжаттар талаптарын.
Студент істей алуға тиіс:
көз тамшыларындағы, офтальмологиялық ерітінділердегі дәрілік заттардың изотондық концентрацияларын есептеуді;
көз тамшылары мен офтальмологиялық ерітінділерді дайындауда негізгі технологиялық операцияларды орындауды: өлшеуді, ерітуді, консервирлеуді, изотондауды, тұрақтандыруды, фильтрлеуді, стерильдеуді;
көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау;
көз жағар майларында дәрілік заттардың концентрациясын есептеуді;
негізгі технологиялық операцияларын орындай отырып көз жағар майларын дайындауды;
көзге арналған дәрілік түрлердің оптимальды технологиясын таңдауды және дәйектеуді;
негізгі технологиялық операцияларды сақтай отырып көз жағар майын дайындау;
көзге арналған дәрілік түрлердіі, сапасын бағалауды.
4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Сабақ тақырыбы бойынша латын терминологиясы.
Көз тамшылары. Анықтамасы. Сипаттамасы. Қойылатын талаптар.
Көз тамшыларын дайындау ерекшеліктері.
Көз тамшыларын құрғақ заттарды ерітіп және олардың концентрлі ерітінділерін пайдаланып дайындау.
Көз жағар майларының технологиясы. Көз жағар майларын дайындауда қолданылатын негіздер
Көзге арналған дәрілік түрлердің сапасын бағалау.
Тапсырма 1. ҚР ДСМ 17.01.2012 ж. N 91 “Дәріхана ұйымдарын орналастыру, жабдықтау және пайдалану. Санитарлық ережелері мен нормалары” бұйрығын конспектілеу; МФ X, XІ басылымындағы “Көз тамшылары” мақаласын конспектілеу.
Задание 2. Келесі жазылым бойынша күнделікке рецептерді жазу, латын тіліне аударып, есептеуін жүргізіп, бақылау паспортын құрастыру, технологиясын, теориялық дәйектемесімен жазу:
1. 1 60 17 8. 8 190 240
2. 2 70 18 9. 10 9 21о
3. 3 80 19 10. 20 10 17
4. 4 90 20 11. 30 11 18
5. 5 100 21 12. 40 12 19
6. 6 180 22о 13. 50 13 14
7. 7 160 230 14. 14 170 16
Рецептер Анарбаева Р.М. «Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық сабақтарға арналған оқу құралының» 281-284 беттерінде.
5. Білім берудің және оқытудың әдістері: дәстүрлі, кіші топтарда жұмыс істеу, жұппен жұмыс істеу.
6.Әдебиет
Қазақ тілінде:
негізгі:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 1. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2008. – 592 бет.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік фармакопеясы. Т. 2. – Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2009. – 792 бет.
3. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. –
Шымкент. – 2008. – 436 бет.
4. Сағындықова Б.А., Анарбаева Р.М. Дәрілердің дәріханалық технологиясы. –
Алматы. – 2011. – 436 бет.
5. Р.М. Анарбаева. Дәріханалық дәрілік түрлер технологиясы бойынша зертханалық
сабақтарға арналған оқу құралы.– Шымкент.– 2013.– 329 б.
қосымша:
Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 17 ќаѕтардаєы № 91 Ќаулысы "Дјрілік заттардыѕ, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканыѕ айналысы саласындаєы объектілерге ќойылатын санитариялыќ-эпидемиологиялыќ талаптар" санитариялыќ ќаєидаларын бекіту туралы
Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1693 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдар мен медициналыќ техниканы кґтерме жјне бґлшек саудада ґткізу ќаєидаларын бекіту туралы»
Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 19 ќаѕтардаєы № 114 Ќаулысы «Дайындалєан дјрілік препараттарєа дјріханаішілік баќылау жїргізу ќаєидаларын бекіту туралы»
Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2011 жылєы 30 желтоќсандаєы № 1692 Ќаулысы «Дјрілік заттарды, медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды жјне медициналыќ техниканы таѕбалау ќаєидаларын бекіту жјне "Дјрілік заттардыѕ ќауіпсіздігіне ќойылатын талаптар" техникалыќ регламентін бекіту туралы" Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2010 жылєы 14 шілдедегі № 712 ќаулысына ґзгерістер енгізу туралы»
ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы.
ҚР ДСМ 15.12.04 ж. N 142 “Дәрілік түрлерді дайындау ережесі” бұйрығы. Ќазаќстан Республикасы Їкіметініѕ 2012 жылєы 16 ќаѕтардаєы № 60 Ќаулысы «Дјрілік препараттарды жјне медициналыќ маќсаттаєы бўйымдарды дайындау ќаєидаларын бекіту туралы»
Орыс тілінде:
Фармацевтическая технология: Технология лекарственных форм: учебник для студ. высш. учеб. заведений/И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова и др.; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой.–М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 592 с.
Практикум по технологии лекарственных форм: учебное пособие И.И. Краснюк, Г.В. Михайлова, О.Н. Григорьева и др; под ред. И.И. Краснюка, Г.В. Михайловой. – М.: Издательский центр «Академия», 2006. – 432 с.
Елинов Ю.Ю. Полный справочник фармацевта. – М. – 2006.
Руководство к лабораторным занятиям по аптечной технологии лекарственных форм /Т.С. Кондратьева, Л.А. Иванова, Ю.И. Зеликсон и др.; Под ред. Т.С. Кондратьевой.– М.: Медицина, 1986.– 288 с.
Технология лекарственных форм. Учебник в 2 томах. Том 1 /Под ред. Т.С.Кондратьевой. – М.: Медицина. – 1991. – 496 с.
7. Бақылау (сұрақтар, тестілер, есептер және т.б.)
Тамшылардың дәрілік түр ретіндегі анықтамасы.
Көзге арналған дәрілік түрлердің сипаттамасы қандай?
Көз тамшыларына және көзге басуға арналған ерітінділерге қандай талаптар қойылады? Оларды дәйектеңіз.
Көзге арналған дәрілік түрлер мен шаншуға арналған дәрілік түрлердің салыстырмалы сипаттамалары. Ұқсастығын және ерекшелігін қалай негіздеуге болады?
Көз тамышалыры мен көзге арналған ерітінділер орамасын ашуға дейін және ашқаннан кейін стерильдігін қалай сақтауға болады?
Офтальмологияда қолданылатын консерванттардың сипаттамасы. Жіктелуі.
Көзге арналған ерітінділері тұрақсыздығының себептері.
Көз тамшылары мен көзге басуға арналған ерітінділерді стерильдеу тәсілдері.
Көз тамшылары және басуға арналған ерітінділерді тұрақтандыру. Тұрақтандырғыштардың әсер ету механизмі.
Көзге арналған ерітінділері дискомфорттығының себептері. Комфорттық қалай қамтамасыз етіледі.
Көз тамшыларының әсері қалай ұзартылады. Пролонгаторлар. Олардың әсер ету механизмдері.
Офтальмологиялық ерітінділердің дәріханаішілік дайындамаларын және аз сериялы өндірісте дайындау мүмкіндіктері қандай?
Ситуациялық есеп
1. Ал: Рибофлавиннен 0,002
Аскорбин қышқылынан 0,05
Глюкоза ерітіндісінен 2% 10 мл
Араластыр. Босат. Белгіле. Тамшыдан күіне 3 рет екі көзгеде
Студент асептикалық жағдайда пипеткамен 0,5 мл 10 % аскорбин қышқылы ерітіндісін, 1 мл 20% глюкоза ерітіндісін және 8,5 мл 0,02 % рибофлавин ерітіндісін бейтарап шынылы құтыға өлшеп құйды. Ерітінді технологиясының дұрыстығын сын көзбен бағалаңыз.
Тестік тапсырмалар
1. МФ Х басылымы талаптары бойынша көз тамшыларын дайындау үшін қолданылатын еріткіштер:
А) шаншуға арналған су, стерильді шабдалы майы
В) поливинил спирті ерітіндісі, метилцеллюлоза ерітіндісі
С) консервілеуші және буферлеуші қасиеттері бар изотодық стерильді еріткіштер
D) тазартылған су, метилцелюлоза ерітіндісі
Е) тазартылған су, поливинил спирті ерітіндісі
2. Көз тамшылары мен басуға арналған ерітінділерге қойылатын талаптардың біреуі дұрыс емес, ол:
А) апирогендік
В) стерильдік
С) тұрақтылық
D) изотондық
Е) механикалық қоспалардан тазалық
3. МФ Х басылымы бойынша көз тамшыларын изотондау үшін ..... қолданылады:
А) натрий хлориді
В) калий хлориді
С) магний сульфаты
D) натрий гипосульфаты
Е) аммоний сульфаты
4. МФ Х енгізілген көз жағар майы:
А) сынаптың сары тотығы
В) стрептоцидті
С) ксероформды
D) новокаинды
Е) сынаптың ақ тотығы
5. Көз тамшыларын тұрақтандыру үшін...... қолданылады:
А) бор қышқылы
В) хлорсутек қышқылы
С) лимон қышқылы
D) натрий гидрокарбонаты
Е) натрий хлориді
6. Көз жағар майы құрамына суспензия түрінде ..... енгізіледі:
А) стрептоцид, сынаптың сары тотығы
В) резорцин, мырыш сульфаты
С) атропин сульфаты
D) мырыш сульфаты
Е) тетрациклин гидрохлориді, мырыш тотығы
Достарыңызбен бөлісу: |