10-тармақ
ІІО-ға қорғау нұсқамасын шығару
құзыретін береді. Салыстырылатын барлық заңдарда
мұндай жеке профилактикасы шарасы көзделген,
бірақ оны тек отбасылық-тұрмыстық қатынастар
саласындағы құқық бұзушылық үшін ғана қолдана
алады. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын
қорғаудың мұндай шарасы жанжалдасушы тарап-
тардың байланысуын болдырмауға бағытталған
және іс жүзінде ең көп таралған болып табылады.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы-
ның қорғау нұсқамасын шығару тетігіне қатысты
редакциясы үш рет өзгерді.
Біріншіден, 2014 жылғы 18 ақпандағы «Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» №175 Қазақстан Республикасы
Заңымен қорғау нұсқамасын шығару құқығы
берілген лауазымды тұлғалар тізбесі көбейтілді. Тап
осы заңмен, бұл процеске бұрын қорғау нұсқамасын
ұзарту фактісіне санкция беруге тиіс болған
прокуратураның қатысуынсыз қорғау нұсқамасының
күші 10 күннен 30 күнге ұлғайтылды. [47].
Екіншіден, қорғау нұсқамасын шығарғаннан
кейін тек тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны
ғана емес, қазіргі таңда кәмелетке толмағандар да
және (немесе) жәбірленушінің әрекетке қабілетсіз
мүшелері де күзету және қорғау объектілері бола
алады.
Үшіншіден, «Қазақстан Республикасының кейбір
заңнамалық актілеріне жергілікті полиция қызметі
мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы № 388
ҚР Заңы қорғау нұсқамасын шығару өкілеттігін ІІО
жергілікті полиция қызметі бастығына және оның
орынбасарларына беріп, ІІО бастығы мен оның
орынбасарларынан мұндай өкілеттіктерді алып
қойды.
«Ішкі істер бөлімдері туралы» Қазақстан
Республикасының Заңына сәйкес жергілікті полиция
қызметінің бастығы ІІО бастығының орынбасары
болып табылады және онда құқық бұзушыға
әкімшілік-құқықтық әсер етуді қолдану бойынша
заңдық өкілеттіктері болуы артық емес.
Сондықтан,
ІІО бастығының отбасылық-тұрмыстық қаты-
настар саласында құқық бұзушылық жасаған адамға
қатысты қорғау нұсқамасын шығару өкілеттіктері
болуы керектігі негізді.
Іс жүзінде тұрмыстағы зорлаушы тұрмыстық
зорлық-зомбылық
жасағанын
мойындамайтын
және қорғау нұсқамасына қол қоюдан бас тартатын
жағдайлар кездеседі. Сондықтан «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық
профилактикасы
туралы»
ҚР Заңының 20-бабының бірінші бөлігінің бас
жағында жазылған «негіздер болмаған кезде» деген
тіркеске қайшы келетін болғандықтан, «Қол қоюдан
бас тартылған жағдайда бұл жайында қорғау
нұсқамасына жазылады.» деген соңғы сөйлемді
алып тастау керек. Тұрмыстық зорлаушының
қорғау нұсқамасына қол қоюдан бас тартуы қорғау
нұсқамасының орнына ұстау үшін негіз болып
табылады, өйткені осы арқылы тұрмыстық зорлаушы
қорғау нұсқамасында жазылған оның мінез-құлқына
қойылатын құқықтық тыйымдарды орындамайтынын
жариялы түрде білдіреді.
Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері,
атап айтқанда полицияның учаскелік инспекторлары
мен кәмелетке толмағандар арасындағы учаскелік
инспекторлар арасында сауалнама жүргізу бары-
сында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбан дары
қорғау нұсқамасының мәнін түсіне бермейтіні
және оның тиімділігіне сенбейтіні, сондықтан оны
жәбірлеушіге қолданудың мақсатқа сай келетіні
туралы пікір айта бермейді. Бұл қорғау нұсқамасын
шығару процесін қиындатады, ал прокуратура
қызметкерлері жәбір көрушінің пікірі ескерілмей
шығарылған
қорғау
нұсқамасын
отбасылық-
тұрмыстық қатынастар субъектілерінің заңды
мүдделері бұзылу фактісі ретінде бағалайды.
Біздің қорытындылар сондай-ақ «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР
Заңының 18-бабының 2-бөлігіндегі қайшылықты
алып тастауымызбен расталады, ол бойынша ІІО
қызметкерлері қорғау нұсқамасын құқық бұзушылық
фактісі басталғанға дейін, тұрмыстық зорлық-
зомбылықтың ықтимал құрбанының шағымынсыз
шығарады.
Қазақстан Республикасы Заңы 18-бабының
2-тармағындағы «ішкі істер органы қызметкерінің
тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жасалу не оны
жасауға әрекет ету фактісін тікелей анықтауы»
деген жеке профилактикалық шаралар, яғни
қорғау нұсқамасын да қолданудың құқықтық негізі
болып табылады. Яғни, ІІО қызметкерлері қорғау
нұсқамасын
тұрмыстық
зорлық-зомбылықтың
ықтимал құрбанының шағымынсыз, құқық бұзу-
шылық фактісі басталғанға дейін шығара алады,
ал бұл тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбанының
пікірін ескеру талабына қайшы келеді.
Осыған
байланысты біз «Тұрмыстық зорлық-зомбылық
26
1-тарау. ІІО ЖПҚ бөлімшелерінің тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасын жүргізу жүйесінің жай-күйі
профилактикасы туралы» ҚР Заңының 20-бабының
бірінші бөлігінен «жәбірленушінің пікірін ескере
отырып» деген сөздерді алып тастауды ұсынамыз.
Сондай-ақ, бұл тармақтың 10-бапта артық
екендігі туралы пікір де негізді, өйткені, талданып
отырған баптың 3-тармағында тұрмыстық зорлық-
зомбылық профилактикасының шараларын жүзеге
асыру бойынша құзырет көзделген. Яғни, ІІО
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы
туралы» ҚР Заңының 17-бабында санамаланған
барлық шараларды, соның ішінде қорғау нұсқа-
масын да қолдана алады. Заңның 20-бабы да
өздігінен (санкциясыз және келісулерсіз), тұрмыстық
зорлаушы үшін тиісті шектеулер қоя отырып, қорғау
нұсқамасын шығаратын ІІО-нің нақты лауазымды
тұлғаларын көздейді.
Салыстырып отырған заңдарда ІІО-нің мұндай
құзыреті тікелей көзделмеген, мұны оң фактор
деп мойындау керек. Мысалы, «Тұрмыстық
зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР
Заңының 7-бабы 4-тармағы құқық бұзушылықтар
профилактикасының әр шарасы бойынша құзыретті
қайталамай, құқық бұзушылықтар профилактикасы
шараларын жүзеге асыру бойынша құзыретті
көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |