Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: «Кіріспе. ҚР акушерия гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериялық стационарда аурулардың алдын алу»
Пәні: Акушерия және гинекологиядағы мейірбике ісі
Мамандығы: 0302000 мейірбике ісі
Курс: 4
Уақыты (ұзақтығы): 2 сағат
Құрастырған: Абдукасымова Э,А.
Шымкент, 2013
Кафедраның әдістемелік отырысында бекітілді «_08__» __06__ 2013 ж №__11 хаттама
Кафедра меңгерушісі
м.ғ.к., доц.м.а.________________ Р.Т.Тлеужан
1. Тақырыбы: «Кіріспе. ҚР акушерия гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Акушериялық стационарда аурулардың алдын алу»
2. Mақсаты: Акушерлік стационарды ұйымдастыру, құрылысы мен жұмысы. ҚР ана денсаулығын қорғау қағидаларын оқып үйрену.
3. Дәріс тезистері
Дәріс жоспары:
Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
Акушерлік стационардағы мейірбикенің қызметі мен ролі
Перзентхананың құрылысы мен жұмысы
Перзентхана ең ірі дәрігерлік мекемелердің бірі, оның негізгі міндеті жүктілікті сақтау, босану, босанғаннан кейін бала мен ананың денсаулығын қорғау. Перзентха- наның сапалы жұмысы дәрігерлердің мамандылық дәрежесіне, материалдық-техникалық жабдыққа, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайына және анестезиологиялық жағдайына және анастезиологиялық-реанимациялық көмектің ұйымдастырылуына байланысты. Перзентхананың құрамына: қабылдау, әйелдер босанатын, патология (жүкті әйелдер алдын ала жататын бөлімше), босанғаннан кейінгі физиологиялық, ішкі обсервация, бөбектер, анестезиология, реанимация, шығарып салу, емдеу мен басқарма шаруашылық бөлімдері және әйелдер кеңес орны кіреді.
Қабылдау бөлмесі. Қабылдау бөлмесінде беті клеенкамен жабылған кереуетше, стол, орындық, тумбочка, әйел кишін уақытша қоятын шкаф, заттарды сақтайтын сейф болуы керек. Тумбочка үстінде дезинфекциялайтын ерітіндіге толық батырылған термометр. Қолданылған термометр мен шпателді салатын ыдыс және стерилденген корнцанг сақтайтын қоңыр шыны ыдыс болуы керек.
Тумбочка ішінде залалсыздандырылған аяқ киім, сонымен бірге стерилді бикс болуы қажет.
Жүкті әйелдер алдын ала жататын бөлім. Бұл бөлімде жоғары, орта және төмен дәрежелі кауіп-қатер тобын-дағы әйелдер тексеріліп, емделеді. Құрамына қарау, емдеу, асхана бөлмелері кіреді. Бөлімге түскен әйелдерден қажетті мәліметтер жинап, арнайы акушерлік зерттеулер жүргізіп, клиникалық-лабораториялык, анализдер алып, сырқаттың түрін анықтап, оның босану жолдарын шешеді.
Босанатын бөлім. Оның құрамына: босанар алдындағы бөлімше, босанатын және операция бөлімдері кіреді. Бұдан басқа қызметкерлер үшін буфет, санитарлар бөлмесі т. б. болу керек. Босану белмесіне кіреберісте дәкемен жабылған бикс тұру керек.
Босанар алдындағы белмедегі төсектің саны физиологиялық бөлімге арналған барлық төсектердің 12 проценті (екі төсектен кем болмауға тиіс), Рахманов төсегінің саны 7—8°/о болғаны жөн. Ал босануға арналған бөлмелердің саны өкі есе көп болу керек. Себебі тазалап, желдетіп, кварцпен аластау кезінде оларды кезекпен ауыстырып отырады Әрбір әйелдің бөлек босану бөлмесі болғаны дұрыс.
Босанар алдындағы бөлме. Бұл белмеде никелденген төсек, астауша, наркоздык, қан қысымын өлшейтін аппараттар, стетоскоп, жамбас өлшегіш болады. Бұл бөлмеде кезекші акушер жүкті әйелдің жалпы жағдайын, қан қысымын, тамыр соғуын, толғақтың сипатын, нәрестенің жүрек қағысын бақылап, күнделікке жазып отырады. Қынаптық зерттеуді босанып жатқан әйелдерде керсеткіштері бойынша кіші операция бөлмесінде, ал жыныс мүшелерінен қан кеткен кезде үлкен операция белмесінде жүргізеді.
Босану бөлмелері. Бұл белмеде әйелдер босанатын Рахманов төсектері, дәрі-дәрмек, залалсыздандырылған құрал-аспаптар қоятын шкаф, стол, жылжымалы рефлектор шамы, дәрі тамызуға арналған штативтер және залалсыздандырылған материалдармен (халат, мақта жұмыршасы, резинка қолғаптар т. б.) жабдыкталған бірнеше бикстер болады. Сонымен қатар бұл бөлмеде нәрестенің тыныс жолдарын сорып тазартатын электро-сорғыш, оттекті баллондар, наркоз беретін аппарат, танометр, стетоскоп болады. Босанатын екі бөлменің арасында жаңа туған сәбиге арналған тиісті дәрі-дәрмек, арнайы құрал-аспаптармен жабдықталған бөлме бар.
Босануға арналған белмелерге таяу шағын операция бөлімшесі орналасады. Бұл бөлмеде баланы жатырдан жарып алудан басқа операциялардың бәрі жасалады, ал кесар тілігі үлкен операция бөлмесінде жасалады. Әйелдер босанатын бөлмелер мұқият оңашалануға тиіс Сонымен қатар тез арада дәрігерлік көмек көрсету үшін, залалсыздандырылған аспаптар, қан, қан орнына жүретін ерітінділер, дәрі-дәрмектермен жабдықталуы керек.
Босанганнан кейінгі физиологиялық бөлім. Физиологиялық бөлімде босанған аналар жатады. Олардын, дене қызуын, тамыр соғысын, қан қысымын әр күн сайын өлшейді. Сонымен қатар жалпы жағдайын, емшек бездерін, жатырдын, жиырылуын және зәрі мен қанын тексеріп тұрады. Бұл бөлімдегі төсек саны перзентхананың жалпы төсек саныньщ 50—55%-ін құрайды, тағы 10%-тей артық төсек болғаны жен. Мұнда нәрестенін. денсаулығына байланысты перзентханада қалдырылған ана-лар жатады. Бұл бөлмелердің санитарлық тазалығы қатаң түрде сақталуы қажет. Босанған әйелге беті-қолын сүртетін, сүт бездеріне арналған сүлгілер, емізу кезінде бөбөкке төсеу үшін жаялық беріледі. Төсектік жайылымдар әр үш күн сайын ауыстырыльш түруы керек. Босанған әйелдің жаялық-төсеніштерін алғашқы үш күнде күніне төрт рет, одан кейінгі күндері екі рет, жейдесі мен сүлплерін күнара, ал бөбекке арналған жаялықты күніне екі рет ауыстырып тұрады.
Обсервациялық-акушерлік бөлім. Мұнда физиологиялық бөлімде ұстауға болмайтын, жұқпалы ауру таратуға себепші болатын жүкті, босанған және босанатын әйелдер, жаңа туған жас бебектерге дәрігерлік кемек көрсетіледі, Обсервацияға әйелдер тікелей қабылдау, босанатын және басқа бөлімдерден келеді. Сол сияқты әдетте жүкті әйелдер патология, физиология бөлшінен ауыстырылады Жоғарыда айтылғандай ауру, сырқат әйелдер мен бөбектер обсервацияға тікелей үйден де түсуі ықтимал.
Босану мекемелерінде гинекологиялық көмекті көрсетудегі мейірбикенің ролі:
Босану мекемелерінде мейірбикенің басты міндеті ол жанұяны жоспарлауда әйел денсаулығын қорғау, сақтауға бағытталған. Акушерлік және гинекологияда мейірбике әйелдерге емдік-профилактикалық шаралар жүргізу, тексерулер, күтім жасау, реабилитацилау, керекті акушерлік-гинекологиялық көмекті көрсетуі тиіс.
Мейірбике пациентке көмекші, ақылшы болып келеді. Ол барлық мейірбикелік үрдістің сатыларын жүргізуі қажет: жағдайларды анықтау, біріншілік баға беру, мейірбикелік іс шараны жоспарлау, жоспарланған күтімді орындау, күтімнің қорытындысын шығару.
Мейірбике ФАП-та, әйелдер кеңесінде, гинекологиялық бөлімде, егу бөлмесінде, хирургиялық және физиотерапия бөлімінде, перзентханада жұмыс атқарады.
Мейірбике қауіп топтарын, аурудың клиникалық көрінісін, асқынуын, алдын алуын, пациенттерді диагностикалық шараларға дайындауды, пациент және медицина қызметкерін инфекциялық қауіптінің алдын алу шараларын білуі қажет.
Сонымен қатар мейірбике акушерлік және гинекологиядағы жедел көмекті қажет ететін жағдайларда жедел көмек көрсете білуі қажет.
Акушерлік стационардың эпидемияға қарсы шараларын ұйымдастыру
Перзентхана жылына бір рет жоспарлы дезинфекцияға жабылуы қажет.
Босану және операция бөлімінде медицина қызметкерлері маска кию арқылы жұмыс жасау қажет. Нәрестелер бөлімінде инвазивт (қан алмастырып құю, кіндік тамырларды катетерлеу, люмбальді пункция т.б.) манипуляциялар жүргізген кезде маска киюі қажет.
Эпидемиологиялық бағытта ана мен баланы стационардан 2-4 тәулікте шығарылуы ауруханаішілік инфекцияланудың алдын алады.
Босану кезінде кейеу немесе туысқанының қатысуы тек кезекші дәрігердің рұқсатымен, сонымен бірге арнайы бактериологиялық тексерістерден өтілген анықтама қағазы болуымен қатыса алады.
Перзентхананың күнделікті тәртібі
Перзентхананың барлық бөлімінде тәулігіне бір рет дезинфекциялық ерітіндімен жуылады. Тазалап жуы болғаннан кейін кварц қосумен бөлімдерді залалсыздандырады.
Перзентханаға түскен әйелді алдымен айырбастау картасына қарап, оның ішінде тексерілген анализдер нәтижесіне, шағымдарына, қарау және тексерістерге қарап физиологиялық немесе обсервация бөліміне жатқызады.
Босанатын әйел түскенде арнайы стерилді бір рет қолданатынкиімдер беріледі.
Әйелді перзентханадан шығарғанда бөлмеде қорытынды дезинфекция жасалып, төсек орны камерлі дезинфекция жасалады.
Медицина қызметкер қолын тазалау.
Қолды тазалағанда әртүрлі терілік антисептиктер қолданады.
қолды гигиеналық тазалау — 70% этил спиртінде 0,5% хлоргексидин глюконат ерітіндісі — 3 мл ерітіндіні әрбір саусаққа жағып кепкенше сүртеді.
босануды қабылдау және операция алдында қолды тазалау:2 минут сабынмен ағынды суда жуады, сосын матмен сүртеді, сосын 70% этил спиртінде 0,5% хлоргексидин глюконат ерітіндісіне стерилді тампонмен жағып, стерилді сальфеткамен сүртіп құрғатады.
Құралдарды тазалау және күту әдістері.
Барлық медицина құралдары дезинфекциялап тазартады.
Заттың беттері, заттарды хлорамин, гипохлорит натрия, сүтек перекисімен сүртеді. Және бөлмелерде УКС қолданады.
Ыдыстарды 30 минутқа хлорамин, гипохлорит ероітіндісіне салып ағынды сумен жуады. Төсектерді камерлі дезинфекциялайды. Төсек жайғыштарды жуғыш заттармен жуады. Аяқ киімдерді 10% формалин ерітіндісімен жуады. Судноны 2 сағатқа 1% хлорамин немесе 0,25% гипохлорит натрий ерітіндісімен жуады.
Тазалау тәртібін қатаң қолдану әртүрлі инфекция дамуының алдын алады.
4. Иллюстрация материалдар: кестелер, слайдтар
5. Әдебиет
Негізгі
Орыс тілінде:
Акушерство: учебник + CD. Радзинский В.Е. – М., - 2008-904с.
Практическое руководство к предмету «основы сестринского дела». Тарновская И.И., Мухина С.А. – М., 2009 – 512с
Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. Дзигуа М.В.,-М., 2011.-528с.
Мемлекеттік тілде:
Раисова А.Т., Нұрқасымова Р.Ғ. оқулық «Акушерия және гинекология». – Алматы 2006
КөзденоваР.С., Сейітмәмбетова Н.Қ оқулық «Гинекология» Алматы 2000
Қосымша
1. Акушерство. В.И. Дуда, О.Г. Дражина. – М., «Оникс 21 век», 2005
2. Акушерство: учебное пособие. В.И.Бодяжина. – Ростов-на-Дону, «Феникс», 2006
3. Акушерство и гинекология. Л.М. Смирнова, Р.А Саидова, Г. Брагинская. – М., 1999
4. Внутрибольничная инфекция: учебное пособие В.Л Осипова. – М., 2009. 256с
5. Сестринское дело в акушерстве и гинекологии. И.К. Славянова. – Ростов-на Дону «Феникс»,2007.
6. В.Б. Цхай «Перинатальное акушерство» учебное пособие. . – Ростов-на Дону «Феникс»,2007.
7. ДДҰ бағдарламасы 2008ж. «Қауіпсіз босану».
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс)
Перзентхананың құрылымы мен жұмыс
Босану мекемелерінде гинекологиялық көмекті көрсетудегі мейірбикенің ролі:
Акушерлік стационардың эпидемияға қарсы шараларын ұйымдастыру
Перзентхананың күнделікті тәртібі
Медицина қызметкерінің қолын тазалауы.
Құралдарды тазалау және күту әдістері.
Достарыңызбен бөлісу: |