Отчет Надежда қаз indd



жүктеу 2,07 Mb.
Pdf просмотр
бет41/103
Дата16.01.2022
өлшемі2,07 Mb.
#32759
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103
9-тармақ 

ІІО-ның  тұрмыстық  зорлық-зомбылық 

жасаған  адамды  ішкі  істер  органдарына  жеткізу 

құзыретін қарастырады. 

Біздіңше,  бұл  тармақты  мынадай  себептер 

бойынша  алып  тастау  керек. 



Біріншіден

,  құқық 

теориясы  бойынша,  құқық  бұзушыны  ІІО-не  жеткізу 

құқық  бұзушылықтың  жеке  профилактикасының 

емес,  бұлтартпау  шарасы  немесе  мәжбүрлеу 

жүйесіндегі процестік қамтамасыз ету шарасы болып 

табылады. 

Екіншіден

,  жеткізуді  ғана  жүзеге  асыра  ала-

тындар  ІІО  ғана  емес.  ҚРӘҚтК  36-бабы  3-бөлігіне 

сәйкес  «Қолсұғушылық  жасаған  адамды  ұстап 

алу  құқығына  оған  арнаулы  уәкiлеттiк  берілген 

тұлғалармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке 

тұлғалар да ие болады». Ұстап алу жеткізусіз мүмкін 

емес,  яғни,  мұндай  құзырет  адамдардың  анағұрлым 

көп ауқымына берілуі керек. 

Үшіншіден

, бұл жеке профилактиканың осындай 

шарасы және ІІО құзыреті көзделмейтін «Тұрмыстық 

зорлық-зомбылық  профилактикасы  туралы»  ҚР 

Заңына  (қараңыз:  7  және  23-баптар)  қайшы  келеді. 

Және  ақыр  аяғында, 



төртіншіден

,  қылмыстық 

құқық  бұзушылық  жасағаны  үшін  тұрмыстық 

зорлықшыны  жеткізу  тәртібі  ҚР  Қылмыстық 

процестік кодексінің 129-бабымен регламенттелген. 

«Жеткізу»  және  «әкімшілік  ұстау»  ұғымдарын 

шатастыруға  болмайды,  өйткені  жеткізу,  құқық 

бұзушылықты  болдырмау  немесе  әкімшілік  құқық 

бұзушылық туралы іс бойынша өндірісті қамтамасыз 

ету мақсатында, жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, 

лауазымды  тұлғаның  жеке  бостандығын  қысқа 

мерзімге шектеу болып табылмайды.

Құқық қолдану практиктикасында кейде ҚРӘҚтК-

тің  «Ұстап  алынған  адамның  бас  бостандығы  ұстап 

алған  адамға  қандай  да  бір  процестік  мәртебе 

берілуіне  немесе  өзге  де  формальды  рәсімдер 

орындалуына  қарамастан,  шын  мәнінде  шектелген 

кезде,  минутына  дейінгі  дәлдікпен  сол  сағат 

ұстап  алу  мерзімінің  басталуы  болып  табылады. 

Масаң  күйдегі  адамға  қатысты  әкімшілік  ұстап  алу 

мерзімі  –  медицина  қызметкерi  оны  айықты  деп 

куәландырған  уақыттан  бастап  есептеледi.  Нақты 

ұстап  алу  уақытынан  бастап  үздіксіз  есептелетін 

үш  сағаттың  өтуі  осы  мерзімнің  аяқталу  кезі 

болып  табылады»  делінген  789-бабы  1-бөлігінің 

ережелерін дұрыс түсінбейді. 

Азаматтардың  бостандығын  нақты  шектеудің 

басталуы  дегенді  қалай  түсінген  жөн?  Әкімшілік 

құқық  бұзушылық  жасаған  адамды  нақты  ұстау 

уақыты  қашан  басталады?  Бұл  сұрақтарға  жауап 

ҚРӘҚтК-тің 

788-бабының 

7-бөлігінде 

тура 


көрсетілген:  «Әкiмшiлiк  ұстап  алуға  ұшыраған 

адамдар арнайы бөлiнген, санитариялық талаптарға 

сай  келетiн  және  оларды  өз  еркiмен  тастап  кету 

мүмкiндiгi болмайтын үй-жайларда ұсталады». Яғни, 

ІІО-ға жеткізілген адам арнайы үй-жайдың (әкімшілік 

тәртіппен  ұсталған  адамдарды  ұстайтын  бөлменің) 

табалдырығын  аттағанша  оның  бостандығы  нақты 

түрде  шектелмеген,  сондықтан  әкімшілік  ұстау 

мерзімі  ол  арнайы  үй-жайға  орналастырылған 

сәттен  бастап  есептелуі  керек.  Адаммен  қызметтік 

үй-жайда  (ІІО  қызметкерінің  кабинеті,  учаскелік 

полиция  пункті)  жұмыс  істеу  ІІО  қызметкерлері 

ұстаған  емес,  жеткізген  құқық  бұзушымен  істі 

анықтау ретінде қаралуы керек. 

ҚР  Қылмыстық  процестік  кодексінің  (ҚПК) 

129-бабына  сәйкес  қылмыстық  құқық  бұзушылық 

жасағаны  үшін  жеткізу  3  сағаттың  ішінде  жүзеге 

асырылуға  тиіс.  Мұндай  мерзімді  қала  ауданының 

ішінде  сақтауға  болады,  ал  жеткізу  мерзімі  құқық 

бұзушыны  мәжбүрлеп  жеткізу  барысында  өтіп 

кететін ауылды жерлерде бұл өте қиынға соғады. Бұл 

проблеманы екі тәсілмен шешуге болады. 

Халықаралық заңнаманы талдау негізінде мұндай 

ұғым заңдық айқындаманы талап етпейтіндіктен, бұл 

бапты  ҚР  Қылмыстық  процестік  кодексінен  мүлде 

алып  тастаған  қиысынды  болар  еді  (РФ,  Беларусь 

ҚПК-де  жоқ).  Жеткізу  уақытын  (3  сағат)  көрсететін 

қолданыстағы  редакция  жеткізу  мерзімі  басталатын 

сәтті  нақты  айқындамайды,  бұл  жергілікті  жерлерде 

қылмыстық  қудалау  органдарына  бұл  ұғымды  өз 

еріктерінше  түсінуге  жол  береді,  ал  бұл  жеткізілген 

адамның құқықтарын бұзады. 

Бұл проблеманы шешудің екінші нұсқасы ҚР ҚПК 

129-бабының  жаңа  редакциясын  қабылдау  болып 

табылады:

«1.  Жеткізу  –  адамның  қылмыстық  құқық 

бұзушылыққа  қатыстылығын  анықтау  мақсатында, 

қылмыстық  қудалауды  жүзеге  асыратын  құқық 

қорғау  органының  қызметтік  үй-жайына  адамды 

мәжбүрлеп жеткізуді білдіретін процестік мәжбүрлеу 

шарасы.

2.  Адамның  қылмыстық  құқық  бұзушылыққа 

қатыстылығы  расталған  жағдайда  қылмыстық 



Қазақстан Республикасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және профилактикасы саласындағы заңнамаға  

және жергілікті полиция қызметінің құқық қолдану практикасына қоғамдық мониторинг туралы есеп 

25

қудалау  органы  осы  Кодекстің  131-бабында 



көзделген  тәртіппен  ұстауды  жүзеге  асыруға 

құқылы,  бұл  ретте  жеткізу  мерзімі  осы  Кодекстің 

131-бабының  төртінші  бөлігімен  көзделген  ұстау 

мерзімінің жалпы мерзіміне қосылмайды. 

2-1.  Жеткізілген  адамның  қылмыстық  құқық 

бұзушылыққа 

қатыстылығы 

фактісін 

анықтау 

барынша  қысқа,  бірақ  үш  сағаттан  аспайтын 

мерзімде жүзеге асырылады. 

3.  Жеткізу  мерзімі  аяқталғаннан  соң  адамға 

дереу  жеткізу  туралы  анықтама  беріледі,  бұған  оны 

бұдан кейінгі процестік ұстаулар қосылмайды.» 

Сондай-ақ 

9-тармақты 

осы 

баптың 


12-тармағымен  біріктіру  керек  деген  пікірдің  негізі 

бар.  Ұстау  жеткізусіз  болуы  мүмкін  емес.  Егер  осы 

9  және  12-тармақтар  Заңнан  алып  тасталса,  ол 

тұрмыстық 

зорлық-зомбылық 

профилактикасы 

процесіне  ешқандай  да  әсер  етпейді,  өйткені 

жеткізу  және  ұстау  бойынша  құзыреттер  «Ішкі  істер 

органдары  туралы»  ҚР  Заңында  және  ҚРӘҚБтК-те 

көзделген. 




жүктеу 2,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   103




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау