Жұмыс бағдарламасы пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі. Пән коды: Мамандық: 051101 «Мейірбике ісі»



жүктеу 221,38 Kb.
Дата24.12.2017
өлшемі221,38 Kb.
#5796
түріЖұмыс бағдарламасы

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАТОЛОГИЯ КУРСЫМЕН


Бекітемін

Оқу – әдістемелік және тәрбие

Жұмысы бойынша проректоры,

м.ғ.д. __________ М.Ұ. Анартаева «_____» _______________ 2013 ж.


ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

Пән: Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі.

Пән коды:

Мамандық: 051101 – «Мейірбике ісі»

Оқу сағатының көлемі – 180 (4 кредит)

Курсы: 4


Cеместрі: 7 – 8

Шымкент, 2013 ж.


Жұмыс бағдарламасы «Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі» пәні бойынша «Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және реаниматология курсында» құрастырылды.

Кафедра мәжілісінде қаралды.
Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі ______________ м.ғ.к., доцент А.Ә.Әлдешев

ОҚМФА клиникалық пәндердің әдістемелік комиссиясында талқыланды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.
Төрайымы ______________________ м.ғ.к., доцент А.Е.Туртаева

Әдістемелік Кеңесте мақұлданды.


Хаттама № ________ «_______» ___________ 2013 ж.

2. Бағдарлама:

2.1 Кіріспе

Анестезист – мейірбике анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің маманы болып табылады. Анестезиология және интенсивті терапия кезінде мейірбике анестезиологиялық және реаниматологиялық бригаданың өзіндік маманы ретінде функционалдық міндеттерін уақытылы және дұрыс орындауға тиіс. Бұл мейірбике ісінің комплекстік оқу бағдарламасы маман дайындауға бағытталған өзек болып табылады. «Анестезиология және реанимациядағы мейірбике ісі» пәнінен алынатын білім мейірбикелерді дайындаудағы әр кезеңнің сапалы жаңа деңгейін сипаттайды.



Тағайындалуы:

  • анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі кәсіби сапасының талаптарын қолдау және орнатуда бірегей жұмыс атқару;

  • анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісі мамандығы бойынша мейірбикелік және мамандыққа қосымша білім берудегі, соның ішіндегі медициналық ұйымдарда мед.персоналдардың оқуындағы жетілдірілген оқу бағдарламасын және мемлекеттік оқу стандартын құру;

  • медициналық персоналды басқарудағы кеңейтілген мәселелерді құру және шешу (денсаулық ұйымының стандартын өңдеу,мотивация жүйесі құру,маманның белсенділігін арттыру,қызметтің нұсқауы мен тарификациясын құру, теру, іріктеу, мансапты жоспарлау).

2.2 Пәннің мақсаты:

Реанимациялық науқастарды күтуді ұйымдастыру және теория негіздерін үйрену, операция жасау кезінде және операциядан кейінгі кезеңде қауіпсіз анестезиологиялық нұсқау жасау.



2.3 Оқытудың міндеттері:

  • шешім қабылдау кезінде технологиялық және методикалық түрдегі мәселелерді әртүрлі әдістермен шешу;

  • өз жұмысының нәтижесін және науқастардың жағдайын үздіксіз бақылау;

  • кәсіби белсенділіктің құрамын коррекциялау және бағалау, құрастыру, енгізу, бақылау;

  • Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде науқастарды бақылаудағы теориялық және тәжірибелік машықтарын енгізу.

  • Қауіпсіз және әсері жоғары ауырсынуды басу үшін операция жасаушы хирургқа оптаималды жағдай жасау.

  • Операцияға дейінгі және кейінгі кезеңде науқасты күтуді қамтамассыз ету.

2.4 Оқытудың соңғы нәтижесі:

Студент білуі қажет:

  • Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің медициналық этика нормаларын мен моралді және құқығын;

  • Ағзаның негізгі жүйелерінің (тыныс алу жүйесі, қан айналым жүйесі, зәр шығару, гемостаз, нерв жүйесі) клиникалық анатомия, физиология, патофизиологиясын;

  • анестезиологиялық қамтамасыз етудегі қажет дәрілік заттардың клиникалық фармакологиясы (фармакокинетика және фармакодинамика);

  • науқасты анестезияға дайындаудағы мейірбикелік манипуляциялардың стандарттарын және емшараларын;

  • өкпені жасанды желдендіруді жасау принциптерін және науқасты өзіндік тыныс алуға өткізуді;

  • анестезиологиялық қамтамасыз етудің технологиясын, әдісін, түрін;

  • операциялық анестезиологиялық қауіптің асқынуының жіктелуін және мәнін;

  • анестезиолог – реаниматолог дәрігердің науқасты операция кезінде жүргізу тактикасын және анестезия жоспарын;

  • операцияның негізгі кезеңдерін;

  • анестезия кезінде қолданылатын медициналық аппаратураны, техникалық құралдар – жабдықтардың түрін және жарамдылығын тексеруді;

  • сығылған газдармен жұмыс істеу тәртібі;

  • медициналық құжаттардың стандарттық формаларын, анестезиология және реанимациядағы есебін;

  • медициналық құжаттарды толтыруға қойылатын талаптар;

  • кәсіби қызмет түріне байланысты электорондық базаларды.

Студент істей білуі қажет:

  • Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің медициналық этика нормаларын мен моралді және құқығын;

  • анестезия жасалынатын науқас жайлы қажетті ақпаратты жинауды;

  • техникалық заттарды, аппаратураны, медициналық құралдарды жұмысқа дайындауды;

  • медициналық аппаратураның және техникалық заттардың жұмысқа жарамдылығын тексеруді;

  • анестезиологиялық қамтамасыз етудің жоспарына сәйкес қолданылатын дәрілік заттарды, инфузиялық орталарды, қажетті материалдарды, құрал – жабдықтарды дайындауды;

  • науқасты мейірбикелік тексеруден өткізуді;

  • операция және операциядан кейінгі кезеңдегі жауыржараның пайда болу қаупін болжауды;

  • емдік диагностикалық процесстің қатысушыларымен бірге дәрігердің тағайындауы бойынша анестезияға дайындауды;

  • тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің мониторингін жүргізуді;

  • перифериялық веналарды пункция және катетеризация жасауды;

  • қуықты катетеризация жасауды;

  • асқазанға зонд енгізуді;

  • ауыз, мұрын, жұтқыншақ, трахея және негізгі бронхтардың санациясын (экспирация) жасауды;

  • тыныс жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету және бақылау;

  • өкпені қосымша және аппарат арқылы жасанды желдендіруді жүргізуді;

  • белгіленген тәртіп бойынша бекітілген медициналық құжаттарды толтыруды.

  • медициналық құжаттардың стандарттық формаларын, анестезиология және реанимациядағы жұмыс нәтижесінің есебін толтыруды;

2.5 Реквизитке дейінгі:

  • Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі;

  • мейірбике ісі негіздері

2.6 Реквизиттен кейінгі:

  • Мейірбике ісіндегі ұйымдастырушы және менеджмент;


2.7 Тақырыптық жоспар:

Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары

1 – кредит





Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

ҚР – дағы анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастыру. Регламенттеуші құжаттар және бұйрықтар. Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің этикасы, құқықтары, моральдері.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

2

Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектің құрамы, оны бағалау критериясы.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

3

Анестезиологиялық бригаданың жұмыс орнын дайындау.

Пульс оксиметрияны, капнографияны, плетизмографияны және акцелерометрияны анестезия кезіндегі мониторинг үшін қолдану.



Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

4

Регионарлы анестезияға қолданылатын фармакологиялық заттар.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

3




Барлығы:




15 сағат

2 – кредит





Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

Өкпені жасанды желдендірудің заманауи аппараттары, олардың құрылысы және қолданылуы.


Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

2

Анестезияның асқынулары. Мәселенің маңыздылығы. Асқынулардың негізгі себептері.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

3

Терминальді жағдайлар, жүрек-өкпе реанимациясының негіздері, интенсивті терапияның негізгі принциптері. Жүрек-өкпе реанимациясының заманауи стандарттары, олардың клиникалық тәжірибеде қолданылуы.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

4

Жаңа ингаляциялық анестетиктердің (метоксифлуран, энфлуран, изофлуран, севофлуран, десфлуран) клиникалық фармакологиясы.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

3




Барлығы:




15 сағат

3 – кредит



Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

Реанимация және интенсивті терапиядағы мейірбикелік күтімнің ерекшеліктері.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

2

Жедел тыныс жетіспеушілігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Оксигенотерапия, ГБО.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

3

Шок, кома тағы басқа критикалық жағдайдағы реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

4

4

Қан айналымды рационалды инфузиялық – трасфузиялық терапияға кардиопротекторларын тамыр қарқындылығын арттыратын заттардың көмегімен қалпына келтіру.

Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап

3




Барлығы:




15 сағат

Кредит №4



Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сабақтың ұзақтылығы

1

Катастрофа және соғыс жағдайларындағы реанимотологиялық көмектің ерекшеліктері.

Тәжірибелік сабақ

5

2

Педиатриялық және акушерлік – гинекологиялық науқастарға көрсетілетін реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері.

Тәжірибелік сабақ

5

3

Механикалық асфиксия, суға кету, электротравма кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері.

Тәжірибелік сабақ

5




Барлығы:




15 сағат




Жалпы:




45 сағат


Студенттің өзіндік жұмысының тақырыптық жоспары

1 кредит





Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектегі штатты – ұйымдастыру және материалды – техникалық қамтамасыз ету. Анестезиологиялық қамтамасыз етудегі мейірбике – анестезисттің міндеттері

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

7

2

Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын медициналық қызметкерлердің іс-әрекетін құқықтық реттеу. Анестезия жасау кезіндегі мейірбике – анестезист жіберетін негізгі қателіктер

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

7

3

Реанимациялық көмекке қажетті техникалық құрал жабдықтардың тұрақты дайындығын, жұмысқа жарамдылығын тексеру. Дәрігердің тағайындауы бойынша науқастың операция алдындағы дайындығы. Анестезиологиялық қамтамасыз етуге жоспарланған дәрілік заттарды дайындау.алдын дайындау

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

8

4

Аймақтық және үйлескен анестезияның жаңа әдістері. Наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктер, олардың фармакокинетика және фармакодинамикасы. Анестезия кезінде мониторинг жасау үшін қолданылатын техникалық құралдарды дайындау.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

8




Барлығы:




30 сағат

2 кредит



Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Өкпені жасанды желдендіру және өкпені қосымша желдендіруде қолданылатын әдістер мен режимдер. Олардың нәтижесін бақылау. Анестезиологиялық картаны жүргізу. Анестезиологиялық көмектің тіркеу және есепке алу құжаттары.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

7

2

Анестезиологиялық картаға тыныс алу және газ алмасу көрсеткіштерін тіркеу және бақылау. Инфекциялық бақылаудың алдын – алу. Аппараттарды жалғастыратын біріктіру элементтерін зарарсыздандыру.) .Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде науқастың жағдайын мониторинг жасау (АҚҚ, ТАЖ, үзіліссіз ЭКГ, сағаттық диурез, термометрия

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

8

3

Анестезия жасау кезіндегі мейірбике – анестезист жіберетін негізгі қателіктер. Анестезия кезіндегі науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету Жасанды тыныс алу аппаратында жатқан науқастардың мейірбикелік күтімі.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

7

3

Аралық бақылау.

Ситуациялық есептер мен тесттерді шешу

1

4

Тыныс алу және қан айналымның бұзылуы, олардың алдын – алуы және емдеуі. Жаңа детоксокациялық әдістерді қабылдаудағы және жүргізудегі медбикенің рөлі

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

7




Барлығы:




30 сағат

3 кредит



Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Заманауи деполяриздеуші емес миорелаксанттар, олардың фармакокинетика және фармакодинамикасы. Жаңа туған нәрестенің реанимациясы.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

7

2

Күрделі байлап – таңуларда, диагностикалық зерттеулерде, босану кезінде анестезиялогиялық – реаниматологиялық бригада құрамындағы мейірбикенің қызметі Жасанды емдік тамақтандыруды жүргізу. Стомаларға күтім жасау (трахеостома, ішек стомалары, эпицистостома, гастростома).

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

7

3

Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде науқастың жағдайын мониторинг жасау. Интенсивті терапия картасында ағзаның негізгі тіршілік көрсеткіштерін тіркеу. Тұрақты түрде уретральді катетер қойылған науқастарда зәр шығару жолдарының инфекциясының алдын – алу.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

8

4

Анестезиологиялық қамтамасыз ету кезінде науқас және мед.персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін бақылау, асептика және антисептиканың ережелерін сақтау Орнатылған үлгіде медициналық құжатты жүргізу.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

8




Барлығы:



30 сағат

4 кредит



Сабақтың тақырыбы

Өткізілу түрі

Сағат саны

1

Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жүргізілетін инфузиялық – трансфузиялық терапияның ерекшеліктері мен принциптері. Атқарылған мейірбикелік көмектің сапасын бағалау. Кәсіби құқық бұзушылықты және жауапкершілікті жіктеу.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

10

2

Бүйрек және бауыр жетімсіздігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Реанимация жүргізудегі негізгі жетіспеушіліктер.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

10

3

Жүрек жетімсіздігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Нерв жүйесіндегі және зат алмасудағы бұзылыстар , олардың алдын- алу және емдеу.

Тәжірибелік дағдыларын фантомда, муляжда, науқастың төсегінде машықтанады. Презентация, реферат дайындайды

9

4

Аралық бақылау.

Тест, ситуациялық есептерді шешу

1




Барлығы:




30 сағат




Жалпы:




120 сағат


3. Оқыту мен сабақ берудің әдістері (кіші топтар, пікір-талас, ситуациялық тапсырмалар, жұптасып жұмыс жасау, презентация, кейс-стади және т.б):

  • Практикалық сабақтар: мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау; науқас төсегіндегі жұмыстар, муляж, манекен және де басқа күту құралдарымен жұмыс істеу; ауызша сұрау, ситуациялық тапсырмаларды шешу; шағын топтарда жұмыс істеу; жағдайды бейнелеу.

  • Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмысы (ОСӨЖ): өтілген практикалық сабақтар бойынша фантоммен, манекенмен, муляжбен жұмыс жасау арқылы тәжірибелік дағдыларды машықтану, тәжірибелік сабақта туындаған кейбір сұрақтарды тереңдете оқыту, науқас төсегінің қасындағы жұмыс, мейірбикелік ауру тарихын қорғау, презентация және реферат дайындау, дискуссия, мейірбикелік араласу картасын құру және науқасты қарау, медициналық құжаттаманы толтыру, жеке және топтық тапсырмаларды орындау шешімін талқылау, туындаған сұрақтар бойынша оқытушыдан консультация алу, аралық бақылау тапсыру.

  • Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): студенттердің қосымша және электронды әдебиеттермен жұмыс жасауы, тест тапсырмаларын дайындау және шешу, мейірбикелік қажеттілік көлемінде науқасты курациялау және мейірбикелік ауру тарихын дайындау және қорғау, ситуациялық тапсырмаларды дайындау, шешу. Топтық түрде стенд, жеке түрде презентациялар дайындау және қорғау.


3.1 Білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау әдістері:

әр деңгейде білімдерін бағалау (ағымдық, аралық, қорытынды бақылау) шкаласы және белгілері, білімдерінің барлық түрлерін (аудиториялық, ОЖСӨЗ, СӨЖ) бағалау ережелері. Студенттердің білімі мен машықтарын 100-балдық шкала бойынша жүргізіледі. Бұйрық №152, 09.09.2011 ж.



3.2 Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін білімін бақылаудың келесі түрлері мен үлгілері қарастырылған:

Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша, және жазбаша сұрау, ситуациялық есептер шешу, шағын топта жұмыс жасау кезінде жеке және топтық бағалау, оқу – клиникалық орталықта немесе науқастың төсегінің қасында проактикалық дағдыларын бағалау.

Аралық бақылау: тестілеу, ситуациялық есеп шешу.

Қорытынды бақылау: тестілеу және оқу – клиникалық симуляциялық орталықта ОҚКЕ тапсыру түрінде өткізіледі.

Емтиханға пәннің бағдарламасын толық игерген және жіберу рейтингін жинаған студенттер ғана жіберіледі.



Қолданылатын құрал жабдықтар: мультимедиялық проектор, ноутбук, 3D теледидар.

3.3 Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі:

  1. А.И.Левшанков, А.Г.Климов Сестринское дело в анестезиологии и реаниматологии. Санкт – Петербург. Спец.Лит. 2010г.

  2. А.А.Бунятян Руководство по анестезиологии. М.: Медицина, 2011г.

  3. Актуальные вопросы сестринской практики в анестезиологии и реаниматологии/ Под ред. А.И.Левшанкова. Вып.2.СПб.: «Агентство «РДК-принт», 2012г.

  4. левитэ Е.М., Введение в анестезиологию-реаниматологию, уч.пособие под ред. И.Г.Бобринской – М., 2011г.

Нормативті акт:

  1. Приказ и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 9 июня

2011 года №372.

Қосымша:

  1. Иванова В.И., Матвейчик Т.В., Организация сестринского дела, Минск, 2006г.

  2. Манипуляции в сестринском деле: учеб.пособие/под ред. А.Г.Чижа.-Ростов н/Д: 2008г.

  3. Островская И.В. Основы сестринского дела: учебник для мед.училищ и колледжей. – М., 2008г.

  4. Ремизов И.В. Основы реаниматологии для медицинских сестер: учеб.пособие. – Ростов н/Д: 2005г.

  5. Справочник медицинской сестры: справ.изд./под ред. Ю.Ю.Елисеева. – М., 2004г.

  6. Тоблер Рита. Основные медицинские сестры. Изд-во Эксмо, 2003г.

  7. А.К.Белоусова, Л.А.Сербина. Практические навыки и умения медсестры инфекционного профиля. Ростов-на-Дону, 2003г.

  8. Қазақстан Республикасының «Инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» туралы 2012 ж. 12.01. №33 бұйрығы.


3.4 Қосымша

1 үлгі


201__-201__ оқу жылына жұмыс бағдарламасының басқа

пәндермен келісу хаттамасы


Келісілетін пәндер

Материальдық пропорциясын және оны баяндау ретін өзгерту туралы ұсыныстар және т.б.

Келісімге қатысқан кафедралардың мәжіліс хаттамаларының нөмірлері және күндері

1

2

3

Реквизитке дейінгі:

1. Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі



Алынған білімдер бойынша негізгі клиникалық синдромдар жайлы білімдерін кеңейту.

Хаттама №_____

____ _____ 2013 ж.



2. Мейірбике ісі негіздері


Науқастарға күтім жасауды ұйымдастыру бойынша білімдерін кеңейту.

Хаттама №_____

____ _____ 2013 ж.



Реквизиттен кейінгі:

1. Мейірбике ісіндегі ұйымдастырушы және менеджмент


Мейірбикелік қызметтегі әкімшілік үрдіс және менеджменттегі білімін тереңдету.



Хаттама №_____

____ _____ 2013 ж.



Терапия бакалавриат кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Э.Қ. Бекмурзаева

Мейірбике ісі негіздері кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев

№2 қоғамдық денсаулық сақтау

кафедрасының меңгерушісі,

м.ғ.д., доцент А.М. Жақсыбергенов





жүктеу 221,38 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау